Зароботная плата

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 22:07, реферат

Краткое описание

Здесь все об зп

Содержимое работы - 1 файл

Эк.теория на каз.doc

— 438.50 Кб (Скачать файл)

    Мемлекет  иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен  жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халық қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материалдық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.

    Мемлекет  иелігінен алудың бір бағыты - ол жекешелендіру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акционерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті демонтаждау. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншігінің объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

    Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тыныш революция деп те атайды. Негізінде қазір бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құрулардың ұмтылушылығы, әлемде әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген  деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.

    Жекешелендірудің  негізгі себебіне мемлекеттік кәсіпорындар тәртіп бойынша ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

    Жекешелендірудің  басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер  өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институтционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсырманы қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының  барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіпорындардың барлық жеке және заңды иелері тек экономикалық және заңды борыштарды атқаруға ғана емес, яғни сақталуы, көбеюі, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі елдердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.

    Қазақстанның  меншік иелеріне, оларды қиын өтпелі экономикада қарау, псевдонарықтық  жағдайларға бейімделу және оларға нарыққа психологиялық қатынастар және меншіктің түрлі формаларына психологиялық  қатынастар құру маңызды болды. Мемлекет халықты реформаны өткізудің қажеттілігіне сендіру, нарыққа қызығушылық қатынастарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.

    Мемлекет  иелігінен алу және жекешелендіру  бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде  жүргізілді:

  1. жаппай жекешелендіру;
  2. шағын жекешелендіру;
  3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.

    Жаппай  жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу  болжанды. Бірінші кезеңде (1991-92 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

    Екінші  кезең (1993-96 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1991-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объектілер саясатынан 1994-96 оларды өткізуге ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіпорындар жекешелендірілді.  Жекешелендірудің дербес  жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

    Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.

    Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу  және жекешелендіру нәтижесінде  қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары  пайда болды. Олар:

  • жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;
  • ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халықтық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашылықтардың формасы);
  • мемлекеттік - мемлекет  пен оның халқының меншігі, оны үкімет басқарады.

    Республика  заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру егізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады, сонымен қатар мемлекеттік меншікті (бірлескен кәсіпорындар құру). Қазір әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншікті қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады.

    Республикадағы  аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға  мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне ие. Өндірістің меншік иелерімен осы принципті бұзу қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттылық пен мемлекет иелігінен алу жағдайында қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

    Республикада  жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болып, бөлу қатынастарының монополиясын жүзеге асырмай, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын қызмет етудің нарықтық принципіне бағдарланған меншіктік қатынастардың өзгеруі.

    Әлемдік тәжірибе негізіндегі республикадағы жүргізілген реформалардың нәтижелі негізі келесі әдістермен  іске асырылған:

  • нарықтарды бейтараптандыру;
  • аралас кәсіпорындарды  құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;
  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
  • мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.

    Реформа кезінде Қазақстан бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.

    ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның мәселелеріне мыналар жатады:

    1. Шаруашылық субъектілеріне шаруашылық  формасы менменшік формасының ерікті және саналы түрде таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған. Меншік жаңа иелерінің көзқарастары тұрғысынан, қазір  оларға тұру тиімді және  олар фермерлік жерлер  сиқты тұр.

    2. Меншікті қатынастар меншік субъектісі  мен объектісін жақындату жағына  қарай жүру керек. Субъектіге  еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шығарылмаса немесе осы жеңіп шығу тек жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық ынтаның бастаушысы болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтып, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жою.

    3. Жеке кәсіпкерді заңдық және  қаржылық қатынастарда қолдау  қажет - меншік иесін, шағын  және орта бизнесті, оларды жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті жалгерлікті қамтамасыз ету жолымен.

    4. Қазақстандағы көшпелі экономикадағы  меншік формалары қатынастарының  өзгеруінің ең қиын мәселесі - мемлекеттік меншікті билейтін  органдарға бақылау жүргізу болып  табылады. Олар мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етушілер сияқты кешегі меншік иелерінің қызығушылықтарын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, ол меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.

 

    Түйін

 

    Меншік  қоғамдық өмір мен өндірістің жақтасы  болды, болып отыр және болады. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетіктері мен мемлекеттік институттар тәуелді.

    Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүлік құқықтық, экономикалық неғұрлым өспелі масштабтардағы жалпылылық, қайталанушылық ұдайы өндірістік қатынастар.

    Қоғамдық-өндірістік қатынастар меншік формаларының түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен анықталады: жеке, қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпоративтік, мемлекеттік т.б.

    Меншіктің екі анықтаушы формаларына (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.

    Меншік  формаларын өзгертуде жүргізілетін экономикалық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстандағы меншікті жекешелендіру маңызды орын алады.

 

    Жаңа  терминдер мен  түсініктер

 

    Меншік

    Меншік  субъектісі

    Меншік  объектісі

    Құқық

    Билеу

    Басқару

    Меншіктену

    Тікелей

    Жанама

    Шеттету

 

    І. Практикум.

  1. Неге меншік адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады?
  2. Қоғамдық меншікке негізделген экономикалық жүйе неге капитализммен экономикалық жарыста объективті ұтылысқа ие болады?
  3. Меншіктің әр формаларының кемшіліктері мен артықшылықтарын айыра білу
  4. Меншіктің қай формасында адамзат қоғамының болашағы дамитынын дұрыс дәлелдеу
  5. Меншік формаларының  бір-бірінен табанды айырмашылықтарын білу
  6. ҚР-ғы жекешелендіру мәселелерінанықтау

    ІІ. Қайталауға арналған сұрақтар

 

    1. Меншік формаларына анықтама беріңіз?

    2. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырма-шылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?

    3. Адам мен қоғам өміріндегі  меншіктік қатынастардың ролі мен мәнін негіздеңіз?

    4. Мына ойды қалай түсіндіруге  болады: «Жеке меншік - жекеленген, ал қоғамдық - иесіздендірілген»?

    5. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта  ҚР-да меншіктің қай формасы бекітіледі?

    6. К.Маркс түсінігін негіздеңіз - «Шенеуініктер  жеке меншік сияқты мемлекеттік  және саяси билікті меншіктенеді?

 

 

     Ш. Өз білімін бақылауға  арналған тестілер

 

1. Меншіктік қатынас  - бұл құқық. Иелену  құқығына ие болу  деген не? Өндірістік  қатынастарсыз иеленуге  бола ма?

2. Меншік - адамдар  арасында тарихи  өзгеретін жүйе:

а) өндіріс  процесі мен қызмет көрсетудегі  объективті

    қатынастар;

б) материалдық  игіліктерді бөлу және оларды тұтыну;

в) қоғам  мүшелерінің еңбек қызметінің арасындағы

    айырбас;

г) жеке кәсіпкерлер мен өндіріс қаражаттарын меншіктену;

д) а, б, в жауаптары дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.

3. Қорлар мен өндіріс  факторларының меншік  иесі болу деген не?

а) қорларды иелену құқығы;

б) қорлармен  өндірілген тауарлар мен қызметтерді  билеу 

    және меншіктену;

в) шешім  қабылдау құқығы - не және кім үшін өндіру;

г) материалдық  игіліктерді кім үшін және қанша  өндіру;

д) а, б жауаптары дұрыс;

е) барлық жауаптар дұрыс.

4. Меншіктің қоғамдық  формаларының теориялық  негізін құрды:

а) У.Петти;

б) А.Смит және Д.Рикардо;

в) В.Ленин;

г) К.Маркс;

Информация о работе Зароботная плата