Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 08:51, реферат
Ашық экономикада өндірілген өнімнің белгілі бір бөлігі елдің ішінде сатылып, ал басқа бөлігі экспортталатын болғандықтан шығындарды төмендегідей 4 компонентке бөлеміз:
1) отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді тұтыну – Cd;
2) отандық тауарлар мен қызмет көрсетуге жұмсалатын инвестициялар – Id;
3) отандық тауарлар мен қызмет көрсетуледі мемлекеттік сатып алулар – Gd;
4) елдің ішінде өндірілетін тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару – εX.
Жоспар:
1. Ашық экономикадағы ұлттық табысты есептеу.
2. Капиталдың қозғалу шоты және ағымдағы операциялар шоты.
3. Шағын ашық экономика үлгісі және оған ішкі, сыртқы бюджет-салық саясаттарының әсері, инвестиция өзгеруінің тигізетін ықпалы.
Ашық
экономика
Жоспар:
Ашық экономика дегеніміз – елдердің өздері шығаратын тауарлары мен көрсететін қызметтерінің айтарлықтай үлесін экспорттауы және импорттауы, әлемдік қаржы нарығында несие беруі және алуы. Ашық экономикада шығарылатын өнімнің басым бөлігі шетелге экспортталады. Ашық экономика қызметіне талдау жасау, шетелдік сектормен өзара байланыс, негізгі микроэкономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланысты күрделендіреді, ұлттық экономика жағдаятын анықтаушы қосымша факторлар есепшотын талап етеді.
Ашық экономика үлкен және шағын ашық экономика болып бөлінеді. Шағын ашық экономика – кішігірім ел экономикасы. Шағын ашық экономика үлгісі капитал қозғалысы есепшотын және ағымдағы операциялар есепшотын біріктіреді. Оның әлемдік нарықтағы үлесі аз және әлемдік пайыз мөлшерлемесіне ешқандай әсер етпейді десе де болады, оның жинақ қоры мен инвестициясы әлемдік жинақ қор мен инвестицияның мардымсыз бөлігі ғана болғандықтан ол тек мәлімет ретінде қабылданады.
Үлкен
ашық экономика – халықаралық
сауда мен әлемдік қаржы
Жабық экономикада өндірідген тауарлар мен көрсетілетін қызметтер елдің ішінде сатылады, сондықтан барлық шығындар үш құрадас бөлікке бөлінеді: тұтыну, инвестициялар мен мемлекеттік шығындар. Ашық экономикада өндірілген өнімнің белгілі бір бөлігі елдің ішінде сатылып, ал басқа бөлігі экспортталатын болғандықтан шығындарды төмендегідей 4 компонентке бөлеміз:
Шығындардың
бұндай құрауыштарға бөлінуін төиендегідей
формуламен көрсетеміз:
Ύ = Cd + Id
+ Gd + EX
(1)
Мұндағы: Cd + Id + Gd – отандық тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалған ішкі шығындар шамасын көрсетеді;
EX
– осы елдің ішінде өндірілген тауарлар
мен қызметтерге жұмсалған барлық ішкі
шығындар шамасы екі бөліктен тұрады:
отандық тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын
ішкі шығындар және шетелдерде өндірілген
тауарлар мен қызметтерді сатып алуға
жұмсалатын ішкі шығындар. Осы айтылғанды
былай көрсетеміз:
C = Cd + Cf
I = Id + If (2)
G = Gd + Gf
мұндағы Cd –отандық тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ішкі шығындар;
Cf – шетел тауарлары мен қызметтерді сатып алуға жұмсалатын ішкі шығындар;
Id – отандық тауарлары мен қызметтерді инвестициялауға жұмсалатын ішкі шығындар;
If – шетелде өндірілетін тауарлар мен қызмет көрсетулерді инвестициялауға жұмсалатын ішкі шығындар;
Gd – отандық тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттік шығындар;
Gf – шетелдік тауарлар мен қызет көрсетулерді сатып алуға жұмсалатын мемлекеттік шығындар.
Осы
айтылған (2) көсеткіштердің мәнін (1) теңдеуге
қоямыз, сонда:
Ύ
= (C - Cf) + (I - If) + (G - Gf) +
EX (3)
Өрнектеуден
кейін мынадай формула аламыз :
Ύ = С + I + G + EX
– (Cf + IF + Gf) (4)
Мұндағы
(Cf + IF + Gf) – шетелдерде
өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулерді
алуға жұмсалатын ішкі шығындар, яғни
импортқа (IM) жұмсалатын шығындар шамасы.
Осыларды ескере отырып, ұлттық шоттың
негізігі теңдеуін былай жаза аламыз:
Ύ = C + I + G + EX
– Im (5)
Таза
экспортты экспорт мен
NX = EX - IM (6)
негізгі
теңдеуді келесідей түрде жаза аламыз:
Ύ = C + I + G + NX (7)
Бұл теңдеу – елдің ішінде өндірілген тауарлар мен қызмет көрсетулерге кететін шығындар шамасы тұтыну, инвестиция, мемлекеттік шығындар мен таза экспорт шамаларының қосындысына тең екенін көрсетеді.
Ұлттық
щоттың негізгі теңдеуі (7) отандық
тауарларды сатып алудағы шығындардың,
ішкі шығындар және таза экспорттың өзара
қалай байланысты екенін көрсетеді:
NX = Ύ – (C + I + G)
мұндағы NX – таза экспорт;
Ύ - өнім шығару көлемі;
(C + I + G) – ішкі шығындар.
Егер
өнім шығару көлемі ішкі шығындардан көп
болса, онда айырмашылықты экспортқа шығарамыз,
яғни таза экспорт оң сан болады.
Ύ>( C + I + G),
NX>0
Егер
өнім шығару көлемі ішкі шығындардан
аз болса, онда айырмашылықты шет
елден аламыз, яғни таза экспорт
теріс сан болады.
Ύ<( C + I + G),
NX<0
2.
Ашық экономикада жабық
Ύ = C + I + G + NX
(1)
Теңдеудің
екі жағынан C мен G-ды шегерсек, онда
төмендегідей теңдеу аламыз:
Ύ – C – G = I + NX
(2)
Біз
(Ύ – C – G) – дің ұлттық қор
жинағы екенін және ол жеке қор жинағы
(Ύ – T – C) мен мемлекеттік қор
жинағының (T – G) – дің қосындысынан
тұратынын білеміз.
S = Sp + Sg
S = Ύ – T – G + (T – G) = Ύ – C – G,
олай
болса (2) теңдеуді төмендегідей түрде
көрсетуге болады:
S = I + NX
Теңдеудің барлық мүшелерін сол жаққа шығарып, ұлттық шоттың негізгі теңдеуін былай жазамыз:
(I – S) + NX = 0 (3)
Бұл теңдеу капитал жинақтауға арналған құралдардың халықаралық ағындары (I – S) мен тауарлар мен қызмет көрсетулердің (NX) халықаралық ағымдары арасындағы байланысты көрсетеді.
Осы теңдеудің әрбір мүшесінің өз жеке атауы бар. (I – S) – төлем балансындағы капитал қозғалысының шоты. Капитал жылжуының шоты ішкі инвестициялардың ішкі қор жинаулардың артық екенін көрсетеді. Инвестициялар елдің қор жинақтарынан асып түсуі мүмкін, себебі инвесторлар инвестициялық жобаларды әлемдік қаржы нарықтарынан қарызға алынатын қаражаттар арқылы қаржыландыруы мүмкін. Бұдан капитал жылжуының шоты шетел займдары арқылы қаржыландырып жасалған ішкі капитал қорының көлеміне тең.
X – төмен балансының ағымдағы шоты немесе ағымдағы операциялар шоты деп аталады. Ағымдағы операциялар шоты – бұл қарастырып отырған елдің таза экспорты үшін шетелден түсетін сома (осы елдің өндіріс факторларын пайдаланудан түсетін таза түсімді қосқанда).
Ұлттық
шоттың негізгі теңдеуі капитал
қозғалысының шоты мен төлем балансының
ағымдағы шоты тең екендігін тұжырымдайды.
Яғни:
Капитал жылжуы ағымдағы шот
шотының қалдығы + қалдығы (сальдосы) = 0
(сальдосы)
(I – S) + NX = 0
Егер (I – S) – ң шамасы оң болса, ал NX теріс сан болса, онда біз капитал жылжуы шотының оң қалдығы, ал төлем балансының ағымдағы шотында жетіспеушіліе болады дейміз. Яғни қарастырып отырған ел әлемдік қаржы нарықтарынан қарыз алады және тауарларды экспорттаудан гөрі импорттауы көбірек болады. Егер (I – S) теріс сан болып, NX оң сан болса, онда капитал қозғалысы шотының жетіспеушілігі, ал ағымдағы операциялар шотының қалдығы оң сан болады. Бұл әлемдік қаржы нарығында осы ел кредитар (несие, қарыз беруші) және таурларды импорттаудан гөрі көбірек экспортқа шығаратынын көрсетеді.
Шағын
экономика үлгісін тұрғызу
Шағын
экономика әлемдік нарықтың кішігірім
бөлігі және әлемдік пайыз мөлшерлемесіне
әсерін көп тигізе алмайды. Қарастырып
отырған ел әлемдік қаржы нарығына кіре
алады, бұл айтылғанды осы мемлекеттің
үкіметі халықаралық қарыз алу мен несие
беруге кедергі жасамайды деп түсіну керек.
Бұдан шағын экономикадағы пайыз мөлшерлемесі
әлемдік пайыз мөлшерлемесіне тең деп
аламыз, себебі шағын экономика бұл көрсеткішті
тысьан берілген деп қабылдайды:
r
= r*
бұндағы r* - әлемдік пайыз мөлшерлемесі.
Шағын экономика үлгісін тұрғызу үшін төмендегідей 3 алғышарттарды пайдаланамыз:
1.
Экономикада шығарылатын өнім көлемі
белгілі бір уақыттағы өндіріс факторлары
мен технологияның тұрақты деңгейіне
байланысты тұрақты болады:
_ _ _
Ύ = Ύ = F (K, L)
2. Қолма-қол табыс неғұрлым көп болған сайын тұтыну көлемі де көбейеді. Оны былай жазамыз:
C = C (Ύ – T)
3.
Нақты пайыз мөлшерлемесі
I = I (r)
Енді
ұлттық шоттың негізгі теңдеуін қарастырайық:
NX = S – I
ағымдағы шот = – капитал қозғалысы шотының қалдығы (сальдосы)
қалдығы
немесе
NX = (Ύ – C – G) – I
Айтылған алғышарттарды ескере отырып, бұл теңдеуді былай жазамыз:
NX = [Ύ – C(Ύ – T)
– G] – I (rx) = S – I(rx)
Бұны график түрінде көрсетейік:
Графиктен
көріп отырғанымыз капитал