Қаржы тәуекелін басқару теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 13:24, курсовая работа

Краткое описание

Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

Содержимое работы - 1 файл

каржы тауекели.doc

— 217.00 Кб (Скачать файл)

      Координациялау  басқару объектісінің, басқару субъектісінің, басқару аппаратының және бөлек  жұмысшының бірлігін қамтамасыз етеді.

      Тәуекел менеджментінде ынталандыру қаржы  менеджерлерін, басқа мамандарды өз еңбектерінің нәтижесіне қызығушылықпен түсіндіріледі.

      Тәуекел менеджментіндегі бақылау тәуекел  деңгейін төмендету бойынша жұмысты  ұйымдастыруды тексерумен түсіндіріледі. Бақылау арқылы тәуекелді капитал  салымының табыстылығы, пайда мен  тәуекелдің арақатынасы туралы, қызмет етудің бағытталған бағдарламасын іске асыру деңгейі туралы ақпарат жиналады. Осы ақпарат негізінде қаржылық бағдарламаларға, қаржылық жұмысты ұйымдастыруда, тәуекел менеджментін ұйымдастыруда өзгерістер енгізіледі.

      Тәуекел деңгейін төмендету бойынша шаралар нәтижесін талдауды ұсынады. 
 
 
 
 
 
 
 

      1.4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері 

          Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер  мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары  болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету.       

    Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

    Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

  • меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
  • тәуекелдің соңын ойлау керек;
  • аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.

    Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал  салымын жасаудан бұрын тиіс:

  • берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды түрде анықтау;
  • оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
  • олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.

    Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.

    Портфельді  инвестиция кезінде, яғни екінші ретті  нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен  аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді:

    Кр = У / С,

        мұндағы   Кр – тәуекел коэффициенті;

                          У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;

                   С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық ресурстар көлемі.  
        

         Екінші принципке сүйену инвестор  шығыстың максималды мүмкін болатын  көлемін  біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді

    Үшінші  принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін  әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады:

  • диверсификациялау;
  • таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
  • шектеу;
  • сақтандыру;
  • жабу;
  • хеджирлеу және т.б.

    Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел деігейін N есе төмендетеді.

    Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім  қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық  ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді.

    Шектеу  – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады /7,181б./.

    Сақтандыру  мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.

    Сақтандыру  үшін құрылып жатырған ақша қорының  мақсатты бағыттылық сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала  келісілген жағдайлардағы жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды өтеу төлеміне бағытталған.

    Сақтандыру  процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен  жүргізіледі. Белгілі бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар санынан үлкен болады.

 

ІІ. Қаржы тәуекелін  басқаруын талдау

2.1.Кәсіпорындағы  қаржы тәуекелін  басқару жүйесін  талдау 

     Тәуекелді бағалау тәуекелді  басқарудың жалпы жүйесінінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол тәуекел көлемін (деңгейін) сапалық не саналық әдіспен анықтау процесін білдіреді.

     Тәуекелді сандық бағалау нақты  шешімдерді алу мүмкіндігін береді. Алайда сандық бағалауды жүргізу  ол үшін сәйкес келетін алғашқы ақпаратты алумен байланысты көптеген қиындықтар кездеседі. Қазақстанда ақпараттық қызмет нарығы дамымағандықтан, көбіне фактикалық ақпараттарды алу қиын. Ақпараттардың, уақыттың жеткіліксіздігімен, кейде қажетті мәліметтердің  байланысты бұл қиындықтар себебінен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде тәуекелді қатысты бағалау ерекше қызығушылықты тудырады. Бұл фирма иесі кәсіпкер, сонымен қатар оның серіктестері үшін тәуекелді бағалаудың ең қолайлы әдістердің бірі болып табылады.

     «Қазақтелеком» АҚ филиалының тәуекелдерін бағалау қаржылық есептілік негізінде жүргізіледі. №6 кестеде «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2008-2009 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметіне экспресс–талдау көрсетілген, оның негізінде берілген кәсіпорынның тәуекелді басқару жүйесін талдау жүргізіледі.

кесте. «Қазақтелеком» АҚ филиалының 2008-2009 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметін экспресс-талдау

Көрсеткіш атауы Есептеу тәсілі Нормативті  мәні Көрсеткіш мәні Өзгеріс
2008ж. 2009ж. Абсолютті Есептіліктің базистікке % түрі
1 2 3 4 5 6 7
1. Мүліктік жағдайды бағалау
1.1.Кәсіпорында  бар шаруашылық құралдар сомасы Баланс  барлығы - 2380232 2503690 +123458 +5,19
1.2. Негізгі құралдардың модернизация коэффициенті есептелген  амортизация/ негізгі капиталдың бастапқы құны - 0,474 0,449 -0,025 -5,27
2. Өтімділікті бағалау
2.1.Өзіндік айналым капитал көлемі Меншік  капитал+ ұзақ мерзімді міндеттемелер- ұзақ мерзімді активтер - -641063 -680237 -39174 +6,11
2.2.абсолютті  өтімділік коэффициенті  Ақшалай қаражаттар/ ағымдағы міндеттемелер >0,2-0,7 0,01 0,002 -0,008 -80,00
2.3.Критикалық  өтімділік коэффициенті (ақшалай  қаражаттар+қысқа мерзімді қаржылық  инвестициялар+дебиторлық қарыз)/ағымдағы  міндеттемелер ≈1 0,18 0,16 -0,02 -11,11
2.4.Ағымдағы өтімділік коэффициенті Ағымдағы  активтер/ағымдағы міндеттемелер 1,5-2 0,3 0,25 -0,05 -16,67
2.5.запастарды жабудағы меншік капитал үлесі Меншікті айналым  қаражаттары/(ТМЗ+алдағы кезең шығыстары) >0,1 -5,51 -8,41 -2,9 +52,63
3. Қаржылық тұрақтылықты бағалау
3.1. Тәуелсіздік (автономия) коэффициенті Меншік капитал/шаруашылық қаражаттар барлығы >0,5 0,61 0,64 +0,03 +4,92
3.2. Меншік капиталдың ептілік коэффициенті Меншік айналым  қаражаттары/меншік капитал ~0,5 -0,44 -0,43 +0,01 -2,27
3.3.қарыз  жә-не меншік ка-питал қаты-насы  коэф-фициенті Қарыз капитал/меншік капитал ≤1 0,63 0,57 -0,06 -9,52
3.4.Тұрақты қаржыландыру  коэффициенті (меншік капитал+ұзақ  мерзімді міндеттемелер)/ шаруашылық  қаражаттар барлығы >0,8 0,61 0,64 +0,03 +4,92
4. Іскерлік белсенділікті бағалау
4.1. Өткізуден түскен табыс   - 1937586 2120816 +183230 +9,46
4.2. Салық салудан бұрын негізгі  қызметтен табыс   - 863314 917776 +54462 +6,31
4.3. Қорқайтармдылығы Өткізуден түскен табыс/негізгі құралдарды орташа құны - 0,92 0,93 +0,01 +1,09
4.4.Дебиторлық қарыз айналымдылығы Өткізуден түскен табыс/орташа дебиторлық қарыз - 12,48 14,63 +2,15 17,23
4.5.Қаражаттарайналымы-ның  ұзақты-ғы(күн) 360 күн/ 4.4 көрсеткіші - 29 25 -4 -13,79
4.6.Кредиторлық  қарыз айналымының ұзақтығы(күн)   - 363 326 -37 -10,19
4.7. Операциялық цикл ұзақтығы   - 75 54 -21 -25
5. Рентабельділікті бағалау
5.1.Таза табыс - - 780369 955704 +175335 +22,47
5.2.Негізгі  қызметтен табыс   - 854117 909693 +55576 +6,51
5.3 Өнім рентабельділігі Негізгі қызметтен  табыс/ Өткізуден түскен табыс - 1,09 0,95 -0,14 -12,84
5.4 меншік капитал рентабельділігі Таза табыс/меншік капитал - 0,53 0,6 +0,07 +13,21
5.5 Негізгі капитал рентабельділігі Таза табыс/баланс валбтасы - 0,33 0,38 +0,05 +15,15

     Кәсіпорынның мүліктік жағдайын  бағалауда шаруашылық қаражаттардың  сомасының көрсеткіші кәсіпорынның балансында көрсетілетін активтердің жалпы құндылық бағалауын көрсетеді. Активтердің құны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 5,19%-ға өсті, ол кәсіпорынның мүліктік потенциалының өскенін көрсетеді. Модернизация коэффициентінің мәні (есептелген амортизацияның негізгі капиталдың бастапқы құнына қатынасы) 0,47-0,45 болса, оның нормативті мәні 0,3-0,5. Модернизация коэффициенті оптималды мән шегінде орналасқан. Ол кәсіпорын негізгі қорға салынған қаражаттарды интенсивті түрде босатқанын білдіреді.

     Кәсіпорынның өтімділігін талдау  меншікті айналым капиталы көлемінің  6,11%-ға өсімі жағымды нәтижелер бермеді, себебі оның көлемі жағымсыз болып табылады және кезең аяғына 680237 мың теңге құрады, яғни кәсіпорында ағымдағы активтерді жабу көзі болып табылатын меншік капитал бөлігі жетіспейді. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кезең басына тек 0,01 теңге және кезең аяғына тек 0,002 теңге ағымдағы міндеттемелер ақша қаражат есебінен жедел өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Критикалық өтімділік коэффициенті ағымдағы міндеттемелердің кезең басына 18% және кезең аяғына 16% шоттардағы қаражат және де есептесуден түсімдер есебінен жедел өтелу мүмкіндігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік көрсеткіші активтердің өтімділігінің жалпы баға беріп, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне 16,67% төмен екенін көрсетеді. Запастарды өтеуде меншікті айналым капиталының үлесін есептеу динамикада 2,9 пунктіне мәннің төмендегенін көрсетеді, бұл – меншікті айналым капиталымен өтелетін запастар құнының бөлігінің төмендеуі, бұл жақсы беталыс емес, себебі кезең басында бұл үлес жағымсыз болды және 5,51 пунктіні құрады.

     Кәсіпорын қаражаттарының тәуелсіздік  (автономия) коэффициенті кәсіпорын  иелерінің қаражаттардың жалпы  сомасындағы қызметке авансталатын меншік үлесін сипаттайды.

    Меншік капиталдың ептілік (маневренность) коэффициенті меншік капиталдың қай бөлігі ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін қолданылатынын, яғни қай бөлігі айналым қаражаттарына салынған, қай бөлігі капиталданғанын көрсетеді. Меншік капиталдың маневренность коэффициенті есеп беру кезеңінде 2,27% төмендеді.

     Қарыздық және меншікті капитал  қатынасының көрсеткіші 9,52%-ға төмендеуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының артуын және кәсіпорынның кредиторлардан тәуелділігінің төмендеуін куәландырады.

Информация о работе Қаржы тәуекелін басқару теориясы