Қазіргі жағдайда қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысныың өзектілігі. Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметік жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Қаржыны басқарудың теориялық негіздері................................................7
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ..........................................................7
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару.......................10
II. Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары..................................................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды ұйымдастыру...........................................................................................................
2.2 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы........................
Қорытынды............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

Содержимое работы - 1 файл

курсовой.doc

— 130.50 Кб (Скачать файл)

Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.   .

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, фирмалардың қаржы бөлімдері кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестігінде  қаржыны басқаруды басқа функциялармен  қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады.

Қаржы бөлімінің құрылымы (1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын қамтиды. Қаржы бөлімінің үлгілік құрылымы мыналарды қамтиды: жоспарлау-экономикалық бюросы (қаржы-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар бюросы; есеп айырысу бюросы (сатып алушылармен есеп айырысу, жеткізушілермен есеп айырысу және кінәрат-талап топтары). Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюта тобы құрылады, жөніндегі, қаржылық-жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы-мамандар орындай алады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

    • табысты өсірудің жолдарын іздестіру жөне рентабелділікті арттыру;
    • өңдіріс, инвестициялар, жаңа техниканы өндіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
    • мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғары тұрған ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;
    • есеп айырысуларды ұйымдастыру.

 

 

 


 

Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі  кезде 90%-ке жетеді.

2000 жылдың 1 қаңтарындағы  мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңнан астам шағын кәсіпкерлік  субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс істейтіндері — 329,1 мың болды. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны — 1,4 млн. адамды құрайды.

Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін өндірді және қызмет көрсетті. 1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем 33,7 млрд. теңге құраса, 2000 жылы — 45,9 млрд. теңгеге жетті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан  Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту мен қолдаудың 2001—2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айкындалған және олар мыналар:

    • халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
    • қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
    • шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
    • шағын   кәсіпкерлікті   ақиқаттық   қамтамасыз   ету /жүйесін   жетілдіру   және   дамыту   арқылы   шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің  тұрақтьг  қызметі  үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.

Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы — бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бүгін қол жеткізуде    істерін   ұнататындьқтары   және   бұған   бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.

Сонымен,  жоғарыда  баяндалғандай  экономиканың  жаңа  жағдайындағы  рынокқа  өтуінде  шағын  кәсіпорындар «жанама»   өнім   ретінде   болмайды.   Олар   еліміздің  ажырамайтын  саяси-экономикалық жүйенің  бөлігі  болып  табылады.   Біріншіден,   нарықтық   қатынастардың   тұрақтылығы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар   жүйесінде   тартылады;   екіншіден,   рыноктық жағдайда  олар  қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең  мамандандыруда   іске  асыруды   және  өндірісті   тармақтанған корпорацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық   тиімділігінің  болуы   мүмкін  емес.  Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді   өсуіне   үлкен   ықпал   етеді;   үшіншіден,   шағын кәсіпорындар   рөлінің   өзгеруі   орта   және   ірі   кәсіпорындардың қызмет етуіне көмек болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары

 

2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды ұйымдастыру

 

Парламенттің жұмыс  органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттері — Экономика, қаржы, бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен  республикалық бюджетті әзірлеу мен өзгертуге қатысады. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.

Жалпы қаржыны басқарудағы Үкіметтің құзыры оның атқарушы биліктің органы ретіндегі мәртебесімен анықталады және мыналарды қамтиды:

    • әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлеу;
    • мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, индикативтік жоспарларды әзірлеу;
    • республикалық бюджетті әзірлеу және оны атқару;
    • елдің қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттің қаржы, валюта және материал ресурстарын жасап, пайдаланған кезде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
    • құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
    • мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
    • аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу;
    • сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру, басқа мемлекеттермен, ынтымақтастық пен халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу;
    • елдің Конституциясымен айқындалған мәртебеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді тартудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

    • республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
    • салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және өзге де бюджетке түсетін түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
    • өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
    • мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
    • мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
    • банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау;
    • алкоголь өнімдері мен этил спиртінің өндірілуін және оның айналымын мемлекеттік реттеу;
    • өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру;
    • Министрліктің құзыры шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

оған заңнамамен жүктелген өзге де міндеттер.

Қаржы министрлігі жүйесіндегі ең көбі жергілікті қаржы органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы 6асқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестіру мен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.

Қаланың қалалық қаржы басқармасының құрылымы мыналарды қамтиды:

    • Басшылық (меңгеруші, оның орынбасарлары);
    • Кадр бөлімі;
    • Бюджет бөлімі;
    • Бюджет қаражаттарының атқарылуын бақылау жөніндегі бөлім;
    • Бөлім және мәдениет мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
    • Денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
    • Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бөлім;
    • Материалдық өндіріс пен өндірістік емес сфера салаларын қаржыландыру бөлімі;
    • Халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімі;
    • Басқару аппараты органдарын қаржыландыру бөлімі;
    • Қаржы органдарын қаржыландыру бөлімі.

Қаржыны басқаруға Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі де қатысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық жөне жергілікгі бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін әзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мемлекеттің сыртқы берешегін талдап, оның лимитін белгілейді және т.т.

Елімізде Республикалық  бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Коституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, сондай-ақ осы комитет туралы қағидада айқындалған.

Есеп комитеті:

3) Қазақстан Республикасы  Президентінің республикалық бюджеттің атқарылуын, оның кірісіне салық және басқа да міндетті төлемдердің толық әрі уақтылы түсуін, бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуын талдауға, бақылаудың қорытындылары мен нәтижелеріне байланысты мәселелер жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да жекелеген тапсырмаларын орындайды;

2) республикалық бюджеттің  атқарылуы туралы есепті Парламентке есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей табыс етіп отырады, ол өзінің мазмұны жағынан Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөніндегі қорытынды болып табылады және Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткеннен кейін ол бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік органдар табыс еткен бақылау жүргізу актілерін талдайды және республикалық бюджеттің атқарылуын осы органдар жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде Үкіметке ұсыныстар береді;

4) республикалық бюджеттің қаражатын пайдалануды бақылау объектілері лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыс белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда, бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына береді.

Информация о работе Қазіргі жағдайда қаржыны басқару