Кедейшілік маселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................. 4

І. КЕДЕЙШІЛК –МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Кедейлік туралы теориялар.............................................................................. 6
1.2 Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау.................................. ...... 8

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы......................................... 17
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты болдырмауға қарсы іс-шаралар...................................................................................................................
24

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................... 29

Содержимое работы - 1 файл

Кедейшілік Эк тещрия.doc

— 322.00 Кб (Скачать файл)

Сонымен, бағалар күнкөріс ми-нимумының шамасына ықпал ететін негізгі факторлар болып табылады, өйткені тамақ өнімдерін тұтыну нормалары мен азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын шығыстар арасындағы арақатынас – біршама тұрақты шамалар.Ең төменгі тұтыну бюджеті (ТТБ) адамдар тұтынүын қалпына келтіретін деңгейді қамтамасыз ететін жоғары әлеуметтік стандартты көрсетеді. Ең төменгі тұтыну бюджеті күнкөріс минимумының екі мөлшеріне тең және ол адамның дене және парасат күштерін қалпына келтіру, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және дене дамуы, зейнеткерлердің белсенді әлеуметтік және дене жай-күйлерін демеу үшін қажет халықтың негізгі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.Жоғары молшылық бюджеті (ЖМБ) адамның физиологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерін толық және орынды негізделген қанағаттандырумен қамтамасыз ететін игіліктер мен қызмет көрсетулердің оңтайлы жиынтығының болуын ұйғарады, ол сондай ақ міндетті төлемдер мен алымдарға жұмсалатын шығыстарды, бюжеттің осы үлгісін ұстау үшін жинақ ақшалар жасауға қажет шығыстарды қамтиды. Жоғары молшылық бюджеті адамның тұтынудың дамушы деңгейін иемденуіне жағдай жасайды немесе, басқаша айтқанда, адамның он жақты дамуын қамтамасыз ететін таңдау мүмкіндігін ұлғайтуды, ұзақ және салауатты өмір сүруді, білім алу мен лайықты тұрмыс құруды қосқандағы игіліктерді пайдалану мүмкіндігі; Тұтыну бюджеттерінің жүйесіне сүйене отырып, елдегі бүкіл халықты шартты түрде төрт әлеуметтік жікке бөлуге болады: кедей тұрмыстылардан ең жоғары қамтамасыздандырылған адамдарға дейін (1.2.1. кесте).


 

1.2.1. кесте. Қоғамның тұтыну бюджеттері жүйесіндегі әлеуметтік жіктері  

 

Әлеуметтік  жіктер

Критерий

Кедей тұрмыстылар

Табыстары күнкөріс минимумынан  төмен (КМ)

Төмен тұрмыстылар

Табыстары күнкөріс минимумынан жоғары, бірақ ең төменгі тұтыну бюджетінен төмен (2КМ)

Орташа тұрмыстылар

Табыстары ең төменгі  тұтыну бюджетінен жоғары, бірак жоғары молшылық бюджетінен төмен (7 КМ), тұтынудың қалпына келтіруші деңгейін қамтамасыз етеді.

Жоғары тұрмыстылар (дәулеттілер)

Табыстары жоғары молшылық бюджетінен көп, тұтынудың дамушы деңгейін қамтамасыз етеді.




 

Қоғамдағы экономикалық теңсіздікті сараптау үшін табыстарды шоғырландыру мен саралау коэффициенттері кеңінен қолданылады. Қорлар коэффициенті (табыстарды саралау коэффициенті) ең көп және ең аз қам-тамасыздандырылған халық топтарының табыстарын салыстыруға мүмкіндік жасайды, ол ең  жоғары  және   ең  төмен   тұрмысты халықтың 10% (20%) ақшалай табыстарының жалпы белгілерінің арақатынасын керсетеді (1.2.2. кесте). Джини индексі (табыстарды шоғырландыру коэффициенті) қоғамдағы (адамдар мен үй шаруашылықтары арасында) ақшалай табыстардың (тұтыну) жалпы қорын бөлудегі теңсіздікті бағалауға мүмкіндік туғызады. Саралау коэффициенттерінен айырмасы, бұл көрсеткіш халықтың ең көп және ең аз қамтамасыз етілген топтарының ақшалай табыстарын салыстыру жолымен емес, ал ақшалай табыстардың жиынтық көлемінде халық арасындағы жеке топтардың меншігінде бар табыстардың үлесті салмақтары негізінде есептейді. Табыстардың жалпы көлемі неғұрлым біркелкі бөлінген сайын, соғұрлым Джини индексі аз болады (0-ге жақын). Және керісінше, Джини индексінің шамасы неғұрлым көп болса (1-ге жақын), соғұрлым ұлттық табыстардың аз үлесі халықтың кедей жіктеріне жиналады.

Бұдан бөлек, халықтың тұтыну бюджеттерінің жүйесі халықтың сатып алу қабілеті табыстарының керсеткішін енгізеді. Осы индикатор халықтың күнкөріс минимумының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстарының арақатынасы ретінде есептеледі (Қазақстанда тұтынуға пайдаланылған орта есеппен жан басына шаққандағы табыстар есептеуге қолданылады), ол осы табыстарға сатып алуға болатын күнкөріс мини-мумына кіретін тауарлар мен қызмет керсетулер жиынтығының санын анықтауға мүмкіндік жасайды. Адамдар табыстарының сатып алу қабілетінің көрсеткіші елдегі экономикалық теңсіздіктің сипаттамасы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.   ҚАЗАҚСТАНДА  КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

 

           2.1 Қазақстанда кедейгіліктің бүгінгі күнгі ахуалы

 

 

Кедейшілік проблемасы Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан  толғандыра бастады. Оның өткірлігі  кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі  мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің  күшеюі салдарынан қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап қазіргі кезге дейін – экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бақуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.

Елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі ретінде “жаңа  кедейлер” деп аталатындардың пайда  болғанын айтуға болады. Бұған реформаларға дейінгі кезеңде болған әдеттегі кедейлерден бастап жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет салаларында жұмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес өкілдері, зейнет жасына тақаған адамдар, мектеп, жоғары оқу орындарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өңірлерінде тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында қалып отыр.

“Жаңа кедейшілік” ауқымы ауылдық жерлерде тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл халқының табысы қала халқының табысынан орташа алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар ауылдық отбасылардың үлесі (ҚР Статистика агенттігі 2010 жылы жүргізген үй шаруашылығын зерттеу деректері бойынша) 24,8 %-ды, ал қалалық отбасылар үлесі 9,2 %-ды құрайды. Қазіргі жағдайда өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін отбасылардың үлесі жоғары өңірлер арасында Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды (бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3%, Қызылорда – 26,5%, Оңтүстік Қазақстан – 23,0%. Аталған облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш – 16,1%.

Халықтың табыс деңгейі  бойынша теңсіздігі еңбекке ақы  төлеудегі айырмашылық пен басқа да табыс көздерінің болуынан ғана емес, отбасында қанша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтіндер санына, балалардың болуына қарай да қалыптасады. Асырау жүктемесі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отбасылық бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау облыстары сияқты жоғары табысты өңірлерде отбасындағы жандардың орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінің төмен болуына ықпал етеді және оңтүстік өңірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.

Кедейлектен топты азайту - рыноктық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің енбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасы мүшелерінің саны, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялык, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты - осы айырмашылыктарды азайтып, 2 коғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау.

Кедейшілік деңгейі  немесе кедей тұрмысты халықтың үлесі деп - табысы күнкөріс минимумына теңгерілетін кедейшілік шегінен төмен деңгейде күнелтетін адамдар үлесін айтамыз. Кейбір елдердегі абсолютті кедейшілік деңгейі, 2005жылпайызбен)

 

Ел

Абсолютті кедейшілік деңгейі

Ел

Абсолютті кедейшілік деңгейі

Германия

10,5

АҚШ

13,1

Ресей

25,3*

Қырғызстан

84,0

Ұлыбритания

18,7

Қазақстан

17,2


 

Дерек көзі: «2005 жылдағы адам дамуы туралы" Мыңжылдық Декларациясында тұжырымдалған даму саласындағы мақсаттар: адамзаттың жоқшылықтан құтылуы туралы мемлекетаралық шарт" Біріккен Ұлттар Ұйымының даму (БҰҰДБ) бағдарламасы дайындаған, баяндамасы, 2005 жыл, Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, қаңтар, 2004 жыл. Ресей Федерациясының статистикалық комитеті, 2004.

Қазақстанда халықтың 17,2 пайызы физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын денгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмай отыр.

Кедейлік - күрделі құбылыс, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық терең тамырлары бар.

Қолайлы макроэкономикалық  жағдай білімге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қорғауға жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әсер етеді және осы қадамдар ұлттық әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы маңызды іс-әрекеттерге айналуы тиіс.

Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта есеппен жан басына шақкандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек от басына қажет қызметтер жиынтығының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады.

Халықты әлеуметтік қорғауға жұмсалатын шығыстар қаржы құжаттарында, жоспарларда, болжамдарда, есептерде әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмекке жұмсалатын шығыстар ретінде қамтып көрсетіледі.

2004 жылы әлеуметтік қорғауға арналған шығындар 2003 жылмен салыстырғанда 23,2 пайыздан 21,5 пайызға төмендеп отыр.

Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты - кедейшілік деңгейін төмендету.

Кедейшілік ұғымына және оны сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тауарларды тұтыну деңгейін қарастырады.

Адам егер организмнің  физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын "абсолютті кедейшілік" деп атайды, ал "салыстырмалы кедейшілік" кезінде қоғамда ең көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдарды жаткызады .

 

2-Кесте: 2007-2010 жылдардағы мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік қорғауға арналған шығыстарының құрамы (млн.тенге)

Аты

2006

2007

2008

2009

2010

Әлеуметтік қорғауға        арналған шығындардың       жалпы бюджет шығысындағы үлесі

34,0

28,4

24,6

24,1

22,5

Әлеуметтік қорғауға        арналған шығындардын ЖІӨ үлесі

7,9

6,6

5,7

5,3

5,3

Бюджеттік шығыстар, барлығы

468423

602023

759610

834162

1062611

Бюджеттік шығыстардың ЖІӨ үлесі

23,2

23,2

23,4

22,1

23,6

ЖІӨ көлемі

2016400

2599900

3250600

3776300

4495000


 

Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасапдұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.

1998 жылы Қазақстанда  алғаш рет халықтың кедейшілік  индексі есептелді. Осы интегралды  көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар индексін БҰҰ ДБ ұсынған.

Ол 4 көрсеткішті қамтиды;: - күнкөріс минимумынан төмен тұтыну деңгейіндегі халықтың үлесі;

- 60 жасқа дейін өмір  сүрмейтін халықтың үлесі;

- біліммен қамтылмаған  16 жастағы жастардың үлесі;

- жұмыссыз халықтың үлесі.

Кестеде көріп отырғанымыздай, азық-түлік себетінің ең жоғарғы көлемі Маңғыстау облысында 4517 теңге көлемінде байқалып отыр, ең төменгі көлемі 2673 тенге Оңтүстік Қазақстан облысында орын алып отыр.

1998 жылдан 2002 жылға дейінгі  уақыт кезеңінде осы индекс 31 пайыздан 22,4 пайызға дейін төмендеп отыр, демек, елімізде жалпы кедейшілік жағдайының жақсарғанын көрсетіп отыр. Қазақстандықтардың 31,1 пайызының өмір ұзақтығы 60 жастан аспаған; 16 жастағы жастардың 3,1 пайызының білім алуға мүмкіндіктері жоқ, ал экономикалық белсенді халықтың 9,3 пайызы жұмыссыз болып отыр.

 

3-Кесте: 2010 жылғы аймактық бөліктегі кедейшілік көрсеткіштері

 

Облыстар

Табыстары бар халыктын үлесі пайыз)

Азық-түлік себетінін құны, тенге

Күнкөріс мин. көлемІ, теңге

Кедейшілік тереңдігі пайыз

Кедейшілік өткірлігі пайыз

 

Күнкөріс мин. төмен

Азық-түлік себетінің құнынан төмен

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

24,2

8,9

3333

4761

6,1

2,2

Маңғыстау

39,8

20,4

4517

6453

11,37

4,08

Алматы

36,3

17,0

3235

4622

10,1

3,8 і

Жамбыл

35,8

12.9

2769

3956

8,82

3.14

Атырау

34,1

17,7

4231

6045

30,95

4,66

Қызылорда

32,3

7,8

2939

4198

6,78

2,09

Батыс Қазакстан

28,0

7,6

3413

4876

6,44

2,22

Онтүстік Қазақстаы

27,5

7,3

2673

3819

5,73

1,79

Ақтөбе

22,6

11,6

3485

4979

6,78

2,78

Қостанай

22,3

12,9

3160

4515

7,77

3,64

Павлодар

21.6

8,3

3353

4790

5,1

1,76

Шығыс Қазакстан

20,0

6,3

3247

4638

5,1

1,91

Қарағанды

19,3

6,5

3456

4937

4,59

1,56

Ақмола

18,6

3,2

3410

4872

3,3

1,04

Солтүстік Қазақстан

14,3

4,1

3312

4732

3,01

0,94

Алматы каласы

4,1

0,7

3648

5212

0,62

0,17

Астана каласы

2,2

-

3344

4777

0,25

0,05

Информация о работе Кедейшілік маселесі