Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 13:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Ата Заңы республиканың тәуелсіздігі мен егемендігін жеке мемлекет ретінде жариялай отырып, жеке адамның құқықтары мен бостандықтары мүддесінің негізгі кепілі ретінде мемлекет екендігін көрсетеді.
КIРIСПЕ 2
І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЬІЗЫ 3
1. Қылмыстық істі қозғау сатысының түсінігі мен маңызы 3
2. Қылмыстық істі қозғауға құқылы органдар мен лауазымдық адамдар 6
ІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН НЕГІЗДЕРІ 12
1. Азаматтардың арызы 12
2. Мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдар мен лауазымды адамдардың хабарламасы 14
3. Баспасөзде жарияланған хабарлар 15
4. Айыбын мойнына алып өзі келуі 15
5. Анықтама жүргізетін органдардан тергеушінің, прокурордың немесе соттың тікелей өзі байыптауы 17
ІІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚОЗҒАУДЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР 20
1. Қылмыстық істі қозғауды болғызбайтын жағдайларды топтау 20
2. Қылмыстық іс қозғауды жоятын жағдайлардың қысқаша сипаттамасы 21
ІV-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОНАН БАС ТАРТУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ 25
1. Қылмыстық іс қозғаудың процессуалдық тәртібі 25
2. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту 26
V-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІҢ ҚОЗҒАЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ПРОКУРОРДЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫ 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиет 31
Қылмыстық іс жүргізуде олар куә немесе жәбірленуші ретінде көріне алады. Қылмыстық белгілердің тікелей табу нәтижелері тиісті хаттамаларына рәсімделенеді. Бұл талапты қылмыстық істер жүргізу заңында алдын-ала көрсету үшін қажет.
Егер прокурор өзі тікелей табу нәтижелері қылмыс белгілерін табу нәтижесінде іске мағына берсе, онда қылмыс белгілерін тікелей тапқаны көзбе-көз нәрсе. Алайда егер прокурор бұл үшін іс бойынша жәбірленуші немесе заңды өкілі емес адамдардың өтініші мен хабарын пайдалана отырып іс қозғаған болса, онда прокурордың тікелей қылмыс белгілерін тапқаны туралы айту қиын, себебі бұл жағдайда өтініш жасаушының өтініші еркін іс қозғауға түрткі болады.
Прокурордың жәбірленушінің шағымынсыз іс қозғауға шешімнің тек қылмыстық іс жүргізушілік маңызы бар және қылмыстық жауапкершіліктің алғы шарты болып табылмайды, себебі, әрекеттің қылмыстылығын прокурор немесе жәбірленуші емес, заң анықтайды.
Бір себептің бар болуы қылмыстық істі қозғауға әлі жеткіліксіз. Қылмыстық іс қозғау үшін іс қозғауға негіз және қылмыстық іс бойынша жүргізуді болғыздырмайтын жағдайлардың болмауы сиқты шарттардың болуы қажет.
6. Қылмыстық істі қозғаудың негіздері
Қылмыстық іс қозғауға негіз деп заң бойынша қылмыстық қуғындауға тиісті қылмыс белгілері бар оқиғалардың барлығы деп түсіндіріледі. Заңда былай айтылған іс, қылмыс белгілерінің барлығы туралы жеткілікті мәліметтер болған жағдайларда ғана іс қозғалуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 177-бабы). Егер жасалған қылмысты өздері өз көзімен көрген жағдайда тергеушінің, прокурордың, судьяның, анықтама органының іс қозғауына бір сылтаудың барлығы жеткілікті емес.
Заңгер А.Р.Михайленко былай деп жазады: "Анықтаушы мен тергеуші және сот органдары бұл жағдайларда сезіктіні ұстауға барлық шараларды қабылдауы дәлел жинау бойынша шұғыл әрекеттерінің орындауы және көргені және істегені негізінде қылмыстық іс қозғауы тиіс. Алайда, істі тергеуге бұл адамдар қатыспауы тиіс, қылмыстық іс жүргізуді куә немесе жәбірленуші ретінде шығады"[11].
Кейбір авторлар бұған қарсы пікір айтады. Мысалы, Р.Д.Рахунов ерекшелік ретінде бұл органдар жағдайлардың қалыптасуына қарай қылмыстық іс қозғауы мүмкін деп есептейді. Мысалы, оқиға болған ауданда басқа тергеу орындарының болмауына байланысты.
Қылмыстық іс қозғау негізінің екі жағы бар: нақты және заңды жақтары. Оның нақты жағы деп қоғамға қауіпті әрекет белгілеріне көрсететін іс жүзінде бар нақтылы деректердің барлығы дәл түсіну керек. Ал қылмыстық істі қозғауға негізгі заңды жағын қылмыс белгілерінің барлығы құрайды. Берілген жағдайда әңгіме тек қылмыстық әрекет оның құқық қарсылығын қоғамға қауіптілігінде болып отыр.
Заң қылмыстық іс бойынша жүргізуді болғызбайтын жағдайлардың жоқтығын қылмыстық істі қозғауға негіздерге қоспайды (ҚР ҚІЖК 37-бабы).
Кейде анықтама органының қызметкерлері және тергеушілер өтініш жасаушы қылмысты кім жасағанын көрсетіп бере алмайды. Себепті қылмыстық іс қозғаудан бас тартады. Мұндай тәжірибе дұрыс емес. Қылмыстық істі қозғау үшін заң қылмыс жасаған адам туралы мәліметтерді талап етпейді. Бұл мәліметтер тексеру барысында анықталады. Жасалған қылмыс туралы мәліметтерді ашып, оны ашуға шаралар қабылдау үшін, кінәліні табу және әшкерелеу, бәрі үшін тергеу әдістері қолданылады. Қылмыстық істі қозғау туралы шешім нақтылы дәлелдемелер арқылы негізделген болуға тиіс.
Мысалы, жеке мүліктің ұрлануы туралы қылмыстық іс қозғау үшін шын мәнінде бөтен біреудің мүлкі ұрланғаны туралы жеткілікті материалдар қолда бар болуы қажет, ал кісі өлтіру туралы адамды күштеп өлтіргені туралы жеткілікті дәлелдемелер болуы шарт.
Сонымен кім жасағаны, қасақана немесе абайсызда жасағаны туралы мәліметтердің қолда бар болуы міндетті емес. Бұның бәрі тергеу барысында анықталады, Іс қозғауға негіздің айырмашылығын табу үшін қылмыстық әрекет алғанның белгілі бір қылмыстық обьективті жағының белгілерінің барлығын нығайту жеткіліксіз. Бұл қорытынды оқиғаларға емес жеткілікті негіздерге негізделуі қажет. Заң барлық мәліметтердің бар болуын емес, жеткілікті яғни, ҚР ҚІЖК 177-бабында алдын-ала көрсетілген деректерден анықтаған, тексерілген және өз жиынтығына олар сілтеген оқиға болғандығына сендіретін нақты дәлел болып есептелетін мәліметтерді талап етеді. Бұл мәліметтерді жеткілікті деп тану үшін, олар қылмыс оқиғасын егжей-тегжейін анықтау қажет етілмейді. Мысалы, әңгіме ұрлық емес кісі өлтіру туралы болса, қылмыс белгілері бар әрекет жасалды ма соны анықтау, себебі бұл қылмыстық Істі қозғауға негіз барлығының анықтаушысы белгілі. Егер де орын алған әрекет қоғамға қарсы сипатта болса да, бірақ қылмыс белгілері болмаса, қылмыстық істі қозғауға негіз жоқ. Алайда барлық жағдайларда олардың қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті мәліметтерді қаулы етудің іс қозғау туралы негізделген шешім қабылдау үшін шешуші маңызы бар.
