Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2011 в 12:13, реферат
Қазақстан республикасында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы нарықтық қатынастарға өтумен айқындалды. Әлеуметтік бағытталған нарықтың экономикалық қалыптасуы аса күрделі болып отыр. Бұрынғы одақтық республикамен шаруашылық-экономикалық байланыстарының үзілуі өндірістегі онсыз да күрделі жағдайды одан әрі тереңдете түсті. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтыған экономикалық дағдарыс пен Республикадағы қалыптасқан жағдай материалдық өндірістегі барлық салаларда өнеркәсіптің одан әрі құлдырауымен және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен, сондай-ақ шаруашылық қызметінің жалпы тұрақсыздығымен сипатталады
Қазақстанда iрi
өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергет.,
металлургия, химия, машина жасау, құрылыс
өнеркәсiбi жұмыс iстейдi. Республика кәсiпорындары
шойын, кокс, болат, қорғасын, мыс, мырыш,
титан, магний, қарашiрiк, синтет. каучук,
шайыр, пластмасса, хим. талшықтар, автомоб.
шиналарын, минералдық тыңайтқыштар, цемент,
металл жонғыш станоктар, ұсталық-сығымдағыш
жабдықтар, қақтау стандарын, күш трансформаторларын,
рентген аппараттарын, а.ш. машиналарын,
тракторлар, экскаваторлар, т.б. өндiредi.
Әлемдiк экономика ауқымында Қазақстан
— тауар рыногiне мұнай, газ, қара, түстi,
сирек кездесетiн металдар, уран өнiмiн
шығарушы ел. Кен қазу өнеркәсiбi Қазақстан
экономикасының жетекшi секторы болып
табылады. 2001 ж. өнеркәсiп өндiрiсiнiң 44,3%-ы
осы өнеркәсiптiң үлесiне тидi. Қазақстанда
көмiр-сутектi шикiзаттың бiрегей қоры бар.
Барланған қор бойынша елiмiз әлемде 13-орында.
250-ден астам мұнай-газ кенiштерi ашылды,
олардың көбi республиканың батыс бөлiгiнде,
негiзiнен Атырау обл-нда. Олардың iшiнде
1 млрд. т-дан астам мұнай қоры бар Теңiз
кенiшi; газ қоры 1,3 трлн. м3 және конденсат
қоры 700 млн. т-ға жуық Қарашығанақ мұнай-газ
конденсаты кенiшi; сондай-ақ, Кенбай, Жаңажол,
Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Құмкөл
кенiштерi бар. 2000 ж. Қазақстанда Солт. Каспий
қайраңында iрi мұнай кенiшi (Қашаған) ашылды.
Бағалаудың алғашқы кезеңiнде кенiштiң
жалпы геол. қоры 38,4 млрд. баррель, ал өндiрiп
алынатын қоры — 13 млрд. баррельге жуық.
Атырау обл-ндағы аса iрi кенiштер: жалпы
қоры 800 млн. т-дан астам, Теңiз кенiшi (оның
бастапқы өндiрiп алынатын қоры 700 млн.
т), Королев кенiшi (бастапқы өндiрiп алынатын
қоры 30,5 млн. т), Кенбай кенiшi ( 30,8 млн. т).
Маңғыстау обл-ндағы аса iрi мұнай кенiштерi:
Өзен, Жетiбай, Қаламқас, Қаражанбас. Бат.
Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы
Қарашығанақ пен Жаңажолдың мұнай мен
газ өндiрiсiндегi келешегi зор. Республикада
мұнай-газ саласын 2002 ж. “Қазақойл” ұлттық
мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ
тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi
жолымен құрылған “ҚазМұнайГаз” ұлттық
компаниясы басқарады. Қазақстанда мұнай
мен газ өндiру iсi шет ел инвесторларының
қатысуымен жүзеге асырылуда (“Теңiзшевройл”
бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi”
АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”,
“Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары,
т.б.).
Мұнай-газ секторының
өнiмi Еуразия құрлығының ондаған елдерiне
экспортқа шығарылады (аса iрi импортшылар:
Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Украина,
Швейцария, Италия). Экспорт құрылымында
мұнай мен газ конденсатының үлесi 2001 ж.
49,3% болды. Қазақстанда өнеркәсiп өнiмiнiң
жалпы көлемiнде түстi металлургияның
үлесi 11%. Өндiрiс деңгейi бойынша Қазақстан
әлемде тазартылған мысты iрi көлемде өндiрушiлер
мен экспортқа шығарушылар қатарына жатады.
Республиканың әлем бойынша мыс өндiрудегi
үлесi 2,3%. Қазақстан мысының негiзгi импортшылары:
Италия (50%) мен Германия (35%). Экспорт құрылымында
мыс пен мыс қорытпалары 7%. Тазартылған
мыстың 90%-ын “Қазақмыс” корпорациясы
өндiредi, ол Қазақстанның түрлi аймақтарында
бiрнеше зауыттарды, кенiштердi және энергия
нысандарын бiрiктiрiп отыр. Қазақстан темiр
кентасының қоры жөнiнен әлемде 8-орында.
