Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 18:48, творческая работа
Пәнді оқытудағы міндеттер:
- тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің,
бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып-білу;
- биосфера компоненттерінің өзара әсерлесу заңдылықтары және адамның шаруашылық әрекеттерінің, әсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;
- әртүрлі мемлекеттердегі және Қазақстан Республикасындағы тұрақты дамудың тұжырымдамалары, стратегиясы және практикалық міндеттеріі туралы заманауй түсініктерді қалыптастыру;
- студенттердің экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың және тұрақты дамудың күрделі және шиеленіскен мәселелерін талқылауда ауқымды кешенді, объективті және шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
«Экология және
тұрақты даму» пәні бойынша ПОӘК,
заң факультетіне арналған
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БЕКІТІЛГЕН
ҚР Білім және ғылым
Министрлігінің бұйрығымен
“____”______________
№___
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(жоғары
кәсіби білім)
ЭКОЛОГИЯ
Гуманитарлық, жаратылыстану және әлеуметтік мамандықтарға арналған
2 кредита
(90 сағат)
Алматы,
2008
Типтік оқу
бағдарламасын жасаған әл-
Авторлары:
Биғалиев Айтқожа Биғалиұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
Колумбаева Сәуле Жаңабайқызы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
Көшкімбаев Қаршыға Сәрсенбайұлы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ;
Білдебаева Райхан Мәлікқызы, биология ғылымдарының кандидаты,
доцент , әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ;
Шарипова Меруерт Әдиқызы, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
Шаймарданова Ботагөз Қасымқызы, биология ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты;
Ишкулова Нелли
Петровна, ауылшаруашылық ғылымдарының
кандидаты, доцент, Тұрар Рысқұлов атындағы
Қазақ экономикалық университеті.
Пікір жазғандар: Мирзадинов Р.А., б.ғ.д., профессор;
Аралбай Н.К., б.ғ.д., профессор;
Тулеуханов С.Т., б.ғ.д., профессор.
Типтік оқу
бағдарламасын жасаған әл-
« ____» _____________2008
ж.
АЛҒЫСӨЗ
Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін әсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана адам әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық және минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік әрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына әкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық – түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы және т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жұқаруы, Әлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену және т.б. Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында және Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т.т.
Бірқатар
уақытқа дейін, Ле–Шателье приципіне
сәйкес, адамның қоршаған ортаға әсері
биосферадағы өтіп жатқан процестер
нәтижесінде жұмсартылып келді.
Бірақ қазіргі кезде
Курстың негізгі мақсаты – табиғаттың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Пәнді оқытудағы міндеттер:
- тірі ағзалардың, әртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің,
бүкіл биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын және олардың тұрақтылығын оқып-білу;
- биосфера
компоненттерінің өзара
- әртүрлі
мемлекеттердегі және
- студенттердің
экологияның, қоршаған ортаны
қорғаудың және тұрақты
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуі тиіс:
Игеруі тиіс:
Машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып басым бағыттарды белгілеуге және алған білімдерін экологиялық мәселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай – ақ, әртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.
Осы курстың алдында оқытылатын пәндердің тізімі: мектеп бағдарламасы шеңберіндегі биология, география, химия, математика, физика пәндері.
Сабақтас пәндердің тізімі: мектеп бағдарламасы шеңберіндегі: әлемдік тарих, Қазақстан тарихы.
Пәннің еңбек жүктемесі:
90 сағат, оның ішінде лекциялар, практикалық
сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ.
ПӘННІҢ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Экологияның ғылым саласы
ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты,
міндеттері және зерттеу әдістері. Экологиялық
білімдердің қалыптасуы мен дамуының
қысқаша тарихы. Экологияның бөлімдері:
аутэкология, демэкология, синэкология,
глобалдық экология. Экологияның өзге
ғылым салаларымен өзара байланыстылығы.
Экологияның практикалық міндеттерді
шешудегі рөлі. Экологиялық проблемалар,
олардың осы заманғы экономикалық және
саяси үрдістердегі алатын орны мен рөлі.
“Тұрақты даму” ұғымына анықтама және
тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы
экологияның рөлі.
Негізгі
бөлімі
Бөлім
1. ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯ
НЕГІЗДЕРІ
Дара
организмдер экологиясы
– аутэкология
Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу
деңгейлері. Организм және оның тіршілік
ету жағдайлары. Экологиялық факторлар
және олардың классификациясы. Антропогендік
фактордың әсерінің өзіндік ерекшеліктері.
Ю. Либихтың минимум заңы. В. Шелфордтың
толеранттық заңы. Толеранттық диапазоны.
Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
Организмдердің тіршілігі үшін негізгі
абиотикалық факторлардың экологиялық
мәні. Қоршаған ортаның экологиялық сиымдылығы.
Популяциялар
экологиясы – демэкология
Популяция туралы түсінік. Популяцияның
статикалық сипаттамалары: популяцияның
саны (тығызыдығы) және биомассасы, жастық
және жыныстық құрамы. Организмдердің
кеңістікте орналасу, орналасудың негізгі
типтері: кездейсоқ, біркелкі, топтасып
орналасу. Олли принципі. Популяцияның
динамикалық сипаттамалары: туылымы, өлім-жітімі,
тірі қалу қисық сызықтары, өсу жылдамдығы.
Популяция санының экспоненциалдық және
логистикалық өсуі. Популяция санының
реттелуі. Популяция тығыздығына тәуелді
және тәуелсіз факторлар.
Қауымдастықтар
экологиясы – синэкология
Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы
түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың
негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм,
протокооперация, мутуализм, жыртқыштық,
паразитизм). Түр аралық бәсекелестік
– қауымдастықтың түрлік құрылымын сақтаушы
негізгі механизмдердің бірі. Г.Ф. Гаузенің
бәсекелестік арқылы жою принципі. Экологиялық
қуыс: потенциалдық және іске асырылған
экологиялық қуыс. Экожүйедегі энергия
ағыны және химиялық элементтердің айналымы.
Термодинамиканың бірінші және екінші
бастамалары. Линдеманның энергия тасымалының
1% және 10% ережелері. Биоценоздың трофикалық
құрылымы (продуценттер, консументтер,
редуценттер). Қоректік тізбектер және
трофикалық деңгейлер, қоректік торлар.
Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса,
энергия пирамидасы). Экожүйелердің өнімділігі
(бастапқы және туындаушы өнім). Экожүйелердің
табиғи дамуы: бастапқы және қайталанған
сукцессиялар. Экожүйелердің біртұтастығы
және тұрақтылығы, экожүйелердің тұрақтылық
механизмдері. Табиғи экожүелердің тұрақтылық
критерийлері және тұрақтылығының негізгі
көрсеткіштері.
Биосфера
және оның тұрақтылығы
Биосфера тұжырымдамасының қалыптасуы.
В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера
туралы ілімі. Тірі зат тұжырымдамасы.
Тірі заттың ғаламдық ролінің анықталуы.
Антропогендік әрекетті қуатты геологиялық
және геохимиялық факторлар ретінде мойындау
тұжырымдамасы. Адамның экожүйедегі орны.
Биосферадағы заттар айналымы. Әлемдік
биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің
негізгі биогеохимиялық заңдары. Қазіргі
биосфера. Өндірістің дамуы және қоршаған
ортаға түсетін салмақтың артуы.
Бөлім
2. ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Тұрақты
даму тұжырымдамасы
“Тұрақты даму” ұғымының пайда болу тарихы:
Рим клубы, Медоуз және Форестер еңбектері
(Өсу шектері, 1972). БҰҰ-ның Қоршаған орта
жөніндегі бірінші конференциясының Декларациясы
(Стокгольм, 1972). Рио-де-Жанейрода (1992) және
Йоханнесбургте (2002) өткен Дүниежүзілік
саммиттер. Еуропа қалаларының тұрақты
даму хартиясы (Ольборг қ., Дания, 1994). Тұрақты
даму факторлары: экологиялық фактор (өркениет
дами алалтын дәліз шекаралары), экономикалық
актор (нарық жүйесін қайта құру), әлеуметтік
фактор (ауылшаруашылық өндірісі, адам
құқықтары, демография). Тұрақты дамудың
стратегиясы мен принциптері. Тұрақты
даму деңгейлері – жергілікті, аймақтық,
ұлттық, мемлекетаралық, әлемдік деңгейлер.
Әр деңгейдегі тұрақты даму мүмкіншіліктерін
анықтаушы факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз
ету жолындағы халықаралық ынтымақтастық.
Тұрақты дамудың ғылыми теориясын жасау
жолындағы халықаралық ұйымдардың қызметі.