Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 09:54, курсовая работа

Краткое описание

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
§1. ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Еліміздің кылмыстык кұкық теориясыңдағы, ғылыми дотринадағы, іс-әрекеттін. кылмыс екендігін жоятын мән-жайлардың жиьнтығына қарамастан ұзақ уакыт бойы Казақстанның кылмыстық заннамасында тек кажетті қорғану мен мәжбүрлі кажетгіліктін белгісін кұраған екі норма ғана іске асырылып келді.

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая на каз яз. уголовное право.doc

— 153.00 Кб (Скачать файл)

     Адам  өз әрекетінін қылмыс екендігін біле тұра оны тілемесе, бірақ оны мәжбүрлеу  салдарынан өз еркінен тыс жағдайға байланысты жасаса — күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, іс-әрекеттің қылмыс екендігін жоятын мәнжайлар ретінде қарастырылады. Мысалы, келе жатқан жүргізушіні тоқтатып, көліктен алдап сыртқа шығарып, ұрып-соғып оған сеніп тапсырылған қызметтік көлігін тартып алған жағдайда көлік жүргізушісінің әрекетінде ешқандай кылмыс белгісі орын алмайды.

     36-баптың  екінші бөлігінде мәжбүрлеудің  екі түрі — психикалық мәжбүрлеу,  сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудін  нәтижесінде Қылмыстық кодекспен  қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылык жасау мүмкіндігін сақтаған жағдайдағы қылмыстық жауаптылық туралы мәселе айтылған. Екі жағдайда да орын-даушының әрекетті тандауға мүмкіндігі бар. Міне сондыктан заңмен қорғалатын мүддеге келтірілген зиян үшін жауаптылық аса қажеттіліктің құқықтық шарттары бойынша шешіледі. Мәжбүрлеудің осы екі түрі бойынша адам қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтірген жағдайда, онын әрекеті келтірілген зиян тойтарылған зияннан кеп болған жағдайда ғана қылмыс болып табылады.

     Күштеп  немесе психикалық мәжбүрлеудін салдарынан, зиян келтірудегі, қылмыстың белгілерінің болу-болмауы кол сұғу-шылық жасаған  адамның әрекетіндегі кінәліліктің негіздеріне байланысты анықталады.

     §7. БҰЙРЫҚТЫ НЕМЕСЕ ӨКІМДІ ОРЫНДАУ

     Бүйрықты  немесе өкімді орындау, іс-әрекеттің  қылмыс екенін жоятын мән-жайлар ретінде 1997 жылғы 16 шілдедегі Казақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінде алғаш рет  бекітілді.

     ҚК-тін 37-бабына сәйкес өзі үшін міндетті бұйрыкты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның Кылмыс-тық кодекспен корғалатын мүдделерге зиян келтіруі кылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.

     Қажетті қорғануға, аса қажеттілікке, қол  сұгушылық жасаған адамды үстауға, орынды тәуекелге байланысты болатын әрекеттер қоғамға пайдалы болып келеді, ал керісінше бұйрыкты немесе өкімді орындау коғамға кауіпті болып табылады; яғни оның қылмыс болып саналуы ол әрекеттің субъективті жағына — кінәнің болуына немесе болмауына байланысты болады.

     ҚК-тің 37-бабынын мазмұнына карай, бұйрықты немесе өкімді орындауды іс-әрекеттің  кылмыс екенін жоятын мән-жайлар қатарына жаткызу үшін мынадай біркатар шарттардың болуы қажет:

     1. Бұйрықты орындауға міндеттінің бұйрық берген лауазым- 
ды адамға бағынышты болуы керек.

     Бұйрық  дегеніміз өкілетті орган ресми  түрде берген акті (әскери бастыктың, мекеме басшысының кәсіпорын жетекшісінің актісі). Бұйрық оны жасауға өкілеттілігі бар адам аркылы ауызша немесе жазбаша  түрде берілуі мүмкін.

     2. Бұйрық пен өкім нысаны бойынша да, сондай-ақ мәні 
бойынша да занды болуы керек.

     3. Адамның зиян келтіру кезінде, өзі орындап жаткан 
бұйрықтың немесе өкімнің заңсыз екендігін білмеуі шарт. 
Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қаса- 
қана қылмыс жасаған адам жалпы негіздерде қылмыстық жауапқа 
тартылады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орында- 
мау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.
 
 

     Қазақстан Республикасының  кейбір заң актілеріне сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 

     Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексіне  (Қазақстан Республикасы Парламентінің  Жаршысы, 1997 ж., №15-16, 211-құжат; 1998 ж., №16. 219-құжат; №17-18. 225-құжат; 1999 ж„ №20, 721-құжат; №21, 774-құжат; 2000ж., №6, 141-құжат; 2001 ж., №8. 53-54-құжаттар; 2002 ж.. №4.32.33-құжаттар; №10. 106-құжат; №17, 155-құжат; №23-24, 192-құжат; 2002 ж.. №15, 137-құжат}:

     2) 41-бапта: 

     екінші  бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

     «2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру жазаның  негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.

