Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 13:03, реферат

Краткое описание

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры 2011 жылдың наурыз айынан бастап «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасын жүзеге асырып келеді.
Жоба аясында 2011 жылғы 17-18 наурыз күндері аралығында Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжінде және Арал қаласындағы аудандық орталық мешітінде «Дінаралық келісім – тұрақтылық бастауы» тақырыбында қала тұрғындарының және студент жастардың қатысуымен тұрғындар арасында діни-экстремизм құбылыстарының алдын-алу бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің кездесуі өткізілді.

Содержимое работы - 1 файл

Атқарылған жұмыстар.docx

— 24.09 Кб (Скачать файл)

Атқарылған жұмыстар  

«Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының

алдын-алу жөніндегі  ақпараттық қызметті ұйымдастыру»

әлеуметтік қызметі  аясында 2011 жылдың наурыз-желтоқсан 

айларында атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы  аясында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры 2011 жылдың наурыз айынан бастап «Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру» әлеуметтік маңызы бар жобасын жүзеге асырып келеді.

Жоба аясында 2011 жылғы 17-18 наурыз күндері  аралығында Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжінде және Арал қаласындағы  аудандық орталық мешітінде «Дінаралық келісім – тұрақтылық бастауы» тақырыбында қала тұрғындарының және студент жастардың қатысуымен тұрғындар арасында діни-экстремизм құбылыстарының алдын-алу бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелерінің кездесуі өткізілді.

Кездесуде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына қарасты Қызылорда  облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің  найб имамы Н.Әбжанов пен Қызылорда  облысы бойынша Діни істер департаментінің  жетекші маманы А.Жаубасаровтың  діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу  бойынша баяндамалары тыңдалды.

2011 жылғы 25 наурыз күні облыстық  «Ақмешіт - Сырдария» мешітінде Қазақстан  Мұсылмандары Діни басқармасына  қарасты барлық мешіт имамдарының  қатысуымен «Этносаралық келісім мен конфессияаралық тұрақтылықты сақтап нығайту - мемлекеттік саясаттың басым бағыты»  тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарда еліміздегі діни ахуал жайлы, конфессияаралық татулықты қамтамасыз ету, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңының  төңірегінде әңгіме өрбіді. Семинарда  Қызылорда облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің бас имамы Д.Рысбай мен «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, дінтанушы Р.Әкімбековтің баяндамалары тыңдалды.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған іс-шараның  жалғасы ретінде 26 наурыз күні Қызылорда  қалалық «Ақмешіт» мешітінде  ҚМДБ-на қарасты барлық мешіт имамдарының  қатысуымен «Имандылық – ел бірлігінің негізі» тақырыбында семинар өтті. 

18 сәуір күніЖалағаш кентінде, аудандық  мәдениет үйінде жергілікті тұрғындардың, үкіметтік емес ұйымдардың және  білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің  қатысуымен «Этносаралық татулық пен конфессияаралық келісім - басты байлығымыз» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері: Қызылорда облыстық Діни істер департаментінің директоры  Б.Камалов, Қызылорда облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің наиб имамы  Н.Әбжанов, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының директоры Ж.Тұсмағамбетов, Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық  және құқықтық кеңес беру орталығының  жетекшісі Т.Әбуов қатысып, тақырып  аясында баяндамаларын жасады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 19 сәуір  күні Тасбөгет кентінде орналасқан С.Майқанова  атындағы мәдениет үйінде кент тұрғындарының  қатысуымен «Дін және ұлттық тәрбие»  тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің наиб имамы Н.Әбжанов пен Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық және құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуовтің баяндамалары тыңдалып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Сонымен қатар, 21 сәуірде «Нұр Отан»  ХДП-ның Қызылорда облыстық филиалы  ғимаратының мәжіліс залында «Қазақстан-бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің кеңістігі»  тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында «Мазхаб туралы таным» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді. Семинар жұмысына қатысқан Қызылорда облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің  бас имамы Дайрабай қажы Рысбай, Қызылорда облысы бойынша Діни істер департаментінің директоры Б.Камалов, Қызылорда облыстық мәслихат депутаты Ш.Әбдікәрімов, Қызылорда қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, ҚМДБ-ға қарасты қаладағы барлық мешіт имамдары, зиялы қауым өкілдері қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Дәл осы күні Шиелі ауданына қарасты  Төңкеріс ауылдық округіндегі № 158 орта мектепте «Этносаралық келісім мен конфессияааралық тұрақтылықты сақтап нығайту - мемлекеттік саясаттың басым бағыты» тақырыбында тұрғындармен, мектеп оқушыларымен, ұстаздар қауымымен кездесу өткізілді. Кездесуге   Қызылорда облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің наиб имамы Н.Әбжанов, Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық және құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуов, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының жоба маманы А.Шөменова қатысып, баяндамаларын оқыды.

