«Қоғам-табиғат» жүйесіндегі экологиялық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 18:53, реферат

Краткое описание

Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.

Содержание работы

1. Кіріспе
1.1 Экологиялық көзқарас түсінігі
2 . Негізгі бөлім
2.1 «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі адамның алатын орны
2.2 «Қоғам-табиғат» жүйесіндігі экологиялық көзқарас

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

когам-табигат.doc

— 85.00 Кб (Скачать файл)

Еліміздің экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгінгі күннің қажеттілігінен туындамайды, ол ертеңгі күннің проблемаларынада жауап береді. Сондықтан бұл мәселе Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуына арналған бағдарламада басым міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қоршаған ортаның қазіргідей ауыр жағдайында еліміздің келешек иелерінің экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып отыр.

Республика қалаларында атмосфераның ластануының көбейе түсуі туған табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы, адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуде, және қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулардың пайда болуы, т.б. жағдайлардың айта берсек соның ішінде республика халқының өміріне кез-келген сыртқы қатермен бірге экологиялық қауіп-қатердің тигізер әсері өзекті мәселеге айналып отыр. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздегі осындай ірі экологиялық ластанудың ошақтарын есепке алып, оны жою бойынша тиісті бағдарламалар жүргізілсе, орындалатын негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Мұнда қарастырылатын мәселелер ішінде экология және табиғи ресурстардың қоғамда қалай пайдаланылып жатқандығы сөз болады, табиғат пен адам арасындағы кейбір елеулі қайшылықтар салыстырмалы түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, еліміздегі экологиялық дағдарыстың орын алуы.
Бүгінде экология ең бір өзекті мәселелрдің қатарына шығып отыр. Оның «Экология және табиғат ресурстары» айдарымен «Қазақстан – 2030» стратегиясында сөз болуы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен қауіпсіздік кеңесінде арнайы әңгіме тақырыбына айналуы бұл сөзімізді дәлелдей түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қоршаған орта – күрделі жүйе. Антропогенді факторлардың (антропогенді фактор – адамзаттың жиынтықты әрекеттілігі, ол басқа түрлер үшін мекендеу ортасы ретінде табиғаттың өзгеруіне әкеледі) адамның денсаулығына ықпалының айқындылық дәрежесі тек олардың қарқындылығы мен өзара үйлескен әсеріне ғана емес, ауа райылық-климаттық аясына да байланысты болады.

Қазіргі кезде Жер бетінде қандай да бір деңгейде антропогендік әсерге ұшырамаған экологиялық жүйе қалған жоқ. Экожүйелерде қандай да бір шаралардың жанама салдары ретінде пайда болған бөгеуілдермен қатар, бірқатар жағдайларда адам экожүйелердің құрауыштарының арасында ақпарат каналдарына бағытталған бөгеуілдер жасайды. Ортаны шаруашылыққа зиянды жәндіктерді (жәндік жойғылар), саңырауқұлақтарды (зеңжойғылар), арам шөптер мен т.б. жоюға арналған улы химикаттармен бағытты ластау әдеттегі жай болып табылады. Соңғыларын қолдану өндіргіштердің деңгейіне, демек, нақ арамшөптермен байланысты бүкіл қорек тізбегіне әсер етуді білдіреді. Мұның барысында тіршілік ұйымының барлық деңгейіне әсер ету жүреді – жалпы биогеоценоздан бастап популяция мен жеке индивидуумдарға дейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

1.      Молдахметов З.М., Ғазалиев А.М., Фазылов С.Д. Экология негіздері.  Қарағанды, 2002

2.      Новикова Ю.В. Адам және қоршаған орта экологиясы, М., 1998

3.      Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау. Алматы, 2006.

4.      Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Алматы, 1995

 

 



Информация о работе «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі экологиялық көзқарас