Банк жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 19:51, реферат

Краткое описание

Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

Содержание работы

Кіріспе

1 тарау. Банк жүйесіне жалпы сипаттама
1.1. Банктің пайда болу тарихы
1.2. Банктердің атқаратын қызметтері және түрлері

2 тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
2.1. Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
2.2. 1930-1932 жылдардағы несие реформасы
2.3. 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

3 тарау. Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі
3.1.1. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
3.2. Коммерциялық банктер

Қосымша

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

1770 Банк жүйесі. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің даму ерекшеліктері.doc

— 269.50 Кб (Скачать файл)

Банк реформасының келесі кезеңі осы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға арналды. 1988 жылы «Кооперациялар (серіктестіктер) туралы» Заң қабылданып, соған сай қаражат тарту және несиелеу қызметтерімен шұғылданатын кооперативтік банктер пайда бола бастады. Банктік кооперативтер ашуға жасалған қолайлы жағдайлар өз алдына «банктік шу» туғызып, көптеген банктердің пайда болу толқынына әкеп соқтырды. Оған мынадай статистикалық мысал келтірейін, 1989 жылдың 1 қаңтарында елде 43 комерциялық банк тіркелсе, бір жылдан кейін  - 224, ал 1991 жылдың аяғында олардың саны 1357 – ге жеткен. Дегенмен осы банктердің негізгі бөлігін өзіне алу үшін ашылған «біркүндік» банктер құраған. Кейін олар жабылып, орнына клиенттерге төтенше қолайлы жағдайлар ұсынған, бірақ өз міндеттемелерін орындамаған жаңа банктер ашылды.

Банк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі заң – «Мемлекеттік банк туралы» Заң және «Банктер және банк қызметі туралы» Заң бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау әдістері белгіленді. Осы Заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландырылу негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасында Екі деңгейлі банк жүйесін құру

 

Қазақстан Республикасының  қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші)деңгейдегі коммерциялық банктер жүйесі.

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Осы ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социаличтік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстарын осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.

Мемлекеттік банк осы  Заң бойынша қызмет атқарып, Қаз  КСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер – жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында комерциялық банктер  мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алды. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін бассшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін.   Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық-Ұлттық банктен басқа ) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.

Коммерциялық банктер  өздерінің акционерлер жиналысында  қабылданған Жарлығы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін мемлекеттік – жеке, мемлекеттік – кооперативтік, жеке – кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген Заңда.

Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан  Республикасының банк жүйесінің  қалыптасуы мен даму жолдарының 1-кестеде  өрнектелгендей шартты түрде бірнеше  кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы-патшалық  Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы-елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде әмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

Үшінші кезең, 1988-1991 ж.ж. аралығы-елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі «банктердің банкісі» ретінде эмиссиялық, ереже,нұсқау және т.б.нормативтік актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге 1990 ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін- нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

Қазіргі уақытта экономикасы  нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық,, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал екінші деңгейінде клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер орналасқан. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды,ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.

Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан  мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде (1 кесте).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі

 

Қазақстан Республикасының  Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңсесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.

Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді.Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

        Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді.Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады.Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқы бар.Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.

Қазақстан Ұлттық банкі  Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер «Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы», «Вестник Национального Банка Казахстана» атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.

        Ұлттық банктің негізгі міндеті –ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • ақша, несие және банк жүйесінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
  • несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмыстарын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.

Ұлттық банктің міндеті  оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:

Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша – несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай – ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.

Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.

Екіншіден, Қазақстан Респуьликасында қолданылатын банкнота және монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдарының құрылымын,  теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.

Ұлттық банктің қолма  – қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның қолма –  қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай–ақ қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.

Үшіншіден, банктердің банкісі  қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.

Төртіншіден, үкіметтің  және мемлекеттік органдардың банкі  және агенті қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.

Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін Қазақстан Республикасы территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктер мен олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып, олардың орындалуын қадағалайды.

Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын тізімін тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа құжаттарын тексереді.

Алтыншыдан, валюталық  реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.

Резиденттер үшін шетел  валютасын және шетел валютасындағы  бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.

Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді. Халқаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта – қаржылық және немие – есеп қатынастарынжетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді.

Жетіншіден, елдің алтын  валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «бағалы метеллдарға және асыл тастарға байланысы қатыстарды мемлекеттік реттеу туралы» Заң күші бар Жарлығына сай бағалы металлдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металлдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.

Информация о работе Банк жүйесі