Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 20:31, курсовая работа
Бірінші тарауда, ҚР-ның Ұлттық валютасы зерттелген. Мұнда валютаның мәні, нарығы, бағамы, жүйесі, факторы, паритеті, халықаралық есеп айырысу балансы қарастырылады.
Екінші тарауда, валютаның даму кезеңдері де қарастырылып,зерттелген. Мұнда ҚР-ның валюта жүйесі, төлем балансы, валюта ресурстарының қалыптасуы, пайдалануы қарастырылады.
Үшінші тарауда, Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары туралы қарастырылады. Оның ішінде инфляциямен күресу жолдары туралы айтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті валютаның қайшылықтарын қарастырып, валютаның мәнін, оның жүйе қатынастарын талдау және Қазақстандағы Ұлттық валютаның банктегі қызметін атау.
Кіріспе
1.Валюта нарығының теориялық негіздері.....................................................4
1.1Валюта нарығың мәні
1.2 Экономикадағы валюталық курстардың енгізілуі
1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта нарығы
2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері
2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы...........16
2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау................................................19
3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары.....................................22
3.1Валютаның нарығының тұрақтандыру проблемалары.................................22
3.2 Валюта нарығының жетілдіру жолдары........................................................26
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттері.................................................................................31
Біздің есептеулеріміз бойынша, қазіргі кезде экономикадағы ақшаның көлемі жеткілікті болып табылады. Елде қалыпты ақша айналымы байқалады. Сондықтан Ұлттық Банк экономикаға қосымша ақша құюдың қажеті жоқ деп санайды.
Бұл нақты пайымдау емес: банкнот және монеталар қатарында – жаңа номиналдар жоқ! Есте қалатын, мерейтойлық күндерге және жалпымемлекеттік мәні бар оқиғаларға арналған банкноттар мен монеталар ғана бар. Олар да номиналдық құны бойынша заңды төлем құралдары болып табылады. Қолданыстағы дизайнның айналыста жүрген банкноттары мен монеталары айналыстан алынбайды. Жаңа дизайнның ескерткіш банкноттары айналысқа шектеулі таралыммен шығады және, әдетте, оларға Ұлттық Банк ұлттық валютаға арналған жаңа қорғаныш элементтерін сынақтан өткізеді.
Адам сияқты валютаны да сыртқы түріне қарай қарсы алады да, жеке әрі кәсіби қасиеттеріне қарай бағалайды. Демек, ұлттық валютаны дизайны мен қорғаныш дәрежесіне қарай ғана емес, ақша ретіндегі негізгі қызметтерін қаншалықты жақсы атқарғанына қарай бағалайды. Бүгінгі күні теңге толыққанды ұлттық ақша бірлігі ретінде толығымен қалыптасты деп сеніммен айтуға болады. Ол ақшаның барлық функцияларын орындауда және құн шамасы; айналыс құралы; төлем құралы; жинақтау құралы болуда. Яғни, теңге нарықтағы түрлі тауарлар мен қызметтердің құнын өлшеуге мүмкіндік береді. Ақша айналысында теңге мәмілелер жасауда сатушыдан сатып алушыға дейінгі тауар қозғалысында «делдал» рөлін атқарады. Теңге – түрлі төлемдер, оның ішінде жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, салықтарды, айыппұлдарды төлеу кезінде төлем құралы. 18 жыл ішінде жинақтаушы, оның ішінде депозиттер түріндегі рөлі де айтарлықтай өсті. Мысалы, соңғы он жылда теңгемен депозиттер үлесі олардың жалпы көлемінде 2001 жылдың соңындағы 36%-дан 2011 жылғы қыркүйектің соңындағы жағдай бойынша 67,1%-ға дейін өсті.
Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының дизайнына келер болсақ, Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайының ең алдыңғы қатарлы технологиялар пайдалануының және дайындау сапасының жоғары болуының арқасында теңге беделді көрмелер мен түрлі конкурстарда лайықты бағасын алуда. Мәселен, 2007 жылы Валюталық мәселелер жөніндегі халықаралық қауымдастық конкурс ұйымдастырды, оған ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі банкноттарымен қатысты. «Ең үздік жаңа банкнота» номинациясында I орын 10 000 теңгелік банкнотаға берілді. Ұлттық Банк 2007 жылы монета өнімінің «Халықаралық Виченза Нумизматика жүлдесі» (Италия) конкурсына қатысты, онда 16 елден 39 монета ұсынылды. Бұл маңызды нумизматикалық конкурс монета сарайлары немесе мемлекеттік әкімшіліктер соққан ең әдемі монетаны марапаттайды. Бірінші жүлде монетаның эстетикалық аспектілері мен тақырыптық мәні үшін беріледі. Бұл конкурсты ҚР Ұлттық Банкі «Ғарыш» монетасымен жеңіп алды.
«Көшпенділер алтыны» сериясынан Қазақстанның «Шабандоз» монетасы «Жылдың күміс монетасы» номинациясында, ал «Қазақстанның өсімдік әлемі» сериясынан «Регель қызғалдағы» монетасы «Монета – ең жақсы сыйлық» номинациясында жеңіп шықты. Сондай-ақ ол «Монета жұлдыздары-2007» ТМД және Балтық елдерінің ең үздік монетасы конкурсында көрермендер көзайымы жүлдесін жеңіп алды.
2009 жылы ҚР Ұлттық
Банкі «Халықаралық Виченза
3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары
3.1Валютаның
нарығының тұрақтандыру
Әлемдік валюталық нарықтың қазіргі кездегі жағдайыең алдымен американдық қаржы-валюталық қиғаштықпен байланысты маңызды, көкейкесті, әрі дағдарысалды проблемаларды шешуді талап ететіндігімен сипатталады.
2007 жылдың қыркүйек
айындағы АҚШ-ғы ипотекалық
Резервтік валютаның ұлтық және халықаралық мәртебесі арасында қайшылық бірнеше бағыттардан көрінеді. Біріншіден, бүкіл әлем ақшаларын тек алмастырушы ретінде шығатын резервтік валютаға да, басқа да кез-келген қағаз ақшалар сияқты қауіп төнуі мүмкін, яғни инфляция, бірақ та резервтік валютаның халықаралық мәртебесі есебінде оның салдары тек бір ғана эмитент-мемлекетке ғана емес, ол бүкіл әлем елдеріне де әсер етеді. Екіншіден, халықаралық тұрғыда резервтік валюта тек жекелеген мемлекеттер құзырында болады. Бұл жағдай оның тұрақсыздығын және сенімсіздігін туындатады. Эмитент елдің біржақты тәркілеу шараларын қабылдауға мүмкіндік тудырады. Үшіншіден, резервтік валютаның әлемдік ақша рөлін орындауы, айналымның халықаралық жүйесінде жеткілікті турде болуымен байланысты, бұл дегеніміз резервтік валютаның эмитент-елінің капитал экспортталуының белсендірілуімен және оның төлем балансы тапшылығының ұлғаюымен қоса жүреді. Осыған орай резервтік валюта халықаралық төлем айналымының арналарын қамтамасыз ете отырып, бір жағынан толық сенімділікт, ал екінші жағынан оған деген сенімділікке эмитент-елдің төлем балансының тапшылығына алып келеді.
Біздің көзқарас бойынша қазіргі жағдайда резервтік валютаның мәртебесінен бас тарту қажеттігі туындауда, бұл міндетті түрде дағдарысты ұстанымға алып келеді. Мүмкін, резервтік валютаның алтын-валюта стандартына қайтарылуында жатқан болу керек. Бұл баршаға белгілі, өйткені бүгінгі куні көптеген елднрде көбінесе алтынға сенім артуда, яғни осы сенімділіктің арқасында әлемдік алтын нарғы белсендірілді және алтынға деген әлемдік баға күрт өсе түсті.
Алтынға деген сұраныс соңғы он жылда 30%-ға жоғарылады. Бүгінде әлемдік сұраныс 1980 жылдардың алғашқы жылдарындағы рекордттық көрсеткіштерден жоғары, яғни сол жылдары алтынның бағасы бір троя унциясына 850 АҚШ долларын құраған. Бағалаулар бойынша сұраныс деңгейі мен алтын шығару деңгейінің арасындағы алшақтық жылына 500-1700тоннаға дейін ауытқуда. 1955жыл мен 200 жыл аралығында алтынға деген баға 388-273АҚШ доллары деңгейіне дейін жоғарылады.
Қазіргі жағдайда алтын қорланымыеың құрылымымен сипаты бағалы металдың демонетизациясы үдерісін анық көрсетеді. Барлық өсім жекекменшіктегі қордың өсуі есебінен болып отыр. Ал тиындық алтынның мемлекеттік резерві жылдан жылға азаюда. 200-2006 жылдары мемлекеттер мен халықаралық мекемелердің ресми алтын резерві тарихта болмаған ең жоғары көрсеткішті құрады, яғни әлемдік ресурстың қорланымының 63 –ын құрады. Осыған байланысты жекеменшік запастың мөлшерінен асып түті. Бүкіл әлем бойынша алтын валюта резервінің мөлшері бойынша 54ай қатарынан алдыңғы орынды алып келуде. Яғни, 2006жылдың мамыр айындағы оның мөлшері 816,85млрд.долларды құраған.
Екінші деңгейлі металдың көзі ретінде, шығатын қорланған алтынның жалпы массасын бағалай отырып, бірінші деңгейлі металды өндірудің 55-ші ағымына сәйкес екендігін есептеуге болады, ал бірінші деңгейлі металдың нарықтық бағасы 1,3трлн.долларды құрайды, яғни әлемдік экспорттың төрттен бір бөлігі болып табылады. Бұл қорланым кем дегенде бүгінгі күнгі кеніш көзінің жиынтық мөлшерінен уш есе артық болуда. Сондықан алдағы кезеңде алтын нарығының ұсынысына физикалық тұрғыда шектеу болмайды.
Алтынның жалпы әлемдік ресурстары 120-200мың тоннаға бағаланады. Негізгі үлес Витватероранд (ОАР) кеніш көзі ауданына тиеді. Азия аймағын алатын болсақ Ресей, Қытай және Қырғызстанның үлесіне алтын ресурсының басым бөлігі келеді. Ал американдық континентте Бразилия, АҚШ, Канада, Чили, Венесуэлла арасында запастар бөлінуде. Еуропаны алсақ, Украина, Карелияның ресей бөлігіне анағұрлым жоғары үлес түсуде. Австралияда болса ол көрсеткіш 10-13мың тоннаны құайды деп бағалануда. 2005жылы алтынның жиынтық тұтынуы 3483тоннаны құрады.
Әлемдік Валюта Қорының мәліметтері бойынша 2006жылдың 1 қаңтарында алтынның запасы 33мың тоннаны құраған. Ең ірі алтын запасы - АҚШ-тың (2006жылдың 1-ші қаңтарында – 8,1мың тонна немесе барлық елдердің жалпы запас мөлшерінің 27,5%) және Еуропа Одақтастығының (12,5мың тонна және сәйкес 42,4%) еншісінде.
Бағалы металдардың туынды құралдарының анағұрлым сапалы, әрі тиімді көрсеткіші бұл – алыс-беріс ставкасы. Бағалы металдардың қаржы құралдарындағы операциялардың жиынтық мөлшері 70%-ға жуығын жабады. Алтндағы алыс-беріс ставкасы тұрақты түрде 1,33%-ды құрайды.
Инвестициялық хеджерлеу активі ретіндегі алтынның рөлі анағұрлым тиімдірек, яғни негізгі қаржы нарығыгдағы бағаның төмендеуі, сондай-ақ алтынның тұрақты болуындағы АҚШ долларының валюта ретіндегі рөлі де ұтымды болуда.
Соңғы кездегі саяси және ғылыми ортада алтынның ақшалай қызметінің нысанын қалпына келтіру айтылып жүр. Қазақстандық ғалым К.Ж.Бертаевтың көзқарасы бойынша әлемдік және ұлттық деңгейде ақша айналысының жүйесінде алтынның рөлін нығайту, қаржы саласында әлем елдерін кереғар құбылыстардан сақтап қалады делінген. Себебі, қазіргі қағаз активтердің өзіндік құны жоқ, ал олардың нарықтық бағасы көптеген әртүрлі факторлардың әсерінен анықталады. әрбір қағаз валютасы сияқты АҚШ долларының негізгі меншігі, ол американдық қазынашылықтың борышқорлық қолхаты, әрі АҚШ-тың пайдасы есебінде басқа да елдердің ресурстарын қайтарымсыз негізде қайта бөлу құралы болып табылады. Ал, алтын ұзақ мерзімде қалыптасқан ақша, қаржы-несие институттарының қазіргі жүйесіне қатысты көптеген мамандардың айтуынша ешқандай кемшілігі жоқ өзіндік құны бар ұлттық актив болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде алтын тек теориялық және практикалық тұрғыда ақша, қаржы-несие институттарының қазіргі жүйесіне қатысты балама емес. Себебі, әлемдік нарық ұлттық экономикаға тәуелсіз компьютерлік валютаны талап етеді деген көптеген ғаламдық компьютердік қаржылық жүйені әзірлеуге кірісіп кетті. өзінің қызметінің түрлері арқылы бөлінбейтін – e-gold, DigiGold, GoldMoney деп аталатын сандық алтынның үш жүйесінің және басқа да капиталды қажет ететін активтердің қызмет етуі бүгінгі күні белгілі. Интернет арқылы алтынды сату бойнша компаниялардың блжамдық зерттеулері әлемде бірінші сандық алтын жүйесін қалыптастырып жне оны әрі қарай пайдалануды қажет етеді. Қазіргі кезде комерциялық мәмілелерді қаржыландруға алтын қажетті түрде қажет екендігін көрсетті.сол компаниялар алтынды компьютерлік валютаға ауыстырды. Ол 1996жылдың қараша айынан бастап өзінің операциларын жүзеге асырды. Содан бері осы жүйе арқылы 3,2млн.комерциялық мәмілелер жасалынды. әрбір осындай компьютерлік валютаның көмегімен жасалған операциялар алтынмен жасалған операциялар сомасна пара-пар болды. Бұл капиталмен жасалған операциялар үшін өзінің улкен алтын запастарын пайдалануда компьютерлік валюта жүйесін қолана отырып Орлық банкті қызықтыру мақсатында үшінші жаққа сенімді турде сақтауға беріледі.
Дәстүрлі тұрлаулы валютаны емес, компьютерлік алтнды пайдалануда несиелік тәуекел бомайды, бұл жағдай қаржы нарығы операцияларының сипатын өзгету мүмкін. Сандық ақшалар несиелік пайыз ұғымын жоғалтады, қаржылық алып-сатарлық күрделі өзгерістерге ұшырайды, ал қаржы жүйесі тұрақты әрі сенімді болады. Алтыннң ұлттық сақтау орны болатын Орталық банктің рөлі арта түседі және валюта, алтын және басқа да капиталды қажет ететін активтеодің лизингі маңызды болып табылады.
Әлемдік экономиканың актив функциясын алтынға қайтару нұсқасы ұсынылып отыр. ҚР-ның алтын нарығы мен валюта нарығының әрі қарай дамуына осы үдерістің әсері бар екендігін атап өту керек.
Соңғы жылдары алтынды
өнеркәсіптік мақсатта пайдалану үрдісі
етек жайған. Шартты түрде металдың
85%-ын зергерлік сала қажет етеді
5-6% -ы медициналық сала пайдаланады.
Бірақ та Қазақстандық зергерлер
Ассоциациясының мәліметтері
Бүгінгі Қазақстан өзінің ресурстық әлеуетін оңтайлы пайдалана алмауда. Бұл жалпы мемлекеттік саясаттың ғылыми тұрғыда қажетті зерттелмегендіктен, осы уақытқа дейін геологиялық барлау жүйесі және жобаларды қаржыландыру мүлдем тоқтатылып отыр. Ал, ҚР-ның Үкіметі алтынды стратегиялық материал ретінде қарастыруды тоқтатты.
Алтын запасын құруға келетін болсақ, онда барлық елдер оны қалыптастыру үдерісін аяқтаған, ал Қазақстанда бұл толығымен аяталған жоқ. Біздің ұсыныстар тікелей осыған байланысты қалыптасады, өзіміздің алтын валюта резервімізді тікелей алтын арқылы ұлғайту және алтын өндіруші өнеркәсіптердің ұстанымын нығайту. Бұл жерде К.Ж.Бердяеваның көзқарасы біздің көзқарасымызбен ұштасуда. Бірақ та ел экономикасының резервтік монетарлық активі ретінде алтынның сапалық сипаттамасын талдай келе мынаған келеміз.
Біріншіден, әлемдік қаржы
нарығында айналыста жүретін
басқа да құралдарменсипаттамасы жағынана
анағұрлым жақыны болып алтын
шығады. Алтынға жақындастырылған басқа
да қажетті құралдардың