Ақша теориясының дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 09:17, курсовая работа

Краткое описание

Ақша туралы осы уақытқа дейiн талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны бiреулерi пайдалы тауар деп мақтаса, ал бiреулерi оны қоғамға зиянын тигiзедi деп даттауда. Өйткенi ақша үшiн бүкiл қоғам жұмыс iстейдi, ол бiреулердi бақытты тұрмысқа кеңелтсе, ал бiреулердi қайғылы оқиғаға ұшыратады.

Содержание работы

КІРІСПЕ



I-ТАРАУ. Ақша туралы түсінік.



1.1 Ақша айналысы заңы.

1.2 Негізгі ақша агрегаттары.

1.3 Ақша жиыны туралы түсінік.





II-ТАРАУ. Ақша ұсынысының үрдісі.



2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы.

2.2 Орталық банк және ақша базасы.







III-ТАРАУ. Ақша сұранысы.

3.1 Ақша – қаржы жаңалығы





ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

АҚША ЖӘНЕ АҚША НАРЫҒЫ.doc

— 109.00 Кб (Скачать файл)

        Ақша  айналысының  баяулауы шаруашылық   субъектілерінің  ақша  қорын  жинауға  ұмтылысын  және  ақша  жиынының   құрылымында  банктердегі   ұзақ  мерзімді   салымдардың  ұлғаюын  көрсетеді. 

        Айта  кететін  жайт,  «ақша  айналысының  жылдамығы»  және  «төлемдердің  жүру  жылдамдығы»  деген ұғымдардың  бір-бірінен ерекшелігі  бар.  Соңғысы,  сөзсіз,  шапшаң  болуы қажет.  Оны шапшаңдататын   факторларға:  өзара  есеп  айырысу   жүйесін  дамыту,  банк  ісіне  электронды  есептегіш  техниканы және  электронды  ақша жүйесін  енгізу  жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      II-ТАРАУ. Ақша   ұсынысының   үрдісі.

 

 Басқа  да  нарық   секілді,  ақша  нарығында  да  ақшаға  сұраныс  пен  ұсыныс  болады.  Ұсыныс – ақша  жиынының  айналымы,  яғни  берілген  мезетте  мемлекеттегі  төлем  құралы  айналымының  жиынтығы. 

 

2.1 Орталық  банктің   ақша  айналысын  басқаруы.

 

Ұлттық  банк – заңды  төлем  құралын,  яғни  банкноттарды  шығаруға  эмиссиялық  құқығы  бар  жалғыз  мемлекеттік  орган.  Олар  Ұлттық  банктің  эмиссиялауымен  шығарылады  және  банктерге  сатып,  қолма-қол  емес  балама  алу  түрінде  болады.  Қазақстан  Республикасының   ресми  ақша  бірлігі – теңге  болып табылады.

      Ұлттық  банк  банкноттар  мен  тиындардың  қажетті  мөлшерін  анықтайды,  олардың  жасалуын  қамтамасыз  етеді,  сақтау,  жою  және  қолма-қол ақшаны  жинақтау  тәртібін  орнатады.

       Қазақстан  Республикасында  шығарылған  банкноттар   мен  тиындардың  атаулы  құылымы,  айшықталған   пішіні  болуы  керек.  Банкноттар  мен  тиындардың  сипаттамалары  баспасөзде  жариялануы  тиіс. 

      Валютаны  өзгертуге  тек  қана  Қазақстан   Республикасы Парламентінің   құқығы  бар. Ұлттық  валютаның  қызмет  ету  шарттарын,  мерзімін,  тәртібін  анықтау  құқығы  Қазақстан Республикасының  Президентіне  жүктеледі. 

      Ұлттық   банк  Қазақстан  Республикасының   валютаны  шет  ел  мемлекеттерінің   ақша  брліктеріне  айырбастау  бағамын  анықтау  тәртібін  белгілейді.

      Қолма-қол   ақшаның айналымы  олардың   банк  кассасына  үздіксіз  оралып  отыру  жолымен   жүзеге  асады. 

       Қазақстан   Республикасында  ақша  банкноттарын  өндіру  және  коммерциялық  банктерге  ақша  жинақтауға  лецензия  беру  бойынша   өз  күштерін  енгізумен  байланысты,   қолма-қол  ақшаның  жағдайы  1996  жылға  дейінгі кезеңмен  салыстырғанда  өзгерді.  Екінші  деңгейдегі  банктер  корреспондентік  шоттағы  қаражаттарының  қалдығы шегінде қолма-қол ақша  түрінде қолдау  алады,  сонымен қатар операциялық кассадағы қолма-қол ақша  қалдығына шек қойылмайды. 

