«Қоғам-табиғат» жүйесіндегі экологиялық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 18:53, реферат

Краткое описание

Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.

Содержание работы

1. Кіріспе
1.1 Экологиялық көзқарас түсінігі
2 . Негізгі бөлім
2.1 «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі адамның алатын орны
2.2 «Қоғам-табиғат» жүйесіндігі экологиялық көзқарас

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

когам-табигат.doc

— 85.00 Кб (Скачать файл)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ.

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі экологиялық көзқарас

 

 

 

 

                                 ОРЫНДАҒАН: « тарих » мамандығының

                                        

                                                      2 курс студенті: Карымбаева Балнұр

                                                        

                                           ТЕКСЕРГЕН:Шаймарданова А

 

                                  

                                           

                                               ӨСКЕМЕН, 2012

Жоспар

 

 

1.      Кіріспе

     1.1 Экологиялық көзқарас түсінігі
     2 .  Негізгі бөлім

     2.1 «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі адамның алатын орны

     2.2 «Қоғам-табиғат» жүйесіндігі экологиялық көзқарас
   
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.

     Адамзаттың табиғатпен саналы қатынас жасауы, оған құрметпен қарап құндылығын бағалауы ежелден қалыптасқан түсінік. Сол себепті оны тарихи -философиялық ғылымдардағы ой-пікірлермен тығыз байланыста қарастырған  жөн. Аристотель «Заттың бастамасы тек материя түріндегі бастама... табиғаттан тыс еш нәрсе жаратылмайды және еш нәрсе өлмейді, олар мәңгілік сақталып қалады»,- деп табиғат  құндылығын сақтауды мұрат етсе, Гераклит «... табиғаттың өзі көп сырын аша бермейді, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сол себепті олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды»- дейді, ал неміс философы Л.Фейербах болса «адам табиғаттың ең жоғарғы нәтижесі, сондықтан оны табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды»,- деп ой түйіндейді. Философтардың   зерделі ой-тұжырымдарынан мынадай қорытынды шығаруға болады: біріншіден,  табиғат заңдарын өшпенділікпен бұзу жағдайында, адам тарапынан көрсетілген зорлықта табиғат өзінің қасиетін жоғалтып, өсіп-өну қабілетінен айрылады; екіншіден, табиғаттың даму заңдарын білмейінше, табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге көп күш-жігер жұмсалады, үшіншіден, табиғатты тек білімді адамдар ғана түсінеді, адамдардың табиғат туралы білімі, тәрбиесі болғанда ғана, олардың қоршаған ортаға деген аялы көзқарасы қалыптасады.
Жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыруда ең алдымен кейбір әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіп алу қажет:
- экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетілдіру, оларды бұлжытпай орындау;
- қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлесімділігін сәйкестендіру;
- экологиялық білім беруді үздіксіз, сабақтастықта ұйымдастыру.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, жаңа педагогикалық технологияларға негізделген әдіс-тәсілдерге байыптап қарап, бағамдау үшін біз үздіксіз білім беру процесіндегі экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық-педагогикалық генезисіне мән бердік.
«Сабақтастық», «үздіксіздік» ұғымдары даму, біртіндеп және сатылай өзгеруді білдіретін болса, белгілі бір кезеңде сандық өзгерістер құбылыстың жаңа сапаға өтуіне әсер етеді, сөйтіп өзгерістердің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сабақтастықтың философиялық заңдылықтары мен мәні  бірқатар ғалымдардың (Э.А.Баллер, Б.С.Батурин, А.И.Зеленков, Г.Н.Исаенко, З.А.Мукашевтың және т.б.) зерттеулерінде қарастырылып, сабақтастықтың терістеуді терістеу заңының маңызды жақтарының бірі  екендігіне мән беріледі. Солардың  ішінде Э.А.Баллердің көзқарасынша «сабақтастық – жүйеліліктің өзгермелі элементтерінің тұтастай немесе бөлек түрде ұйымдастырылуын сақтау тұсында болмыс пен танымның бірнеше сатылары мен кезеңдері арасындағы өзара байланысы, яғни бір жағдайдан келесі жағдайға көшуі» болып саналады.

