Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 12:30, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорын экономикасын ары қарай көтеру мәселелерін табысты шешу үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажет, резервтер ашып, өндірісте пайдаланылмаған резервтерді өндірістік қызметке пайдалану, интенсивті технологиялар енгізу, өндіріс басқаруының экономикалық әдістерін жетілдіру, технологиялық прогресстің дамуымен өндірістің негізгі құралдар жағдайы және пайдаланылу деңгейіне және кәсіпорынның қажетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі күшейді. Кәсіпорынның жеткілікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі олардың тиімді пайдаланылуын еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі, өнім көлемін жоғарылату және өндіріс тиімділігін көтеру үшін маңызды болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы және қалыптасу көздері
Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының экономикалық маңызы
1.2. Кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарын қалыптастыру көздері
2. «Ақ бата - ХТК» ЖШС - нің қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Ақ бата - ХТК» ЖШС - нің активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
2.2. «Ақ бата - ХТК» ЖШС - нің активтерінің өтімділігін талдау
2.3. «Ақ бата - ХТК» ЖШС - нің төлеу қабілеттілігін талдау
3. Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін арттыру жолдары

Қортынды
Қолданылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Айналым капиталы.doc

— 159.50 Кб (Скачать файл)
 

     Бұл 4 – кесте мәліметтері жыл аяғындағы  өтімділік жыл басына қарағанда  біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, абсолютті өтімділік коэффициенті 0,168 мың теңгеге, аралық 0,118 мың теңгеге  және ағымдағы 0,7 мың теңгеге төмендеді. 

     Бұл кестедегі мәліметтер бойынша 2004 жыл  мен 2005 жылдардағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, ағымдағы активтер 8175 мың теңгені  құраған, қысқа мерзімді міндеттемелер 5038 мың теңгені құраған, ал өтімділік  көрсеткіштері нәтижесіз болғанын көреміз.

     Қорыта  келе, жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік  коэффициен,ті жыл басында да, жыл  соңында да талап етілген шектеуге жауап берді, бірақ жыл басына қарағанда 0,7 мың теңгеге төмендеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    3. Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін арттыру жолдары 
 

     Шаруашылық  – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын  мен ұйымдар айналымнан тыс қаржы қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде  кәсіпорындардың, жеке саланың немесе  бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат – міндеттеріне қарай әр  түрлі  қорлар  пайдаланылды. Өздерінің  қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры жұмыс істеді. 1992 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық  қор құрылды. Министрліктер мен ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған  қорлар мен резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.

     Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді.Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген, сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп – қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның  бір қызметкеріне шаққандағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру  деңгейін көрсетеді.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резевтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары.Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап шешуі бойынша басқа да мақсатты қаражат қорлары құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, басқа шаруашылық органдармен болатын үлестік қоры және басқалары.

     Жарғылық  капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген кәсіпорын  көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес кативтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады.

     Жарғылық  капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар капиталының өсімі, тауар – материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, он,ың тоғызын есептеу, зияндарды  шығару, тауар – материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.

     Кәсіпорындардың  қарамағында  қалатын қаражаттардың  негізінде, яғни салықтар мен  басқа  да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.

     Тұтыну  қоры мыналарды кірістіреді:

     бүкіл қызметкердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;

     ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы  бойынша сыйақылар;

     еңбегі  үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және натуралдық нысандардағы құжаттар;

     материалдық көмек:

     еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар;

     қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша  мүлікке төленетін табыстар (дивиденттер, пайыздар);    

     оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу  үшін берілетін сыйақылардан бөлек  басқа да жеке сипаттағы төлемдер.

     Қорлану қоры:

      • кәсіпорының  қарамағында қалатын табыс;
      • негізгі  капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын  амортизациялық аударымдар;
      • шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
      • банктердің несиелері;
      • басқа да көздер есебінен қалыптасады.

           Қорлану қоры ұлғаймалы  ұдайы өндірісті қамтамасыз ету  шығындарын қаржыландыруға:

  • Негізгі және айналым капиталдарының молықтыруға;
  • ғылыми –техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге;
  • табиғат қорғау шараларын  жүзеге асыруға;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға үлестік қатысуға;
  • әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдаланылады.

           Ірі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке қорлар көздерін құрып, пайдалана алады: жалақы, еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.

           Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде қаржы резервтерінің маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы  артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары, мамандандырылған сақтық ұйымдары және мемлекет жасай алады. Оның мақсаты – шаруашылық – қаржы жағдайы нашарлаған кезде пайда болған қосымша шығындарды жауып, кәсіпорындардың қаржы жағдайын тұрақтандыруды  қамтамасыз ету. Қор кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жібермес бұрын оның қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.

           Кәсіпорындар мен  ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен  мына көздерден  қалыптасады:

    • экспорттық валюталық  түсім - ақшадан;
    • жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
    • банктердің, солардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және және шетелдік заңи тұлғалардың валюталық несиелерінен;
    • ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;
    • бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі.

           Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан  түскен валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен  кейін кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады.Бұл  қорларға активтерге (бағалы қағаздарға) инвестициялардан, депозиттер, салымдар нысанындағы және т.б. нысандарда,ы, егер бұл девиденттермен мен табыстар немесе қарыз қаражаттарының жұмсалымдарынан алынған ьолса, қаражаттарды орналастырудан алынған шетелдік валютадағы дивиденттермен табысмтар есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде қарап шешу бойынша пайдалана алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімдерімен халық тұтынатын шүетел тауарларын дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдаланылуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге – кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып шешілді.

           Жөндеу қоры  кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің  барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар  өнімнің, жұмыстар мен қызметтер  көрсетудің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай- күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қортынды 

     Сонымен, жоғарғы айтылғандарға қорыты жасайтын болсам,  нарықтық экономика  жағдайына негізделген сан алуан ұйымдық – құқықтық нысандар коммерциялық кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл маңызды  алғышарт және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелеріне  мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорындар, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың үлесіне де байланысты.

     Кәсіпорындар  мен ұйымдарға міндеттерді шешу үшін ерікті негізде өздерінің валюта қаржысын кәсіпорындар мен ұйымдар  ешкімнің рұқсатынсыз, бірақ қолданылып жүрген валюта заңнамасының шеңберінде қарап шешу бойынша пайдалана  алады. Валюта қорлары ең алдымен еңбек ұжымдарының өндірістік, әлеуметтік-мәдени дамуына жұмсалады; валютаның бір бөлігі еңбек ұжымдарының шешімдерімен халық тұтынатын шүетел тауарларын дәрі-дәрмектерді және медициналық техниканы сатып алуға жұмсалуы мүмкін. Валюта қорларының қаржысы ізгілік және қайырымдылық көмек көрсетуге де пайдаланылуы мүмкін. Кәсіпорындар мен ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге – кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың негізінде экспорттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып шешілді.

      Кәсіпорындардың өзін-өзі қаржыландыруы  толық  қаржы дербестігімен және жауапкершілігімен  тығыз байланысты. Оларға өздерінің  меншікті ресурстарын өз бетінше  ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға  салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың  толық қаржы дербестігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім – ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.б. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

      Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің  міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты  болады.  Кәсіпорындардың  қаржылық жауаптылығы  кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың  қаржы ресурстарында сақтық компанияларынан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

     Жоғарыда  айтылғандардан  мынадай қорытынды  шығаруға болар еді. Өндіргіш күштер дәрежесі мен сипатынан туындайтын кәсіпкерліктің  әр қилы формалары, қазіргі нарықтық экономикаға аралас экономика сипатын береді. Мұндай экономикалық «бір клеткалы» бірыңғай укладты  экономикамен  салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Өйткені онда көп уклад орын алады, сөйтіп  бәсеке  арқылы  өзінің өміршеңдігін дәлелдей  отырып, қоғам  мүшелерінің  әр қилы қажеттіліктерін  тиімді  қанағаттандыра алады. Аса қиын жағдайда тоталитарлық  жүйеден  кәсіпкерліктің  аралас моделіне  көшіп  жатқан еліміз  үшін  бұл  үлкен  сабақ. 

      Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың  қажетті қағидаты – басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік  және  әлеуметтік қорлардың мөлшеріне  пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты  нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың  қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған.

     Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасаумен оның өсімін қаржыландырудың көздерін, меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына  топтастыруға болады. Айналым қаражаттарының аза маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен ара салмағы нақтылы нарықтағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының дәрежесін анықтайды.

       Сонымен, бұл  курстық жұмысымда кәсіпорынның айналымнан тыс активтер қаржысы туралы қарастырдым, яғни айналымнан тыс қаржылардың экономикалық маңызы мен оның  қалыптасу көздері туралы қарастырдым. Сонымен қатар, қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тас қаржыларының тиімділігін арттыру жолдары туралы қарастырдым.   

 

Информация о работе Қазіргі кезде кәсіпорынның айналымнан тыс қаражаттарының тиімділігін арттыру жолдары