Инфляция мәні мен зардаптары

Автор работы: L**********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 21:11, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................................3-4
I. ИНФЛЯЦИЯ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1Инфляция көп факторлы құбылыс ..................................................................4-5
1.2Инфляция түрлеріне байланысты жіктеу ......................................................5-8
1.3Инфляцияның пайда болу себептері ............................................................9-11
II.ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САЛДАРЛАРЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ
2.1 Инфляция мәні мен салдары. ......................................................................12-14
2.2 Филипс қисығы.............................................................................................14-18
2.3 Антиинфляциялық саясат............................................................................18-22
III.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1Өтпелі экономикалы кезеңде Қазақстан Республикасының жағадайы....23-26
3.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат жүргізілуіндегі алғышарттары.....................................................................................................26-27
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................28-30
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР................................................

Содержимое работы - 1 файл

Инфляция.doc

— 333.50 Кб (Скачать файл)

   Ресейлік  реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының ортодоксалды типімен байланыстырады. Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа ие шаралар да қолданылған. Олардың кейбірі ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір жол транспорты, коммуналдық қызмет, т.б. бағаларын біртіндеп жіберу; 1994 жылға дейін еңбекақыны арттыруға салынатын салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая жұмыскерлерінің жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді енгізу); басқалары көбіне-көп әлеуметтік тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының құнсыздануы, жалақының жаппай төленбеуі) иелене отырып, жанама түрде іске асырылды.

   Инфляцияны  ауыздықтаудың қажеттігі бюджет-салық  және ақша-несие саясатын қатайтуды  талап етті. Осымен сәйкес 1995 жылдың ортасынан бастап валюталық дәліз  орнату жолымен рубльді долларға бір жақты байлап қою режимі енгізілді, бұл сол кезде елдегі инфляциялық күтілімді шектеуге мүмкіндік берді.

   Бұндай  бағам саясаты 1997 жылғы қарашадағы қаржы дағдарысына дейін жүргізілді, бұл кезде резидент еместердің мемлекеттік  бағалы қағаздар құнын елеулі түрде түсіруі, ал кейіннен банк жүйесіндегі еркін ақша құралдарының шапшаң көтерілген деңгейі шетелдік валютаға сұраныстың тұрақты да айтарлықтай ұлғаюына алып келді. Сол кезде Ресей Банкі ішкі валюталық нарыққа интервенция жасау көмегімен айырбас бағамы деңгейін қолдауға мәжбүр болды.

   1998 ж. тамыз айынан бастап Ресейде  бірінші орынға өте қиын міндет, яғни дефолттың дефолт-юреге айналуына  жол бермеу мәселесі шықты.  Бұл жағдайда Ресей Банкі үкіметпен  келісе отырып, қалқымалы айырбас  бағамы саясатын қабылдады.

   Ресейдегі 1998 ж. 17 тамыз оқиғасы қаржы дағдарысы  мен қаржы нарығының жекелеген  сегменттерінің тепе-теңдігінің бұзылуы  кезінде мемлекеттің тек жекелеген  нарықтық құралдар көмегі арқылы ақша-несие  саласында жүріп жатқан үдерістерді  басқару бойынша мүмкіндіктері жағдайды түбірімен өзгерту үшін жеткіліксіз болғандығын көрсетті.

   Сыртқы  қарыз түріндегі капитал ағынының деңгейін зерттеу кезінде елдің  резервтік активтерінің көрсеткіштерін бақылау қажет. ХВҚ-ның төлем балансы  бойынша нұсқауына сәйкес резервтік активтер – сыртқы міндеттемелерді тікелей жедел төлеуге, елдің валюталық бағамын реттеуге және т.б. мақсаттарға дайын елдің сыртқы активтері. Сыртқы активтерге резервтік активтердің қатынасы, оның ішінде активтердің қысқа мерзімді қарызға қатынасы капиталдың халықаралық нарықтағы өзгерістері кезінде елдің тәуекелдік деңгейінің пайдалы көрсеткіші болып табылады. Қысқа мерзімді қарыздың көлемі, әдетте, бір жыл ішінде төлеу қажет қарызды көрсетеді, сондықтан қарыз алудың сыртқы көздері болмаған жағдайда елдің төлем қабілетінің пайдалы көрсеткіші болып саналады. Қысқа мерзімді сыртқы қарыздардағы резервтік активтердің үлесі неғұрлым аз болса, дағдарыстың пайда болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. /14. 103б/ 

   2.3 Қазақстандағы инфляцияның  тигізген әлеуметтік-экономикалық  зардаптары 

   Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі  экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді. /6, 133б./

   Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа  салық үстіне салық болып, номеналды  және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының  күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т.б. басынан өткізеді.

   Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық  саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас  бағамы базасында ғана емес, сонымен  бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті. 

   2-кесте- 2007 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 4,4% құрады/9/.

   
        2007 жылдың қазанына    2007 жылдың 

   қантар -қазанына

   2006 жылдың  қаңтар-қазанына

   2007 ж қыркүйегіне    2006ж желтоқсанына    2006 ж

   қазанына

   Бралық  тауарлар мен қызметтер    4,4    13,4    15,3    9,2
   Азық  түлік тауарлары    6,5    18,6    21,2    9,5
   Азық  түлік емес тауарлар    2,5    7,3    8,4    7,3
   Ақылы қызметтер    4,2    11,9    13,3    11,0
 

   Төмендегі кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте жоғары. 2004 жылы резервтік активтер қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ 2005 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін резервтер енді жаба алмайтын болды.  

   3-кесте – Халықаралық инвестициялық ахуал бойынша өтімділік көрсеткіштері 

   Млн. АҚШ долл.

        Жылдар
   Көрсеткіштер    1999    2000    2001    2002    2003    2004    2005    2006
   Резервтік активтер    2003    2096    2508    3141    4962    9280    7070    19113
   Жалпы сыртқы қарыз    12081    12685    15157    18251    22920    32946    43539    73455
   Сыртқы  қарыздағы резервтер үлесі, %    17    17    17    17    22    28    16    26
   Қысқа мерзімді сыртқы қарыз    1805    1021    1366    2360    3771    3941    8020    7253
   Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша резервтер  үлесі, %    111    205    184    133    132    235    88    264
   ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, %    -1.41    2.00    -6.28    -4.16    -0.88    1.34    -0.97    -2,3
   Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, %    175    123    148    157    153    145    142    177
   Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.
 

   1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа  дейін осы көрсеткіш Қазақстанға  қарағанда елеулі жоғары болды  және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың  тауар мен қызмет экспортындағы  сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға  қарағанда екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.

   Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас) мәліметтері  бойынша нетто-позиция елдің төлем  қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші болып саналады. 3-кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.

         4-кесте – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы 

   Млн. АҚШ доллары

        Жылдар
   Көрсеткіштер    1998    1999    2000    2001    2002    2003    2004    2005
   Сыртқы  активтер    2391    2599    4613    6117    9322    14284    23071    30159
   Ішкі  міндеттемелер    3596    3669    15727    19192    23056    29042    38773    50436
   Нетто-позиция    -1205    -1070    -11114    -13075    -13735    -14758    -15702    -20277
   Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, %    -3866    11    -939    -18    -5    -7    -6    -29
   Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.
 

   Сөйтіп, Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық бағалы қағаздар шығарылымы түрінде келетін капитал ағымы Қазақстанның сыртқы қарызының көлемін одан әрі ұлғайтады. /14, 93б./

   Ұлттық  Банк үкіметке несиелер бермейді, өзінің мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынын мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру мардымсыз көлемдерде жүргізіледі. Валюталық резервтерді арттыру нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың артықшылығын залалсыздандыру мақсатымен Ұлттық Банк коммерциялық банктерден депозиттер тартады.

   Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін доллар бағамы инфляцияға әсер етеді. Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар, банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың «долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі белгісіз долларға да болады.

   Долларға  қарағандағы теңге бағамының  төмендеуі бағаның инфляциялық  өсуінің белсенді факторы болды, өйткені импорттық тауарлар Қазақстан  тұтыну нарығының жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның тетіктері  доллар мен басқа да шетел валюталарына жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын көрінді.

   Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны төмендету, екіншісі – экономиканың нақты секторы жағдайының нашарламауы үшін теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде инфляцияны төмендету өте қиын емес. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%, 1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады. /5, 107б./

   Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында  көрініс табатын теңге бағамын  білдіреді, ол өз кезегінде импорттың  өсуіне, экспорттаушылар жағдайының нашарлауына және өндірістің құлдырауына  әкеліп соқтырады.

Информация о работе Инфляция мәні мен зардаптары