Заң, қылмыстық істі қозғауды негіздің барлығына тәуелділікке қоя отырып, тәжірибелі қызметкерлерден қылмыстық іс негізді түрде қозғалынғанын талап етеді.
Қылмыстық істі жүргізуді болдырмайтын жағдайлар ҚР ҚІЖК 37-бабында алдын-ала көрсетілген. Бұдан басқа ҚІЖК материалдары қылмыстық істі қозғамастан қоғамдық әсер шараларын қолдау үшін жіберу негіздерді алдын-ала көрсетеді. Қылмыстық істі қозғаудан бас тартуды Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің бұл баптарында аталған негіздер толық болады. Сонымен бірге, кейбір авторлар, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту негіздері әйтсе де жеткіліксіз реттелген деп есептейді. Л.М.Корнеевтің пікірінше, заңда қылмыс белгілерінің жоқтығына сүйену (ҚР ҚІЖК 187-бабы), өзіндік мазмұнынан айырылған және қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға негіздердің дәл анықтамасының орнын толықтырмайды деп есептейді.
Тәжірибеде бұл мәселенің маңызды мағынасы бар. Ішінара зерттеу нәтижелері ведомстволық бақылау мен прокурорлық бақылау материалдары заңның дәл емес және толық емес тұжырымдамасы іс қозғаудан бас тарту кезінде бұл шешімге мүлде негіз болмайтын жағдайларға сілтеуге жиі әкеліп соғатынын растайды. Аты-шулы мақсатқа сәйкессіздік куәлердің және өтініштің растығын дәлелдейтін басқа дәлелдің жоқтығы, есіктегі құлыптардың бұзылғандығы т,б.с..
Осыған байланысты Л.М.Корнеева одан қылмыстық іс қозғауға негізгі қылмыстық белгілерінің жоқтығы туралы ескертпелерді шығарып тастап, тұжырымдаманы анықтау қажет және негіз ретінде ССРО Одағы мен Одақтас республикалар қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 65-бабында аталып өткен жағдайларда негіз ретінде көрсету керек деп есептейді (ҚР ҚІЖК 37-бабы).
Іс жүргізуді болдырмайтын негіздер көптеген белгілермен сипатталады. Көптеген авторлар осы негіздердің барлығынан адамның ақталуына әкеліп соғатын жағдайдарды бөліп көрсетеді. Қылмыстық істі қозғау сатысына сәйкес қылмыс оқиғасының жоқтығын адамды анықтау негізі болады немесе іс-әрекетте қылмыс құрамының жоқтығы адамды ақтап қана қоймайды, сондай-ақ сот жүргізуді мағынасыз етеді.
Іс қозғауды болғызбайтын жағдайлар материалдық құқықтық және процессуалдық болып бөлінеді. Біріншілері қылмыстық жауапкершіліктің негізінің өзін, әрекеттің қылмыстылығы оның жазаланушылығын болғызбайды. Қылмыс оқиғасының құрамының жоқтығы, мерзімінің өсуі, кешірім құралы т.с.с. Екіншілері қылмыс фактілерімен жасаған әрекет үшін жазаны жоймайды, бірақ заң талап ететіндіктен қылмыстық іс қозғау және ол бойынша тергеу жүргізу мүмкіндігін жояды, жақтардың татуласуы немесе жеке айыптау істері бойынша шағымның жоқтығы заң күшіне енген үкімінің, анықтаманың немесе қаулының барлығы, сондай-ақ істі тоқтату туралы шұғыл қаулының барлығы.