     Сыбайлас  жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру жазаның  негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және жазаның косымша түрі ретінде бір жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге белгілгнеді.»;

     Мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:

     «Ескерту. Осы Кодекстің 176-бабының үшінші бөлігінің г) тармағында, 193-бабының  үшінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабының  үшінші бөлігінің а) тармағында, 307-бабында, 308-бабының төртінші бөлігінің в) тармағында, 310-315-баптарында, З80-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.»;

  1. 129-баптың үшінші бөлігі «Адамды» деген сөзден кейін ,,сыбайлас жемқорлық.,,деген сөздермен  толықтырылсын;
  2. 176-баптың үшінші бөлігінде;

     мынадай мазмұндағы г) тармағымен толықтырылсын:

     «г) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған тенестірілген  адам, егер оларды өзінің қызмет бабын  пайдалану мен  қатар жасаса»:

     “үш жылға дейінгі” деген сөздерден  кейін,  г) тармағында көзделген жағдайларда  — жеті жылға дейінгі" деген  сездермен толықтырылсын;

     4} 193-баптың  үшінші бөлігі мынадай  редакцияда  жазылсын:

     “З. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:

     а)мемлекеттік  кызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам,егер  оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;

     б) ұйымдасқан топ;

          в) қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық  ұйым) немесе ірі мөлшерде  жасаса, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге, ал а) тармағыңда көзделген жағдайларда - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»-

     5) 209-бапта:

     екінші  бөліктің б) тармағындағы «лауазымды»  деген сөз алып тасталсын;

     үшінші  бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

     “3.Осы  баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді:

     а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген-адам,                                                                                       

     егер  оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса,—

     б) ұйымдасқан топ жасаса,—

     үш  жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мулкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;

     6) 224-баптың бірінші бөлігіндегі ”Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйым қызметшісінің” деген сөздер «Мемлекеттік оргаyның немесе мемлекеттік ұйымның мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамы болып табылмайтын қызметкерінің немесе оған теңестірілген адамының,- деген сөздермен ауыстырылсын;

     7) 228-бапқа ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

     “Ескерту. Осы Кодекстің баптарында мемлекеттік  орган, жергілікті өзін өзі басқару  органы не мемлекеттік үлесі кемінде  отыз бес процент болатын ұйым болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша, не арнаулы өкілеттік бойынша  уйымдастырушылық- өкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді атқаратын адам коммерциялық немесе өзге ұйымдарда баскару қызметтерін атқаратын адам деп танылады.»;

     8) 13-тараудың тақырыбы мынадай редекцияда жазылсын:

     “13-тарау. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік  басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлык және өзге де қылмыстар”;

     9) 307 және 308-баптар мынадай редакцияда  жазылсын:

     «307-бап. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану 

     1.Мемлекеттік  қызметтер атқаруға уәкілетті  адамның не оған теңестірілген  адамның қызметтік өкілеттігін  өзі немесе баска адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшыл.ық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуга әкеп соқса,-

     жүзден  екі жүз айлық есептік көрсеткішке  дейінгі мөлшерде немесе сотталған  адамның бір айдан екі айға дейінгі кезендегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппүл  салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     2.Лауазымды  адам жасаған нақ сол әрекет,—

     үш  жүзден бес жүз айлык есептік  көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталган адамның үш айдан бес  айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл  салуға, не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     3.Жауапты  мемлекеттік лауазым атқаратын  адам жасаған нақ сол әрекет,- бес жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегіз айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мелшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     4. Осы баптың бірінші, екінші  немесе үшінші бөліктерінде көзделген  ауыр зардаптарға әкеп соққан  әрекеттер,—

     жеті  жылға дейінгі мерзімге белгілі  бір лауазымды атқару немесе белгілі  бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

     Ескертулер.

     1.Мемлекеттік  қызметтер атқаруға уәкілетті  адамдарға лауазымды адамдар,  Парламент пен мәслихаттардың  депутаттары, судьялар және Қазақстан  Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

     2.Мемлекеттік  кызмет атқаруға уәкілетті адамдарға:

     1) жергілікті өзін өзі басқару  органдарына сайланған адамдар;

     2)заңда  белгіленген тәртіппен Қазақстан  Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін өзі басқару сайланбалы органдарының мушелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар;

  1. жергілікті өзін өзі баскару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметшілер;
  2. мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі.

     З.Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік  бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-өкімшілік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.

Информация о работе Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар