Ашық экономика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 08:51, реферат

Краткое описание

Ашық экономикада өндірілген өнімнің белгілі бір бөлігі елдің ішінде сатылып, ал басқа бөлігі экспортталатын болғандықтан шығындарды төмендегідей 4 компонентке бөлеміз:
1) отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну – Cd;
2) отандық тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсалатын инвестициялар – Id;
3) отандық тауарлар мен қызмет көрсетуледі мемлекеттік сатып алулар – Gd;
4) елдің ішінде өндірілетін тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару – εX.

Содержание работы

Жоспар:
1. Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу.
2. Капиталдың қозғалу шоты және ағымдағы операциялар шоты.
3. Шағын ашық экономика үлгісі және оған ішкі, сыртқы бюджет-салық саясаттарының әсері, инвестиция өзгеруінің тигізетін ықпалы.

Содержимое работы - 1 файл

АШЫК ЭКОНОМИКА.doc

— 88.00 Кб (Скачать файл)

       Капитал қозғалысының шоты мен ағымдағы операциялар  шотына экономикалық саясат қалай әсер ететінін қарастырайық. Экономикада  сыртқы саудада теңдестік орнаған, яғни экспорт (εX) импортқа (Im) тең деп ұйғарайық.

       1. Шағын ашық экономикадағы ішкі  бюджет-салық саясатының әсерін бақылайық. Үкімет мемлекеттік сатып алуларды көбейту арқылы ішкі шығындарды жоғарылатады, ал G шамасының көбеюі ұлттық қор жинақтауды (S) төмендетеді, себебі:  S = Ύ – C – G.

       Әлемдік пайыз мөлшерлемесі тұрақты болғандықтан инвестициялар өзгеріссіз қалады. Осылайша инвестиция артықшылығы пайда болады. Қор жинақтаудың азаюы капитал қозғалысы шотының оң қалдығына алып келеді, сондықтан инвестициялардың белгілі-бір бөлігі шет елдерден қарыз алу арқылы қаржыландырады. Төмен балансының ағымдағы шоты капитал қозғалысының шотын теңдестіруге міндетті, сондықтан NX қысқаруы керек, ал бұл ағымдағы операциялар шотының жетіспеушілігі пайда болғанын көрсетеді.

         
 
 
 
 

       Егер  ішкі бюджет-салық саясаты бойынша  үкімет салық (T) шамасын азайтатын  болса, онда да жоғарыда айтылғандай жағдай болады. Салықтың азаюы қолма-қол табысты жоғарылатады, тұтынуды ынталандырып, ұлттық қор жинақтарын азайтады. Ал бұл (I – S)-ті көбейтіп NX-ті төмендетеді.

       Сонымен, егер алғашқы жағдай сыртқы сауданың толық теңдестігімен сипатталса, онда ұлттық қор жинақтауларды қысқартатын бюджет-салық саясаты капитал қозғалысы шотының оң қалдығына және ағымдағы операциялар шотының жетіспеушілігіне алып келеді.

       Шетелдегі бюджет-салық саясатының шағын экономикаға  әсерін қарастырайық. Егер шетелдегі мемлекеттер әлемдік экономиканың кішкене бөлігін құрайтын болса, онда олардың жүргізетін салық-бюджет саясатының өзгерістері басқа елдер экономикасына өте аз әсерін тигізеді.Ал егер бұл мемлекеттер әлемдік экономиканың басым бөлігін құрайтын болса, онда олардың мемлекеттік сатып алуларды көбейтуі әлемдік қор жинақтау шамасын төмендетеді, сөйтіп әлемдік пайыз мөлшерлемесін жоғарылатады. 
 

         

       3-сурет.  Шетелдердегі ынталандырушы  бюджет-салық саясаты.

      

     Әлемдік пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы шағын экономикадағы инвестициялар көлемін азайтады. Ішкі қор жинақтаулар шамасы ешқандай өзгермейтіндіктен (I – S) шамасы төмендеуі керек, ал бұл капитал қозғалысы шотының жетіспеушілігін көрсетеді. Басқаша айтқанда ішкі қор жинақтарының кейбір бөлігі шетелдерге жылжып кете бастайды. NX=S–I, болғандықтан I-ның қысқаруы NX-ті көбейтуі керек. Бұдан шетелдерде қор жинақтарының азаюы жеке мемлекеттегі ағымдағы операциялар шотының оң қалдығына алып келеді деп айта аламыз.

       Сонымен шетелдерде ынталандырушы бюджет-салық саясаты жүргізілуінің нәтижесінде әлемдік пайыз мөлшерлемесі жоғарылайды, ал ол шағын экономикада капитал қозғалысы шотындағы жетіспеушілік пен ағымдағы ағымдағы операциялар шотында оң қалдық болуына алып келеді.

       Инвестициялық сұраныс өзгерістері де шағын экономикаға әсер етеді. Үкімет ішкі инвестицияларды ынталандыру үшін салық заңдылықтарында өзгерісте жасады дейік. Мысалы, инвесторлар үшін салық жеңілдігі болды десек, онда жоспарланған инвестициялар қисығы жоғары оңға жылжиды.

       

       Қор жинаақтау көлемдері өзгермеген түрде қалғандықтан инвестицияларды шетелдік несиелер арқылы қаржыландыру қажет. Капитал қозғалысының шоты бойынша оң қалдық пайда болып (I – S), ал ағымдағы шот қалдығы (NX=S – I) азаяды. Сонымен инвестиция қисығының жоғары жылжуы капитал қозғалысы шотының оң қалдығына және төлем балансының ағымдағы шотының жетіспеушілігіе әкеледі.   
 

Информация о работе Ашық экономика