Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 17:29, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

Содержимое работы - 1 файл

багалы кагаздар нарыгы шыгар2.doc

— 159.00 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      бағалы  қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік  береді.

      Бағалы  қағаздар нарығы басқа нарықтардан  өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды  құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі.

      Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу  анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу, сатуға және есеп айыруға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы — экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі. 
 
 
 
 
 

І.  БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ШЫҒАРУ МЕХАНИЗМІ

1.1.Бағалы қағаздар  туралы түсінік  және  оларды шығару

 

      Бағалы  қағаздар — ең алдымен мүлікті  иемденуде құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз  алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы  жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын береті құжатты сертификат деп атайды.

      Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары, және сол сияқтылар жатады. Жинақ облигациялары негізінен және тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазірге кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

      Нарықтан  тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шет ел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға  салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші — заңды немесе жеке тұлғалар — оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.

      Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға басқа мемлекеттердің орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарық тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды. Олар келесі кестеде көрсетілген:

      Бағалы  қағаздар шығарушылар.

      Эмитент

      Мемлекет

      Мемлекетқолдауындағы  мекемелер, ұйымдар

      Республикалық басқару органдары

      Жергілікті  басқару органдары

      Акционерлік қоғам

      Жеке  кәсіпорын

      Мемлекеттік рез.еместер

      Бағалы  қағаздарды шығарып, оларды бірінші  иемденушілерге сату мына түрде жүзеге асырылады;

      1- Қоғам құрып, олардың акцияларын  құрылтайшылар арасында орналастырылғанда;

      2- Қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;

      3- заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің,  мемлекеттік органдардың облигация  және басқа қаржы міндеттемелерін  шығару арқылы қарыз капиталын  пайдаланғанда.

      Сонымен қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды. Эмитент және сонымен қатар эмитетінің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын-ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті. Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент құралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру-құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздардың нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады: Ол мәліметтер арасында:

      - кәсіпорын құрылған кездегі оның  жарғылық капиталының мөлшері;

      - шығарылатын бағалы қағаздардың  түрі, оның номиналы, жазылу бағасы:

      - акция сатуды бастау және сақтау күндері;

      - бір инвестор сатып алуға рұқсат  етілген акция саны; бағалы қағаздарды  сату түрі; кейбір инвесторларға  сатып алуды шектеу; эмитенттің  адресі мен телефоны бар;

      Эмиссия проспектісінің басқа тарауларын да бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитеттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішінде қызмет орны, оның ішінде басқару орнынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады. Эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сатып келгенде бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

      Бағалы  қағаздарды шығаруды мемлекет органдары  қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы бағалы қаржылар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттіктіркеу номерін алуы қажет.

      Бағалы  қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар  ақша қатынастары және меншік қатынастары  жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік  меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаға құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшік чектерін (купондар) өмірге келтіреді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді. Жекешелендіру чектеріне кез келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорынның акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондар да жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады, Инвестициялық қорлардың акциясын сатып алушы сол қорлардың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді.  Инвестициялық қорлар - жеке  мекеме. Мемлекеттік инвестициялардың қорлаға салған чектерге кепілдік бермейді.

      Осы айтылғандардан басқа жекеменшіктендіру  чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде  беруге де болады. Біздің елімізде жекеменшіктендіру 1994-1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық  ол қорларға чектерін тапсырғаны мен олардың орнына акция алғандары аз.

      Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың  жаңа түрі — жекеменшіктендіру чегін  нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорындардың  жаңа ұйымдастыру құқықтың формасы  — акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепті болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру — бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      1.2. Бағалы қағаз түрлері, атқаратын қызметтері 

     Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қолданыла бастады. Бағалы қағаздар шығара отырып олардан шығатын ақшаларды пайдалануға болады. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады. Бағалы қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады. Барлық рыноктар сияқты бағалы қағаздар сұраныс пен ұсынысқа таңдау бағасына тәуелді, яғни бағалы қағаздар рыногы сату, сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды.

      Бағалы қағаздардың бұл түрі  Қазақстан Республикасының Ұлттық  банк мемлекетімен эмитенттелінетін  бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы  қағаздардың бұл түрін шығара  отырып, Республикалық бюджеттің  тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдістің салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді. Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізді.

   Бағалы  қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады. Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады. Нарықтың мақсаты – капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістік емес салаларға ақша-қаражаттарды бөлу. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі – бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және халықтың, компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады.

      Бағалы  қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу әр түрлі мағынада қарастырылады.

      Тар мағынада, бағалы қағаздар нарығын  мемлекеттік реттеу – бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін  жою және қалыпты инвестициялық  климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.

      Кең мағынада, бағалы қағадар нарығын  мемлекеттік реттеу – бұл нарықтың ары қарай дамуына, экономикаға  инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәсіпкерлік  құрылымдардың, халықтың  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы1.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы