Кедейшілік маселесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2013 в 16:01, курсовая работа

Краткое описание

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................. 4

І. КЕДЕЙШІЛК –МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Кедейлік туралы теориялар.............................................................................. 6
1.2 Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау.................................. ...... 8

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстанда кедейшіліктің бүгінгі күнгі ахуалы......................................... 17
2.2 Қазақстандағы кедейшілікпен жоқшылықты болдырмауға қарсы іс-шаралар...................................................................................................................
24

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................... 29

Содержимое работы - 1 файл

Кедейшілік Эк тещрия.doc

— 322.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ..................................................................................................................

4

   

І.   КЕДЕЙШІЛК –МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ

 

1.1 Кедейлік туралы  теориялар..............................................................................

6

1.2 Кедейшілікке негізгі  макроэкономикалық талдау.................................. ......

8

   

ІІ.   ҚАЗАҚСТАНДА  КЕДЕЙШІЛІКПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

 

2.1 Қазақстанда кедейшіліктің  бүгінгі күнгі ахуалы.........................................

17

2.2  Қазақстандағы кедейшілікпен  жоқшылықты болдырмауға қарсы  іс-шаралар...................................................................................................................

 

24

   

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

29




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі,  ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.

Елбасының демократиялық  ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көтерді. Азаматтық қоғамымыздың кемелділігі де осынай сындарлы бастаманы қаншалықты ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі таңдағы іс - әрекеттер дәлелді айқындап беріп отыр.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасапдұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.

1998 жылы Қазақстанда  алғаш рет халықтың кедейшілік  индексі есептелді. Осы интегралды  көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар индексін БҰҰ ДБ ұсынған.

«Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасын белгілегендегі басты  мақсат – экономикамызды, соның  нәтижесінде қасиетті халқымызды дүние  жүзіне паш ету.  Халықтың әл –  аухатын жақсарту. Рухани және табиғи байлығымызды шашпай – төкпей, ұрпақтан – ұрпаққа аман – есен табыстау. 2030 жылы Қазақстанды «Қазақстан Барысына» айналдыру.

Қазақстан Республикасы үшін, Қазақстан халқының әрбір азаматтары үшін «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасының маңызы, мәні өте терең. Себебі, біздің тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биылғы жылы 18 жыл толып отыр. Ол тәуелсіздікке біз қалай қол жеткіздік тарихымыздан аян. Ал, ендігі мәселе Қазақстан Республикасының дамуы қалай қарай жылжып бара жатқандығында .

Осының салдарынан экономиканы  жоспарлау мәселесі туындады.

«Қазақстан - 2030» - дан  кейін қамтылған мәселелері мен  қабылданған шешімдерінің және жоспарлау  мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен  екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы №  735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:

  • халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсарту;
  • кедейшілікті жою;
  • халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
  • мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру;
  • мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;
  • ТМД аймағындағы экономикалық өктемдікке қол жеткізу көзделген.

Кедейлік мәселесі әлемде тарихи дамудың әр кезеңде болған, боладыда. Өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, кедейлік, экономикалық өсу маңызды да өзара тығыз байланысты мәселелер.

Бүгінгі таңда кедейліктің  таралу фактілері әлемде үлкен масштабтарға ие. 1,3 миллиардтан астам адам кедейліктің  ең төменгі шегінде. Соңғы 30 жыл ішінде ең бай және ең кедей адамдар қатынасы 30:1 ден 61:1 дейін өсті. 20 пайыздық ең ауқатты адамдардың үлесі 70 пайыздан 85 пайызға өсті, ал ең кедей адамдардың үлесі 2 пайыздан 1,4 пайызға төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.   КЕДЕЙШІЛК  –МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕСІ

 

1.1 Кедейлік туралы теориялар

 

 

 Кедейлік – бұл халықтың белгілі бір топтары өмір сүру құқықтарын іске асыруға байланысты бірінші кезектегі физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыруда қиындық көретін, конституциямен бекітілген құқықтар мен бостандықтар шеңберінде қоғам өміріне толыққанды қатысу мүмкіндігінен айырылатын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.

Кедейлік барлық әлеуметтік мәселелердің ең әлеуметтісі. Экономикалық статус пен табыс, әлеуметтік теңсіздік  пен стратификация, ұлттық байлықты тарату мен халықтың өмір сүру деңгейі, өмірлік қажеттіліктер мен тұтыну қаржыны және тағы басқа түсініктерді аттап кетіп, оны суреттеуге болмайды.

Кейдейлік мәселесі бір  уақытта жеткілікті түрде зерттелген деп айтуға болады. Жақсы зерттелген кезеңі деп, біз революцияға дейінгі кезеңді, яғни ХХ ғасырдың 20 жылдардың бірінші бөлігін айтамыз. Себебі осы кезеңде кедейлік мәселесіне тура және жанама түрде, ондаған-мыңдаған зерттеулер арналды.

1920-1980 жылдары 70 жылдың  ағымында кедейлік мәселесі аз  зерттелді, оны ешкім зерттеген  жоқ, кедейлік туралы ешкім ештеңе айтпады. «Кедейлік шегі», «кедейлер» терминдері тек әдебиетте ғана қолданылды, ал оған дейін «халықтың аз қамтамасыз етілген топтары» деген термин қолданылды.

Социалды-дарвиндік және социалды-теңестірімділік әдіс-амалдары.

Ресейде де, Еуропада да кедейлік мәселесіне қызығу ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. Еуропада оның екі әдіс-амалын жақтаушылар байқалды:

  1. Социалды-дарвиндік;
  2. Социалды-теңестірімділік әдіс-амалдар.

Социалды-дарвиндік бағыттың өкілдері (Г.Спенсер, Ф.Гиддинг, Ж.Ирудон) теңсіздікті және одан шығатын кедейлікті тек дұрыс, сонымен қатар қоғамға пайдалы деп санайды. Олар теңсіздікте тұтас қоғамның және жеке тұлғаның дамуын көреді. Олардың концепциясы тіршілік үшін күрес және әлеуметтік теңсіздік болмай қоймайтындығы принципіне негізделеді.

Социалды-теңестірімділік  бағыттың өкілдері немесе элитарлы (француз  тілінен egaliste, egalite – теңдік) әдіс-амалдар бағытының өкілдері, керісінше теңсіздік пен кедейліктің дұрыс еместігін көріп, оныфмен күресу керектігін айтты. Жалпылама теңдік концепциясын француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо мен Якобин Бабефпен жасады. Олардың ойынша, кедейлік жалпылама теңдік пен қоғамдық меншік орнағанда жойылады.

Статистика-социологиялық  бағыт.

ХІХ ғасырдың ІІ екінші жартысында статистика-социологиялық бағыт пайда болды. Осы бағыттың негізгі көрнекті өкілдері Ф.Ле-Пле, Ч.Бут және С.Раунтри болды. Олар әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайларын зерттеумен айналысты және кедейлікті қоғамның әлеуметтік ауруы деп санады. Ч.Бут кедейлікті анықтаудың реалды критерийлерін орнатуға тырысты. Олар:

  • Табыс деңгейі;
  • Негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету,
  • Нормалар мен стандарттар, олар жұмысқа қабілеттілікк пен денсаулықтың белгілі бір деңгейін ұстап тұру қажеттілігін көрсете білді.

Олардың идеялары мен  зерттеу әдіс-тәсілдері ХХ ғасырға дейін АҚШ пен Еуропа елдерінің осы мәселені зерттеушілеріне үлкен әсер етті.

Ресейде кедейлікті зерттеу  ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүзеге асырыла бастады. Оны бірінші  болып зерттегендер қатарына В.Орлов, В.Яковенко мен А.Петровскийді және басқаларды жатқыза аламыз.

Қазақстанның қазіргі  даму кезеңінде халықтың кедейлік деңгейін төмендету жөніндегі шараларды  іске асыру мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы аса маңызды бағыттардың  біріне айналып отыр.

Кедейлердің жағдайын жақсартуға тікелей немесе жанама түрде байланысты басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру барысында белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен Қазақстан халқының үлесі осындай бағдарламалар іске асырыла бастаған кездегі 31,8%-дан 2001 жылы 28,4%-ға дейін төмендеді.

Халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын көрсеткіштердің оң сипатты серпініне қарамастан елде кедейлік деңгейі әлі де болса  елеулі күйінде қалып отыр.

Кедейліктің өсуіне түрткі болатын негізгі экономикалық және әлеуметтік жағдайлар сақталуда, олардың қатарына төмендегі криетрийлерді жатқыза аламыз:

  • Еңбек рыногындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының сәйкессіздігі;
  • Еңбекақының, зейнетақының және жәрдемақының төмен мөлшері;
  • Шалғай аудандарда тұратын кедей халықты әлеуметтік жағынан оқшауландыратын ауыл инфрақұрылымының, ең алдымен жолдардың, магистралдық су құбырларының дамуының төмен деңгейі;
  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне қол жеткізудің қысқаруы;
  • Ауылдық жерлерде жалпы және кәсіптік білім беретін мектептер желісінің жетіспеуі;
  • Халықтың бір бөлігінің  масылдық көңіл-күйі, оның жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жайында нашар хабардар болуы;
  • Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының мемлекеттік атаулы көмекпен жеткілікті қамтылмауы.

Еңбек етуге қабілетті  азаматтар үлесінің ұлғаюы есебінен кедейліктің әлеуметтік құрылымы өзгеріске  ұшырауда.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі еліміздегі кедейлік мәселесін  жоюдың бірден-бір жолы ретінде әр жылдарға арналған кедейлікті азайту жөніндегі бағдарламалар әзірлеп, осы бағдарламаға сәйкес іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Осы бағдарламаларда  көзделген кедейлікті азайтудың  негізгі жолдары халықтың кедейлікке ұшырау себептерінің сан қырлы сипатын  ескереді және халықаралық тәжірибенің негізінде оны азайту жөніндегі тиісті көзқарастарды қамтиды, бұл тәжірибе кедейлік проблемаларын шешуді:

  • экономикалық өсуді;
  • Жұмыспен қамтуды және жұмыссыздықты азайтуды;
  • әлеуметтік көмектің атаулылығын;
  • ауыз суды қоса алғанда, базалық білімге, медициналық көмекке, тұрғын үйге, көлік инфрақұрылымына және коммуналдық қызметтер көрсетуге қол жетімділігін;
  • бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік ету тиімділігін;
  • кедейлердің мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуын, ақпаратқа қол жетімділігін арттыруды қамтамасыз ету арқылы қарастырады.

Бағдарламаларда 1995 жылғы  наурызда Копенгаген қаласында қабылданған  «БҰҰ-ның кедейлікті жою жөніндегі 10 жылдығы» әлеуметтік даму жөніндегі Дүниежүзілік Саммит Декларациясының, сондай-ақ халықаралық Еңбек Ұйымының еңбек, жұмыспен қамту, гендерлік теңдік саласындағы конвенцияларының ережелері ескерілген.

Сонымен қатар, Бағдарламалар  қоршаған ортаның халықтың тұрмыс деңгейіне  әсерін, кедейліктің өңірлік ерекшеліктерін, сондай-ақ тоқтап тұрған қала салушы кәсіпорындары бар шағын қалалардағы және тоқырауға ұшыраған ауылдық аудандардағы кедейлікті ескереді.

 

 

1.2 Кедейшілікке негізгі макроэкономикалық талдау

 

 

Кез-келген мемлекеттің  әлеуметтік дамуы, іске асырылатын экономикалық даму үлгісіне тәуелсіз, белгілі бір  себептерге қарай (эконо-микалық, демографиялық, әлеуметтік, физикалық, психологиялык және т.б.) қоғамнан "тысқары" қалған халық арасындағы топтардың тұрмыс деңгейі бойынша сарапталады, оған қоғамда қабылданған тіршілік стандарттарын (тамақ ішуге, киінуге, бос уақыт өткізуге және т.б.) тіпті ең төменгі деңгейде ұстауға шамалары келмейтіндер де жатады. Оңдай адамдарды кедей деп атайды.

Кедейшілік ұғымына  және сараптауға қолданылатын дәстүрлі қалыптасқан абсолютті және салыстырмалы тәсілдер ең алдымен адамның табыстарын немесе оның тұтыну деңгейін қарайды. Адам егер организмнің физиологиялық мұқтаждарынан туындайтын деңгейде өз қажеттіліктері мен ең төменгі әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс жағдайларын "абсолютті кедейшілік" деп атайды, ал "салыстырмалы кедейшілік" кезінде қоғамда ең, көп тараған стандарттарға сай өмір сүруге материалдық мумкіндіктері жоқ адамдарды жатқызады (1.1.1. кесте). Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлерінің негізінде бағалануы мұмкін, осындай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме "субъективті кедейшілік" туралы қозғалады.

Информация о работе Кедейшілік маселесі