В.Н.Фаткулин зерттеудегі жағдайды қылмыстық іс жүргізу үшін алғы шарттардың жоқтығын "қылмыстық іс қозғау мүмкіндігін жоймайтын және қылмыстық іс жүргізуге кедергі келтірмейтін" деп сын айтады. Біріншісіне ол мыналарды жатқызады: қылмыс оқиғасының негіздердің 5-бабының 1-пункті және құрамының негіздерінің 5-бабының 2-пункті субъектілерінің қылмыстық жауапкершілік басталатын жасқа толмауы, екінші қылмыс жасаған адамның өлімі негіздің 5-бабының 8-пункті мерзімінің бітуі негіздің 5-бабының 3-пункті амнистия негіздердің 5-бабының 4-пункті сол құқық бұзушылық бойынша үкімнің барлығы негіздердің 5-бабының 9-10-пунктері бойынша жәбірленушінің оған қатысты шағым берілмеген адаммен шатысылуы негіздердің бұдан басқа қылмыстық істі қозғауды жасаушы жағдайларды міндетті түрде іс қозғаудан бас тартуға әкеліп соғатындарға, мысалы: ҚР ҚІЖ 37-бабы және құзыретті орындарға диспозивті сипат алатындарға ҚР ҚІЖК 37-бабын бөлуге болады.
Заңда көрсетілген қылмыстық Іске сот жүргізуші болғызбайтын заң жардайлары тергеу, прокурорлық тергеу және сот орындарына қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға осыдан келіп шығатын барлық салдармен қоса тергеу жүргізуге береді.
Қылмыс оқиғасының жоқтығы бұл жағдай сотта қылмыстық іс жүргізуі негіздерінің 5-бабының 1-пункті алдын-ала көрсетілген (ҚР ҚІЖК 37-бабы). Ол алғашқы материалдарды қорғау барысында өтініште айтылған құқық бұзушылық жоқ және болмағанын анықтаған кездегі жағдайларда орын алады.
Мысалы, ауруханаға Р. жамбас зақымы және қол сынумен түсті. Жәбірленушінің айтуына қарағанда оны көшеде 03-54 номерлі жүкті өзі түсіретін машина қағып кеткен. Алайда көрсетілген автокөлікті іздеу еш нәтижеге әкелмеді, кейінірек тексеру Фухтарилиннің өзі ешкімнің көмегінсіз қатты мастық күйінде екінші этаждың терезесінен құлап түскенін көрсетті. Қылмыс оқиғасының жоқтығына байланысты Фухтарилиннің өтініші бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту қаулы шығарылды /1/.
1958 жылы сотта қылмыстық іс жүргізу негіздерін қабылдағанға дейін, бұл негіз алдын-ала көрсетілмеген болатын. Бұл жағдайдан шығатын жолды тәжірибе қылмыс оқиғасы жоқ кезде қылмыс құрамының жоқтығы үшін істер тоқтату арқылы тауып жүрді. Алайда бұл екі жағдайдың бір-бірінен айырмашылығы бар.
Айырмашылығы мынада: қылмыс оқиғаның жоқтығы, қылмыс немесе заңды деп бағалауға болатын әрекеттің бар екендігін болдырмайды. Қылмыс құрамының жоқтығы әрқашан ақыр соңында қылмыс сипаттамасы жоқ деп танылатын адамның әрекетінің бағасын жорамалдайды. Қылмысты істі қозғау сатысында қылмыс оқиғасының белгіленбегендігін басшылыққа алуға болмайды. Сылтау мен негіз бар болған кезде іс қозғалу тиіс, тіпті егер қылмыс оқиғасының барлығына күмән бар болса да, оқиға болса әрқашанда қылмыс оқиғасымен тура келе бермейді.
Ғылымда қылмыс құрамы төртке топтастырылған. Олар мыналарды сипаттайды:
1. Қылмыс объектісі.
2. Объективтік жағын.
3. Субъективтік жағын.
4. Қылмыс субъективтісі.
Әрекетті қылмыс деп тану үшін қылмыс туралы сипаттамасының барлығының болуы қажет. Қылмыстың іс қозғау мәселесін шешіп жатқан барлық белгілерді анықтау міндеті қойылмайды. Бұл қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға әкеліп соғады.
Қылмыс нысанасының жоқтығы әрекеттің қоғамға қауіпті емес екенін дәлелдейді. Сондықтан Іс жүзінде жүргізуді болдырмайды, қылмыстық іс қозғалмайды. Адамның қылығы болып табылатын қоғамға қауіпті әрекеттер іс әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың обьективті жағын сипаттайтын белгілер болып табылады. Егер де адам өз еркіне қарсы болса онда бұндай әрекетті осы адамның қылығы деп тануға болмайды. Сондықтан оған қарсы қылмыстық іс қозғалмайды.
Жасалған әрекеттің қоғамға қауіптілігі құқыққа қарсылығын болғызбайтын қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік бермейтін жағдайлар әрекеттің мағынасының аздығы (ҚР ҚК-нің 9-бабы) қажетті қорғаны (ҚР ҚК 32-бабы) аса қажеттілік қоғамға пайдалы кәсіптік қызметтерді жүзеге асыру міндетті бұйрықты орындау өз құқықтарын жүзеге асыру.
Заңды орындау қылмыс құрамын болғызбайтыны айдан ашық.
Рұқсат берілгеннің шеңберінде өз құқығын жүзеге асыруда қылмыстық іс бойынша жүргізуді болдырмайды. Мысалы, ата-аналарға өз баласының қозғалыс бостандығына белгілі шектеулер қоюды заңсыз бостандықтан айыру деп қарауға болмайды. Бұндай қимылдар құқықты болады және баланы тәрбиелеу бойынша ата-аналар құқығы аясында жүзеге асырылады.
Бастықтың міндетті бұйрығын орындауға байланысты да қылмыстық іс қозғалмайды.
Адам өз кәсіби міндеттерін орындауды да іс бойынша жүргізуді болдырмайды. Мысалы, сырттай мұндай әрекеттер адамға ауыр және жарақат салған сияқты көрініс те дәрігер қолды немесе аяқты кесіп тастағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Бұл берілген жағдайда мұндай қызметтің әлеуметтік пайдалы болғаны себепті құқыққа қарсылық жасалады.
Қылмыстық құрамның объективті жағында сондай-ақ материалдық емес сипатта болатын қылмыстық зардаптың нәтижесін немесе басталуы мүмкіндігінің бар болуы тән.
Қоғамға қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктің) және болған кесірдің арасындағы себепті байланыс қылмыс құрамы объективті жағынан қажетті элементі болып табылады.
Қылмыстық әрекетке уақыт, жағдай, орын, оның жасалу әдісі, мәні сипаттама береді.
Қылмыстық құқық бойынша тек қана нақты сәйкес жастағы жауаптылыққа қабілетті танылатын қылмыс субъективті туралы мәселені шешу де қылмыс құрамының барлығын немесе жоқтығын анықтау үшін маңызы зор. Кейбір қылмыстар бойынша кез келген жауаптылыққа қабілетті жеке тұлға емес, тек белгілі бір қасиеттерге ие адам арнайы субьект ғана қылмыс субъекті орындаушысы бола алады.
Тиісті қылмыстың жоқтығы қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға әкеледі. Ақыры қылмыс құрамын сипаттайтын белгілердің соңғы тобы. Субъективті жағы деген түсінікті қылмыс жасау ниеті және мақсатымен сипатталатын кінә тағу белгіленеді. Басқаша айтқанда қылмыстық субъекті жағы бұл адамның ол жасаған қылмысына психологиялық жағынан ерікті қатысушы.
Кінәнің жоқтығы әрқашан қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын жояды. Кінә жоқ болса, қылмыс құрамы да жоқ. Адамның жауаптылыққа.қабілетсіздігі қылмыстық субъективті жағы толығымен жояды.
Қылмыстық іс қозғаған кезде жасалған әрекеттің ниеті мен мақсатын анықтау маңызды. Мысалы, пайдакүнемдік немесе басқа жеке мүдделік белгілері бойынша билікті немесе қызмет жағдайын асыра пайдалану үшін қылмыстық іс қозғалмайды.