Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 17:29, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

Содержимое работы - 1 файл

багалы кагаздар нарыгы шыгар2.doc

— 159.00 Кб (Скачать файл)

   Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығын реттеумен  және қадағалаумен айналысатын уәкілетті орган - ол 2004 жылы құрылған Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау Агенттігі.

     Агенттіктің негізгі атқаратын қызметтері мыналар:

     •    бағалы қағаздар нарығын дамытудың  мемлекеттік саясатын және заңнамалық базасын дайындау және орындау;

     •   белгіленген    мақсатқа    (негізінен    макроэкономикалық) жету үшін қаржы ресурстарын (мемлекеттік  және жеке) шоғырландыру;

     •    нарыққа қатысушылар үшін «ойын  тэртібін» белгілеу;

     •    нарықтың    кәсіби    мамандары    мен    нарық    клиенттері үшін қаржылық тұрақтылық пен нарықтың қауіпсіздігін бақылау;

     •  нарықтың жағдайы туралы ақпарат  жүйесін  құру және оның инвесторлар  үшін ашықтығын қамтамасыз ету;

     •  инвесторларды   шығыннан   корғау   жүйесін   құру   және т.с.с.қызметтер.

   Бағалы  кағаздар нарығын мемлекеттікреттеу  тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі  реттеу іс-шараларының да маңызы зор. Өзін-өзі реттеуде қоғамдық реттеу әдістері қолданылады. Ондай әдістерге  бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби кызметтердің стандартын дайындау және оларды практикада жаппай қолдану, теріс ниетті жарнамаға рұхсат бермеу, инвесторлар мен эмитенттердің жақсы қылықтарын дэріптейтін қоғамдық пікір қалыптастыру әрекеттері жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. БАҒАЛЫ  ҚАҒАЗДАР  НАРЫҒЫ

2.1.Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қызметі және маңызы

      Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы  нұсқаулары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан  бастап пайда бола бастады. Елде дамыған  бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

      - сұраныс пен ұсыныс;

      - делдалдар мен басқа қатысушылар;

      - нарықтық инфрақұрылым яғни екінші  деңгейдегі банктер, қор биржасы,  инвестициялық институттар және  т.с.с;

      - нарықты реттейтін және өзін-өзі  реттейтін жүйелер.

Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты. Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағандай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері.

    Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 20 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады.

    Бағалы қағаздар нарығы ұлттық экономиканы дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал екені белгілі. Сонымен қатар, бұл өте өткір құрал, оны дұрыс падалана білу қажет. Оңтүстік - Шығыс Азия, Латын Америкасы елдерінде керек десеңіз, көрші Ресейде қалыптасқан қаржы дағдарыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, құнды қағаздар арқылы капитал қаншама тез және ауқымды көлемде шоғырланған болса, сонша аз уақытта және болжауға келмейтін тосын жағдайларға байланысты тарап кетеді екен..

Қазақстанның  болашағы, экономикалық - әлеуметтік дамуы  өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты екені белгілі. Қазақстан кәсіпорындары шығарған акциялар болсын, Қазақстан банкілерінің қаржылық қағаздары болсын, Үкіметтің міндеттемелері болсын, барлық бағалы қағаздар құнын, түптеп келгенде, Қазақстанның табиғи ресурстары анықтайды деуге болады.

   Қазақстанда тұрғындардың сақталған қорларын банк және құнды қағаздар арқылы жұмылдырып өндіріске тарту, оның құрылымын жетілдіру үшін инвестициялау бүгінгі күні ең ұтымды саясат бағыты ретінде танылып отыр. Шетелдік капитал өздеріне қажетті Қазақстанның шикізат-энергетика өн-дірісіне жұмылуда. Қазақстанның ішкі қажеттіліктерін өтейтін жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, дайын өнім өндіру салаларына  шетелдік  инвестициялар  бармай  отыр.   Сондықтан өзімізге қажетті өнімді өндіру саласына негізінен ішкі қаржы ресурстарын жұмылдырып  қарастыруга болатыны  түсінікті болған сияқты. Егер ішкі өндіріс көтерілсе, онда ішкі ұлттық нарық қалыптасады, кәсіпорындар мен тұрғындардың табысы өседі, ал  бұл болса Қазақстанда ішкі ұлттық капиталдың қорланып өсуіне жол ашады, осының негізінде құнды қағаздар нарығы да тиімді қызмет атқаратын болады.

    Қорытып айтқанда, бағалы  қағаздар нарығының қалыптасуы және оның тиімді жұмыс істеуі Қазақстандағы ұлттық капитал мен табыстардың өсіп шоғырлануына тікелей байланысты деуге болады. Ұлттық капиталдың шоғырланып өсуі ұлттық табыстың жұмсалуына байланысты келеді. Қазақстан жағдайында тұрғындар өздерінің табыстарын негізінен шетелдік тауарларға жұмсайды, яғни олар шетел фирмаларын жанама түрде инвестициялап қаржыландырып тұрады. Ұлттық кәсіпкерлік пен өндіріс шоғырланып өсуі үшін тұрғындардың табысы ұлттық өнеркәсіп орындары өндірген өнімге жұмсалуы қажет. Сондықтан да Қазақстан Үкіметі ішкі тауар өндіруші кәсіпкерлерді қорғау және қолдау саясатын ұстанып отыр.

    Ұлттық  экономиканың өсіп-өркендеуі ішкі өнімнен түсетін таза табыстың Қазақстан банкілерінде сақталып, Ұлттық қаржы-капитал резервтерінің шоғырлануына байланысты келеді. Қазақстанда шикізат өнімдерін экспортқа өндіретін ең ірі өнеркәсіп органдары шетелдік компаниялардың басқаруында екені белгілі. Мамандардың айтуына қарағанда, осы шетелдерге басқаруға берілген компаниялардан бюджетке салық түрінде табыс өте аз көлемде түсетін болған. Мұның негізгі себебін   білетін   мамандар   былай  түсіндіреді:   Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың шет негізінен офф-шорлық  аймақтарда тіркелген филиалдары бар. Қазақстандағы компаниялар шикізат өнімдерін екі есе төмен бағамен өздерінің шетелдік филиалдарына өткізеді екен, ал соңғылары

 Қазақстан  экономикасына көптеген есепке  алынбаған және көзге көрінбейтін зиян келтіреді екен.

      Біріншіден, бюджетке қажетті табыс түспейді, екіншіден ішкі өнімнен түскен таза табыс шетелге кетіп, Қазакстан банкілерінің ресурстарын шектейді,  олар  өздеріне  қажетті қаржыны шетелден тартуға мәжбүр болады.

    Соңғы кездері Қазақстан Үкіметінің құрамында Кіріс министрлігі құрылғаны және Салық комитетінің  міндеттері мен кұкығы кеңейтілгені белгілі. Соңғы мәліметтерге  қарағанда, Кіріс министрлігі Қазақстандағы ең ірі деген 100 кәсіпорынды өзінің тұрақты бақылауына алған көрінеді.   
 
 
 
 

2.2.  Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар

       Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Бағалы қағаздар келісім шарты екі түрде өтеді: 

    1. Тікелей;
    2. Арадағы кісі арқылы.

  Баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

      І. Брокерлер — делдал ретінде келісімге  қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жакты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жүмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті.

      2. Джобберлер — нарық коньюктурасын  бақылаушылар.

      3. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.

      Осы мамандармен катар бағалы қағаздар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже, заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.

      Бағалы  қағаздар нарығындағы брокерлер  құқықтың тұлға ретінде тіркелген  мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не және фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады.  Шамамен мұндай фирмада 15-25 адам қызмет жасайды. Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:

      1. Консалтинг (кеңес беру).

      2. Бағалы қағаздарды бірінші және  екінші нарыққа орналастыру.

      3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.

      Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыкқа алады:

      1. Клиент брокерлік фирмамен шарт  жасағанда барлық тапсырма бойынша  келісімге келеді, оның ішінде  бағалы қағаздарды қайдан сатып  алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба).

      2. Брокер клиенттің белгіленген  сомасы шамасында әрекет жасайды.  Бірақ алған тапсырма көлемінде  бағалы қағаздарды таңдауда өз  құқын пайдаланады.

      3. Брокер  тапсырманы   орындағаны  туралы   шартта  көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны клиенттің есепшотына аударады.

      4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа  тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде  көшірме талап етуге құқы бар.

      5. Клиент брокерге мәміледегі барлық  тапсырманы токтатуға үнім бере алады.

      Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта  көрсетіліп, заңды күшіне енеді. Брокерлік  фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді талап етеді. Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:

      1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель.

      2. Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100% құрайтын  сома брокердің шотына түсілуі  керек.

      3. Брокердің атына ағымдарды шот  ашылуы мүмкін

      4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдер.

      Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлан тұруы қажет.

      Ал  дилерлер — олар да делдалдар. Олардын  брокерлерден айырмашылығы шарт жасағанда  өз капиталын жұмсауы. Бағалы қағаздар операциясына мамандалған дилерлерді жауапкершілігі шектелуі дилер деп  атайды. Дилердің атқаратын қызметі:

      - Бағалы қағаздарды шығару, олардың  курсы және сапасы туралы хабар  тарату;

      - Клиенттердің тапсырмасын орындау;

      - Бағалы қағаздар нарығындағы  өзгерістерді бақылап отыру. Егер  бағалы қағаздарды сату-сатып  алу баяуласа, онда онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебімен операция жүргізеді.

      - Сатып алушылар мен сатушыларды  бір-біріне кездестіріп, бағалы  қағаздар нарығының жұмысына  себепші болады. Олар нарықтың  катализаторы ретінде жүмыс істейді.

      Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокерлердің қызметінен өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. дилер-фирмалардың алғашқы да өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдың сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырылады.

      Джобберлер - бағалы қағаздар нарығы конъюнктура  мәселелері жөнімен кеңес берушілер. Ең алғашында олар London-city нарығында  пайда болады. Олардың іс әрекеті  бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде және үнемі өзгеріп  отырғанда қажет. Джобберлер тек кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде комплексті мәселелерді шешуге көмектеседі .Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлерінде ғана маманданатын болғасын оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғарғы жалақы алатындар қатарына жатады.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы