Негізгі бөлім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 08:21, курсовая работа

Краткое описание

Қорықтарды ұйымдастыру кезінде мынандай мәселерге мән беріледі:
1.Адам әрекетінің әсері әлі жете қоймаған аймақтар қорғауға алынады.
2.Жойылып кету қаупі төнген ландшафт эталондары, өсімдіктер мен жануарлар түрлері қорғалады.
3.Қорықа жүріп жатқан табиғи процестер адам әрекетінің қатысуынсыз өзімен- өзі жүру керек.
4.Қорықтар әртүрлі бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілетін табиғи лаборатория болуы тиіс. Біздін елімізде қорықтар ғылыми мекеме.

Содержание работы

Кіріспе .........................................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім.....................................................................................................
2.1. Ландшафтты туралы жалпы түсінік..............................................................
2.2. Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы................................
2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипатамасы ..........................
2.4. Биосфералық қорықтыр....................................................................................
ІІІ. Қорытынды .........................................................................................................
IV. Пайдаланған әдебиет

Содержимое работы - 1 файл

назерке.doc

— 266.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

І. Кіріспе .........................................................................................................

ІІ.  Негізгі бөлім.....................................................................................................

2.1. Ландшафтты туралы жалпы түсінік..............................................................

2.2.  Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы................................

2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипатамасы ..........................

2.4. Биосфералық қорықтыр....................................................................................

ІІІ. Қорытынды .........................................................................................................

IV. Пайдаланған әдебиет...................................................................................

 

 

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

І. Кіріспе

ІІ.  Негізгі бөлім

2.1. Ландшафтты туралы жалпы түсінік

2.2.  Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы

2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипатамасы

2.4. Биосфералық қорықтыр

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Кіріспе

 

Мемлекеттік табиғи қорық  қоры - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға  арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16-шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13-ші орында. Бұл Қазақстан секілді ұлан-байтақ республика үшін қорықтар көлемінің әлі де болса аз екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Бұлар, әрине, Қазақстан табиғатының алуан түрлі табиғат жағдайларын толық көрсету үшін жеткіліксіз. Сондықтан болашақта ғалымдардың, табиғатты қорғау коғамы өкілд рінің ұсынуымен тағы 15 қорық ұйымдастырылмақшы.

Біздің елімізде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі- мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады.Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді,онда тек ғылыми-зеріттеу жұмыстары ғана жүргізіледі.Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады.Қазір Қазақстан 10 мемлекеттік табиғи қорық бар.Қорық аумағындағы барлық табиғи байлықтары түгелдей қатаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтылық аумақтарда ұйымдастырылады.Мысалы шөлді,далалы,су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

  Далалы аймақта  ұйымдастырылған Наурызым,Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған.Бұл қорықта 1953 жылы Түрікместаннан әкелініп құлын жерсіндірілді.Алдымен ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген.Ал Қорғалжын қорығы сулы батпақты алқаптың табиғат байлығын қорғайды.Келешекте Торғай,Сарықопа және Тарбағатай қорықтырын ұйымдастыру көзделуде.

   Қорықтарды ұйымдастыру  кезінде мынандай мәселерге мән  беріледі:

1.Адам әрекетінің әсері әлі жете қоймаған аймақтар қорғауға алынады.

2.Жойылып кету қаупі  төнген ландшафт эталондары, өсімдіктер мен жануарлар түрлері қорғалады.

3.Қорықа жүріп жатқан табиғи процестер адам әрекетінің қатысуынсыз өзімен- өзі жүру керек.

4.Қорықтар әртүрлі бағытта ғылыми жұмыстар жүргізілетін  табиғи лаборатория болуы тиіс. Біздін елімізде қорықтар ғылыми мекеме.

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 II Негізгі бөлім

 

 2.1Ландшафт туралы жалпы түсінік.

Ландшафт-бір-бірімен  байланыстағы табиғат комплекстерінен  тұратын қоршаған ортаның табиғат  бірлестігі, оған климат,тау жыныстары,су,топырақ,ауа,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жатады. Ландшафтқа тән нәрсе оның теп тендігінің сақталмауында,яғни ол үнемі өзгеріп отырады.Ландшафтың бір бөлігіндегі жасалған адам әрекеті оның екінші бөлігінде өзгеріс тудырады.Адамның табиғатқа әсерін,оның ландшафқа әсер ету деп түсінуіміз керек.

Табиғи ландшафтар сақтауда қорықтық территориялардың ролі үлкен,олар арқылы біздің планетамыздың табиғи бедері немесе генофонды сақталады.1983жылғы есеп бойынша,әлемнің 124елден 2600-дан астам қорықтық территориялар бар екені анықталды.Олардың жалпы ауданы 4 млн км ге жуық.

Қорықтың территорияға қорықтар,ұлттықсаябақтар,заказниктер,резерваттар,

табиғат ескерткіштері жатады.

          Ауаны жағынан әлемдегі  ең  ірі қорықтық территория-Гренландиядағы  ауданы  7 млн га жерді алып жатқан ұлттық табиғи саябақ және Аляскадағы ауданы 7,3 млн га жететін ұлттық саябақ.Ірі қорықтардың бірі Монғолиядағы ауданы 5 млн га болатын үлкен Гоби қорығы.Әр бір ландшафты атмосфералық климаттық процесімен,өзіне түсетін энергия мөлшерімен, зат айналымының динамикасымен ерекшеленеді.

Ландшафтарды пайдаланудың түріне және антропогенді әсердің дәрежесіне қарай, оларды қорғауды мынандай топтарға бөледі:

1)Ландшафты толық қорғау;   2)Ландшафтың бір бөлігін қорғау

Қорықтық территориялардың атқаратың қызметі, негізгі жұмыс істеу бағытына және қорғау тәртібі әр елде әртүрлі ұйымдастырылған.Сондықтан қорғалатын территорияның мақсат-міндеттеріне қарай оларды қорықтар, табиғат ескерткіштері,заказниктер, резерваттар және ұлттық саябақтар деп бөлінді.

Біздің елімізде табиғат қорғаудың формасы ретінде қорықтармен заказниктер, шет елдерге ұлттық саябақтармен резерваттар ұйымдастырылады.

 

 

2.2. Қазақстан Республикасының қорықтарының маңызы

Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай  алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде.

Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру керек екекнін өмір көрсетіп отыр.  
Бұл салада Қазақстан Республикасында соңғы жылдарда қыруар ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 ж Қазақстан ССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар – қорықтар, парктер, заказниктер мен табиғат ескерткіштерді сақтау ережесі. Сонымен бірге 1972 ж Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғат ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсатымен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген.

1969 жылғы 9 шілдеде «Наурызым  мемлекеттік қорығының орманын  қалпына келтіру мен қорғау шаралары туралы», 1972 ж 2 тамызда «Қазақ ССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 ж 12 шілдеде «Қазақ ССР-інде қорықтар жұмыстарын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын жақсартуда зор маңызы болғанын айтпай кетуге болмайды. Қазақстан Республикасының Қорықтарында қол жеткен табыстары мен орны алып отырған емшіліктерде олардың жоюдың нақты жолдарында айқын көрсетілген.

Осы кезде Қазақстан Республикасы жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық ( Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектарға жететін 50-дей  аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғат ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет» , шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар). Қорғауға алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда , бұрын осы аймақты мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен, Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болғандығын және сирек кездесетінін айтуға болады. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақ даладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і Республикамыздың басқа жерлерінде кеддеспейді. Сондай-ақ, Оңтүстік Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатауында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға ғана тән сирек кездесетін турлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмайды. Сондай-ақ, қорықтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктерімен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағы биосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-Жабағалы қорығы. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.  
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсат пен міндеттердің Қазақстан Республикасы жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да а ялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендері мен көрікті өлке. Қазақстан Республикасы территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион гектар шабындықтар мен жайылымдықтар 22 миллион гектар орман (оның ішіндек 4-5 миллион гектар аса бағалы сексеуіл орманы бар). Д.И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11000 өзен, 7000-нан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ, туған өлкеміз менің Қазақстаным елім менің, алуан түрлі жан жануарларға өте бай. Осымен биосфера қазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға Қазақстан Республикасындағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабагылы, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қоғалжын, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және тағы басқа қорықтардың маңызы арасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекетінің территорияларында келешекте де осындай табиғи қорықтар-лабораториялық көбее берсе екен деген ойдамыз. 
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан-байтақ жерде алып жатқан Қазақстан Республикасында небары 10 қорық бар дегенге сенудің өзі қиын.

 

2.3. Қазақстан Республикасының қорықтарының сипаттамасы

Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.

ЮНЕСКО-ның биосфера қорығы дәрежесін алған Қазақстан мен Орталық Азияның алғашқы қорығы. Қорықта құстардың 238 түрі, аңдардың 42 түрі, өсімдіктердің 1300 түрі сақталған. Қорықта кездесетін Грэйг қызғалдағы қорықтың символына айналған. Оның алқызыл күлтелері 12-15 сантиметр болып келеді, сондықтан осы ерекше әсемдігі үшін қызғалдақ экспортқа шығарылады. Ақсу каньонында жартасқа қашап салынған суреттер бар. Бұдан басқа осындай суреттерді 3000 метр биіктікте орналасқан ойпатта да табуға болады.

1-сурет.Ақсу-Жабағылы қорығы

 «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы Талас Алатауы мен Өгем тауларының солтүстік – батыс сілемдеріне орналасқан. Қорық - ерекше қорғалатын аймақ, оның жалпы көлемі - 85754 га, екі мемлекетпен - Қырғызстанмен және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарында жайғасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің бай қазынасы. Соңғы деректерге қарағанда қорық территориясында құстың 267, сүт қоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қос мекенділердің 3 және балықтың 5 түрі мекендейді екен.

Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрлері бар. Қорық өсімдіктер дүниесіне бай. Оның территориясында мүктің 63, қынаның 64-тен астам, қозықұйрықтың 235, жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі өседі, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 16 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі. Ақсу-Жабағылы қорығының палеонтологиялық 2 бөлімі бар: «Әулие» (100 га) және «Қарабастау» (125 га). Ол жерлерде Юра дәуірін (140 млн жыл бұрын) мекендеушілерінің, яғни өсімдіктердің, балықтардың, алып кесірткелердің (динозаврлардың) іздері қатып қалған. Ақсу-Жабағылы қорығы – Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 жылы құрылған Қазақстанның тұңғыш қорығы. Теңіз деңгейінен 1300 м-ден 4200 м биіктікке дейінгі аралықта орналасқан таулы аймақты алып жатыр. Құрамында Қаратаудағы “Қарабастау” (126 га) және “Әулие” (100 га) телімдері бар. Жерінің ауданы 75,09 мың га (1997 ж). Қорық оңтүстікте және оңтүстік-шығысында көршілес Қырғызстан және Өзбекстан территорияларымен шекаралас жатыр. Қорықтың атауы осы қорықтың аумағында орналасқан екі өзеннің (Ақсу, Жабағылы) атынан шыққан. Қазір Ақсу-Жабағылы қорығы Юнеско жасаған дүние жүзінің қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу-Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Қорықтың климаты континентті, жыл мезгілдерінің әр қайсысында жауын-шашын мөлшері әр түрлі түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің (950 мм) 30 %-і қыс мезгілінде, 40 %-і - күзде, небәрі 10 %-і жаз айларында жауады. Жылдық орташа температура +5,6 °С. Ең суық ай - қаңтар айы (-5,4 °С), ең жылы мезгіл шілде айы (+17,2°С).

Информация о работе Негізгі бөлім