Ұсақ (шағын) бизнес: шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасында қалыптасып даму мәселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:38, курсовая работа

Краткое описание

Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын және орта бизнес секторымен өндірілген жиынтық өнімдердің ЖІӨ - ге қатынасы 17% - ды құрады, ал 2003 жылы осы сектор субъектілерінің бұл макроэкономикалық индикаторындағы үлесі 20% - дан астам шамаға жетті. Осы статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай шағын және орта кәсіпкерлік секторының қазақстан экономикасындағы маңыздылығы барған сайын салмақты болып келеді. 2004 жылғы осы сектордың ЖІӨ - ге қатынасының болжамды көсеткіш деңгейі 30% болды. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3-4

Шағын бизнестің мәні, құрылымы және әлемдік экономикадағы орны.
Шағын бизнестің мәні, құрылымы, функциясы..........................................5-7
Шағын бизнестің әлемдік экономикадағы орны........................................7-8
Шағын бизнестің даму кезеңдері................................................................9-10
Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасып даму мәселесі және шетелдік тәжірибе.

Шағын бизнестің шетелдік даму мәселесі...............................................11-16
Қазақстанның шағын бизнесінің экономикадағы орны және даму ерекшеліктері........................................................................................................16-18
Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және ондағы кедергілер..............................................................................................................19-22
Қазақстан Республикасының шағын бизнесті дамыту болашағы және оны жетілдіру шарттары.............................................................................................22-26

Қорытынды.................................................................................................................27
Қосымшалар..........................................................................................................28-30

Содержимое работы - 1 файл

Ираглиева Малика.docx

— 100.21 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ  ГУМАНИТАРЛЫҚ  ЗАҢ  УНИВЕРСИТЕТІ

 

«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғарғы мектебі

«Экономика   және  менеджмент»   кафедрасы

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

ТАҚЫРЫБЫ: Ұсақ (шағын) бизнес: шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасында қалыптасып даму мәселесі

 

 

 

 

                                                            Орындаған: КУиА – 102 студенті

                                                             Иргалиева Малика

                                                                  Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы                                          

                                                                                                 Керімқұлова Д. Т.

 

 

 

 

 

 

Астана, 2011 ж

МАЗМҰНЫ:

 

Кіріспе................................................................................................................3-4

 

  1. Шағын бизнестің мәні, құрылымы және әлемдік экономикадағы орны.    
    1. Шағын бизнестің мәні, құрылымы, функциясы..........................................5-7
    2. Шағын бизнестің  әлемдік экономикадағы орны........................................7-8
    3. Шағын бизнестің даму кезеңдері................................................................9-10
  2. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің  қалыптасып даму    мәселесі және  шетелдік тәжірибе.

 

    1. Шағын бизнестің шетелдік даму мәселесі...............................................11-16
    2. Қазақстанның шағын бизнесінің экономикадағы орны және даму ерекшеліктері........................................................................................................16-18
    3. Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау және ондағы кедергілер..............................................................................................................19-22
    4. Қазақстан Республикасының шағын бизнесті дамыту болашағы және оны жетілдіру шарттары.............................................................................................22-26

 

Қорытынды.................................................................................................................27

Қосымшалар..........................................................................................................28-30

 

 

КІРІСПЕ

Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнестің   Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  ролі  артып  келе  жатыр. 2002 жылы Қазақстандағы шағын  және  орта бизнес  секторымен  өндірілген  жиынтық  өнімдердің  ЖІӨ - ге қатынасы  17%  - ды құрады, ал 2003 жылы осы  сектор   субъектілерінің  бұл  макроэкономикалық   индикаторындағы   үлесі  20% - дан  астам  шамаға  жетті. Осы статистикалық  мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып  келеді.  2004 жылғы  осы  сектордың  ЖІӨ - ге қатынасының  болжамды  көсеткіш  деңгейі 30% болды. Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция  біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты. Сондықтан   осы    жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған әртүрлі аспектідегі проблемаларды және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

Сонымен  қатар  шағын  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды  зерттеу  осы  жұмыстың  өзектілігін  анықтайды.

     Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған.

Курстық жұмысты орындау кезінде шағын бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  шарттарын зерттеу  арқылы Қазақстандағы орнын анықтау, шағын бизнес субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес субъектілерін дамыту  жолдарын  қарастыру сияқты негізгі мәселелер қарастырылды.

     Қазақстан Республикасынның  тәуелсіздік кезеңінде көптеген жоспарлар қойылған болатын. Осы  жоспарларды жүзеге асыруда шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру мақсатында, 1997 жылы наурыз айында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ құруға негіз болған Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.

  Президент Жарлығын орындау негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» қаулы шығарды. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қызметін 1997 ж. 18 тамызда бастады.

«Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ басты мақсатына  қол жеткізу үшін, 2007 жылғы қараша айына дейін жобалық қаржыландыруды дамыту: шағын және орта бизнесті әртараптандыру мақсатында және жекелеген аймақтардың әлеуметтік-экономикалық ерекшелігіне сүйене отырып, экономиканың приоритетті салаларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тікелей кредиттеу, қаржы лизингін дамыту, микрокредиттік ұйымдар желілерін дамыту сияқты міндеттер атқарылды. Кейін 2007 жылдың соңынан бастап, Қорда тұжырымды өзгерістер болды:

Қор «Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры» АҚ мәртебесінен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мәртебесіне  өзгерді, сол себепті шағын және орта кәсіпкерлікті (одан әрі - ШОК) қолдау жөніндегі тиісті өкілеттіктері  де ұлғайды; Қор қаржы институтынан мемлекеттен бөлінетін қаражат активтерін басқару операторына айналды: ШОК субъектілерін қаржылай қолдау және ШОК субъектілерін ақпараттық-талдамалық және консалтингтік қолдау қызметінің жаңа бағыттары әзірленіп, іске асырылып отыр.

Шағын бизнесті  мемлекеттік  қолдау шараларын зерттеп, оларға сараптама  жүргізу, кедергілерді болдырмау, шетелдік тәжірибені Қазақстан Республикасына пайдалану осы жұмыстың өзектілігі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ШАҒЫН БИЗНЕС МӘНІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

 

    1. Шағын бизнестің мәні, құрылымы, функциясы.

 

Курстық жұмыстың  бірінші  бөлімінде шағын бизнес ұғымы  туралы тоқталып кетеміз. Шағын бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтау керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің анықтамасына қатысты кейбір қайшылықтар байқалған. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі /1,-9б./. Соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген /2,-28б./.

 Шағын бизнес туралы  кейбиреулері басқа ойда, олар  барлық ежелгі мәдениетте дамыған  деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар,  вавилондықтар, египеттіктер, иудилер,  гректер, финикшілер және римдіктер  байқалған. Осының дәлелі тұтынушылар  мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған  Хамураппи заңдары болып табылады /3,-56б./. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друкердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Йозеф Шумпеттер болып табылады. Теорияның мәні кәсіпкерлік бұл экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.

Тұжырымдай келе  шағын бизнеске анықтама берсек. Шағын бизнес ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы /4,-165б./. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы — жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі /5,199б./.

Шағын бизнес сферасына өздерінің  тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар  және сату көлемі 20 млн доллардан  аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ  бұл көрсеткіштер шартты болып табылады. Қазақстанда шағын бизнеске бірнеше  инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласында да жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.

Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші  субъектілерде «кәсіпкерлік»  және «бизнес» ұғымдары өте байланысты.  Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға  бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын еркін шаруашылықты білдіреді.

«Кәсіпкерлік» және «бизнес»  түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана  жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес – бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес «кәсіпкерлік азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды  шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады » /6/.

Тәжірбиеде « кәсіпкерлік  » пен « бизнес » терминдері бірін – бірі алмастырады. Себебі, шағын бизнес кәсіпкерлікпен айналысатын  шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Кәсіпекелік қызмет қоғамдық тұтынуды қанағаттандырумен байланысты бола тұра, кәсіпкер өзіне мүліктік тәуелді қайырымдылық жасау мақсатында алмайды. Кәсіпкерлік қызметте адамды кәсіпкерлік табыс нысанындағы материалдық мүдде ынталандырады.

Кәсіпкерлік қызметтен түсетін  түсетін табыстың ерекшелігі: біріншіден, ол нарықтық айырбас арқылы алынатындығы, екіншіден, ресурстарды шарушашылық  айналым процессінде жақсы қолдану  нәтижесі екені. Сондықтан мешіктен (рента, жалға алу төлем,капиталдың пайызы) және еңбек қызметінен түсетін  табыс (еңбекақы, гонорар) кәсіпкерліктен түсетін табыс болып саналмайды.

Кәсіпкерліктің мақсаты  жөнінде сөз қозғай отырып кәсіпкерлік  субъектісінің екі жақтылығы  оның ынтасының ішкі қарама-қайшылығы  бодып табылады. Кәсіпкер меншік иесі ретінде жұмыс істеп қолданылған  ресурстардан барынша көп табыс  алуға тиіс, сол үшін ол пайданы  арттырады. Алайда ол басқару функциясын іске асыратын шарушалық иесі болса  онда ол кәсіорынның тұрақты дамуын бірінші орынға қояды. Кәсіпкерлік  ынтаның қарама-қайшылығы меншік молайғанда шешіледі. Меншік молайту  кәсіпкерліктің мақсаты деп айтуға болады /7,-160б/.

Кәсіпкерлік өзінін өзі іске аспайды. Білікті кәсіпкер арқасында  жетістіктерге қол жеткізуге  болады. Осы функцияларды орындау арқылы:

Информация о работе Ұсақ (шағын) бизнес: шетелдік тәжірибе және Қазақстан Республикасында қалыптасып даму мәселесі