Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2011 в 12:13, реферат

Краткое описание

Қазақстан республикасында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы нарықтық қатынастарға өтумен айқындалды. Әлеуметтік бағытталған нарықтың экономикалық қалыптасуы аса күрделі болып отыр. Бұрынғы одақтық республикамен шаруашылық-экономикалық байланыстарының үзілуі өндірістегі онсыз да күрделі жағдайды одан әрі тереңдете түсті. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтыған экономикалық дағдарыс пен Республикадағы қалыптасқан жағдай материалдық өндірістегі барлық салаларда өнеркәсіптің одан әрі құлдырауымен және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуімен, сондай-ақ шаруашылық қызметінің жалпы тұрақсыздығымен сипатталады

Содержимое работы - 1 файл

1.doc

— 144.50 Кб (Скачать файл)

Ескі жүйені қирату алғашқы жылдары мемлекеттік  бюджеттің өте үлкен сәйкессіздіктеріне соқтырды, өйткені әлеуметтік кепілдіктер  мөлшері нақты экономикалық мүмкіндіктерден  асып тұрды. Мысалға, 1991 жылдың бюджет тапшылығы 20 пайыздан артық болды. 

Теориялық тұрғыда  бюджет тапшылығын төмендетуге кәсіпорындардан  алынатын салықтарды кілт ұлғайту және әлеуметтік бағдарламаларды сондайлық  кілт қысқарту есебінен жетуге болады. Алайда салық ауыртпалығын үнемі  ұлғайту орынды емес, өйткені бүл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне және экономиканың көлеңкеге кетуіне соқтыратын еді. Сондай-ақ кәсіпорындарда да үлкен салықтарды төлеуге жеткілікті каражат болмады.

Қазақстан ТМД  елдерінің ішінде бірінші болып  салық реформасын жүргізді. 1995 жылы Президенттің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Соған сәйкес салықтардың саны 3 еседен астамға қысқарды. Салық органының қызметі принципті түрдегі басқа сипатқа ие болды. Салықтар мембюджетті толықтырудың әдісі ретінде ғана емес, сонымен бірге инвестициялық-өндірістік қызметті ынталандырудың кұралы ретінде де қарастырыла бастады.

Енді экономикалық тұрақтану кезеңі басталғаннан кейін  салық жүйесінде біз екпінді  өндіріс саласынан айналым саласына көшірдік. 2002 жылы ҚҚС ставкасын 16 пайызға дейін, әлеуметтік салықты 26-дан 21 пайызға дейін төмендеттік. 2004 жылғы 1 каңтардан бастап ҚҚС ставкасы 15 пайызға дейін төмендеді, ал әлеуметтік салықты есептеу кезінде 20-дан 7 пайызға дейінгі регрестік ставка әрекет етеді. 

Қазақстанда принципті  тұрғыдағы жаңа және осы заманғы  екі деңгейлі банк жүйесі құрылды, оны  халықаралық барша қаржы ұйымдары ТМД-дағы үздік жүйе деп атайды. Ұлттық банк тәуелсіз болды. Бұл мемлекеттік  ақша-кредит саясатының тиімділігін кілт арттырды. Екінші деңгейдегі банктер даму серпініне ие болды. Өз кезегінде банк саласындағы реформалар бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру жөніндегі белсенді күш-жігермен нығайтылды. 

Бюджет жүйесін  реформалау 1996 жылы "Бюджет жүйесі туралы" Заңның қабылдануымен басталды. Ел Үкіметі бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық банк кредиттерін алу практикасынан бас тартып. қаржыландырудың инфляциялық емес көздерін пайдалануға көшті. Осы шаралардың бәрі мемлекеттік шығындарды қатаң шектеумен бірлесе келіп, макроэкономикалық тұрақтанудың негізіне айналды. 

Мемлекет иелігінен  алуға, жекешелендіруге, сондай-ақ инвестициялык, саясатқа байланысты мәселелерге жеке тоқталғым келеді. Ақша массасының қысқаруы мен инфляцияны төмендетудің кері жағы да болды. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептесудің негізі бартер болды. Осы жылдарда атқарылғанның бәріне қатер төнді. 

Қарапайым қисын  мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшудің мүмкін еместігін еске салып тұрды. Бұл  қадам нарық субъектілерін қүру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. 

Сондықтан да біз  ауқымды жекешелендіруге кірістік. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін  даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. 

Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік  меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттык бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. 

Сол кезде шағын  және орта бизнесті дамытуға белгі  берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда  жүйесін өзгерту басталды. 

Көтерме-бөлшек сауда, сауда-саттық және автокөлік  бірлестіктері шағын жекешелендіруді  жүргізудің алдында дербес заңды  тұлғалар құру мақсатымен сегменттелді. Осының арқасында дүкендерді, мейрамханаларды, дәріхана желісін, автомайқұю стансаларын коса алғанда қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. 

Біз нарықтық экономиканың негізгі субъектісі маркетинг пен  менеджменттің прогресшіл де тиімді әдістерін пайдаланатын меншік иесі болып табылатынын білдік. Купондық жекешелендірудің ащы сабағы мынада еді, меншікті жайдан-жай бөліп, үлестіріп беруге болмайды. Жаңа меншік иесі капитал мен технологияларды тартуға кабілетті болуы тиіс. 

Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен  басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге асырылды. 

Шетелдік компаниялар  өзімен бірге сондайлык қажетті  инвестициялар, басқарудың озық тәжірибесін  әкеледі деп білуіміз орынды екен. Нәтижесінде біздің кәсіпорындар өз дамуының жаңа серпініне ие болды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Адамдар тұрақты жалақы ала бастады. 

1999 жылдан кейін  бірінші кезекке мемлекеттік  мүлікті басқаруды жетілдіру  мәселелері шыкты. Сондықтан қазіргі  төртінші кезеңде біз мемлекеттік  меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді белуге жаңа көзқарас қолдана бастадық. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалык қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада — "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы". Қазір біз бұл салаларды да реформалауға жеттік. Темір жол саласын қайта құрылымдау бағдарламасы басталды. Электр энергетикасы жөне телекоммуникация салаларын монополиясыздандыру міндеті қойылды. Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған жекешелендіру процесі нақты бәсекелестік үшін базалық жағдайларды құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 пайызға жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.

Экономикалық  реформалар ІЖӨ құрылымында жақсы  байкалады. Мәселен, 1991-ден 2003 жылға дейінгі кезеңде тауар өндірісінің үлесі 43 пайызды құрап, 23 пунктке қысқарды, тиісінше қызмет көрсету өндірісінің үлесі 37,2-ден 52,3 пайызға дейін өсті. ІЖӨ құрылымының мүндай өзгерісі осы заманғы жалпы әлемдік үрдістерге сай келеді. Қазақстанда ІЖӨ құрылымындағы қызмет көрсетудің үлесі Достастық мемлекеттерінің арасындағы ең бір жоғарысы (ТМД бойынша орташа 44 пайыз). Әлемнің дамыған елдерінде қызмет көрсетудің үлесі шамамен 60-73 пайызды құрайды, атап айтқанда Жапонияда — 66 пайыз, Ұлыбритания мен Германияда — 71 пайыз.

Экономикалық  жүйенің қалыптасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа  ие болды. Шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа  айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық  ахуал туғызуды талап етті. Қазақстанда ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуды жандандыру үшін институттық және нормативтік-құқықтық алғышарттар жасалды. Мәселен, мамандандырылған өкілетті орган жөне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі пайда болды. Инвестициялар туралы заңдар қабылданды, инвестицияларды ынталандыру жөне өзара қорғау туралы, қосарланған салық салуды болдырмау туралы бірқатар үкіметаралық келісімдер жасасылды. 

1997 жылы-ақ инвестициялар  тартатын басым секторлар тізімі  бекітілген болатын. Бұл өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм, ауыл шаруашылығы.

Қорытындысында  қазіргі сәтте жан басына шаққандағы     игерілген     тікелей     шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша  Қазақстан ТМД елдерінің арасында көшбасшы екендігі сөзсіз. Қазақстанға бірінші болып инвестициялык деңгейдегі кредит рейтингі берілген. 

Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы  ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды. Қаржы қаражатының жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазакстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмады. Алғашқы кезде шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі Батыстың іскер әлемінде экономикалық әріптес ретіндегі Қазақстанның болашақтылығы мен сенімділігі туралы түсінігінің болмауынан күрделі күйде тұрды. 1993 жылы "Шеврон" корпорациясының келуі және онымен бірегей Теңіз кен орны бойынша келісім жасалуы баскд трансұлттық корпорациялар үшін өзіндік белгі болды. 

Инвесторлардың  мұнай-газ саласына белсене келуі  осыдан басталды. Бүгінде Қазақстанда  өлемнің аса ірі мүнай компанияларының  бәрі жұмыс істейді. Олардың арасында "Эксон Мобил", "Шелл", "Эни", "ШевронТексако", "Тоталь", "Бритиш петролеум", "Лукойл", Қытай ұлттық мұнай корпорациясы бар. Олардың қазақстандық рынокта болуы елдің жоғары инвестициялық тартымдылығы секілді инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалардың тұрақтылығын да куаттайды. 

Соңғы 30 жылда  коры 10 миллиард баррель деп бағаланған аса ірі Қашаған кен орнының ашылуымен Қазақстан мұнайдың барланған қорлары бойынша әлемде жетекші орындардың біріне шықты. Елдің мұнай қорларын игерудегі біздің стратегиямыз бір ғана көмірсутегін өндірумен тәмамдалмайды. Оларды әлемдік рыноктарға тасымалдау үшін инфрақұрылым жасаудың маңызы бүдан кем емес болатын. Кеңестік кезеңде ішкі рынокқа бағдарланған Қазақстанның мұндай тұрба құбырлары жоқ еді. Тәуелсіздік жылдарындағы тұңғыш және ойдағыдай іске асырылған жоба Каспий тұрба кұбыры консорциумы болды. КТК-ның іске қосылуымен біз тасымал маршруттарын белсенді ету жөнінде дәйекті саясатты жүзеге асыра бастадық. Өткен жыл Каспий бойынша келіссөз процесінде сірескен сеңді бұзып өткен жыл болды. Ресеймен стратегиялық әріптестік қазір қайрандағы бірлескен ірі жобаларда нақты жүзеге асырылып келеді. Қытай бағытындағы тұрба кұбырының құрылысы басталады. 

