Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 20:31, курсовая работа
Бірінші тарауда, ҚР-ның Ұлттық валютасы зерттелген. Мұнда валютаның мәні, нарығы, бағамы, жүйесі, факторы, паритеті, халықаралық есеп айырысу балансы қарастырылады.
Екінші тарауда, валютаның даму кезеңдері де қарастырылып,зерттелген. Мұнда ҚР-ның валюта жүйесі, төлем балансы, валюта ресурстарының қалыптасуы, пайдалануы қарастырылады.
Үшінші тарауда, Ұлттық валютаның тұрақтандыру жолдары туралы қарастырылады. Оның ішінде инфляциямен күресу жолдары туралы айтылған.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті валютаның қайшылықтарын қарастырып, валютаның мәнін, оның жүйе қатынастарын талдау және Қазақстандағы Ұлттық валютаның банктегі қызметін атау.
Кіріспе
1.Валюта нарығының теориялық негіздері.....................................................4
1.1Валюта нарығың мәні
1.2 Экономикадағы валюталық курстардың енгізілуі
1.3 Әлемдік шаруашылық және халықаралық валюта нарығы
2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері
2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы...........16
2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау................................................19
3.Валютаның нарығының тұрақтандыру жолдары.....................................22
3.1Валютаның нарығының тұрақтандыру проблемалары.................................22
3.2 Валюта нарығының жетілдіру жолдары........................................................26
Қорытынды............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттері.................................................................................31
Егер валюта курсы төмендеп, оны сақтау мүмкін болмаса, онда девальвация – валютаның белгіленген құнын азайтуды жүргізу қажет. Ал, керісінше, валюта курсы өскен болса (төлем балансының сальдосы активтік болғандықтан), онда мемлекет валютаға ревальвация – белгіленген валютаның құнын өсіру керек. Міне осылай, валюта курсына реттеу механизмі әрекет етіп отырды.
АҚШ долларының алтынның халықаралық валюта резерві қызметін атқаруы, АҚШ экономикасының соғыстан кейін өте күшті болғандығын айқындайды. 1949 жылы АҚШ-тың алтын қоры 22 мың тоннаны құрған болатын. Бұл бүкіл әлем резервінің 70% құрады.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары басында АҚШ-тың әлем экономикасындағы жетекші рөлі, доллардың тұрақтылығы төмендейді (өйткені батыс елдері, Япония өздерінің өндіріс потенциялын орнына келтірген болатын). Аталаған елдерде доллар қоры өте мол жинақталған. 1968жылы алтынның ресми бағасы тек халықаралық есепте саудада қалдырылды, ал жеке нарықтарда оған бақылау жойылды.
Жаңа валюта жүйесі – Ямайка жүйесі пайда болады. Бұл жүйе бір емес бірнеше валютаға негізделеді.
Капиталдар нарығының
интернациялану процестері дамуының нәтижесінде
ұлттық экономикалардың өзара
Еуронарықтар – бпнктердің несиесімен және қарыздарымен операциялар жүргізілетін нарықтар. Осы қарыздар мен несиелер, оларды берген банк тұрған елдің валютасы емес, басқа валюта түрінде болады. «Еуро» деген тек еуропалық аумақпен шектеледі леген түсінік бермейді. Ол – еуропалықтар ақиқат халықаралық нарықтар болып табылады деген ұғым.
Еуро нарықтар барлық ірі халықаралық банктерді, бүкіл әлемнің қаржы орталықтарын және барлық негізгі конфертацияланатын валюталарды қамтиды, олар қаржылық иновациялардың тұрақты көзі болып табылады және жетілген бәсекелікке жуық жағдайда қызмет етеді.
Осындай нарықтармен
қатар, құнды қағаздардың
Осы нарықты еуро валюта түрін алған облигациялар шығарылады және айырбасталады. Сөйтіп еуронарықта қарыз алушылар қажеттіліктерінің барлық түрін қанағаттандыра алады және инвесторларға қаржы салымдарынның барлық түрін ұсына алады.
Әлемдік валюта жүйесінің
даму преспиктивасына байланысты, екі
маңызды тенденцияға назар
- бірінші, өндіріс пен капиталдың интернациялану процестерінің негізі болып табылатын, еуропалық экономикалық интеграцияның тереңдеуімен байланысты тенденция;
- екінші, тенденция –
олардың экономикасының
2.Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге талдауы және қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстандағы ұлттық валюта-теңге қалытасуы, дамуы және ерекшеліктері
Ұлттық ақшаның тарихы – бұл әрқашан да ел тарихының маңызды бөлігі. Қазақстан үшін де, бұрынғы кеңестік кеңістік мемлекеттері үшін де өз төл валютасын енгізу республикаға өзінің толыққанды экономикалық саясатын қалыптастыруға мүмкіндік берген егемендікті құрудағы ақырғы және формальды емес қадам болып табылды. 18 жыл бұрын көптеген елдер үшін рубль аймағынан шығу барлығына ортақ елден байланысты үзілді-кесілді кесетін қауіпті қадам болып көрінгенімен, теңгенің енгізілуі оң көзқараспен қабылданды. Қарапайым тілмен айтқанда, өз валютамыз шаруашылық субъектілерінің де, халықтың да ақшалай қатынастарын ретке келтіруге, дос болғанымен, басқа елдің эмиссиялық орталығына тәуелсіз болуға мүмкіндік берді. Сондықтан болар, халық арасында 15 қараша – Теңге күні болып аталып өтеді. Бұл күн ресми түрде «қызыл» күн болмағанымен, қаржыгерлердің кәсіби мерекесі деп аталып өтеді, егер қалтаңызда, әмияныңызда, шотыңызда немесе карточкаңызда ұлттық валюта болса, атап өткен айрықша жақсы.
Әр кезеңде түрлі міндеттер шешілді. Соған байланысты қазір қайсысының күрделі болғаны туралы емес, барлық қиындықтарды теңгенің еңсере алғандығы маңызды. Мәселен, теңгенің қалыптасқан алғашқы жылдарында ақша-кредит және экономикалық саясатта Үкімет пен Ұлттық Банк үшін: инфляцияны біртіндеп төмендету және өндірістің құлдырауын тоқтату бірінші кезектегі міндеттер болды. Бұл міндеттерді шешу үшін құрылымдық қайта құруға және қатаң макроэкономикалық саясатқа бағыт алынды. Бұл саясат инфляция деңгейін 1992 жылғы 250%-дан 1994 жылы 126%-ға дейін және 1995 жылы 6,3%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік бергенін естеріңізге сала кетейін. ҚР ҰБ қайта қаржыландыру ставкасы 1994 жылғы ең жоғарғы 300%-дан 2000 жылы жылдық 14%-ға дейін төмендеді. Соңғы жылдары ол 10%-дық көрсеткіштен аспай, қазіргі кезде 7,5% құрап отыр.
Теңге және ұлттық қаржы жүйесі дамуының мынадай негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.
• 1-кезең. Екі деңгейлі банк жүйесін құру және банктік қадағалауды дамыту (1993-1998).
• 2-кезең. Инфляцияны төмендету және тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу (1996-1999).
• 3-кезең. Қаржы жүйесінің дамуын жылдамдату (2000-2007).
• 4-кезең. Әлемдік қаржы дағдарысы және дағдарыстан кейінгі даму (2007-қазіргі уақыт).
Теңге қолданылған он сегіз жыл ұлттық валютаны енгізудің тарихи қажеттігін растағанына ешкім күмән туғызбайды деп ойлаймын. Жас валюта уақыт сынағынан сәтті өтті. Ол әлемдік екі қаржы дағдарысына, мұнайдың әлемдік бағасының айтарлықтай құлдыраған, сол сияқты көтерілген кезеңдеріне де төтеп берді. Ол халықтың сеніміне ие болды. Теңгенің енгізілуі нарықтық экономиканың қалыптасуын жылдамдатқаны сөзсіз. Республикамыз мемлекет өмірінің әлеуметтік, экономикалық және саяси саласының дамуында едәуір жетістіктерге жетті.
Сурет 1.Валюта теңгенің дамуы
2.2 Қазақстан Республикасының теңге валютасының қазіргі жағдайы
Қазіргі кезде әлемдік экономикадағы ахуал тұрақсыз күйінде қалып отыр. АҚШ-тың және Еуропалық одақтың кейбір елдерінің макроэкономикалық дамуындағы проблемалар осының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Соған қарамастан қазіргі уақытта әлемдік экономикада қалыптасқан ахуал – 2008-2009 жылдары басталған дағдарыстық құбылыстардың жалғасы. Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс жалпы әлемдік ауқымда, сол сияқты ұлттық деңгейде де қаржылық қатынастардың қолданыстағы үлгілерінің кемшіліктерін көрсетті. Әлсіз жақтар мемлекеттік реттеу құрылымында да, қаржы институттарының өздерінің қызметінде де анықталды.
Қазақстан, жалпы алғанда, дағдарыс
кезінде туындаған
Қазіргі дағдарыстың сабақтарын ескере
отырып, әлемдік экономикадағы
Сурет-2.Ұлттық валюта теңгесі
Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу кезінде ішкі және сыртқы экономикалардағы ахуалға үнемі мониторинг және талдау жүргізеді, Қазақстандағы макроэкономикалық ахуалға теріс әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдерді бағалайды. Бұл ретте экономиканың ішінде, сол сияқты одан тыс орын алып отырған және әлеуетті тәуекелдерге қарамастан баға тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты болып табылады. Қаржы секторының тұрақтылығын және ұлттық валютаның орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелері де Ұлттық Банк үшін стратегиялық міндеттер болып табылады. Тиісінше, бұл бағыттағы шаралар тұрақты түрде қабылданады.
2011 жылғы қыркүйекте теңгенің АҚШ долларына қатысты әлсіреуі байқалды. Қазанда теңге тұрақты болды, бұл ретте бағамның аздап нығаюы байқалады. Сондай-ақ Ұлттық Банк теңге бағамын қалыптастыруға барынша аз қатысады. Алайда теңгенің айырбастау бағамының күрт тұрақсыздандырғыш дүмпулерінің алдын алу үшін және тұрақтылықты сақтау мақсатындағы шараларды Ұлттық Банк қабылдауда және алдағы уақытта да қабылдай бермек.
Тұтастай алғанда,
Сурет 2. Теңге әртүрлі номиналда
Ең алдымен, айырмашылықты атап өту қажет. Қазақстанда Ресейдегідей валюталық дәліз емес, ұлттық валютаның өзгермелі айырбастау бағамының режімі қолданылатынын естеріңізге сала кетейін. Осыған қарамастан, теңге мен рубль іс жүзінде әрқашан бір бағытта қозғалуда. Осылайша, олар бір-бірімен айтарлықтай өзара байланысқан. Бұл Ресейдің де, Қазақстанның да валюталарының белгілі бір дәрежеде мұнайдың әлемдегі нарықтардағы бағаларының жай-күйіне байланысты. Мұнайдың әлемдік бағасының өсуімен екі валюта да нығаяды, мұнай бағасының түсуімен – әлсірейді.
Бұдан басқа, Қазақстан мен Ресейдің саяси және өзара сауда қарым-қатынастары айтарлықтай тығыз. Бұл елдерімізде экономикалық саясат жүргізу кезінде белгілі бір із қалдыратыны сөзсіз. Соған қарамастан, өз жолымызды таңдауда біз тәуелсізбіз, ал Кеден одағының құрылуы айтарлықтай тығыз ықпалдасуға, оның ішінде ақша-кредит және валюта саясаттарын жүргізу мәселелерінде ықпалдасуға жәрдемдесетін болады.
Ақша-кредит саясатын жүргізу мәселесі бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттер орталық банктерінің ақша-кредит саясаттарын қатаң өзара байланыстыру мәселесінің қойылмағанын атап өткен жөн. Қазіргі уақытта мемлекеттердің макроэкономикалық саясаттарын келісу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Бұл макроэкономикалық тұрақтылықты және елдердің экономикаларын дамытуды қамтамасыз етуге, экономикалардың жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуді, сондай-ақ негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өлшемдерін келісуді болжайды.
2.3 Қазақстандағы валюталық нарығына талдау
2011 жылы Қазақстанда халықаралық резервтердің өзгеру динамикасы өсудің оң қарқынын көрсетуде. Мәселен, 2011 жылғы 10 айда тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (42,4 млрд. доллар) 26,6%-ға өсті және 2011 жылғы қазанның аяғындағы жағдай бойынша 75 млрд. доллар болды. Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанның аяғында Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерінің жалпы көлемі 32 миллиард долларға жуық болды және портфельдік бөлу мынадай болды: инвестициялық портфель (70%), өтімділік портфелі (17%), алтын портфелі (12%), стратегиялық портфель (1%).
Ең ірісі инвестициялық портфель болып табылады, оның қосалқы портфельдері еурода (35%), АҚШ долларында (30%), жапон йенасында (30%), британ фунттарында (10%), австралия долларында (5%), канада долларында (5%) және корея вонасында (5%) номинирленді. АВА-нің сақталуын және жоғары өтімділігін қамтамасыз ету үшін олар көп дәрежеде дамыған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестицияланды. Сонымен бірге, ҚР ҰБ қаржы нарықтарын талдау бойынша және алтын-валюта активтерін әртараптандыру мәселелері бойынша тұрақты жұмыс жүргізетінін атап айту қажет.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы – экономика жағдайының маңызды сипаттарының бірі. Теңге қандай жылдамдықпен айналады және «тоқырау» пайда болмас үшін, «қаныаздыққа» ұшырамас үшін, немесе керісінше «ақша» қысымы өсіп кетпеуі үшін Қазақстанның экономикасына қанша ақша қажеттігін қалай анықтауға болады. Бұл сұрақты студент Әлия қойды, ол осы тақырып бойынша реферат дайындау үстінде және сіздің жауабыңызды пайдаланғысы келеді.
Студенттің рефератына көмектесуге тырысайын. Сонымен, ақша айналысының жылдамдығы – бұл мәмілелерге қызмет көрсету кезіндегі ақша айналымдарының жылдық орташа саны. Ақша айналысы жылдамдығының өзгеруі көптеген факторларға байланысты, атап айтқанда экономикалық дағдарысқа және экономикалық құлдырау, өсу қарқынына, инфляция деңгейіне, кредиттің даму деңгейіне, қолма-қол жасалмайтын есеп айырысуларға, есеп айырысуларды автоматтандыруға, төлем айналымы құрылымына және т.б. Оның ішінде, 2011 жылғы маусымның аяғындағы жағдай бойынша ақша айналысы жылдамдығы 2,53 болды, бұл ретте, 2010 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 2,57 деңгейінде белгіленген.
Жалпыға ортақ пікір бойынша ақша көптік етпейді. Алайда экономика үшін бұл пікір мүлде қайшы: ақша экономиканың өзіне қаншалықты қажет болса, соған тепе-тең болуы керек. Экономикадағы ақша көлемі көптеген факторларға тәуелді және елдер арасындағы айырмасы барынша күшті екендігін атап айтамын. Тұтастай алғанда, елдегі экономиканың номиналдық өсу қарқыны ақша массасының өсу қарқынымен салыстырмалы болуы керек. Егер ақша массасының өсу қарқыны экономикалық өсу қарқынынан асып кетсе, әдетте, ел экономикасында инфляциялық қысымның күшеюі байқалады. Кері құбылыс жүрген кезде, ол нарықта қолма-қол ақшаның жетіспеуіне және тиісінше экономикалық өсудің қарқынын тежеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Біздің бағалауымыз бойынша Қазақстанда ақша массасының қазіргі деңгейі экономиканың қазіргі деңгейіне бара-бар болып табылады. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы қыркүйекте ақша массасы 3,2% – 9820,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Жыл басынан бері өсу 15,8% болды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 0,5% өсті және 1260,7 млрд. теңге болды. Жыл басынан бері 9,8%-ға өсті. Осы кезеңде банк жүйесіндегі депозиттер сондай-ақ 3,6%-ға, 8560,3 млрд. теңгеге дейін өсті. Жыл басынан бері – 16,7%-ға өсті. Бұл ретте, ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі депозиттердің өсу қарқынының айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынымен салыстырғанда алда болуы салдарынан 2011 жылғы тамыздағы 86,8%-дан 2011 жылғы қыркүйекте 87,2%-ға дейін өсті.