Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:02, реферат

Краткое описание

«Популяция» ұғымы биологияда негізгі ұғымдардың бірі, ал популяцияны генетикалық, эволюциялық және экологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары ерекше бағытқа - популяциялық биологияға бірігеді. Популяциялық экология немесе демэкология осы бағыттың бір бөлігі болып табылады.

Содержимое работы - 1 файл

экология.docx

— 28.46 Кб (Скачать файл)

Төлем  құралы  ретінде  ақша  тек  тауар  айналысына  ғана  емес,  сонымен  бірге  қаржы  және  кредит  қатынастарына  да  қызмет  көрсетеді тауарлар  мен  қызметтерді  кредитке  сатқан  кездежұмысшылар  мен  қызметкерлерге  еңбекақы  төлеген  кездемемлекетке  салықтар  мен  басқа  қаржы  міндеттемелерін  төлеген  кездебанк  несиесін,  сақтандыру  төлемдері  мен  айыппұлықпалшаралар  және  басқаларын  өтеген  кезде.

Ақша  қызметінің  дамуындағы  сапалы  және  жаңа  кезең  әлемдік  кезең  болып  табылады.  Ақшаның  барлық  қасиеттерін  өзіне  жұмылдыра  отырып,  ақша  қызметінің  тікелей  логикалық  жалғасы  болып  табылады,  ол  қазыналық  және  төлем  құралы  қызметінің  тұтастығы  арқылы  өрнектеледіК. Маркс  былай  жазған:  «Қазына  және  жаппай  төлем  құралы  ретінде  ақша  әлемдік  рынокта  жаппай  құралыөз  түсінігі  ғана  емессонымен бірге әрекет  ету әдісі бойынша  жалпыға  ортақ  тауар  болып  есептеледі»

Ақша  экономикада  өте маңызды  рөлді  атқарады:  ол  трансакциялық  шығындарды  төмендету  есебінен  экономиканың  жеңіл  қозғалысы  жүзеге  асадыол  еңбектің  мамандануы  мен  бөлінісін  ынталандырады.

 

 

 

 

ГЛОССАРИЙ

 

1. Ақша жалпыға бірдей эквивалент қызметін атқаратын, тауардың ерекше түрі; құн өлшемі, айналыс, төлем қызметтерін атқарады. Ақшаның негізгі екі түрі бар: қағаз және металл ақшалар.

2. Ақша массасы түрлі ақшалай қаражаттың жиынтығы: қолма-қол ақша, банктердегіесеп айырысу шоттары мен ағымдағы шоттардағы қаражат, банктерге салынған салымдар, мемлекеттік бағалы қағаздар. Ақша массасының құрамына мемлекеттік бағалы қағаздардың енгізілуі олардың жоғары дәрежедегі өтемпаздығын көрсетеді.

3. Ақша  айналымы бұл  аша белгілерінің  бір заңды немесе  жеке  тұлғадан  екіншісіне  үздіксіз  қозғалысы.

4. Алып-сатарлық мұндай операцияны жүзеге асырушы тұлға қосымша шығын жұмсамай, тауарды жоғары бағада сату үшін сатып алу. Алып-сатарлық көбінесе валюта және бағалы қағаздар рыногында жүргізіледі.

5. Баға сатушы тауар бірлігін сатуға, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетуге келіскен, ал сатып алушы сатып алуға, ақысын төлеуге дайын тұрған ақша мөлшерін көрсететін экономикалық санат; өнімнің, бұйымның, тауардың, жұмыстардың, қызметтердің ақшалай құны.

6. Валюта белгілі бір елдің заңмен белгіленген ақша өлшемі                         (АҚШ-та - доллар, Қазақстанда - теңге); шет мемлекеттердің халықаралық экономикалық айырбас пен басқа да халықаралық байланыстарда пайдаланылатын ақша белгілері (шақалар, банкноттар, қазынашылық билеттер); халықаралық есеп айырылысуларда қолданылатын несие, төлем құжаттары (вексельдер, чектер, аударымдар, т.б.).

7. Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) елдің бір жыл бойына өндірген ақырғы (дайын) өнімнің рыноктық бағамын есептелген құнын сипаттайтын қорытындылаушы макроэкономикалық көрсеткіш.

8. Инфляция айналым  арналарының  артық  ақша  белгілерімен  аса  толып  кетуінің  нәтижесінде  тауар  мен  көрсетілген  қызметтердің  бағасының  өсуі,  ақшаның  құнсыздануы.

9. Рынок тауарды өткізу бойынша айырбас сферасында қалыптасатын, экономикалық қатынастардың жиынтығы. Нақты тауар немесе қызметтің сатып алушысы (сұраныс талапшылары) мен сатушысын (жеткізушілер) бірге жолықтыратын институт немесе механизм.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі