қасақаналық және оның түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Басқа да құқық салалары сияқты қылмыстық құқықтың негізгі заңдық базасы- Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық жауаптылықтың негізгі және одан босату, қылмыстық заңның кеңестіктегі және мезгілдегі күші, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі. Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары мен оларды істегені үшін белгіленеген жаза түрлері көрсетіледі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі 1997 жылы шілденің он алтысында қабылданып, ол 1998 жылы бірінші қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Қылмыстықы заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінен тұрады.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3-4


I Бөлім. Қасақаналық және оның түрлері
1. Қасақана қылмыс туралы түсінік................................................................5
2. Қасақана қылмыс түрлері және оған берілетін жазалар........................6-7
3. Кінә туралы түсінік...................................................................................8-9



II Бөлім
Қылмыс жасаудың негізгі сатылары.................................................10-13
Тұлғаның қателесу сипаты.................................................................14-16
Қасақана құқық бұзушылықтағы себепті байланыс........................17-19
Қасақаналық қылмыс құрамы............................................................20-22


Қорытынды.........................................................................................................23


Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................24

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 34.82 Кб (Скачать файл)

     Екі ұшты (нақтыланбаған) қасақаналықта  кінәлі адам қоғамға зиянды зардаптың  нақты қайсысының және оның қандай болатынын дәлме-дәл елестете алмайды. Екі ұшты қасақаналыөта кінәлі адам нақты орын алған зардап үшін жауапты  болып табылады. Көп жағдайларда  қылмыс бір ған қылмыс нысаны арқылы істеледі. Қасақана немесе абайсызда  біреуді өмірінен заңсыз айыру. Адамды әрекет немесе әрекетсіздік арқылы өлтіруге болады. Қасақана кісі өлтіру түрлі ниетпен орындалады. Біреудің ақшасына, затына, малына, үйіне ие болу үшін тағы басқа себептермен өлтіру- пайдақорлық ниетке жатады. Бұзақылық ниетпен де  (тентектік, жанжал, төбелес) кісі өлтірілуі мүмкін. Біле тұра екіқабат әйелді өлтіру де қасақана кісі өлтіруге жатады. Мұнда қаскүнем анасымен қатар іштегі нәрестені де өлтіреді. Сирек те болса, қан үшін кекшілдікпен өлтіру де кездеседі. Мұндай қастандық ескіліктің, рушылдықтың қалдығы. Екі немесе одан да көп адамды өлтіру қасақана өлтіру болып табылады (мысалы, екі, одан да көп адам жейтін асты уландыру, мылтықпен екі не одан да көп  адамды ату). Кейде адам жасаған қылмысын жасыру үшін сол қылмыс түралы білетінді өлтіреді. Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамгың жағдайын өзге де жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет  жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады. Әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгілейтін, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетін немесе осы әрекетті жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның кері күші болмайды. Айталық, қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, кейбір қылмыс түрлері үшін 14 жас. Әкімшілік жауапкершілік 16 жас, азаматтық жауапкершылык 15 жастан есептеледі. Қылмыс қоғамға қауіпту және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                              Қорытынды 

     Қылмыстың оның ішінде қасақана қылмыстың өсуіне негіз болатын себептерге әсіресе, мыналарды атау қажет: кедейлік, жұмыссыздық, ата-ананың тәрбиелеу қабылетінің  жарамсыздығы тағы басқалары жатады. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай  іске аыру тәуелсіз мемлекетіміздің  негізгі шарты. Кейбіреулер қылмыстың  өсуін заңның жұмсақтығымен немесе қаталдығымен байланыстырады. Қатаң  жаза кейбір адамдарды қылмыс жасауын  тоқтатуы мүмкін. Қасақана қылмыстың, «басбұзарлықтың» көбін жасаушылар жас, оның ішінде жасы толмағандар. Жасы толмағандар қылмысты жекелеп қана емес, топтасып та жасайды. Жасы толмағандардың қылмысқа бой ұрыныруларының себептері  ел басына түсіп отырған қиындықтар, тәрбиелеу қабілетінің жарамсыздығынан, тәрбие беру ісі ақсаған мектептен, басқа оқу орындарынан туындайтыны  сөзсіз.

     Көптеген  қылмыстар көбіне тікелей қасақаналықпен істеледі. Қасақаналықтың осы түрін  ажырата білу керек. Себебі, құқықтық нормаларды дұрыс қолдану үшін, кінәнің  дәрежесін анықтау үшін, іс-әрекеттің  қоғамға заңдылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке басының, қылмыстық жауаптылық пен жазаны саралау үшін өте қажет.

     Заң әрқашанда демоқратиялық талаптарға, теңдік пен әділеттілікке сай  жасалуы қажет. Қылмыспен күресу оның қандай да болмасын түрлерімен (қасақана қылмыс тағы да басқа) оның алдын алу  немесе тәртіпке енгізу болып табылады. Заңдылықты қатаң сақтау, бұлжытпай  жүзеге асыру тәуелсіз мемлекетіміздің  негзгі шарттарына жатады. Еліміздің  нығаюына, құқықтық Мемлекет болуына  өз үлесімізді қосып, заң бұзушылыққа  жол бермейік дегім келеді.  
 
 
 

                               Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Нормативтік актілер:
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы  (Алматы, 1995ж.)
  1. «Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі» Баспа

             (Алматы, 2000ж.) 

         II.        Әдебиеттер:

  1. Ғ. Сапарғалиев «Қазақстан  Мемлекеті мен құқығының негіздері»

              Атамұра-Қазақстан   Алматы, 1994ж.

  1. А.Н. Ағыбаев «Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім» Алматы, 1999ж.
  2. Қ.Д.Жоламан, А.Қ.Мұхтарова, А.Н.Тәукелов «Мемлекет және құқық теориясы»      Алматы, 1999ж.
  3. А.Н.Ағыбаев «Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне түсінік» Жалпы бөлім     Алматы, 1999ж.
  4. Н.Дулатбеков, С.Амандықова, А.Турлаев «Мемлекет және құқық негіздері»   «Фолиант» баспасы. Астана, 2001ж.
  5. «Заң және Заман» №4   Алматы, 2000ж.
  6. «Заң» газеті №8     Алматы, 2000ж.
  7. «Ақиқат»  №12      Алматы, 1999ж.,2000ж.
  8. Е.О.Алауханов,А.Ә.Әбдірашат, Е.Т.Әбілезов, Т.Ә.Баланов,  
  9. С.Р.Баймурзин «Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік»  Алматы, 2001ж.
  10. А.Н.ағыбаев «Қылмыстық құқық» Алматы, 2004ж.
  11. «Қылмыстық Кодекс» Алматы, 2001ж.
  12. «Заң» журналы №7  Алматы, 1999ж.
  13. «Заң және заман» газеті №3 Алматы, 2006ж.

Информация о работе қасақаналық және оның түрлері