Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 17:04, реферат
Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындап алу қажет. Ол тақтайлардың ортасынан арқан өтетіндей етіп теседі. Енді қарды жентектеп, аққалаға ұқсатып үйеді де, оның орта шенінен таяқпен тесіп, әлгі арқанды өткізеді. Содан кейін тақтайіпанын, екеуін арқанның екі ұшына кигізеді де, таяқшаларды аққалаға екі-үш қарыстай таңап қалғанда тоқтатады да, тақтайшалар аққалаға тірелгенде кейін сырғып кетпес үшін арқанды түйеді. Бәрі дайын болған соң, балалар екі топқа бөлінеді де, арқанды екі жаққа тартады. Аққала қалай құласа, сол топ жеңіп шыққан болады.
Арқан тарту — ұлттық ойын.
Бұл
ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты
ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан
және үлкен адамның алақаны
Арқан тартыс — ұлттық ойын.
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.
Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.
Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады. Содан соң ойын басқарушының берген командасы бойынша екі топ тартысқа түседі. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. Ойынды осы жоғарыдағы тәртіппен жүргізе беруге болады. Ойын қимыл бірлігін қалыптастырып, коллективтік іс-әрекетке тәрбиелейді.
Қап киіп жарысу — ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.
Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4—5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.
Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.
Мұндағы мақсат — сызықтың екінші басына алдымен жету.
Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Oлар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ең оңай түрі.
«Доп тебу» — бұл ойын ашық күндерде жазық далада немесе спорт алаңдарында ойналады. Ойнаушылардың саны үштен жоғары бола береді. Қатынасушыла алаңға жиналып болған соң, жеребе-таяқ ұстасады, жеңгені допты қорғаушы болады. Ойнаушылар оны айнала қоршап тұрады. Қорушы ортадағы допты басқалардан қорғап, оны айналып жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты тек аяқпен қорғайды. Әрбір ойнаушы оны тебе қашуға тырысады.
Ал ойнаушылардың бірі допты тебуге ұмтылған кезде оған қорушының аяғы тиіп кетсе, ол қорғаушы болып қалады да, доп қорғаушы әлгі ойнаушының орнына шығады.
Егер ойнаушылардың бірі теуіп шеңберден шығып кетсе, қашқан доп қорушы қуып жетіп, оны ажыратып алғанға дейін басқа ойнаушылар кезек-кезек біріне-бірі теуіп тастағаннан кейін ойнаушылар бұрынғы орнына келіп жетуге тиіс. Осы кезде қорушы ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер ол допты тигізе алса, қорушы болады. Доп тиген ойнаушы да оны ала сала қашып бара жатқан ойнаушылардың бірін шеңберге жеткенше ұрып үлгеруі керек. Егер оған да доп тисе, ол да басқа біреуді ұрып қалуға тырысады. Егер ешкімді ұра алмай калса, сол ойнаушы доп қорушы болып, ойын қайта басталады. Қорушы ешкімге допты тигізе алмаса, қашан біреуді ұрғанға дейін қорушы болып қала береді. Ойын ұзаққа созылмас үшін мерзімді уақыт белгілеп, кезекпе-кезек орын ауыстырып отыруға да болады.
Қазан доп — ұлттық ойын.
Ойынға қатынасушылар жазық алаңға жиылып келіп үлкен дөңгелек шеңбер сызады да, дәл ортасынан тереңдігі 10 сантиметрдей шұңқыр қазады. Бұл қазан шұңқыр. Шеңбер сызық пен шұңқырдың аралығы жарты метрдей болуға тиіс. Ойынды бес-алты ойыншы ойнай береді. Әр ойыншы өзіне ұзындығы бір жарым метрге жуық, ұшы қайқылау таяқ әзірлейді. Үлкендігі орташа доп пайдаланылады. Ойынды жүргізушілер қазан шұңқырдың сыртындағы шеңбердің бойымен аралығы 2—2,5 метрдей қашықтықта өздеріне кішкене ұя қазады да, таяқтарының ұшын соған тіреп тұрады. Жеребе бойынша бір ойыншы доп ойнаушы болады. Ол допты қазан шұңқырға түсіруге айла іздейді. Басқалар қазанды қорғайды және өзінің ұясын доп айдаушыға алдырмауға тырысады.