Мамыр айының 28-і күні Қызылорда  қаласындағы № 2019 әскери бөлімшесінде «Қазақстан - бейбітшілік пен конфессияаралық келісім кеңістігі» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде Қызылорда облыстық «Ақмешіт - Сырдария» мешітінің имамы және Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық және құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуов қатысып, әскери қызметкерлерге діни бағытта баяндамалар оқып, пікір алмасты. 

2011 жылдың 24-27 маусым күндері Қызылорда  қаласына қарасты Белкөл кенті  мен Қызылжарма ауылдық округінде  ауыл тұрғындарымен ақпараттық-насихаттық  топ мүшелерінің кездесуі өткізілді. «Қоғам күштері діни экстремизмнің алдын алу» және «Халықтың тұтастығы – сенім наным бірлігінде»  тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелдерде қазіргі таңдағы белең алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысы мен олардан халықты сақтандыру, дұрыс ақпарат беру бағытында баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстелде қаламыздағы «Айтбай» мешітінің бас имамы Алпамыс Өтепбергенұлы жиналған көпшілікке діни экстремизмнің алдын-алу бойынша баяндамасын оқып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

2011 жылғы 18 шілде күні Ақсуат  ауылдық округінде «Дін - имандылық негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелде Қызылорда  облысы бойынша Діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының  жетекшісі Т.Әбуов «Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбындағыбаяндамасын жасап, қарапайым халыққа дәстүрлі дініміздің құндылығын жете түсіндірді. Сондай-ақ, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына қарасты «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Ә.Серікбайдың «Дін - имандылық негізі»  тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Дөңгелек үстел соңында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

2011 жылдың 19 шілдесінде Қызылорда  облыстық наркологиялық орталығында «Қазақстан бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің кеңістігі» тақырыбында емделушілермен дөңгелек үстел өткізілді. Оған наркологиялық орталықтағы қызметкерлер мен барлық емделушілер белсене қатысты. Оларға негізінен зиянды әдеттерден аулақ жүру, шариғат бойынша күнә саналатын іс-әрекеттердің алдын- алу, жарқын да бейбіт аспан астында өмір сүру жайлары кеңінен түсіндірілді. Аталмыш дөңгелек үстелде Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына қарасты «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамы Ә.Серікбайдың «Дін-имандылық негізі»  тақырыбындағы баяндамасы оқылып, емделушілер көңілінен шықты деуге болады.

Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының  жетекшісі Т.Әбуовтың «Қазақстан бейбітшілік пен конфессияаралық келісімнің кеңістігі» тақырыбындағыбаяндамасы тыңдалып, емделушілер өз пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, 2011 жылдың 19 шілде күні қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық  округінде «Дін және ұлттық тәрбие»  тақырыбында ақпараттық-насихаттық топтың ауыл тұрғындарымен кездесуі өткізілді. Кездесудің белгіленген күн тәртібі бойынша Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің наиб имамы Ж.Садықовтың «Жастар арасындағы ұлттық тәрбие мен дін» тақырыбындағы баяндамасы оқылып, онда қазіргі қоғамдағы орын алып отырған жастарымыздың өзге дінге кіруі, оларды тура жолға салу бағытында имандылық уағыздары айтылды. Сондай-ақ, діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуов «Дін және ұлттық тәрбие» тақырыбында хабарлама жасап, ауыл тұрғындарына дәстүрлі дініміздің құндылығын түсіндірді.

Атап өтетін және бір кең көлемде  өткен іс-шара ретінде Шиелі ауданында  өткен «Мемлекеттік конфессияаралық қарым-қатынастардың ролі мен маңызы» тақырыбындағы облыстық көшпелі семинар-кеңесті айтуға болады. Семинар-кеңестің негізгі мақсаты -Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық қатынастардың шынайы көріністері мен оның дамуы жайлы жан-жақты ақпарат беру және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына қарасты облыстағы дін өкілдерінің этносаралық және конфессияаралық қатынастар бойынша біліктілігін арттыру болды. Семинар кеңестің  бекітілген күн тәртібі бойынша Қызылорда облыстық Діни істер департаментінің директоры Б.Камалов «Қызылорда облысындағы діни ахуал туралы» хабарлама жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Қызылорда облысындағы өкілі, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы Т.Омаров «Дін – имандылық негізі» тақырыбындабаяндамасын оқып, ауылдардағы діни ахуал жайына да тоқталып өтті. Сондай-ақ,«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры жанындағы Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуов «Этносаралық татулық пен конфессияаралық келісім - басты байлығымыз» тақырыбындағыбаяндамасын жасап, облысымыздағы тату өмір сүріп жатқан этностардың бірлігін, конфессиялардың татулығын, діннің маңыздылығын атап өтті. 

Семинар кеңесте сонымен қатар, Шиелі аудандық ішкі істер басқармасының  Қылмысты іздестіру бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны  Д.Төлеуовтың «Дін-тұрақтылық пен қауіпсіздік негізі» тақырыбындағы хабарламасын жасады. Жалпы, бұл семинар-кеңеске Жаңақорған және Шиелі ауданының бас имамдарымен қатар, ауылдардағы имамдар мен молдалар, ауыл тұрғындары, жастар толығымен қатысты. Семинар-кеңес соңында қатысушыларға, ақпараттық-насихаттық топ өкілдеріне тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер білдірілді. Қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар беріліп, ұсыныстар алдағы уақытта өз шешімін табады деген тоқтам айтылды.

Үстіміздегі жылдың 26 шілде күні Қызылорда  қаласына қарасты Талсуат ауылдық  округінде «Этносаралық татулық пен конфессияаралық келісім – басты байлығымыз» тақырыбында ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел өткізіліп, ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелде «Ыбырайым молда» мешітінің бас имамы Т.Нұрманның «Дін – татулық белгісі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып, ауыл тұрғындарына дін мәселесінің  өзектілігін, татулық, бірлік сақтаудағы оның тұрақтылығына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша Діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуовтың «Этносаралық татулық пен конфессияаралық келісім – басты байлығымыз»  тақырыбындағыбаяндамасы тыңдалып, халыққа ой тастады. Дөңгелек үстелге қатысушы ауыл тұрғындарынан «Уахабизм ағымы туралы түсінік»,  «Жаназа патуасы туралы» сұрақтар қойылып, «Ыбырайым молда» мешітінің бас имамы Т.Нұрман қойылған сұрақтарға жауап берді.

2011 жылғы 19-23 тамыз аралығында  Сырдария ауданына қарасты Бесарық  ауылдық округ  және Жаңақорған ауданына қарасты Төменарық, Қожамберді ауылдық округтерінде тұрғындармен  дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, 19 тамыз күні Бесарық ауылдық округіндегі  мәдениет үйінде өткізілген дөңгелек үстелде қазіргі таңдағы белең  алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жұмысы мен олардан халықты сақтандыру, дұрыс ақпарат беру бағытында  баяндамалар оқылды. Дөңгелек үстелге  ауыл тұрғындары, ардагерлер, жастар қатысты. Онда Қызылорда облысы бойынша діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының  жетекшісі Т.Әбуов қазіргі таңда  орын алып отырған дәстүрлі емес діни ағымдардың жастар өміріне қауіп  төндіретіндігі, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығына нұқсан келтіретіндігіне баса тоқталды. Сонымен қатар, «Құддыс  ишан» мешітінің бас имамы  Ж.Садықов ел арасындағы кейбір шариғат  мәселелеріне, түрлі секталардан  сақтану жолдарын сөз етті. Дөңгелек үстел соңында тұрғындар тарапынан  ұсыныстар мен пікірлер айтылып, қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан  жауаптар берілді.

