Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 13:03, реферат
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры 2011 жылдың наурыз айынан бастап «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасын жүзеге асырып келеді.
Жоба аясында 2011 жылғы 17-18 наурыз күндері аралығында Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжінде және Арал қаласындағы аудандық орталық мешітінде «Дінаралық келісім – тұрақтылық бастауы» тақырыбында қала тұрғындарының және студент жастардың қатысуымен тұрғындар арасында діни-экстремизм құбылыстарының алдын-алу бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің кездесуі өткізілді.
Сондай-ақ, 26 қыркүйек күні Қызылорда медициналық колледжінде «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге колледждің студенттері
мен оқытушылары белсене
2011 жылдың 12 қазан күні Арал қаласындағы
З.Шүкіров атындағы мәдениет
Дәл осындай іс-шара 19 қазан күні
Жалағаш кентіндегі аудандық мәдени
сауықтыру кешенінде
Өткізілген семинарларда Қызылорда
облысы бойынша діни-психологиялық,
құқықтық кеңес беру орталығының
жетекшісі Т.Әбуов, ҚМДБ-на қарасты
орталық «Ақмешіт-Сырдария»
18 қазан – Рухани келісім
күніне орай «Рухани келісім
– бейбітшілік кепілі»
2011 жылғы 1 қараша күні Қорқыт
ата атындағы Қызылорда
Конференция жұмысына Қызылорда облысының әкімі Б.Қуандықов, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, бас муфти, Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі және ғалымдар қатысты.
Сонымен қатар, 2 қараша И.Әбдікәрімов
атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық
колледжінің мәжіліс залында «
Дөңгелек үстелге осы оқу орнының студент жастары мен оқытушылары белсене қатысты.
2011 жылғы 10 қараша күні Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде «Қоғам күштері – діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, кент және ауыл имамдары, жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен оқытушылары қатысты.
Дәл осындай іс-шара 25 қараша күні
Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде және
Қармақшы ауылдық округінде өткізілді.
Сондай-ақ, 21 желтоқсан күні № 235 орта мектепте «Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге осы мектептің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Жоғарыда аталған іс-шараларда
ақпараттық – насихаттық топ мүшелері
түрлі діни ағымдар мен секталар,
олардың дұрыстығы мен
Соңғы жылдары еліміздің 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бастандығы және діни бірлестіктер» туралы заңының аясынан тысқары шығып, қоғамымызды алаңдатып, елімізде түрлі атпен тармақталып, ел ішінде іріткі салып жатқан адастырушы топтар туралы БАҚ-та айтылып та, жазылып та жүр.
Қазір тұрғындар арасында теріс
пиғылды миссионерлердің, теріс
ағымдардың алдауына еріп, олардың
түрлі садақаларына телміріп, улы
уағызы нәтижесінде өзінің ата дінінен
алыстап қалғандар кездесуде. Теріс
ағымдар мен арампиғылды
Осы орайда, зардап шеккен азаматтарға діни-психологиялық және құқықтық жағынан кеңес беру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық және құқықтық кеңес беру орталығының жұмыс жасап келе жатқандығы және ол орталықтың жұмысы өз нәтижесін беріп отырғандығы белгілі.
Жоба аясында есепті кезең ішінде облыс бойынша 9 дөңгелек үстел, 12 семинар, 10 кездесулер, 1 конференция, 1 байқау ұйымдастырылды. Аталған шараларға 3000 адам қамтылды.
Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық және құқықтық кеңес беру орталығына 16 тұрғын хабарласқан. Олардың 4-уі діни мәселе, 7 құқықтық, 5 психологиялық мәселелері бойынша орталық мамандарынан кеңес алды.
Сонымен қатар, діни экстремизмнің
алдын алу және теріс ағымдардан
зардап шеккендерге ақпараттық кеңес
беру мақсатында Қызылорда облыстық
ішкі саясат басқармасының қолдауымен
«Самұрық» инновациялық идеяларды
дамыту орталығы» қоғамдық қоры 2011
жылдың қыркүйек айының басында www.antisekta-
Аталмыш портал республика көлемінде ашылған 5-ші веб-портал.
Облыста діни бағыттағы тура жолды көрсетер, тұрғындарға ақпарат беретін порталдың ашылуы көптен бері айтылып келе жатқан мәселе екендігі баршаға белгілі.
Порталды ашудағы мақсат - тұрғындарға дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалының өсуіне байланысты нақты ақпараттар беріп, көзін жеткізу. Діни экстремизмнен сақтандырып, кері байланыс арқылы тұрғындарға жан-жақты жәрдем көрсету.
Аталмыш порталда дәстүрлі діндердің
құндылықтарынан хабар беретін
ақпараттар, мақалалар мен сұхбаттар
және ислам жаңалықтары
Сонымен қатар, веб-порталдың әрбір қонағы портал беттерінен дәстүрлі емес діни ағымдар туралы да мәліметтер ала алады.
Веб-портал арқылы тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ол бойынша мамандардан жауаптар алу арқылы, дінтанушы, психолог, заңгерлердің кеңесіне жүгініп, арнайы сенім телефоны арқылы ақпарат алмасуларына мүмкіндіктер жасалған.
Сондай-ақ, портал арқылы Қызылорда облыстық Діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының атқарып жатқан шараларымен толық танысуға болады.
Аталмыш порталдың ашылғаны жөнінде облыстық баспасөз клубында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз маслихаты өткізіліп хабардар етілді. Облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрамы өздерінің ақпараттық жұмыстарын қалада, аудандарда, халықпен кездесулерде портал жұмысы жайлы кеңінен насихаттап келеді. Бүгінгі күнге дейін порталға тұрғындар тарапынан 9 сұрақ келіп түсіп, олардың барлығына дер кезінде жауаптар берілді.
Жоба аясында тұрғындар үшін «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша студенттерге жадынама», «Жалған діни ұйымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратып алуымыз керек?», «Діни экстремизмнің алдын алу бойынша ата-аналарға жадынама» тақырыптарында ақпараттық жадынамалар шығарылып облыс тұрғындарына үйлестірілуде.
Бұл бағытттағы жұмыстар алдағы уақыттарда өз жалғасын табатын болады