Қаржы тәуекелін басқару теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Содержимое работы - 1 файл

каржы тауекели.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

     Экспресс-талдау негізінде «Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелін талдауды жалпы келесідей сипаттауға болады: қаржылық жағдай тұрақты, бірақ өтімділік пен төлемқабілеттілікті жоғарылату бойынша іс-шаралар жүргізу қажет. Тәуекелділік облысы минималды тәуекелділік облысына сәйкес келеді. 

2.2.  «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау 

     Батыс Қазақстандық облыстық телекоммуникациялық басқарма «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.

     «Қазақтелеком» АҚ Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексіне  сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акйционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.

      Қоғам ҚР барлық территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.

     Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы  және барлық кәсіпорындардың  банкроттық іс әрекеттері және  нақты қаржылық жағдайды бағалау  қазіргі кезде маңызды орын  алады. Мұндай бағалаудың басты  критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік  көрсеткіштері және өтімділік  деңгейі болып табылады.

     Кәсіпорын өтімділігін талдауға  көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін  анықтау қажет. Өтімділіктің екі  концепциясы белгілі. Бірінші  концепцияға сәйкес, өтімділік –  бұл кәсіпорынның өзінің қысқа  мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.

     Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның  қарастырылатын уақыт ішінде  төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі  туралы куәландырады және келесі  формуламен есептелінеді:

ТЛ = (  А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ),     (1.1)

мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.

     Перспективалық өтімділік – бұл  болашақтағы түсімдер мен төлемдер  негізінде болжау. Ол келесі формуламен  есептелінеді:

ПЛ = А3 – П3,     (1.2)

мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары/10,134б./.

№1 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының өтімділігін талдау

 
 
Активтер
 
 
2008ж.
 
 
2009ж
 
 
Міндеттемелер
 
 
2008ж.
 
 
2009ж.
Төлемдік  артықшылық(+). Жеткіліксіздік(-)
2008ж. 2009ж.
1 2 3 4 5 6 7 8
Ең  өтімді активтер, А1 9841 1861 Жедел міндеттемелер,П1 918120 904030 -908279 -902169
Тез өтімді активтер,

A2

151381 142034 Қысқа мерзімді міндеттемелер,

П2

0 0 +151381 +142034
Баяу  өтімді активтер,A3 119729 82793 Ұзақ мерзімді міндеттемелер,П3 0 0 +119729 +82793
Қиын  өтімді активтер,A4 2099281 2277002 Тұрақты міндеттемелер,П4 1462112 1599660 +637169 +677342
БАЛАНС 2380232 2503690 БАЛАНС 2380232 2503690 - -

     Баланс өтімділігін талдау №1 аналитикалық кестеде көрсетілген. Абсолютті өтімділік көрсеткіштері (1.1) және (1.2) формулалары арқылы есептелінеді.

ТЛ2004  = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге

ТЛ2005 = ( 1861 + 142034 ) – ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге

ПЛ2004 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге

ПЛ2005 = 82793 – 0 = 82793 мың теңге.

     Есептеу нәтижелері кәсіпорынның  есеп беру кезеңінің соңына  активтер мен міндеттемлер бойынша  топтар нәтижелерін сәйкестендіру  келесі нәтижелерді көрсетті: А1 < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. Кезеңнің басы мен соңындағы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін  төлеуде қиындыққа шалдығады, бірақ перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын тқаржылық қиындықтарға ұшырамайды. Нәтижесінде есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын жеделдігі жоғарылау міндеттемелерінің 0,2 % төлей алады, бұл қаржылық жағдайдың шектелгендігін көрсетеді.

     Қаржылық жағдайды талдаудың  басты міндеті кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді  зерттеу болып табылады.

№2 кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2008-2009 жылдардағы қаржылық тұрақтылығын бағалау, мың теңгемен

Көрсеткіш атауы Көрсеткіш мәні       Өзгеріс  
2008 ж. 2009ж. Абсолюттік %-бен
1. Өзіндік  қаражаттар көздері 1462112 1599660 +137548 +9,41
2. Ұзақ  мерзімді активтер 2103175 2279897 +176722 +8,4
3.Меншікті  айналым қаражаттары -641063 -680237 -39174 +6,11
4.Ұзақ  мерзімді міндеттемелер 0 0 - -
5. Запастар  мен шығыстарды құру үшін меншікті  айналым қаражаттары және ұзақ  мерзімді міндеттемелер болуы -641063 -680237 -39174 +6,11
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер 918120 904030 -14090 -1,53
7. Запастар  мен шығыстардың құрылуының негізгі  көздерінің жалпы көлемі 277057 223793 -53264 -19,22
8.Запастар  мен шығыстар көлемі 115835 79898 -35937 -31,02
9. Запастар  мен шығыстардың құрылуы үшін  меншікті айналым қаражаттарының артықшылығы (жеткіліксіздігі) -756898 -760135 -3237 +0,43
10. Запастар  мен шығыстардың құрылуы үшін  негізгі құралдардың артықшылығы  (жеткіліксіздігі) +161222 +143895 -17327 -10,75

     «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау №2 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері кезең басында кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екенін көрсетеді. 2008 жылдың соңында қаржылық жағдайы нашарлаған және қаржылық тұрақсыздық жағдайды тұр. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:

- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;

- кәсіпрын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 31,02% төмендеді.

     Өткізілген талдау негізінде  кәсіпорын қызметінің жағымды  және жағымсыз жақтарын көрсетуге  болады.

     «Қазақтелеком» АҚ филиалының  қызметінің жағымды жақтары келесілер  болып табылады:

- жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;

- негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;

- өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;

- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.

     Кәсіпорын қызметінің жағымсыз жағы:

- ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады. 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Кәсіпорындағы қаржы  тәуекелін басқару  жүйесін жетілдіру 

     Тәуекелділік жағдайында шешімдер  қабылдау кезінде қолданылатын  нақты әдістер мен тәсілдер  кәсіпорынның қызметі түріне, қойылған  мақсаттар жету стратегиясына  тәуелді болады. Сонымен бірге  тәуекелді басқару теориясы мен  практикасымен тәуекелді талдау барысында басшылыққа алынатын негізқалаушы принциптер орнатылған. Біріншіден, меншік капиталдың мөлшерінің мүмкіндігінше тәуекел етуге болады, екіншіден, азшылық үшін көпшілікпен тәуекелге баруға болмайды.

    Тәуекелдерді  талдаудан кейін осы тәуекелдерді басқару әдістерін талдау қажет. Әрине бұл процестің ажырамас бөлігі болып сақтандыру табылады. Сақтандырудан басқа тәуекелден қашу немесе оны өзіне алу, шектеу, хеджирлеу, сараптау, тәуекелдерді бөлу, қаражаттарды резервтеу, тәуекелдер бойынша мүмкін болатын қаржылық жоғалтуларды айыппұл санкциялар жүйесі есебінен өтеу, кепілдік және т.б. сияқты тәуекелдерді басқару әдістері қолданылады.

       Тәуекелді төмендету – тәуекелді жағдайдың болу ықтималдылығын және мүмкін жоғалтулар көлемін азайту. Тәуекелді басқару әдісін таңдау кезінде тәуекел түрі бойынша максималды мүмкін болатын шығысты есептеу, оны тәуекелге ұшырауы мүмкін капитал көлемімен сәйкестендіріп, барлық мүмкін шығысты меншікті қаржылық ресурстар көлемімен салыстыру қажет.

     Тәуекелді басқару жүйесінің қызметін тиімді жүргізу кәсіпорынды басқару жүйесінде құрылымдық бөлімше – тәуекелді басқару бөлімшесін құруды қарастырады. Бұл бөлімше міндетті түрде тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы бағдарламасын жасауы керек.

    Кәсіпорын деңгейінде мұндай бағдарлама жасау кәсіпорынның қызметі мен құрылымының негізгі элементі ішкі және сыртқы тәуекелдерден қорғаныштылық және жоғары тұрақтылықты кепілдендіретін тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету тиіс. Тәуекелдер кәсіпорын қызметтерінің түрлі жақтарына әсер етеді және ол жағымсыз сипаттамаға ие болады. Жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар тәуекелдерді басқарудан бастау қажет, яғни тәуекелмен байланысты қаржылық жоғалтуларды төмендетуге бағытталған кәсіпорын үшін экономикалық қолайлы ұсныныстар мен шаралар енгізіліп, жасалуы тиіс.

     Кәсіпорынның тәуекелді басқару бөлімшесі бірнеше топтардан тұруы қажет. Бөлімшенің құрамына кіретін әр топқа ішінде білім облысы әртүрлі мамандар болу керек: ең алдымен  - антитәуекелділік басқарушы, маркетинг бойынша маман, қаржы маманы, персоналды басқару бойынша, жоспарлы-экономикалық жұмыс бойынша, өндіріс бойынша маман.

     Кәсіпорынның басқармасы тәуекелді  басқару мәселелерін шешуде басты  орын алады, өйткені ол тәуекелді  төмендету бойынша шаралар бағдарламасын бекітеді, критикалық жағдайларда оларды өткізу шешімдерін қабылдайды, антитәуекелділік бағдарламамен бірге сыналатын шешімдер қабылдайды.

     Тәуекелді басқару бойынша шараларды  тікелей өткізу кәсіпорынның  негізгі өндірісітік  және  басқарушылық бөлімшелерінің қызметіне қайшы келеді, олардың есеп беру көрсеткіштеріне жағымсыз әсерін тигізеді, себебі бұл шаралар жедел табыс әкелмейтін шығыстарды талап етеді.

     Сондықтан тәуекелді басқару  бойнша соңғы шешімдерді кәсіпорынның  басқару органдарының ең жоғарғы органы қабылдағаны үлкен маңыздылықты иеленеді.

     Қаржылық тәуекелмен байланысты  мүмкін жоғалтуларды төмендетуде  қызығушылық тудыратын кез келген  кәсіпорын өзі үшін келесі  мәселелерді шешу қажет:

Информация о работе Қаржы тәуекелін басқару теориясы