Егер
айдаушы допты қазанға
Бұл ойынның екінші түрі «Қыз доп» деп аталады. Бұл көбінесе қысы ұзақ, қары қалың түсетін шығыс пен солтүстік облыстарда қыста ойналады. Ойынға жиналғандар қатты қардың үстіне келіп, ортадан үлкенірек шұңқыр қазады да оны «қазан» деп атайды, оның айналасынан дөңгеленте ойыншының санына қарай арасын 1,5—2 метрдей етіп кішкене шұңқырлар қазады, оны «отау» деп атайды. Әр ойыншының қолында басы имек таяқ болады. Ойынға кішкене доп пайдаланылады, ертеде оны ұшқат ағашының безінен ойып жасайтын болған. Сол кішкене допты «қыз доп» деп атайды. Доп қуушыны тағайындау үшін жаңағы кішкене допты ойынға қатынасушылар таяғымен қақпақылдайды, сонда кім аз қақпақылдаса, сол доп қуушы болады да, қалғандары ортадағы қазанды және өз отауларын қорғаушы болады. Ойын басталғанда әркім таяғын өз отауына қойып тұрады. Доп қуушы «қыз допты» қазанға түсіруге тырысады, ал қорғаушылар «қазанды» қорғай отырып, өз отауын да қорғауға тиіс, өйтпегенде доп қуушы допты қоргаушылар «қазанға» түсірмеуге әрекеттеніп жатқанда олардың бірінің «отауын» басып алуға тырысады. Егер ол осыны орындай алса, отауынан айрылған ойыншы доп қуушы болады. Егер доп қазанға түссе, ойын қайта басталады. Ойыншылардың санына қарамастан ойында бірақ доп қуушы тағайындалады.
Ойын жастарды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, коллектившілдікке баулып, таза ауада дем алып, денсаулықтарын жақсартуға, қимыл-әрекетке жаттықтырады.
Тартыс — ұлттық ойын.
Ойын көгалды алаңда, спорт залда ойналады. Спорт залда өтетін болса, еденге кілем төселеді. Ойынға 4-30 адам қатынасады. Ойынға тек ер балалар қатынаса алады.
Ойыншылар тепе-тең екі топқа бөлінеді, екі-екіден жұптасып түрысады. Ортаға екі жұп шығады. Бірі екіншісін арқалап алады. Белгі бойынша олар бір-біріне жақындаса бастайды. Мақсаттары бірін-бірі аударып кету. Тартыс басталады. Егер арқадағы ойыншының бір жері жерге тиіп кетсе, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі жұп шығады. Олар да осылай тартысады. Ойын жалғаса береді. Қай топ көп аударса, сол топ жеңген болып есептеледі. Артынан ойыншылар бір-бірімен орын ауыстырады. Ойын жастардың дене, білек күшін сомдауға, төзімділікке үйретеді. [1]
Білектесу. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Қазақта доп ойындарының түрлері өте көп. Мысалы, жасалған материалына, ойнау әдістеріне қарай қуық доп, қазан доп, шоқпар доп(тобық доп, шөген доп), киіз доп, жүн доп… – деген сияқты түрге бөлінеді.
Қазақ ұлты – Азиядағы байырғы мәдениетті ұлттардың бірі. Қазақ ұлтын құраған ру-тайпа, ұлыстардың осыдан 2000 жыл бұрын өз тіл-жазуы, салт-санасы, кемелденген заң-түзімі, үлкенді-кішілі бекеттері болғаны анық. «Көшпенділер» деп аталатын ұлы даланың жауынгер перезеніттері ел басқару ісіне, өнер-білімді қадыр тұтып үйренуге, әскер жаттықтыруға, әйелдерді іскер-ибалы етіп тәрбиелеуге, балаларды жасынан баулуға баса мән берген-ді. Осының айғағы қазақтың доп ойындары.
Қазақта доп ойындарының түрлері өте көп. Мысалы, жасалған материалына, ойнау әдістеріне қарай қуық доп, қазан доп, шоқпар доп(тобық доп, шөген доп), киіз доп, жүн доп… – деген сияқты түрге бөлінеді. Бұл доп ойындарының әрқайсысының өз алдына ойнау әдістері, шарты, ережесі бар. Өзара ұқсап та кетеді. Осы доп ойындарының қоғам дамуына байланысты ойналу көлемі барған сайын тарайып, орнын осы заманғы доп ойындары басып, тегі тектеліп, ұлттық мәдениеттің бір әйгілісі ретінде үгіттелгеннің орнына, жабайылықың, мәдениетсіздіктің белгісіндей саналып, ұрпақтар санасында бұлыңғыр елесі де қалмай бара жатқаны өкінішті-ақ!
Осындай «рухани бостықты» толтырып, халық рухын серпілтер игі істерді істеу – әрбір ар-ожданды азаматтың бас тартпас ұлы да қасиетті борышы деп білеміз.
«Пайдалану хабарының»(қытайда шығатын қазақ тіліндегі күнделікті газет) биылғы бір санында «Доп шежіресі» деген шағын мақала шықты. Мақалада : «Сонау 2500 жылдың алдында қытайлықтар доп тебу ойынын ойнаған. Олар шошқаның немесе сиырдың қуығына жел толтыру арқылы жасалған допты тебуші еді. Сонымен бірге Гректің және байырғы Римнің патшалары да осы ойынға әуестенетін»- делініпті. Ендеше, байырғы Қытай мен ежелгі Грек, Римдердің орасын жалғап, ұлан-байтақ Азия сахарасын неше мың жыл жайлап, нелер мықты қағанаттар, хандықтар құрған «Көшпенділер» деп аталатын ұлы табиғаттың серісі – Ғұн, Сақ, Үйсін, Теле, Рұң тектес тайпалар мен ұлыстар осы доп ойынының ортасы болған деуге болады.
Мәселен, алдымен допың материалын алып айтсақ, малдың қуығы, тобығы, жүні… бәрі-бәрі көшпелілер дүниесі.
«Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4000-ыншы жылдың аяқ шенінде адамдар ең жүйрік аң – жылқыны үйретті. Салт атты көшпелілер пайда болды. Украиниядағы Деревка елді мекені, Ресейдегі Воловат қонысы, Қазақстандағы (Көкшетаудағы) Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар… – осының дәлелі» – депті Манаш Қозыбаев «Қазақ тарихы – дала өркениетінің құрамдас бөлігі»-деген мақаласында («Шинжяң қоғамдық ғылымы» 1998 жылы 3 сан). Кейіндеп көшпелілер мәдениеті өзіне тән ерекшелікпен тіпті де өркендеп үлкен тұтастық қалыптастырған. Осы көшпелілерден бізге қалған ойын түрлері де аз емес еді. Соның бірі – осы доп ойыны.
«Доп» сөзіне келсек, «Түркі тілдер сөздігінде»: «топ» деп таңбаланған, қазақ айтылымында «топ» деп те айтылады. Және тобық допты алып айтсақ, шоқпармен ұрып ойнайтын атүсті ойыны, осының сарқыны ма, қазақта «тобық тығу» ойыны қазірге дейін жалғасып келеді. Қазақта доппен байланысты баламалап айтылған атау сөздер мен тұрақты тіркестерден бірталай бар. Мәселен, «тобықтан қағып түсіру», «допша ұшыру», допа(бас киім), допша, доптай, доп-домалақ, дөп-дөңгелек, Тәңір добы, адам басы – Алланың добы, той десе қу бас домалайды… Қазақта жүйрік жылқыны – «жел қуық» дейді. Мұнда қуық доппен байланысты айтылған болуы мүмкін. Осы сөздердің өзі-ақ доп ойынының өте ертеден қазақ арасына кеңінен жалпыласқандығының бір айқын дәлелі. Ат үсті доп ойыны болған шөген доп(тобық доп, шоқпар доп) ойыны түрки тектес тайпа-ұлыстарда, соның ішінде әлмисақтан бері «ат – ер қанаты»-дейтін қазақтарда да өте ертеде дамыған. Белгілі зерттермен, жазушы Зейнолла Сәнік ағамыз «Мұралар не айтады»-деген көлемді зерттеу кітабында археологиялық қазбалар мен қытай жазбаларына қарай отырып, жыл санауымыздан бұрынғы жетінші ғасырда арнаға түскен кемелді ережесі бар ат үсті доп ойыны бар екендігін айтады. «Түрік эциклопедиясында»: «бүгінгі ат үстінде ойналатын тобық доп ойыны Орта Азиядағы түркі тайпаларының қадым заманда ат үстінде ойнайтын ойындарының бірі. Бұл доп ойыны Орта Азиядан Үндістанға тараған. Ол жерден ағылшындар Еуропаға апарды. Поло (POLO) деген атпен дүниеге танылды»-делініп, оймызды тіпті де айқындай түседі.
«Пайдалану хабарындағы» доп туралы мақалада және: «Англияның футболды қалай дамыта түскенін ешкім білмейді, тек 14 ғасырда әрқайсы қыстақтар арасында футбол жарысы кеңінен жалпыласқан» – дейлі. «POLO» деген атпен дүниеге таралғандығы сияқты қуық доп, жүн доп, киіз доптың да батысқа және шығысқа ірге кеңейткен, байтақ Азияда серілік құрумен тынбай Америка құрлығына да алғаш қадам тастаған көшпелілердің жүрген жеріне таратқан көп өнерінің бірі болуы да әбден мүмкін.
Доп ойынын, әдетте, балалар көп ойнайды. Балалар бір-біріне еліктегіш, көргенін істейді. Сол жаңалыққа жаны құштар балалардың арқасында бүгінге жеткен ойындардың балалардың арқасында дүниеге таралуы да әбден мүмкін ғой.
Сөздің соңын қазақтың ұлы ғалымы, ойшыл ақыны Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен» алынған өлең жолдарымен ақырластырғым келеді.
Кім тезірек жалаушаға жүгіреді?
Ойнаушылардың бәрі орындықта отырады. Алаңның шетінен 5-6 қадам қашықтықта 4-5 бала тұратын сызық жүргізіледі.
Алаңның қарама-қарсы жағында сызықтан 18-20 қадам қашықтықтағы әрқайсысының қарсысына жалауша қоятын орындық қояды. Орындықтар бір сызық бойына қойылады.
Тәрбиешінің белгісі бойынша (дабыл қағуы немесе қолын шапалақтау, немесе «Бір екі, үш-жүгір!» деген кезде) балалар жалаушаларға қарай жүгіреді, оларды алып, жоғары көтереді, одан соң қайтадан орнына қояды.
Тәрбиеші қандай балалардың жалаушаны басқалардан бүрын көтергенін белгілеп қояды, содан соң жүгіргендердің бәрі орындыққа отырады, ал олардың орнына сызықтың арғы жағына келесі 4-5 адам тұрады. Барлық бала жалаушаларға бір реттен жүгіріп өткенде ғана ойын бітеді.
Ескерту. Балалар ойынның осы вариантын жақсы меңгерген уақытта, ойынды күрделендіру үсынылады: жалаушаға баратын жолға 60 см. Биіктікке жіп тартылған тіреу қойылады. Балалар жерге (еденге) қолдарын тигізбей, оның астына кіреді, денесін түзеп, әрі қарай жалаушаға жүгіреді.
Алаңның бір жағында үй сызықпен бөлінеді, қашықтығы 5-6 м сызылады, оның ар жағында екінші үй тұрады. Бір жақты бойлай үйлерге перпендикуляртағы бір сызық жүргізіледі.