Зароботная плата

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:07, реферат

Краткое описание

Здесь все об зп

Содержимое работы - 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать файл)

    Мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіру, инфляция деңгейін төмендету, төлей алатын сұранымды  жалпы қысқарту, капитал айналымының аясын толтырып жіберу және осы сферадағы күшейе түскен бәсекелестік шағын кәсіпкерлікті айтарлықтай дағдарысқа ұшыратты. Қатал бәсеке, ең алдымен, бағасыздану және таза табыс мөлшерінің төмендеуі шағын кәсіпкерлікті өз табысын өсіріп немесе сақтау үшін «сұрғылт» экономикаға кетуге, салық төлеуден жалтаруға мәжбүр етуде.

    Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше  секторы ретінде өмір сүріп келді  және әрқашанда өмір сүре береді. Оны  тікелей шектеу, реттеу және бақылау  жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі діттегеннен гөрі бір мысқалдай кемдеу шығады.  Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі – салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстармен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.

    Экономиканың  бұл секторына мемлекеттің мүдделі  болуында экономикалық, саяси және халықтың барша топтарынан алынған  кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен  толықтырылады.

    Экономиканың  бұл секторына мемлекеттің мүдделі  болуында экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:

    - ел экономикасының құрамдас бөлігі  болып, экономиканың дамуы мен  тиімділігі деңгейіне айтарлықтай  ықпал етеді, мұның өзінде орталықсыздандырылған  қаржы көздерін пайдаланады;

    - бюджетке салық  төлеуші болып саналады, мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;

    - орташа және ірі бизнестер  үшін қай жерде кадрлар мен  капитал жинақталса, экономиканың  сол секторы болып шығады;

    - қай жерде мемлекет әрекеті  немесе ірі және орташа бизнес  тиімсіз болса, рыноктың сол  секторында тауарға, тауарға,  жұмысқа және қызметке деген сұранымдарды қанағаттандырады;

    - қай жерде бәсекелі орта тұрақты  сақталса және негізгі азық-түлік  пен азық-түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса, экономиканың сол секторы болып саналады;

    - еңбекті қоғамдық бөлуді тереңдетіп  және болымсыз шығынмен нарықтық  инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік  тудырады.

    Шағын кәсіпкерліктің саяси мүддесі мынаған саяды:

    - болашақтағы саяси және әлеуметтік  тұрақтылықтың кепілшісі секілді,  орташа топты қалыптастыратын  көздердің бірі болып саналады;

    - көрсеткен қолдауынан бүгін белгілі  бір нәтиже алып және оны  болашақта ұлғайтуға үміттенетін  әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.

    Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған  саяды:

    - еңбекке жарамды халықтың айтарлықтай  бөлігін жұмысқа тартады және  оның экономикалық дағдарыс жағдайында  тіршілік етуіне қол ұшын береді;

    - халықтың ең белсенді бөлігінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасап және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік тудырады.

 

   КӘсіпкердің сатып алушы алдындағы  жауапкершілігі

 

    Өмірдің басқа салдарының өкілдері секілді  Қазақстандағы іскер адамдардың көпшілігі адал да, еңбекқор және тұтынушылармен әділ қатынас жүргізгісі  келеді. БИзнестің этикасы деп аталатын тұтынушылар туралы қам табыс туралы қаммен қатар жүруі тиіс. Ерте ме, кеш пе, тұтынушы кәсіпорынның өз істеріне жауапкерсіздігін біліп   қалса, онда ол онымен сауда жүргізуден бас тартқан.

    Нарықтық  экономикалық елдерде тұтынушылар  құқығын қорғау заңнамасы жасалынып, ол ойдағыдай қолданылып келеді. Оның өмірге келуі тұтынушыларды өнім өндірушілер мен сатушылардың заңсыз әрекеттерінен қорғау қажеттілігінен туған. Тұтынушыларға жеткен тауарлар сапасының нашарлауы жиілеп, оларға берілген сипаттама, көбінесе, жарнамада айтылғандармен сәйкес келмейді. Монополистер мен сатушылар тұтынушыларды көбінесе лажсыз алуға мәжбүр етеді.

    Тұтынушылардың  мүдделері мен құқықтарын қорғау проблемасы  нарықтық экономикалы елдерде өткен ғасырдың 50-70 жылдарында пайда болып, өмірде ұйымдасқан қозғалыстарды  тудырды. Бельгия мен Құрама Корольдікте тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі алғашқы қоғам 1957 жылы, Нидерландияда – 1963 жылы құрылды.

