Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 17:04, реферат
Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады.
Ойнаушылар екі топқа — екі отрядқа (әрқайсысында 6-8 адамнан артық емес) бөлінеді. Бір отрядтың балалары кез-келген үйдің жанындағы сызыққа сапқатұрады. Екінші отряд жанындағы сызық бойына орналасады. Әрбір баланың аяғы аяғы жанында екі-екіден қар кесегі жатады. Тәрбиешінің белгісі бойынша бірінші отряд бір үйден екінші үйге жүгіріп өтеді.
Екінші отряд балалары бір-бірден қар кесегін алып, оны жүгірушілерге лақтырады.Кесек қар кімге тисе, сол шетке шығып тұрады. Жаңа белгі берілгенде, жүгіріп өтукері қарай болады: бүйір жақтағы сызықта тұрған балалар жүгіріп бара жатқандарға екінші рет қар кесегін лақтырады. Сондай-ақ, бұл ретте кесек қар тигендер бір жағына шығыптұрады.
Тәрбиеші бірінші және екінші отряд балаларының ішінен кім ептірек, батылдырақ мерген екенін белгілеп алады. Бұдан кейін ойыннан уақытша шығып қалғандар өзінің отрядына қайта оралады. Отрядтар орындарын ауыстырады да, ойын қайталанады.
Ескерту:
1. Ойынға қажетті кесек қарды алдын ала даярлауға, оны бір жерге үйіп қоюға болады, осы жерден балалар оны алады, ал олардан ойын басталар алдында бірден шиыршықтап алуға болады.
2. Кезекпен қар лақтыруды тағайындау үшін отрядтар ( қай отрядқа бірінші жүгіру, ал қайсысына кесек қарды лақтыру) санамақтарды пайдалана алады.