Ұсақ (шағын) бизнес: шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасында қалыптасып даму мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:38, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% болды. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3-4

Шағын бизнестің мәні, құрылымы және әлемдік экономикадағы орны.
Шағын бизнестің мәні, құрылымы, функциясы..........................................5-7
Шағын бизнестің әлемдік экономикадағы орны........................................7-8
Шағын бизнестің даму кезеңдері................................................................9-10
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасып даму мәселесі және шетелдік тәжірибе.

Шағын бизнестің шетелдік даму мәселесі...............................................11-16
Қазақстанның шағын бизнесінің экономикадағы орны және даму ерекшеліктері........................................................................................................16-18
Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және ондағы кедергілер..............................................................................................................19-22
Қазақстан Республикасының шағын бизнесті дамыту болашағы және оны жетілдіру шарттары.............................................................................................22-26

Қорытынды.................................................................................................................27
Қосымшалар..........................................................................................................28-30

Содержимое работы - 1 файл

Ираглиева Малика.docx

— 100.21 Кб (Скачать файл)
  • мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу;
  • шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б. 

АҚШ-та жалпы бизнеске  әлемдік дағдарыс кері әсерін тигізді,мысалы Тойотаға сұраныс бірден 32 пайызға кеміген. Әлемде тіпті күнделікті тұрмыстық заттарға деген сұраныс та азайған.

 

Сингапурдағы  шағын бизнес.

 

Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге  көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі  бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер  беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен  кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру сияқты қызметтер атқарылады. Сингапурда әрбір қызметкердің балдық рейтингісі бар. Оның қандай кадр, қандай мықты маман екендігі сол балдық жүйемен есептелінеді. Балл беретін арнайы менеджерлер бар. Мектепте де оқушылардың болашақта қай салаға немесе қай мамандыққа бейімі бар екендігін жаңағы менеджердер анықтап кеңес беріп отырады. Демек, салыстырмалы түрде зерттей қарасақ, бізде адамның қабілетін ашуға әлі жол ашылған жоқ. Әкімдіктерді, мемлекеттік шенеуніктердің жұмысын рейтингтік жүйемен анықтау біздің мемлекетте де бар. Демек, бұл жаңалық болашақта мектепке де, жоғары оқу орнына да келеді.  
          Жыл сайын Әлемдік Банк бизнес-климатка баға береді.183 мемлекетті       «Doing Business» рейтингінің  11 индикаторымен бағалайды. Бұл рейтинг бизнесті жүргізүдің жеңілдігін анықтайды. «Doing Business-2011»  рейтингі боынша Әлемдік Банктің есеп беруінде Сингапур 3 жыл бойы бірінші орынды иеленіп отыр.

Германиядағы шағын бизнес

 

Еуропа мемлекеттерінің  бірі Германиядағы шағын кәсіпкерлік  қызметінің даму үрдісіне тоқталсақ.

      Біріншіден, Германияда шағын кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.

      Екіншіден, кәсіпорын қызметінің айқындылығы - оның көлемінің шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтежиесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталылығын тудырады.

      Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушының ролінің ерекше маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтежиелілігіне тек ғана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

           Төртіншіден - істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану.

    Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде - кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін жатқызуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы қор биржалары арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.

      Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді: жылдық айналым саласы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл сеторына мыналар жатқызылады: 

      1) белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі - барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрігерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер және тағы басқалар);

       2) жұмыс істейтіндер саны 1-ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналым 1млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар

      3) жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 миллионнан 100 миллион маркаға дейінгі орта кәсіпорындар.

     Елде шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы: 

біріншіден, барлық еңбекке  жарамды халықтың 2/3 бөлігін қамтып отырған жұмыс беруші ретіндегі; екіншіден, елдің жалпы ішкі  өнімінің жартысына жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден, барлық инвестициялар мен  тіркелген патенттердің жартысынан артығының өндіріске енгізудегі үлесіне 2/5 бөлігі келетін ғылыми-техникалық прогрестің катализаторы ретіндегі; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу  орындарының 85 пайызын қамтитын даярлау  көзі ретіндегі ролімен анықталады.

      Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның басты мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Германияның федералды үкіметі іс жүзінде асырып отырған құрылымдық-саяси шаралары шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған және мемлекеттік келісім-шарттарды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал салық салу жеңілдіктеріне келетін болсақ, Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде пайдаланып жүрген бұл құралдың басты үш түрі бар:

    1) амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары, яғни бұл нормалар барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар шығаруға бағытталады. Жұмсалынған қаражаттар үш жыл ішінде есептен шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 % амортизацияланады, екінші жылы 30% және үшінші жылы 20%.

    2) пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау, яғни бұл резервті жасауға қолөнер өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық секторларында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі сферасында қолдануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, резерв бір жыл ішінде түскен пайданың 20%-ке дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін;

    3)   салық ведомствалары төлейтін инвестициялық үстемелер.

      Сонымен қатар, үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып ақшаны қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер - шағын бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады.

      Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары Кредитанштальт фюр видерауфбау (Майндағы Франкфурт), Дойче аусглейхсбанк (Бонн), Берлиндер Индустриалбанк (Берлин) сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймақтық құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді.

      Ал ондағы кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сонымен бірге инновациялық саланы дамыту мәселесі қойылған. Бұл көмектің ұйымдық формалары әр алуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, кеңестерге, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар жүзеге асырылған.

     Жалпы қарастырғанда шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және кеңестік инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.