Оның әлемдiк қордағы үлесi 6%. Елде өндiрiлетiн
темiр кентасының 70%-дан астамы экспортқа
шығарылады. Қазақстанның қара металлургиясы
өнеркәсiп өнiмi көлемiнiң 7%-ға жуығын өндiредi.
Мұндағы аса iрi кәсiпорын – Қарағандыдағы
“ИспатКармет” металлургия комбинаты,
ол шойын мен дайын қара металдар қақтамасының
100%-ын және болаттың 90%-дан астамын өндiредi.
Бұл комб. өнiмi ТМД елдерi мен алыс шет
елдерге экспортқа шығарылады. Сондай-ақ,
“Жәйрем кен-байыту комбинаты” АҚ тотыққан
марганец және темiр-марганец кентастарынан
жоғары сапалы марганец концентраттарын
өндiредi. Қазақстанда хромды кентастардың
мол қоры бар, ферроқорытпа з-ттары жұмыс
iстейдi. 1994 жылдан кен-металлургия кешенi
кәсiпорындарының көбi шетелдiк және отандық
компаниялардың басқаруына берiлдi. 1996
— 97 ж. кен байыту және металлургия кәсiпорындарын
бiрыңғай технол. тiзбекпен байланыстырған
iрi бiрлестiктер құрылды, олар: “Қазмырыш”,
“Қазақмыс” корпорациясы, “Қазақстан
алюминийi”, “Испат-Қармет” ААҚ-дары,
“Қазхром” Ұлттық акцион. компаниясы.
Лондондағы Уран ин-тының есебiне қарағанда,
әлемде барланған уран қорының 25%-ы Қазақстанда.
Полиметалл кенiштерi негiзiнде Өскемен
қорғасын-мырыш, Лениногор полиметалл,
Зырян қорғасын, Шығ. Қазақстан мыс-химия,
Ертiс полиметалл, Жезкент кен-байыту комб-тары
жұмыс iстейдi. Кәсiпорындардың басқа бiр
тобы — Өскемен титан-магний, Белогор
кен-байыту комб-тары, Үлбi металлургия,
Ертiс химия-металлургия з-ттары сирек
металдармен олардың қосылыстарын, т.б.
шығаруға мамандандырылуда. Республикада
3 мұнай айыру з-ты, сары фосфор алынатын
фосфориттi кентастарды өңдейтiн iрi кешен
“Қазфосфат” ЖШС жұмыс iстейдi. Ол “Қаратау”
кен-химия комб., Жаңа Жамбыл фосфор з-ты,
Минералдық тыңайтқыштар з-ты сияқты аса
iрi кәсiпорындарды бiрiктiрiп отыр.
Республиканың
машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп
өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық.
Оңт. аймақта Станок жасау з-ты, Алматыда
Ауыр машина жасау з-ты жұмыс iстейдi,
олар түрлi станоктар шығарады. Солт.
аймақта “Шағын литражды двигательдер
зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi,
“ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атынд.
зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау
зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау
кәсiпорындары жұмыс iстейдi. Олар а. ш.
машиналары үшiн босалқы бөлшектер, жабдықтар,
двигательдер, көшпелi электр ст-ларын,
тамақ өнеркәсiбi үшiн жабдықтар, газ бен
электр энергиясының шығынын есептейтiн
есептеуiштер шығарады. Қазақстанда құрылыс
индустриясының дамуына ел ордасының
Астана қ-на көшiрiлуi жаңа серпiн бердi.
Құрылыс материалдары өнеркәсiбi өнiмiнiң
көлемi республика өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы
көлемiнде 4%-ға жуық.
Қазақстан Еуроазия
құрлығының ортасында орналасқандықтан
транзиттiк тасымал саласында
айтарлықтай орын алды. Республиканың
жер бетiндегi көлiк магистралiнiң
ұз. 106 мың км. Оның iшiнде 13,5 мың км —
т. ж., 87,4 мың км — автомоб. жолы, 4 мың км
— өзен жолдары. Қазақстан мен Қытай арасында
Достық — Алашанькоу шекаралық т. ж. өткелi,
Түрiкменстан мен Иран арасында Серакс
– Мешхед т.ж. өткелi салынған соң Ұлы жiбек
жолы бойында жаңа транзиттiк дәлiздер
ашылды: Қытайдың Тынық мұқиттағы Ляньюнган,
Циньдао, Тяньцзин порттарынан Қазақстан,
Қырғызия, Өзбекстан, Түрiкменстан, Иран,
Түркия, Жерорта т. мен Парсы шығанағының
порттарына қатынау мүмкiндiгi туды. Бұл
жолмен жүк тасымалдануда. Автомоб. жолдарының
торабы Ресей Федерациясына, бұрынғы одақтық
республикаларға, сондай-ақ, Қытайға, Түркияға,
Иранға, Қара т. бен Жерорта т-нiң, Үндi мұхитының
порттарына шығуға мүмкiндiк бередi. Теңiз
кеме қатынасы Каспий т-нде Ақтау порты
арқылы өтедi, ол Ресей Федерациясының
өзен жолдарымен Қара т. бен Балтық т-не
шығады. “Эйр Қазақстан” ұлттық әуе компаниясы,
басқа да жетекшi компаниялары жолаушылар
тасымалын жүзеге асыруда.
Информация о работе Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері