Инфляция мәні мен зардаптары

Автор работы: L**********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 21:11, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-4
I. ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1Инфляция көп факторлы құбылыс ..................................................................4-5
1.2Инфляция түрлеріне байланысты жіктеу ......................................................5-8
1.3Инфляцияның пайда болу себептері ............................................................9-11
II.ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ
2.1 Инфляция мәні мен салдары. ......................................................................12-14
2.2 Филипс қисығы.............................................................................................14-18
2.3 Антиинфляциялық саясат............................................................................18-22
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1Өтпелі экономикалы кезеңде Қазақстан Республикасының жағадайы....23-26
3.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат жүргізілуіндегі алғышарттары.....................................................................................................26-27
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................28-30
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................

Содержимое работы - 1 файл

Инфляция.doc

— 333.50 Кб (Скачать файл)

   Соңғы уақытта әлемдік нарықта орын алған үрдіс Қазақстан макроэкономикасының дамуына жағымды әсер еткенмен, бірнеше мәселені де туындатты. Соның бірі – кәсіпорындардың нақты секторлары мен коммерциялық банктердің сырттан қарыз алуы, оның ішінде банк жүйесінің шартты түрдегі өтімділігі. Сыртқы қаржыландырудың қомақтылығы ішкі несиелеу көлемін арттырды.

   Екінші  деңгейлі банктер жүргізген белсенді несие саясаты ақша көлемінің  өсімін және соған сәйкес айналымдағы  қолма-қол ақшаның, ең бастысы тұтынушы сұранысының өсуін туындатты.Жыл  сайын еңбекақы мөлшерінің көтерілуі есебінен тұрғындардың тұтыну қабілеті артты. /9, 23б./

   2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы 19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға  өсті. Еңбекақының өсуі елдегі  экономикалық белсенділіктің артуымен  айқындалады. Экономиканың бюджеттік секторындағы еңбекақы өсуінің артынша басқа салаларда да сонымен мөлшерлес өсім ере жүрді.

   Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп  болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық таза резервтерінің  өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының 26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).

   Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық  белсенділік пен тұтынушылық  сұранысы жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар келесі жағдайда қалыптасты (-кесте).

   5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы монетизациялау деңгейінің көтерілуінен орын алды.

   Елге  шетел валютасының ағылып келуі  қуат көздеріне әлемдік бағаның  жоғары болуымен байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуының есебінен тазаланды. 2006 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты. 

   5-кесте – ҚР-ның кезең аяғындағы ақша агрегаттары

   Млн. АҚШ теңге

        Жылдар
   1999    2000    2001    2002    2003    2004    2005    2006
   Қаржылық  база (резервтік ақшалар)    126749    134416    174959    208171    316962    577841    662971    1501500
   Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер, %    55,7    6,0    30,2    19,0    52,3    82,3    14,7    26,5
   МО (айналымдағы қолма-қол ақша)    103486    106428    131175    161701    238730    379273    411813    600800
   М1    162115    195442    224234    287293    411646    680632    799401    874502
   М2    237260    290643    337980    498071    692844    1175491    1515962    1754861
   М3 (ақша жиыны)    273880    397015    576023    764954    971213    1650115    2065340    3716000
   Өткен кезеңдермен салыстырғандағы өзгерістер, %    84,4    45,0    45,1    32,8    27,0    69,9    25,2    79,9
   Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.
 

   Республиканың банк секторы капиталдың халықаралық  нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты көбейтуі ішкі валюталық нарықта  елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне  қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны байқалды. Банктердің шетел инвестициялары түрінде валюталарды шетелге толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ операциялар бойынша тікелей инвестициялық қаржылардың елден шығуы сұраныс қатынастары мен нарықтағы валюта ұсыныстарын қайтадан қалпына келтірді. 

   6-кесте – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің қатынастары 

   Жылдар    ЖІӨ іс жүзіндегі бағада, млрд теңге    Жыл аяғындағы  МЗ, млрд тенге    ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, %
   1995    1014,2    115,7    11,4
   1996    1415,8    135,0    9,5
   1997    1672,1    173,0    10,3
   1998    1733,3    148,5    8,6
   1999    2016,5    273,9    13,6
   2000    2600,0    397,0    15,3
   2001    3250,6    376,0    17,7
   2002    3747,2    764,9    20,4
   2003    4449,8    969,9    21,8
   2004    5542,5    1650,1    29,8
   2005    6867,0    1881,3    27,4
   2006    9738,8    3716,0    38,2
   Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша автор құраған.
 

   Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының негізгі тауарларына бағаның өсуі отандық өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет шығынының өсуі экономикалық белсенділікті ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық фактор болды.

   Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай республиканың  тұтыну нарығында инфляциялық үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде, ол жыл  аяғында (2005 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы 8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық инфляция – 8,6%-ды құрады (4-сурет).

   2006 жылғы инфляцияға ықпал еткен  негізгі микро және макроэкономикалық факторларға экономиканың елеулі өсуі, Қазақстанға шетел капиталының үздіксіз ағыны, банк несиелерінің айтарлықтай көтерілуі, қуат және шикізат тауарларына әлемдік бағаның жоғары болуы жатты. /17, 54б./ 

   4-сурет.  Инфляция серпіні 

   

 

   ІІІ. Инфляцияның зардаптарымен күресу шараларын жетілдіру жолдары 

   3.1 Инфляцияға қарсы  саясатты жетілдіру  жолдары 

   Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы   болады:

   1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға бейімделу;

   Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

   Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

   2)  инфляцияны төмендету немесе  басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .

   Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.

   Сұраным инфляциясын жоюға ақша жөне фискалдық  саясатты пайдаланудың біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

   Инфляцияга  қарсы саясат инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

   Дефляциялык, саясатмемлекеттің шығындарын азайту, несие үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-несие және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.

   Кірістер  саясатыбағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін. /13, 506б./

   Инфляцияға  қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің  әр түрлі әдістерін кіріктіреді:

   1.  Орталық банктің нақты ақша  эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы  ақша массасының ауқымын азайту.

   2.  Барлық несие ресурстарын қымбаттату және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредитер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.

   3.  Кредит мультипликаторын қысу  және коммерциялық банктердің  кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

   4.  Сондай мақсаттарда Орталық банктің  кедитерін тікелей қысқарту. /10, 155б./

   Инфляцияға  қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту жөне осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.

   Салық саясаты инфляция жағдайында екі  өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс:

   бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек;

   екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында - өндіріс  пен айырбас сферасында экономикалык белсенділікті жандандыру қажет.

   Инфляцияға  қарсы салық саясаты жанама салық  салуды қысқартуда болып отыр . Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сүранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің екінші аспекті өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.

   Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.

   Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің шаруашьшық жүргізуші субьектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне - шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.

   Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз етілуі тиіс.

   Бюджет  шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

   а)  тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

   ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді төмендетумен;

   б)  қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

   в) мемлекеттік бюджет тапшьшылығының деңгейін шектеумен.

   Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.

   Мыналардың  нәтижесінде инфляцияның екінші типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:

   1)  жалақыны көбейту;

   2)  үйымдық сипаттағы себептер бойынша  шаруашылық механизмінің бұзылуына  байланысты еңбек өнімінің төмендеуі;

Информация о работе Инфляция мәні мен зардаптары