Сабақтастықты біржақты процесс деп қарастыруға болмайды, өйткені ол байланыс орнату механизмінің өзін анықтауы тиіс және сонда ғана сабақтастық кез келген дамудың әдіснамалық ұстанымының негізі бола алады. Сабақтастық кең мағынада алғанда үш бірлікті процесс. Бұл терістеуді терістеу заңын ұстанатын а)деструкция (бұзу, алдыңғыны ығыстырып шығару);    ә)кумуляция (ішінара сақтау, мұра ету, көрсету); б)конструкция (құру, жаңаны жасау, қалыптастыру) және тар мағынада сабақтастық сақтау, мұра ету, беру, көрсету сияқты сандық қасиеттері жағынан қарастырылатын процесс.
Сонымен, философиялық түсінікте сабақтастық дегеніміз – тарихи процестің сатылық сипатын анықтайтын маңызды заңдылық. Экологиялық тәрбие сабақтастығының философиялық мағынасы барлық жақсы, оң нәрселерді сақтау талабымен бірге жаңалық енгізуге, өзгертуге әзірлікті қамтиды. Даму процесін, сондай-ақ терістеудің салыстырмалылығын дұрыс түсіну үшін аталған категорияны ескіні қарапайым түрде жою ретінде емес, мағынасы бар процесс түрінде нақты қарастыру қажет сабақтастық кездейсоқтық емес, ол дамудың сатылық сипатын қамтамасыз ететін қажетті заңды құбылыс.
Дүниеге келген жаңа, ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты, өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын өркендетеді. Ескі мен жаңаның арасындағы диалектикалық байланыс сабақтастық жолымен дамытылады. Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмайды. Дүниежүзілік өркениет те өткен дәуірдің ұшан-теңіз байлығын кіршіксіз сақтау негізінде пайда болды. Ендеше, бұл сабақтастық- қажетті, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын заңды процесс.    

Табиғи және әлеуметтік өзгерістердің көп болуы және олардың жаһандануы адамзатты оның ары қарай тіршілік ету мүмкіндігі туралы ойландырмай қоймайды. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған міндет экологиялық мәселелерді шешудің оңтайлы жолдарын табу.

Бүгінгі күні экологиялық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі болып қоғамның экологиялық мәдениетінің төмендігі табылады деп сеніммен айтуға болады.

Қазіргі кездегі экологиялық жағдай қоғамның, адамның өмір сүру ортасына деген қарым – қатынасына басқаша қарауға мәжбүр етті. Экологиялық мәселелер адамдардың табиғи ортаға деген рационалды емес қарым – қатынасының салдары ретінде пайда болды. Ендігі кезде экологиялық апаттан қалай құтылу немесе оны бастан өткізу туралы емес, оның техногендік және экологиялық – мәдени салдарын қалай жеңілдетуге болады деген сұрақ туындайды.

Табиғатты адамға тәуелсіз, оған қарама – қарсы ретінде қабылдау Жаңа заман дәуірінде болады.  Адам табиғаттың билеушісі ретінде қарастырылады. Қоршаған орта адамға, оны бағындырып, техникалық әсер етудің объектісіне, сарқылмайтын ресурстар көзіне айналдыру қажет болған,қарама –қарсы фактор ретінде болды. Жаңа заманда табиғат адамның тілегін орындаушы ретінде қарастырылады және оны бағындырудағы жетістіктер табиғаттың күштерін жеңу деп түсінілді. Адамның табиғатқа шексіз билігін философия классиктерінің еңбектерінен Ф. Бэконнан бастап  Л. Фейербахқа дейін табуға болады.

Мысалы, П. Гольбах табиғи ортаны бізге көрінетін заттарды өндіру үшін және әрекет ету үшін қажеттінің барлығын қамтитын үлен шеберхана ретінде қарауға шақырды.

Декарт біз қол өнершілеріміздің кәсібін білетініміз сияқты, оттың, жұлдыздың,  судың, ауаның, аспанның, яғни бізді қоршаған денелердің барлығының әсерін және күшін біле отырып, солардың көмегімен «практикалық» философияны жасау туралы айтады. Сол білімдерді барлығына қолдана алатындығымызды және табиғаттың иесі бола алатындығымыз туралы атап көрсетеді.

М. Хайдеггер қазіргі экологиялық ахуалды тудырып отырған негізгі себепкердің бірі техникаға жан – жақты талдау берді. Ол техниканы адам іс –әрекеті, әрі соның құралы деп қарастырудан бас тартып, техниканы табиғи заттарда жасырын қалған құпияның ашылу түрі деп біледі. Машинаны ойлап табу арқылы адам табиғаттың жасырын күшін, құпиясын ашады, сөйтіп, оны өзіне қызмет істеуге мәжбүр етеді [4].

Адам техниканы дүниеге әкелуші, жаратушы болғанымен өзі де соның шырмауында қалып отыр. «Техника өз – өзінен қауіпті емес. Ешқандай да техникалық сиқыр жоқ, бірақ техниканың мәндік, болмыстық құпиясы бар екені рас. Техниканың мәні – жасырын нәрсені ашу, жария ету, ал, ол дегеніміз, өзімен бірге қауіп –қатерді ала жүреді [4,34].

А. Хунинг техниканы адамның өмір мен билікке деген талпынысынан туындаған дүние деп қарастырады. Оның ойынша адам жаны мен адамзат рухы техника қарқынынан қалмай, одан да басым күйде дамуы қажет деп жазады. Солай істегенде ғана адам техникалық жаңашылдықтарға дайын болады. Тек солай болғанда ғана адам экологиялық мәселелерді шеше алатындай жағдайға жетеді, өз ұрпағының жарқын болашағын қамтамасыз етеді.

Табиғат негізгі қызметі адамның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандырушы пассивті жақ ретінде қабылдана бастады. Бүгінгі күні адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынас және экологиялық дағдарыстың болуын еуропалық өркениеттің даму ерекшеліктерінен іздеу керек деген пікірмен келісуге болады.  Ол ерекшеліктер мына пайымдауларда көрініс табады:

      Табиғат адам үшін жаратылған, адам оның иесі болып табылады.

      Табиғат ішкі моральдық құндылықтардан жұрдай, тек адам ғана оған мән, маңыз бере алады.

      Табиғат адаммен жетілдірілу керек және жаңартылған күйінде адамның жердегі табысының, жеңісінің куәсі болу керек [5].

Қарқынды нарықтық шаруашылық – тұтыну идеалдарының мәдениетіндегі басым мәдени құндылықтардың шкаласын түбірімен өзгертті. Табиғатты негізінен таусылмайтын қазына ретінде қарастыра бастады. Егер онда бір нәрсе жетіспесе, соған лайықты техникалық жобалар пайда болды, олардың іске асырылуы қоршаған ортаға зиянды әсерлердің болуын қарастырусыз жүзеге асырылды. Адамдар өздерінің іс – әрекетінің нәтижесі туралы енді ғана, техногендік мәдениеттің жаңа жетістіктерінің салдары аймақтық және ғаламдық деңгейде болғанда ғана ойлана бастады. Техника мен технологияға негізделген материалдық мәдениет тек өндірістік іс – әркетті ғана емес сонымен қатар экологиялыққа зиян келтіретін, адамды инженерлік, технологиялық ойлау стиліне бағыттады. Ондай стиль табиғат объектілерін зерттеуде, қоршаған ортаны техногендік сфераға қайта құруда пайдалы болды, бірақ ол тіршіліктің қайталанбайтындығын, оның бірегейлігін саналауға мүмкіндік бермеді. Ондай ойлау жүйесі Жаңа заман дәуірінде қалыптасты. Ол мәдениеттің техногендік типінің жасалуын қарастырды, онда табиғатқа тең құқықты, жетілген субъект емес, экспансия объектісінің рөлі берілді.

Ұзақ уақыт бойы адамзат табиғатты шексіз пайдалана беруге болады деп ойлады және ол адамға пайдалану үшін берілген деген көзқарас болды. Табиғат ресурстарын жөнсіз, олар таусылмайтындай пайдаланды. Бірнеше уақытқа дейін бұл үдерістер, радикалды экологиялық дағдарысқа әкелмегендіктен салыстырмалы түрде аса маңызды емес болып саналды. Осыған байланысты экологиялық көзқарасы, санасы дамыған қоғам қалыптастыру қажеттілігі туындады.