 Шетелдік тәжірибеден  Қазақстан Республикасына үлгі  етіп алатын шаралар аз емес. Оларды енгізе отырып, қолдана  білу мемлекеттің білікті мамандарға  байлынысты.

 

    1. Қазақстанның шағын бизнесінің экономикадағы орны және даму ерекшеліктері

 

     Нарық экономикасына көшудің бірден-бір жолы мемлекет құрылымындағы әртүрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындарымен бәсекелесе алатын кәсіпкерлік құрылымын құру, дамыту болып табылады.

      Демек, бұл шағын кәсіпкерлік құрылымдарының материалдық базасы жеке меншік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастамасында білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекеттегі бірнеше жылдар аралығында жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандайда болмасын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған деп айтуға болады /10,-93б./.

       Жалпы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің  пайда болуы 1988 жылы енгізілген «Кооперациялар туралы» заңға байланысты жүзеге асты деуге болады. Бұл заң кооперативтік  демократияның даму принциптерін, олардың  шаруашылық жүргізу формаларын таңдау еркіндігін кепілдендірді,олардың мүшелеріне инициативаларын көрсетуге елеулі мүмкіндіктер ашты. Аталған заңның мақсаты - экономиканың мемлекеттік және колхозды-кооперативтік секторларын өзара тең құқықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету болды. Заңның іске асырылғандығы мемлекеттегі бұл кооперативтердің даму динамикасы арқылы дәлелденді. Оның даму шыңы 1990 көрініс тапты: кооперативтік ұйымдар мен кәсіпорындар саны 15 мыңға жетті, ал онда жұмыс істейтіндер саны 300 мыңнан асты, тауарлар мен қызметтің 25,5%-нан астамын өндірді/12/.

      Сонымен қатар ҚР-ның статистика жөніндегі Мемлекеттік комитетінің мәліметтері бойынша кооперативтік ұйымдардың көпшілігі құрылыс саласында жүзеге асырылды 31,4%, халықтың тұтыну тауарларын өндіру саласында 12%-тен астамы, ауыл шаруашылығында 10,6% болды.

       Жалпы кооператив дегеніміз - ол тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіру, сату, өткізумен байланысты бірлескен кәсіпорын болып табылады. Ол мүшелерінің бірлескен меншігіне негізделгендіктен, иегерлері кооперативті өз бетінше басқарады.

          Бүгінгі кезеңде Қазақстанда қабылданған заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ортажылдық жұмыскерлер саны 50-ден аспайтын және жылдық активтерінің жалпы құны алпыс еселік есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды жатқызады.

       Сонымен қатар Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің субъектілері заң жүзінде белгіленген, олар: Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік жеке және заңды тұлға резиденттері болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға азамат заңды тұлға құрып немесе құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналыса беруіне болады. Ал ұжымдық кәсіпорындар, кооперативтер немесе әкімшілік-аумақтың кәсіпкерлік қызметтері өз меншіктерінің негізінде заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады /11,-9б./.

       Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырылуы кезінде негізінен ең алдымен оның көлемі мен қызметету саласы анықталы керек. Сонымен қатар республикада кәсіпорындардың меншік түріне қарамастан жұмыс істейтіндер саны мен салалық бағытталуына қарай оның көлемін табуға болады және оны келесі кестеден көруге болады.

Жалпы республикада шағын  кәсіпкерліктің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды  қалыптастырудың алғашқы қадамдары  жасалынды деуге болады. Оған келесі шағын кәсіпкерліктің қалыптасуына ықпал еткен заңшығарушылық актілерді  атауға болады:

    - Қазақстан Республикасының  «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және  қолдау туралы» Заңы /04.07.1992ж./;

     - Қазақстан  Республикасы Президентінің «Шаруашылық  серіктестігі туралы» заң күші  бар Жарлығы/02.05.1995 ж./;

     - Қазақстан  Республикасы Президентінің «Өндірістік  кооперативтер туралы» заң күші  бар Жарлығы /5.10.1995ж./;

     - Қазақстан  Республикасының Президентінің  Жарлығы «Шағын кәсіпкерлікті  дамытуға мемлекеттік қолдауды  күшейту және оны жандандыру жөніндегі іс-шаралар туралы» /06.03.1997ж./;

     - Қазақстан  Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдау туралы» Заңы /19.06.1997ж./;

     - Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы ,/10.07.1998ж./;

        - Қазақстан  Республикасының Президентінің  Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы  шағын кәсіпкерлікті дамыту мен  қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары 1999-2000 ж.ж. /31.12.1998ж/; 2001-2002 ж.ж ./07.05.2001ж./»;

     -Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялау туралы» Қаулысы /27.12.2002ж./.

      Аталған құқықтық базаның қабылдануына сәйкес экономиканың барлық сеторларындағы кәсіпкерліктің кең дамуына және шағын бизнестің құқықтық негізін нығайтуға ықпал етті деуге болады.

      Республикада шағын және орта кәсіпкерлік қызметі негізінен жеке меншік секторға негізделген және жылдан жылға оның жалпы ұлттық өнімдегі үлесінің артқандығы сипатталады.

Егер ҚР-ның аймақтарында 2001 жылдың 1-ші сәуіріне шағын кәсіпкерлікті  дамыту жағдайын талдасақ келесідей /12,-354б./.

  1. Шағын бизнестің салыстырмалы дамыған аймақтарына:        

    Маңғыстау облысы 11,7 балл,

    Атырау облысы 11,1балл,

    Ақмола облысы 9,75 балл,

Информация о работе Ұсақ (шағын) бизнес: шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасында қалыптасып даму мәселесі