Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:51, реферат

Краткое описание

Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Содержание работы

Кіріспе

1 тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері

2 тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
2.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

3 тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
3.2. Коммерциялық банктер

Қосымша

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

1770 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері.doc

— 269.50 Кб (Скачать файл)

Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:

Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигациясыноның акциясына айырбастау есебінен;

Екіншіден, акцияның көрсетілген  құнын өсіру жолымен.

Банктің жоғарғы басқарушы  органы – акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің Басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, Қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары,  банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері мен олардың орынбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады, әдетте олардың банк жүйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер 3 жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары 2 жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қызметкерлер Ұлттық банктің келісімін 3 айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.

Акционерлердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып  бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма – жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектің тыс жиналыс құрылтайшылардың, Қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.

Акционерлер жиналысының  төмендегідей құқықтары бар:

    • банкке қатысушылар санын немесе одан шығушылар санын өсіру туралы шешім қабылдайды;
    • Қадағалау кеңесін, Тексеру  комиссиясын сайлап олардыңөкілдік мерзімін анықтайды;
    • Жарғылық қордың мөлшері және оны өзгерту туралы қаулы қабылдайды.
    • үлестің мөлшерін анықтайды;
    • банктің Жарғысын, Қадағалау кеңесі, Басқарма, Тексеру комиссиясы туралы ережелерді бекітіп, оларға өзгерістер енгізеді;
    • банктің жылдық балансын, өткен жылғы пайдасы мен шығыны туралы есепті, Тексеру комиссиясының қортындысы мен есебін қарап, оларды бекітеді;
    • банктің пайдасын бөліп, банк қызметін анықтайтын кейбір мәселелерді шешеді.

Банктің кеңесі:

    • банк басқармасының төрағасы мен оның мүшелерін қызметке бекітіп және одан босатады;
    • Жарғылық қорды ұлғайту немесе азайту туралы, банктің жарғысын өзгерту мен толықтыру және басқа да жиналыста қаралатын мәселелер жөнінде акционерлер жиналысына ұсыныс жасайды;
    • несие берудің негізгі жағдайларын анықтайды;
    • банктің филиалдары мен өкілдіктерін ашу және олардың құқықтарын белгілеу мәселелерін шешеді;
    • Банктің, оның филиалдары мен өкілдіктерінің құрылымын және қызметкерлер санын анықтайды, еңбек жөнінде экономикалық нормативтерді және банкті дамыту үшін қажет шығындар мөлшерін бекітеді;
    • Басқарма жұмысын бақылайды;

Банктің кеңесін оның төрағасы тоқсан сайын кемінде бір  рет шақырады. Кеңестің кезектен тыс мәжілісі оның мүшелері мен Тексеру комиссиясының мүшелерінің 1/3-нің ұсынысы бойынша өткізіледі. Кеңестің шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Кеңес төрағасының даусы шешуші болып саналады. Егер мәжіліске кеңес мүшелерінің 2/3 бөлігі қатысса, Кеңестің шешімі заңды деп есептеледі.

Банктің басқармасы:

    • банктің күнбе-күнгі оперативті жұмысын ұйымдастырып, акционерлер жиналысының және банк Кеңесінің шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
    • банктің құрылымдық тараулары, филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;
    • кадрларды таңдау, әзірлеу және пайдалану мәселелерін шешеді;
    • өзінің Ережелеріне сәйкес банк қызметінің басқа да мәселелерін шешеді.

Егер мәжіліске Басқарма мүшелерінің қатысушылары 2/3 –нен кем болмаса, банктің басқармасы қарауына ұсынылған барлық сұрақтарды шешуге құқы бар. Шешім көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс тең болса, Басқарма төрағасының даусы шешуші болып саналады. Басқарма мүшелері қабылданған шешіммен келіспесе, онда өз ойын банктің Кеңесіне хабарлауға құқы бар. Басқарма төрағасы банк Кеңесінің өзіне берген өкілдігіне сәйкес банк жұмысын басқарып, Кеңес жұмысына кеңесші дауыс құқымен қатысады.

 

Банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады. Мысал ретінде коммерциялық банктің ұйымдық құрылымының (2-кесте) үлгісін қарап өтелік.

Жалпы кез-келген банктің  ұйымдық құрылымы банктік операциялардың атқаратын міндетін ескеріп қалыптасады. Мысалы, банктің қаражат тарту және жинақтау операцияларын депозиттік операциялар, есептеу-операциялық, несие және т.с.с. басқармалары орындайды. Әрбір коммерциялық банк банкте шаруашылық есепті ұйымдастыруға, банктің рентабельдігіне және өтімділігіне көп көңіл бөлуі тиіс. Ол үшін банктің ағымдағы қызметімен шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық бөлімшелер қалыптастырылады.

Банктің актив операцияларын  жүзеге асыратын негізгі буыны –  несие басқармасы. Банк кәсіпорындарға, ұйымдарға және банқа банктерге несие береді. Қарыз қорын қалыптастыру көздерінің ерекшеліктеріне, берілетін несиенің қамтамасыз етілуіне және несиелеу механизміне, несиені қолданатын жеріне және басқа факторларға байланысты несие басқармасының шеңберінде, әдетте алты бөлім құрылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша

 

 

 

 

Коммерциялық  банктің операциялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1930 жылға дейінгі банк  жүйесі 

 

1930-1987 жж. (одақтық бір  деңгейлі банк жүйесі )

 

1988-1990 жж. (Одақтық бір деңгейлі маманданған банктер жүйесі)

 

1991 жылдан бастап (дербес  екі деңгейлі банк жүйесі )

 

Ресей Мемлекеттік банкі  және көптеген несие банк мекемелері

 

  1. КСРО Мембанкі (оның ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары жүйесі )
  2. КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі
  3. КСРО сыртқы сауда банкі

 

  1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және Маманданған банктер:КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі. КСРО Агроөнеркәсіп банкі т.б.
  2. Жаңадан кооперативтік және коммерциялық банктердің құрыла бастауы

 

  1. Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі  - Ұлттық банк және коммерциялық банктер.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы-ақшалай  қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, Ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Банктер нарықтық экономикада  басты қаржылық делдалдар болып табылады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды  роль атқарады.

Нарықтық экономикада  банктер монополистерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылы нақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып «нақты өндіріске ең кауіпті түрде араласуы» мүмкін. К.Маркс келесіде «Ағылшын банкісі сияқты мекеменің сауда мен өнеркәсіпте билік етуіне» назар аударады. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні екені ескеріледі.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті.

Қоғамда белгілі-бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикадаролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілік-әміршілдік әдістердің орнын  - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиет:

  1. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер»;
  2. Б. Көшенова «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»;
  3. Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері»;
  4. Экономикалық анықтама-сөздік;
  5. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы  2-том;
  6. «Макроэкономика»;
  7. Банк хабаршысы, 2000 ж.
  8. Банки Казахстана, №5,2002

 


Информация о работе Банк жүйесі