Біздің еліміздің  экономикалық дамуындағы мұнай факторының рөлін бағаламау мүмкін емес. Шынында  да, 1985 жылмен салыстырғанда бүкіл  әлемде көмірсутегі шикізатын өндіру 1,3 еседен кем болып отырғанда, біз өндіру көлемін 225,4 пайызға ұлғайта алдық, ал Ресей сексенінші жылдар кезеңіндегі деңгейді енді ғана калпына келтіре бастады. 

Шынында да, мұнайдың арқасында біз экономикалык, жүйені өзгерту процесін жеделдете алдық. Бірақ та дамудың қазіргі динамикасына кол жеткізуге энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағаның артуы ғана ықпал етіп қойған жок,- Бұл — экономикалық өзгерістердің нәтижесі. 

Бүгінде мемлекеттік  бюджеттің ширегі ғана мұнай табыстарының есебінен қалыптасады. Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның тиімділігін көтерді. "Самсунг" және "Қазақмыс" корпорациялары саланың дамуына 1833,5 млн. доллар жұмсады. Бұл 2000 жылы-ақ шақпақ мыс шығару жөніндегі 1990 жылғы деңгейді 9 пайыз арттыруға мүмкіндік берді. Қазіргі кезде мыс өндірудің көлемі бұрынғы жылдардың үздік көрсеткіштерінен асып түсті. Испат-Қармет өндірістің дамуына 500 млн. доллардан астам жұмсады. Қарметкомбинат металдармен және полимерлермен қапталған металл табақшалар шығарудың қуатты индустрияландыру кезеңінен өтті. 

Қазхром мен  Қазалюминий 537,2 млн. доллар мөлшеріндегі инвестициялардың арқасында тиімділігі жоғары өндірістерге айналды. Мұны қорғасын-мырыш саласының жұмысы туралы да айтуға болады.

Нақ осы салалар  бүгінде ел бюджетін негізгі толықтырушылардың  бірі.

Алдағы кезде  бюджет жоғары қосымша құны бар дайын өнімнің, шағын жөне орта бизнес пен өңдеу салаларын дамыту түсімдері есебінен барған сайын көбірек толығатын болады. 

Экономикадағы реформалар өздігінен қатардағы  азаматтар тарапынан меншікке деген  көзкарастыңөзгеруі жағдайында ғана тиімділік бере алар еді, түрғын үйді жекешелендіру кезеңінде осылай болды да. Меншікке ие ету тұрғын халық менталитетінің өзгеруіне әкелді. Мемлекетке иек арту, масылдык психология өткенге кете бастады. Енді өз тұрғын үйінің жауапкершілігі азаматтардың өздеріне көшті. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты одан өрі өзгерту кажеттілігі пайда болды. Қасаң ТПК-лардың орнына халықтың пәтер иелерінің кооперативтері тұрпатындағы өз ұйымдарына екпін түсірілді. 

2. Табысты орнықтыру  және экономикалық өсу жағдайларын  ж Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан-2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды. 

Осы сәттен бастап реформалар жүйелік деңгейге көшті. Реформалардың басымдықтары институттық өзгерістер жағына қарай ойысты. Экспорттық әлеуетті кеңейту және сыртқы инвестициялық ресурстарды ұлғайту жолдары белгіленді. 

Бұл процесс  Қазақстан кезекті сынаққа — 1997-1998 жылдарғы азиялық қаржы дағдарысына  тап болған сәтте де тоқтамады. Іс жүзінде соңғы сәтке дейін біз халықтың тұрмыс деңгейі күрт құлдырауына жол бермеу үшін теңгенің бағамын жасанды түрде ұстауға тырыстық. Қазақстан тағы да кәсіпорындардың жаппай жабылуы мен жұмыссыздықтың қар көшкіні секілді өсу қаупімен бетпе-бет келді. 

Бұл дағдарыс біз  үшін сабақ болды. Болашақта Қазақстанның алдында мұнайға деген жоғары бағалар сынағы тұрды. Біз мұнай  долларларын өңдеу салаларын  дамытуға және осы заманғы бәсекеге қабілетті экономика құруға бағыттай отырып, оларды дұрыс жұмсай білу керектігін түсіндік. Мұның өзі энергия сақтаушыларға деген әлемдік бағалардың өзгерісіне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берер еді.Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сырткы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті. 

Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар  жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде  қабылдамау керек. Оның мәні бүдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызга мүмкіндік берді. Қазіргі таңда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы құралдарына салынған.

Информация о работе Қазақстанда нарықтық қатынастардың орнауы және оның кезеңдері