       Эмиссия  – мемлекет  тарапынан  банкноттардың,  тиындардың,  бағалы  қағаздардың   шығарылуы.  Ол  қолма-қол  түрінде  де  немесе  қолма-қол  ақшасыз  түрінде  де  болуы  мүмкін. 

        Қолма-қол  ақша  түріндегі   эмиссия – айналысқа  банкноттар  мен  тиындардың  қосымша   шығарылуын   сипаттайды. 

       

 

                         

2.2 Орталық   банк  және  ақша  базасы.

 

             Ақша  базасы – Ұлттық  банк  шығаратын  ақша.  Оған  айналымдағы   қолма-қол  ақша,  міндетті  және  артық  резервтер  жатады.

       Міндетті  резервтер – бекітілген  нормативке  сәйкес  Ұлттық  банктегі  арнайы  шотта несие корреспонденттік   шотында  сақталуға  міндетті  банк  депозиттерінің  бөлігі (бұл  Ұлттық  банктің  келісімі  бойынша  тек  қана  қаржылық  тұрақты  банктер қолданатын  резервтердің  баламалы  әдісі  деп  аталады).

       Артық  резервтер дегеніміз банктердің  Ұлттық  банктегі  корреспонденттік  шотта   қаражатының   барлығына  байланысты  болғандықтан,  Ұлттық  банк  ақша  базасының  мөлшері,  екінші  деңгейдегі  банктердің  Ұлттық  банктегі  корреспонденттік  шоттағы  қаражатының  көлемін,  яғни  банктер  өнімділігін  реттеу арқылы  реттейді. 

       Ол  ақша-несие саясатының  құралдарын  пайдаланумен  іске  асады. Бұл   құралдар  ақша  базасының   кеңею  шегін  көрсететін   және  ақша  жиынының,  ақша  базасы  арқылы  есептелетін   ақша  мультипликаторының  мөлшеріне  әсер  етеді.

 

 

 

 

 

 

                                 3.3 Ақша – қаржы   жаңалығы

      

       Ақша   қаржы   ұсынысы   анықтамасындағы    өзгерістердің    есебінен  қысқаша    түсіндіруге    болады. 

        Ақша   жүйесіндегі    жаңалық   жалпы   банктегі   активтердің   табиғатын   өзгертті.  Мысалы,  депозиттерге  пайыз  төлейтін  сақталымдар  NOW  есебіне тыйым  салу  ретінде  ойлап   табылды.  NOW – кәдімгі   чек.  Банктер   бір-бірімен  пайыз   мөлшерлемесін  төлеу   жолын  табуда  өзара  бәсекеге  түсті.  Тыйым салу   төңірегінен сақтау  депозиттеріне   жол ашылуына  орай  олар  енді  мұны  NOW  сұраныс   депозиті   деп атайды,   сөйтіп   оның   анықтамасы   өзгереді.   Сонымен ақша  нарығындағы өзара қор тек 1973  жылы   ашыла бастады.   1982  жылға дейін   банктерге ақша   нарығына  активтер  шығарылуға   рұқсат   берілмей  келсе,  кейіннен   мұндай  депозиттер   банктерге   жедел түрде   қойыла   бастады. 

       Ақша  - кең   қолданылатын  төлем   құралы.  Қазыргі    экономиканы  ақшасыз  көзге   елестету   қиын.   Экономикада   ақша   жоқ  жағдайда   әрбір  келісім екі   жақты   келісушілік   бойынша  тауар  айырбасы   арқылы  жүзеге   асады.  Айырбас   қиындықтары  туралы   мысалдар   өте   көп.  Экономиске   шашын  қидыруы  үшін   өзінің   дәрісін   тындайтын  шаштаразды   іздеуі;  ол   жақсы   көйлекті   қажет  ететін  әртіске  өзінің   өнерін  ұнататын   тігінше  табу  қажет.  Айырбас  құралынсыз  қазіргі   экономика   дәрменсіз. 

        Ақша  айырбас   құралы бола  тұра,  айырбастағы  қажеттіліктің   екі   жақты   үйлесуін  жояды.  Екі   жақты   үйлесім   деп   жоғарыдағы  мысалды  айтамыз.   Екі  жақты   адамның  қажеттіліктері   айырбасқа   лайық   болуы   керек.  Мысалы,   кино   билеттерін  сатушы  өзіне  қажетті  сататын адамды  ,  ал  көйлек  сататын әйел  керісінше,  билет үйлестірушіні   табу   тиіс.

        Әдетте  ақшаның    төрт   түрлі    қызметі  бар.  Халықаралық  есеп  құралы  болу   оның   бірінші    қызметі,  қалған  үшеуі – баға  қоры,  есеп  бірлігі   және   ұзартылған  төлем.  Бұл   халықаралық есеп   құрамының   аздаған ерекшеліктерімен   ғана ерекшеленеді. 

       Баға   қоры  дегеніміз  - уақыттан   тыс  бағадан    құралған  актив.  Соынмен ,  жеке   адамда   ақща   қоры  болса,  оны   ол  алдағы  уақытта бір зат сатып алуға   жұмсайды.  Егер  актив   құны  болмаса,   ол   халықаралық есеп  құралы  болып саналмайды.   Мысалы,   сізде балмұздақ бар,  бірақ тоңазытқыш   жоқ деп елестетіңіз,  сіз   одан  ақша   жасағыңыз келеді.  Егер   сатушының  балмұздағынан   ақша   түспесе,  онда  ол  құралы   бола  алмайды.  Алайда   ақша  қорының   басқада  түрлері   жеткілікті.   Алайда   ақша  қорының  басқа   да  түрлері  жеткілікті – облигациялар,  бағалы  қағаздар  және  үйлер. 

         Ақшаның  есеп   бірлігінде  баға   тағайындалып,   есеп   кітапшасына   жазылады.   Баға   доллармен,  центпен   беріледі,   ал   олар  ақша   қорының   өлшем   бірлігі  болып  табылады.   1922-1923 жж.  Германиядағы  гиперинфляцияда   доллар  тек   қана  кейбір  фирмаларда  есеп  бірлігі  ретінде   болады,    марка  негізгі  есеп  құраы   болып  саналады. 

          Мерзімі   ұзартылған   төлем   ретінде   ақша   бірлігі    ұзақ  мерзхімді   келісімдерге,  заемдерде  қолданылады.  5  немесе 10  жылда   төленетін   сома   доллармен  немесе   центпен  есептеледі.   Мұндағы   доллар мен  цент  мерзімі   ұзартылған   төлем  ретінде   әрекет  жасайды.  Әрина ,  айта  кететін  бір  мәселе – бұл  да   әрдайым   ақша   бірлігі  бола  бермейді.  Мысалы,заттың  соңғы   төлемі  баға   деңгейіне   қарай   жүргізіледі.   Мұны   біз заем   көрсеткіші   деп атаймыз. 

         Ақша   атқаратын   төрт  қызметінің  соңғы   екеуі  - оның  әдеттегі   атқаратын  қызметі.   Баға  қоры  функциясын  активтер  атқарады.

         Өткен  жылдарда  ақшаның   неше  түрлі  сипаттамасы  болғаны,  оған   қазір  шолу  жасаудың   қажетті   шамалы  екені  белгілі.  Мұндағы  мәселе  - ақша   айырбас  құралы  ретінде  танылатындығы   жөнінде.   Кез  келген  қағаз,   әрине,  ақа  емес.  Ол  ерекше  қағаздан   жасалады.  Ақша  төлем  құралы  ретінде   қызмен  атқаратан. 

         Ақшаның  келісімділік   және  сақтық   сұрныстары  ақшаның   айырбас   құралы  екенін   көрсетеді;  екеуі  де  төлем    жасауы   үшін  ақшаның   қолда   болуы   қажетті.  Бұдан   ары   қарай  жеке   адамның  қолындағы   ақша  қызметін  қарастырамыз.  Бұл   Қазақстан Республикасында  да  дәл   солай  болады. 

          Адамның  ауқаттылығы  – оының   әр  түрлі  активтерді   иемделінуіне  байланысты.  Бұл  активтер  қоржынын   құрайды.  Өтімсіз активтерден пайда жоқ екені   белгілі.  Әйтсе де  олар  әр  түрлі қоржынды  стратегияларға   жетелейді.  Әдетте  кәдімгі   инвентор  стратегияны алдын – ала біле  отырып,  қамсыздандыру мақсатында  берік активтер   ұстағысы   келеді. 

        Өтімсіз  акивтерге   қарағанда   берік  активтер   табысты  аз   береді.   Ақшаның   атаулы  құны  белгілі  болған   жағдайда,  ол  берік   актив   ретінде  сенімді   болады. Джеймс  Тобин  өзінің   белгілі  еңбегңнде   ақша   инвестордың   қоржынында  берік  актив  ретінде  сақталуы  керек   деп  тұжырымдады.  Бұл  еңбегі   «Тәуекелден   гөрі  өнімділіктің   бағасын   біл»  деп  аталады.  Мақала  жоғарыда  айтылған   мәселе  жөнінде  маңызды  түсінік   береді.   Бұл  тұрғыда  ақша  сұранысы  берік  актив  табысы  сол табыстың  басқа активтерге  қауіп   төндіруіне  байланысты  болады.  Табыстың  басқа активтерге  қаупі   табыстың   әртүрлілігімен   өлшенеді. Қажетті де  орынды  болжамдарды пайдалана отырып,  ол :  «Басқа  активтердің   күткен  табыстың және  ақша  иемдену  құнының  өсуі  ақша  сұранысын  бәсеңдетеді», - дейді.  Бұған  керісінше,  ақша   активтердегі  табыс   қаупінің   өсуі  ақша  сұранысын  арттырады. 

         Ақша  иемденудің  пайдасы   мен    қауіптілігін   алып  қарағанда,   сақтық  кассадағы  депозитер   басқа  да   ақша  тәрізді   қатерге  ұшырайды.   Мұндағы   негізгі  қауіп  инфляциядан   бейхабар  болудан   туындайды.  Актив  сұранысы,  мысалы,  кассадағы   депозит  сұранысы – ақша  сұранысынан  әлдеқайда  тәуір. 

          Сол  себептен  алыпсатарлық  мақсатын  көздеген  ақша  сұранысы   жоғарыда  аталып  өткен   келісімдер  мен  сақтық  сұранысына  ұқсас.  Ұзақ  мерзімді  облигациялардан  түсетін   табыстың  өсуі  сұранысты  азайтады.   Жедел  салымға  төленеген  пайыз  мөлшерлемесінің   өсуі ,  жедел  салым  сұранысын   арттырады,   ал  болуы  мүмкін  ақшаға  сұраныс   халықтың  инвестциялық  қоржынына   табыс  түсуіне   жағдай   жасайды. 

         Көптеген   адамдар   шағын   байлығының  өзін   қоржындағы  активтерін  көбейту  үшін  сақтық  кассасына  салады.  Ал  ауқатты  инвесторлар  көп  пайыз  түсетін   бағалы  қағаздар   сатып  алу  арқылы  тұрақты   атаулы  құнға  ие  болады.  Ондай   адамдар  үшін   орнықты   активтерге  сұраныс  ақша  сұранысын   білдірмейді. 

         Ақша  басқа активтерге   қарғанда   аз  пайыз түсіреді:  доллар  пайызының   түсуі   көп   болған  сайын ақша  сұранысы  да  артады,  ал   оны   балама  активтерге   төленеген   пайыз   мөлшерлемесі  аралғындағы   айырмашылық арқылы  өлшей аламыз   және  де   басқа активтерге  төленген   пайыз арқылы   өлшей   аламыз.   Ақшаның пайыз мөлшерлемесін – дербес  пайыз мөлшерлемесіне   жатады.  Бұл тұстағы   ақша құны  басқа   активтерден түскен  табыс пен   дербес  пайыз мөлшерлемесі  айырмашылыққа  тең.

           Сонымен,  біз   жүргізген   теориялық    зерттеулер   нәтижесінде,  ақша  сұранысы  сияқты   күрделі  мәселеге  сараптама  жасалды.  

           Ақша   сұранысы  - нақты  балансқа  сұраныс,  оның  саны  емес,  сатып   алу   қабілеті  бар,  оның  негңзгң  анықтамасы  төлем   құралы   болып   табылуы .  Инфляция  жағдайында  ақша  сатып  алу  қабілетін   жоғалтады,  ақша   құнын  инфляция   айқындайды.   Инфляция   мөлшері  жоғары болса,  нақты  баланс  саны   төлем   болады.   Табысқа   қарай  халық  ақшаны  аз мөлшерде  жұмсаса,  жылдамдық  арта   түседі. 

         Сонымен  қатар,   ақша  сұрынысы   теориясына ,  оның  қасиеттері  мен    ерекшеліктеріне  , икемділігіне   тоқталып,  келесі  бөлімде  қазіргі   әлемдегі   ақшаның  атқаратын    қызметтері ,  жаңалықтары   анық   көрсетілді. 

        Ақша  сұрансы    қызықты   мәселе,   ол   өз  зерттелуінің   жалғасын   табады,   өйткені   бұл    тақырыптың  өзетілігі    өте   мәнді.          

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

Информация о работе Ақша теориясының дамуы