Cондай-ақ, тамыз айының 23-і күні  Төменарық ауылдық округінің  мәдениет үйінде ауыл тұрғындарының  ақпараттық-насихаттық топ мүшелерімен  дөңгелек үстелі өткізілді. Аталмыш  дөңгелек үстелді Төменарық ауылдық  округі әкімі  Н.Фазылов ашып, топ мүшелерінің негізгі мақсатын түсіндіріп өтті. Бұл дөңгелек үстелде де, діни - психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының жетекшісі Т.Әбуов және «Құддыс ишан» мешітінің бас имамы Ж.Садықов жиналған көпшілікке діни экстремизмнің алдын алу бойынша баяндамаларын оқып, халықтың сұрақтарына жауап берді.

Сонымен қатар, осы күні Жаңақорған ауданына қарасты Қожамберді ауылдық  округінде ақпараттық-насихаттық топтың ауыл тұрғындарымен кездесуі өткізілді.

Дөңгелек үстелде Қызылорда  облысы бойынша діни-психологиялық, құқықтық кеңес беру орталығының  жетекшісі Т.Әбуов баяндамасын  жасап, қарапайым халыққа дәстүрлі дініміздің құндылығын жете түсіндірді. Сондай-ақ, «Құддыс ишан» мешітінің  бас имамы Ж.Садықов ауылдардағы  ахуал жайына да тоқталып, халыққа  кейбір дәстүрлі емес ағымдар туралы толық ақпарат берді. Дөңгелек үстел соңында ауыл тұрғындары тарапынан діни басылымдар таратылуы, ағымдарға Заң тарапынан тыйым салатын өзгерістер енгізілуі жөнінде ұсыныстар айтылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

2011 жылдың 12 қыркүйегі күні облыстық  ішкі саясат басқармасының қолдауымен  «Самұрық инновациялық идеяларды  дамыту орталығы» қоғамдық қоры  тұрғындар арасында діни экстремизмнің  алдын алу мақсатында www.antisekta-kyzylorda.kz веб-порталын ашты.

Облыста діни бағыттағы тура жолды  көрсетер, тұрғындарға ақпарат беретін  порталдың ашылуы көптен бері айтылып  келе жатқан мәселе екендігі баршаға  белгілі. Олай болса, осы бастама  өз шешімін тауып, портал халық игілігі  үшін жұмыс жасай бастады.

Сайтты ашудағы мақсат - жастарға дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалының  өсуіне байланысты нақты ақпараттар беріп, көзін жеткізу. Діни экстремизмнен  сақтандырып, кері байланыс арқылы жастарға жан-жақты жәрдем көрсету.

Қазіргі таңда халықты әсіресе  жастарды адастырып жатқан сайттар  баршылық екенін барлығымыз білеміз. Осы  бағытта қарапайым халықтың сауатын  ашып, тура жолға бағыттауда аталмыш  портал өз үлесін қосады деген сенімдеміз.

Сонымен қатар, веб-портал арқылы кез-келген облыс тұрғыны өзінің көкейінде  жүрген сауалдарын қойып, оларға жауаптар ала алады.

15 қыркүйек күні «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық  институтында «Дін татулық тірегі»  тақырыбында семинар өткізілді.  Семинарға қаладағы жалпы білім  беретін мектептерінде дінтану  пәнінен дәріс беретін мұғалімдер  мен осы оқу орнының студенттері  қатысты.

Информация о работе Тұрғындар арасында діни экстремизм құбылыстарының алдын-алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру