Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 08:21, курсовая работа
Қорықтарды ұйымдастыру кезінде мынандай мәселерге мән беріледі:
1.Адам әрекетінің әсері әлі жете қоймаған аймақтар қорғауға алынады.
2.Жойылып кету қаупі төнген ландшафт эталондары, өсімдіктер мен жануарлар түрлері қорғалады.
3.Қорықа жүріп жатқан табиғи процестер адам әрекетінің қатысуынсыз өзімен- өзі жүру керек.
4.Қорықтар әртүрлі бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілетін табиғи лаборатория болуы тиіс. Біздін елімізде қорықтар ғылыми мекеме.
Кіріспе .........................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.....................................................................................................
2.1. Ландшафтты туралы жалпы түсінік..............................................................
2.2. Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы................................
2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипатамасы ..........................
2.4. Биосфералық қорықтыр....................................................................................
ІІІ. Қорытынды .........................................................................................................
IV. Пайдаланған әдебиет
Қорықтағы өсімдіктер дүниесі әр алуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктің 1400 (дәрі-дәрмек өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас у қорғасыны; тех. өсімдіктерден арша, рауғаш, итқұмық, таран; жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген; жемшөптік өсімдіктен: жоңышқа, кекіре бас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл; реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендірмесі, Қаратау сетені түрлері бар) түрі кездеседі. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай. Құстардың 238-дей түрі кездеседі. Олардың 123-і қорықтың аумағында жұмыртқаларын басып шығарады, 24 түрі қыстауға ғана келсе, 85 түрі құстардың мезгілдік миграциясы кезінде ғана кездеседі. Жыртқыш құстардан сақалтай, бүркіт, сұңқар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т.б.) түрі кездеседі. Тұяқты жануарлардың ішінде басқалардан көп кездесетіні- таутекелер. 1952 жылы қорыққа бірнеше марал әкелінген болатын. Жыртқыштардан сирек кездесетіні - барыс. Қорықта бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан, т.б.), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу-Жабағылы қорығы – табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Қорықта жер бетінің өткен тарихынан сыр шертетін көптеген палеонтологиялық ескертіштер бар. Атап айтсақ осыдан 120 млн. жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар (балықтар, жәндіктер, тасбақалар, т.б) мен өсімдіктердің таста қалған іздері кездеседі. Олардың жер бетіндегі органикалық әлемнің эволюциясын зерттеуде қосқан үлесі, маңызы зор. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады.
Наурызым қорығы
1934 жылы ұйымдастырылған. Бұл Қост
2-сурет.Наурызым қорығы.
Алматы қорығы
Алматы қорығы 1964 жылы құрылған. Аумағы 71,7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм тобе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.
3-сурет.Алматы қорығы.
Барсакелмес қорығы
Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан. Қорық 1939 жылы ұйымдастырылған. Жалпы көлемі 160, 8 мың гектар. Ондағы мақсат - жалпы табиғат кешенімен қатар саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрыкты қорғау болды. Бүрын Аралда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 257 түрі өссе, соңғы кезде олардың саны тіпті азайып, кейбіреулері жойылып кету қаупінде. Қорыққа шөлді аймаққа тіршілік етуге бейімделген жануарлар тән. Негізгі қорғалатын аңдар: ақбөкен, қарақұйрық және құлан. 1953-1964 жылдар аралығында 9 құлан Түрікменстанның Бадхыз қорығынан осында әкелініп жіберілген. Соңғы жылдары биологиялык жүргізілген сынақтардың салдары да Аралдың экологиялық жағдайын күрделендіріп, қорыктың біраз жануарларын көшіруге тура келді (мысалы, құланды).
4-сурет.Барсакелмес қорығы.
Қорғалжың қорығы
Қорғалжың қорығы 1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі үя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.
5-сурет.Қорғалжың қорығы.
Марқакөл қорығы
Марқакөл 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі.Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.
6-сурет.Марқакөл қорығы.
Үстірт
Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорыкты ұйым дастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі - устірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Өсімдіктен қорғауға тұратын аса маңыздысы жұмсақ жемістік (қалдық және монотип бұталар), иіссіз катрана, үстірт таспасы. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.
7-сурет.Үстірт қорығы.
Батыс Алтай қорығы
1992 жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша және т.б. сирек аңдар кездеседі.
8-сурет.Батыс Алтай қорығы.
Алакөл қорығы
1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың гектар. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.
9-сурет.Алакөл қорығы.
Қаратау қорығы
2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсім дік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.[1]
10-сурет.Қаратау қорығы.
2.4. Биосфералық қорықтар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне биосфералық қорықтар жатады.Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатты қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады.Онда табиғатты қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі.Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады.Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше бөлімдерге ( ішкі,шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.Қазіргі дүниежүзіндегі 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.Ақсу-Жабағылы,Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды.Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұқысық,ілбіс,т.б. қорғалады.Ал Алакөл өорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.
ІІІ Қорытынды
Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз.
Қорықтардың жағдайы шынымен де қорғауды қажет етіп отыр. Мемлекет тарапынан жаңа бағдарлама қабылданып, әрбір мемлекеттік қорықта алдымен кадр мәселесі, одан кейін бүкіл құрал-жабдықтарды қалыпқа келтіру, сондай-ақ аң аулағандарға қарсы заңды қатайту қажет. Тек сонда ғана мүшкіл халге түскен қорықтардың жағдайы оңалар деген ойдамын.
Қазір әрбір жабайы жануарлар
дүниесі қорықты
Бүгінгі таңда өңірдегі қорықтар мен қорықшалардағы жағдайды реттеу, яғни онда мекендеген аң-құстарды қалпына келтіру өте қиынға соғуда. Өйткені бюджет тарапынан табиғатты қорғауға, қорықтарды қалпына келтіруге жүйелі түрде ақша бөлінгенімен, қорықтың тіршілігін көзінің қарашығындай сақтауға ұмтылғандардың қатары аз. Қорықтың жағдайы шынымен де қорқытып барады. Өйткені жабайы аң-құстарды аулайтындарға батыл қадам жасауға әлі де болса шамамыз жетер емес. Сонда қайтпек керек? Қалай етсек тұмса табиғат алаңы болған қорықтардың қаймағы бұзылмаған қалпын сақтап қала аламыз? Бәлкім, қорықтарды реттеу туралы арнайы заң қажет шығар. Тіпті болмағанда мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жағдайы айтыла-айтыла жауыр болған қорықтардың жайын қорғауға шынымен де кіріскеніміз жөн бе? Қалай дегенмен де, әсем табиғатты қорықтарды құлқынның қамы үшін теріс пиғылда жұмсап жатқандардың қатарын сиретуге белгілі бір қатаң шара қолданған жөн болар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Әзірет Сұлтан мемелекеттік тарихи-мәдени қорық музейі Дайындаған. Рыскелдиев Т.- Түркістан 2006, 3 б.
2. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі – Алматы: Дарын, 2004. - 199 б.
3. Әмір Темір аманаты - Шымкент: Жібек жолы 2000. - 59 б.
4. Түркістан тарихы мен мәдениеті. Түркістан: Қазақ-түрік университеті, 2000. - 76 б.
5. Әзірет Сұлтан. Түркістан: 2005. - 7 б.
6. Сынып жетекшісінің ережесі // Сынып жетекшісі, №3. 2002. 10 б.
7.«Егемен Қазақстан» газеті 2006 жыл 14 сәуірдегі № 8 бет.Ж.М. Нұрбеков «Нұрын шашқан оңтүстік» Алматы. Эффект. 2003 180-201 бетке дейінгі беттер.
8.Ә.Н. Нысанбаев «Қазақстан
Республикасы» энциклопедия
9.Б.Ғ. Аяған «Оңтүстік Қазақстан» энциклопедиясы
10.Егемен Қазақстан газеті –2002 –13 сәуір –66.
11.Саясат –1998 - № 9.
12.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы А.,Білім, 1997 –176 бет