Банктік тәуекел

Автор работы: a************@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 13:19, реферат

Краткое описание

Пайыздық тәуекел – бұл несие берумен байланысты банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және қарызға алынған ақшаларды несие мерзімі кезінде несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлемеге жету мүмкіндігі тәуекелі. Пайыздық тәуекел тұрақты болып табыла ма, немесе оны болдырмау активтерден түсетін табыстың (несие бойынша мөлшерлеме) өзгеруін тартылған қорлардың шығындарында (яғни, банктік несие беру үшін қаражат алу құны) мерзімі және көлемі бойынша өзгерулерді толығымен баланстау мүмкін болса

Содержимое работы - 1 файл

БТ 7-тапсырма.docx

— 170.96 Кб (Скачать файл)
 

         Пайыздық  тәуекел – бұл несие берумен байланысты банктің тартылған қаражаттарының орташа құнының, яғни депозиттер және қарызға алынған ақшаларды несие мерзімі кезінде несие бойынша орташа пайыздық мөлшерлемеге жету мүмкіндігі тәуекелі. Пайыздық тәуекел тұрақты болып табыла ма, немесе оны болдырмау активтерден түсетін табыстың (несие бойынша мөлшерлеме) өзгеруін тартылған қорлардың шығындарында (яғни, банктік несие беру үшін қаражат алу құны) мерзімі және көлемі бойынша өзгерулерді толығымен баланстау мүмкін болса. Бірақ, іс жүзінде кез келген уақытта барлық кредиттерді осылайша теңестіру мүмкін емес және банктердің өздері де осындай саясатты ылғи да жүргізуге мүдделі емес. Сондықтан банктер ылғи  Пайыздық тәуекелге ұшырайды, бірақ, бұл Пайыздық тәуекелді басқаруды болжайды.

   Пайыздық  тәуекелді басқару банктің активтерін (кредит және инвестициялар), сондай-ақ міндеттемелерін (қарыз қаражаттарынан) басқаруды кіріктіреді. Бұл басқарудың ерекшелігі – оның шегі бар.    

          Активтерді басқару мыналармен ерекшеленеді:

    • банктің тәуекелдік активтерінің портфелінің құрылымын анықтайтын
    • өтімділік пен несиелік тәуекелдің талаптарымен;
    • несие құнын таңдауда банктің еркіндігін шектейтін басқа банктер тарапынан құндық бәсекелестікпен.

   Міндеттемелерді басқару банк өзінің салымшылары  мен басқа да кредиторлар арасында уақыттың кез келген мерзімінде табысты   орналастыра алатын қарыздық инструменттерді  таңдау мен көлемінің шектеулілігімен  күрделенеді, яғни несие беру және қолдағы  бар қаражаттары есебінен басқа  банктер немесе банктік емес несиелік мекемелер тарапынан бағалық  бәсекелестікке қажетті қаражаттардың  қол жетімділігімен шектелген. Пайыздық тәуекелді басқару міндетті  банктің  табыстылығы және өтімділігінң мақсаты  шегінде осы тәуекелді минимизациялауды кіріктіреді.

   Пайыздық  тәуекелдің 2 түрі бар:

  • Позиционды тәуекел – бұл белгілі бір позиция (нақты мезетке берілген процент) бойынша тәуекел. Мысалы, банк қалқымалы Пайыздық ставкамен несие берді. Ол банкке табыс әкелу, әкелмейтіні белгісіз. Бұл тәуекелді болдырмауды баланста қарастыру мақсатында не істеу керек? Еңа алдымен, салымдар бойынша проценттерді өзгерту және банк баланстық активі мен пассиві бойынша проценттрді теңестіру қажет.
  • Құрылымдық тәуекел – бұл Пайыздық ставканың ауытқуымен байланысты ақша нарығындағы өзгерістерден туындаған банк балансы бойынша жалпы тәуекел.

   Сәйкесінше, прценттік тәуекел проценттен алынған  пайдаға және банктің жалпы балансына  әсер етеді. Пайыздық тәуекелдің себептері:

  • Пайыздық мөлшерлеменің әр түрлілігінің (тұрақты, фиксирленген, қалқымалы, төмендетілген жәнет.б.) дұрыс таңдалмауы;
  • Пайыздық ставкалардың өзгеру мүмкіндігінің несиелік келісім  артта толық есепке алынбауы;
  • Орталық банктің Пайыздық саясаттағы өзгертулері;
  • Банкте Пайыздық саясат стратегиясының жоқ болуы;
  • Несие құнын дұрыс анықтамау, яғни Пайыздық мөлшерлеменің көлемін.
  • Пайыздық мөлшерлеменің сипатына қарай келесідей түрлер ажыратылады:Қатаң процент тәуекелі;
  • өзгермелі процент тәуекелі;
  • есептен шығару тәуекелі ( бағалы қағаздар бағамының өзгеруіне байланысты).

   Қатаң процент тәуекелі – несие бойынша қатаң (фиксирленген) Пайыздық мөлшерлеме бекітілгенде, ал депозит және басқа да сатып алынатын ресурстар бойынша проценттер өзгеретін жағдайды туындайды. Берілген жағдайда несие бойынша процент тартылған қаражаттардың нарықтық проценттің  өзгеруін ескермейді.

   Проценттік  тәуекелді болдырмау үшін коммерциялық банктерге төмендегілер қажет:

    • Несиелік келісім шарттарда ақша нарығының жаңа жағдайларына проценттің икемделу ережесін пайдалану;
    • баланс құрылымының өзгеруін басқару;
    • Проценттік тәуекелдің өтемақысын анықтау.

   Егер  баланс активінде проценттік тәуекел  орын алса, онда  пассивінде оың өтемақысы  қарастырылуы қажет. Осы мақсаттар  клиентпен максималды процент туралы келісім жасауы мүмкін.

   Банктің тәжірибелік іскерлігінде аталған  шараларды жүзеге асыру проценттік тәуекелді басқрудың арнайы (мақсатты) әдісін қолдану арқылы жүргізіледі. Проценттік тәуекелді басқарудың арнайы әдістеріне проценттік маржаны басқару  және гәпті (айырмашылықты) басқару  әдістері жатады.

   Бір уақытта проценттік тәуекелді  басқару  мен хеджерлеу және проценттік фьючерстер концепциялары байланысты. Банктегі  басқарудың (менеджмент) басты мақсаттарының  бірі – бұл проценттік маржаны  бақылау, яғни пайда әкелетін активтерден  проценттік табыс пен міндеттемелер  бойынша проценттік шығыс арасындағы маржаны бақылау. Маржадан басқа, активтерден  алынған өлшенген орташа ставка мен  міндеттемелері бойынша төленген өлшенген  орташа ставка арасындағы айырмашылық  болып табылатын спрэдке де көңіл  бөлінеді. Бұл көрсеткіштердің екеуі  де банктің табысы туралы есепте көрсетілуі тиіс. Берілген көрсеткіштер жоспарлау  кезінде болжау әдістері арқылы  анықталады. Сондай-ақ, проценттік тәуекелді  басқару прцесінде GAP (айырмашылық) ескеріледі – берілген уақыт кезеңінде  фиксирленген ставкамен пассив бойынша  фиксирленген ставкамен  банк активтері  мен  пассивтерінің шығындылығы  немесе теңестірілмегендігі. Проценттік тәуекелді басқару әдістерін  банктік операция, экономика, проценттік ставка нарығындағы өзгерістерді мұқият және тұрақты талдауды қажет етеді.

   Инфляция  жағдайында проценттік ставканы басқару  активтер портфелінің мерзімі бойынша  теңестірілуіне дайын болуы қажет. Бірақ бұл өте күрделі, егер банктің  балансында  фиксирленген және қалқымалы  ставкамен активтер мен пассивтер  бар болса. Сондықтан проценттік ставкалар өзгеруінің перспективасын бағалау қажет.

   Мұндағы банктердің активі мен пассивін теңгерімді басқаруда ең маңыздысы бұл пайыздық тәуекелдерді басқару. Банктік тәжірибеде банктің таза пайдасына пайыздық тәуекелдің қаншалықты ықпал ететіндігін  бағалауда мынадай тәсілдер қолданылады: пайыздық маржа деңгейін және динамикасын  бағалау; Spread коэфиициентінің деңгейін және динамикасын бағалау; GAP талдауы; Дюрация; Имитациялық моделдеу.

   Spread – бұл банктің активтері мен  пассивтері пайыздық мөлшерлемелер  арасындағы айырма, яғни ол төмендегі  формуламен берілген:                               

                          

   Spread = iа - іп 

   мұндағы, iа табыс әкелетін активтер бойынша пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі;

   іп  - банктің міндеттемелері бойынша төленетін пайыз мөлшерлемесінің орташа деңгейі. 

   Сонымен қатар, спред арқылы бас банктен  қарыз алған филиалдар мен  бөлімшелердің қызметінің пайдалылығын бағалауға болады.

   Пайыздық  тәуекелді бағалаудың келесі тәсіліне GAP талдауы жатады.

   GAP – үлгісінің формуласы төмендегідей:

                              

   GAP = RSA – RSL 

   мұндағы: GAP -   Пайыз мөлшерлемесінің  өзгерісіне сезімтал банк активтері  мен пассивтерінің арасындағы айырма.

   RSA  - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне  сезімтал банк активтері.

   RSL  - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне  сезімтал банк пассивтері. 

         Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтеріне мыналар жатады: қысқа мерзімді бағалы қағаздар; банкаралық несиелер; өзгермелі пайыз мөлшерлермесімен берілген қарыздар; пайыз мөлшерлересін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай берілген қарыздар.

         Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтерге мыналар жатады: өзгермелі пайыз мөлшерлемесімен тартылған депозиттер; өзгермелі пайыз мөлшерлемесі белгіленген бағалы қағаздар; банкаралық несиелер; пайыз мөлшерлемесін қайта қарастыру көзделген келісімшартқа сай тартылған депозиттер.

             Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтерді өзара салыстырғанда оң  және теріс GAP пайда болады. Демек оң GAP тұсында пайыздық тәуекел егерде нарықта пайыз мөлшерлемесі төмендесе ғана пайда болады. Мұндай жағдайда менеджерлер тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін ұлғайтуға және сонымен бірге қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді көбейтуге тиіс. Бұл шаралар активтер мен пассивтер арасындағы теңгерімсіздікті қалыпқа келтіріп, таза пайданың төмендеуін туындайтын шығынды азайтады. Теріс GAP тұсында пайыздық тәуекел, егер нарықта пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда банк менеджерлері пайданың пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығын өлшеуге тиіс.  
 

   Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамассыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

   Банк  өтімділігі- бұл салымшылар мен қарыз  берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

   Банктің міндеттемелерінің нақты және әлеуметті  деп екіге бөледі. Банктің нақты  міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары  түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал, әлеуетті немесе баланстан тыс  міндеттемелерге:банктен берген кепіл  хаттар, клиенттерге несие желілерін  ашу, т.б. арқылы көрсетіледі.

   Егер  комерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытысында  орындау үшін қолма қол ақшалай  қаражаттар мен басқа да өтімді активтері  болып, сонымен қатар басқа көздерден  қаражаттарды тез арада жұмылдыру  мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл  өнімді банк болып табылады.

   Банк  өтімділігі аталғын барлық міндеттемелерді,сонымен  бірге болашақта пайда болуы  мүмкін міндеттемелерді уақытында  орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді  орындай үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы: қолма  қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық  банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.

   Осы аталған қаражат көздерін пайдалану  банк үшін шығыстарымен байланысты болмауы  керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың  көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

   Банк  өтімділігін мынадай қызметтерді  атқарады:

  • Депозиттерді алу меннесиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
  • Тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамассыз ету;
  • Активтерді зиянсыз сату;
  • Тартылған қаражаттары бойынша төлей алмай тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

   Банк  өтімділігінің екі нысаны, яғни міндеттемелерді  өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі сыртқы факторлардың ықпалымен  анықталады.

   Ішкі  факторлар қатарына мыналар жатады:

  • Банк капиталының базасы;
  • Банк активтерінің сапасы;
  • Депозиттердің сапасы;
  • Сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуекелдігі;
  • Мерзімі бойынша активтер мен пассиветердің өзара сәйкестігі;
  • Сауатты менеджмент;
  • Банктің жоғары дәрежелі беделі.

   Банк  капиталының базасы-бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне  кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сиппатайды. Меншіткті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әртүрлі  мақсаттар үшін бағытталған банктің  басқа да қорлары жатады. Банктің  меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады.

   Банк  активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

   Активтердің өтімділігі – бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы  активтерді сату арқылы олардың қолма  қол ақшаларына айналу қабілеті.

   Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Айналыс нысанындағы  банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

   Активтер  тәуекелі критерийиі, оларды ақшалай  нысанға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің  тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады.Мысалы несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға  байланысты.

Информация о работе Банктік тәуекел