Экологолиялық сананың экоцентрлік типі бұл –адамның өзін табиғи ортаның бір бөлшегі ретінде санау және қоршаған ортаның сақталуына бағытталу тән адамның көзқарастар жүйесі.

Экологиялық сана деп, күрделі жүйе мәнінің көрінісін, табиғи ресурстарды пайдалану, қайта құруға байланысты адамдардың бір – біріне және қоршаған ортаға қарым – қатынасы түсініледі.

XX ғасырдың екінші жартысынан бастап рухани мәдениеттің жағдайы қауіп туғыза бастады. А. Печчейдің пайымдауынша «адамзаттың алдында оның эволюциясының өткен сатысындағы мәселенің мәні адамдар осы әлемге өздері әкелген өзгерістерге сай өздерінің мәдениетін бейімдей алмауында. Экологиялық мәселелерді шешу ең алдымен адамның ішкі болмысының, адамның өзінің өзгеруінен басталу керек» [2,6].

              Экологиялық  гуманизм өзінің дамуында өзінің әсер ету кеңістігін күшейте отырып, экологиялық идеологияға айналады, оның негізінде экологиялық мәдениет жасалады.

              Экологиялық идеология  - бұл өмір идеологиясы, адам мен табиғат арасындағы ынтымақтастық идеологиясы. Бәрінен бұрын бұл адамзат қызметінің барлық саласында табиғи ортаның оған енгізілген өзгерістерге деген реакциясын есепке алу.

Рухани мәдениеттің барлық салалары өзгере отырып экологиялық мәдениетті жасауға үлес қоса алады. Тарихта рухани мәдениеттің бірінші саласы көрінбейтін мәдениет – мистика болды. Қазіргі экологиялық жағдайда актуалды бола бастаған экологиялық апаттың қауіптілігі адамның табиғат күштері алдындағы әлсіздігін табу жолындағы мистикалық көзқарастың туындауына мүмкіндік туғызды.

Қоғамдық сананы экологияландыру үрдісін бірнеше сатыға бөліп қарастыруға болады: біріншіден, адамның табиғатқа қарым – қатынасын әр түрлі сезім формасында көрсетуі(немқұрайлылық, үрей, байбалам т.б); екіншіден, экологиялық мәселеге  аса қызығушылық таныту( биосферадағы эволюциялық өзгерістердің мәнін көрсету, оның тұтастығының детерминациясын  көрсету); үшіншіден, табиғи құбылыстарды түсінуден әлеуметтік іс - әрекетке көшу, жағымды іс - әркетке көшу; төртіншіден, адамның табиғатқа қатысты жауапкершілік деңгейінің жоғарылауы, күнделікті өмір барысында көрініс табатын экологиялық сананың тұлғаның ішкі мәдениетінің элементі ретінде болуы. Бұл аспектіде экологиялық сана мен экологиялық мәдениеттің деңгейі бұл – қоғамның табиғатты әлеуметтік маңызды қызметке оны тану және дамуын практикалық пайдалану негізінде қаншалықты терең және жан – жақты қосуының көрсеткіші болып табылады.

Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазыр өзінің зерттеу облыстарын дамыта отырып адамзат-қоғам-табиғат ортасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте кұрделі. Дара организм мен орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулермен биология ғылымымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады.Ал, антропогенді факторлар, экожүйелердің өзгерәсә, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастардызерттеу, бақылау және баға беру оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұнының күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз.

Экология – организмдердің арасында болатын қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.

Ал, экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Адам-қоғам-табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып табиғат ресурстарын тиімді пайдаланудың адами-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;
- биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістерді;
- табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздері;

- адам-қоғам-табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу:
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамсыздандыру;

- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.
Алғашқы экологиялық зерттеулерді Эмпедокл, Гипппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз.

Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.

Информация о работе «Қоғам-табиғат» жүйесіндегі экологиялық көзқарас