    АҚШ-та тұтынушылар  қозғалысы өткен  ғасырдың басында пайда болды. Ол бағаның көтеріліп, ет өнеркәсібіндегі  жағдай мен медициналық препараттарды  патенттеу жөніндегі шатақтарға байланысты туды. Тұтынушылардың екінші қуатты қозғалысы өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың дүлей күші мен дәрілік препараттарға байланысты кезекті дау-дамайдан шықты. Үшінші рет констъюмеризм толқыны 60-шы жылдары көтерілді.

    Қазіргі уақытта консъюмеристік қозғалыс әлемнің  барлық елдерін қамтып отыр.

    Оның  себебі, сол кезеңде ұзақ уақыт  пайдаланатын тауарлар шығару айтарлықтай  молайып, синтетикалық жаңа және басқадай жасанды материалдарды және т.б. қолдану елеулі түрде өрістеген  еді.

    Бұл кезеңде дамыған капиталистік елдерде  тұтынушылардың мүдделерін жаппай барлық салаларда емес, тек кейбір салаларда (несие беру, тұрғын үйді жалға өткізу, сауда) қорғаудың жекелеген нормативті актілері бар болатын.

    Тұтынушылардың  құқықтарын қорғауға бағытталған жекелеген  құқықтар салаларында  да бекітілген еді. Алайда, экономиканы монополизациялау  жағдайында тауарлар мен қызметтердің ерекше әртүрлілігінің пайда болулары, жарнамалаудың қуатты құралдарының өмірге келуі тұтынушылардың бұрыннан бар құқықтық қорғау құралдарының жеткілікті емес екендігін көрсетті. Дамыған нарықтық құқықтарын қорғау тікелей қатысты арнайы нормативті актілердің шығуы осы себептерге байланысты еді.

    Оған  мыналарды жатқызуға болады: Францияда  – сауда мен игі қызметтер  көрсету кезіндегі алдау мен  жалғандық туралы Заң (1905), «қардан  қала тұрғызу» принципіндегі сауда туралы Заң (1953), «алдамшы жарнамаларды болғызбау» туралы  Заң (1935); Данияда – тауарды сатып алу-сату келісімі туралы Заң (1906), тауарды таңбалап және бағасын көрсету туралы Заң (1977), тұтынушылармен жасалған келісімдердің әрқилы түрлері туралы Заң (1978); Ұлыбританияда – тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы Заң (1978), келісімдердің арамдық  жағдайлары туралы Заң (1977), шектеуші сауда практикасы туралы Заң (1956) және басқалар. Нарықтық экономикасы дамыған  елдерде тұтынушылардың құқығын қорғау заңнамасы сауда мен игі қызмет көрсетудің әртүрлі ортасында жүрген тұтынушылар қорғайтын заңдар ондап саналады.

    Тұтынушыларды қорғаудың төрт негізгі құқығы туралы Декларацияға АҚШ президенті Д.Кеннеди 1962 ж. 15 наурызда  қол қойған болатын. Олар:

  • тауарлардың қауіпсіздігіне құқық;
  • ақпараттарға құқық;
  • өз мүддеңді білдіру құқығы;

    Халықаралық тұтынушылар одақтарының ұйымы (ХТОҰ) бұған тағы төртеуін қосты:

  • негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру құқығы;
  • зиянның орнын толтыру құқығы;
  • тұтынушылық білімге құқық;
  • қоршаған ортаның саулығына құқық.

    Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау барлық елдерде әкімшілік  пен соттың қолда бар құралдарының көмегімен тиісті нормативті көлемділікке құрылады.

    Тұтынушылардың  құқықтарын қорғауға арналған Басшылық принциптер 1985 жылдың 9 наурызындағы №39/248 қарар  ретінде Бас Ассамблеясында  мақұлданған.

    Бас Ассамблеяның күшіне еніп, бекітілген қарарынан кейін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер  Басшылық принциптерді есепке ала отырып, тұтынушылар құқығын қорғау жөнінен  белсенді саясат жүргізуге міндеттенген. Әр мемлекет өзіне тән экономикалық және әлеуметтік жағдайларына сәйкес, сондай-ақ халықтарының қаулыларына қарай нақтылықпен бұл салада өздерінің бірінші кезекте тұрған жеке міндеттерін белгілеуге тиіс еді.

    Тұтынушылардың  заңды мүдделері болып мойындалатындар:

  • қауіпсіздік пен денсаулықтың зиян шегуінен қорғау;
  • олардың экономикалық мүдделерін сақтау;
  • жеке қажеттіліктеріне сәйкес тауарларды (қызметтерді) дұрыс таңдауды қамтамасыз ететін ақпараттарға жол беру;
  • тұтынушыларды сауаттандыру;
  • арыздарды қараудың тиімді рәсімдерін табу;
  • тұтынушылардың құқықтары сөз болып, шешім қабылдау процесі үстінде өз пікірлерін білдіруге құқықтары бар тұтынушылар топтары мен ұйымдарын құруға еркіндік.

    Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Айрықша  бөлімімен, «Тұтынушыларды қорғау туралы» Заңымен   және т.б. реттелінеді.

    1998 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында  тұтынушылардың құқықтарын қорғау  қоғамдары тұтынушылар құқықтарының жағдайларына 5000 тексеру жүргізген, оның 2816-да әртүрлі заң бұзушылық анықталған. 5966 мың теңгеге 1810 наразылық ресімделген. Өндірілген зиянның сомасы 4649 мың теңгені құрап, тұтынушылардың 560 наразылығы сотқа түсірілмей қанағаттандырылған.

    Біріншісі өте қарапайым саналады. Кейбір фирмалар өздерінің адалдықтары мен туралықтары  жөнінен жасы атаққа жетуге мүдделі болмаулары мүмкін, өйткені олар рынокта ұзақ уақыт тұрақтауды ойламайды. Олардың стратегиясы ашық алдампаздықтарын  жүзеге асыра салып, түнге қарай тайып отыру. Соңғы уақытта мұндай алдаушылықтар Қазақстан Республикасында жиі ұшырасатын болды.

    Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалар талаптарының орындалуы туралы қадағалаудың тәжірибесі ретінде республиканың  халыққа сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық  қызмет, көлік, байланыс, комунальды-тұрғын үй және т.б. қызметтер көрсететін 4682 кәсіпорын тексерілді.

    Азаматтардың 1944 ой-тілектері қаралды, олардың  бәрі негізді болып шығып, тұтынушылар  мүддесінің пайдасына шешілді.

    Тұтынушылар құқығының бұзылуы 3700 кәсіпорында немесе тексерілген кәсіпорындардың 80 пайызында орын алғаны анықталынып, материалдық зиянның мөлшері 175 млн.теңгені құрады.

    Тұтынушыларға қайтарылған материалдық зиянның  сомасы 162 млн. теңгені құрап, мемлекеттік  бюджет есебіне 152 млн. теңгені түсірілді.

    Шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің аттарына 939 ұсыныс, нұсқама, ескертпелер жасалды.

    Тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдары сот  органдарына 152 талап-арыз берді, оның 137-сі қанағаттандырылып, 90 адам жауапқа  тартылып, 145 млн.еңге материалдық залал өтелді.

    Рынок, мүмкін өнімнің пайдалану сапасы жөнінде өзіне пайдалы ақпараттарды  жеткілікті білмейді. Тұтынушылар   сатушылардың арыздарын салыстыру үшін жалпы стандарт немесе эталонға зәру, әсіресе, егер ол арыздар техникалық немесе аса күрделі заттарға байланысты болса. Мысалы, энергия үнемдеу Қазақстанда ең маңыздылықтардың бірі. Тұтынушылар энергияны аз шығындайтын тоңазытқыштар, кондиционерлер және басқа да электр приборларын сатып алғылары келеді.

    Мұндай  тұтынушылар өздері таңдап тұрған тоңазытқыштың басқа моделмен салыстырғанда қаншалықты тиімді екендігін көрсететіндей ақпараттар оқығысы келетіндігі табиғи нәрсе. Айта өтер болсақ, өндірушілер тұтынылған электр энергиясын өлшей алатындай жүздеген тәсілдер бар. Басқа да нәрселермен қатар, энергияның тұтынылу мөлшері тоңазытқыштағы тамақтардың мөлшеріне, тоңазытқыш пен мұздатқышта қойылған температураға, сондай-ақ тоңазытқыш тұрған бөлменің температурасына да байланысты болуы мүмкін. Анықталынып болғаннан кейін де энергияны тұтыну туралы хабарлаудың көптеген тәсілдері бар. Кейбір компаниялар қуаттылықты пайдаланылатын электр көзінің единицасымен білдіруі мүмкін. Басқалары республиканың белгілі бір ауданында тоңазытқыштың жыл ішіндегі пайдаланылуының орта бағасын және тағы басқаларды тілдеріне тиек етеді.

    Электр  энергиясын тұтынуды тестілеудің жалпы  жүйесінсіз және ол туралы мәліметсіз, егер тіпті, барлық өндірушілер энергияны  жұмсау туралы мәлімдеме жасауға  құлшынғанның өзінде де тұтынушылар, ойлап  алыстырып көруге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Информация о работе Зароботная плата