Сақтау шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:10, дипломная работа

Краткое описание

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.

Содержание работы

1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50

Содержимое работы - 1 файл

сақтау шарты.doc

— 524.50 Кб (Скачать файл)

Сақтауды кәсiпкерлiк қызмет ретiнде жүзеге асыратын сақтаушы шарт бойынша өзiне жүк берушiнiң затын сақтауға қабылдау және жүк берушiнiң берген затын осы тараудың ережелерiне сәйкес сақтау мiндеттемесiн өз мойнына алуы мүмкiн. Шарт бойынша өзiне затты сақтауға қабылдау мiндеттемесiн алған сақтаушының бұл заттың өзiне сақтауға берiлуiн талап етуге құқығы жоқ. Алайда шартта көзделген мерзiмде затты сақтауға бермеген жүк берушi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақталмай қалуға байланысты келтiрiлген залалдар үшiн сақтаушының алдында жауапты болады. Егер жүк берушi сақтаушының қызметiнен бас тартқандығы туралы қисынды мерзiмде мәлiмдеген болса, ол затты сақтауға бермегенi үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шартта келiсiлген мерзiмде зат сақталуға өткізілмеген, ал бұл мерзiм шарт жасалған күннен бастап отыз тәулiк өткенге дейiн белгiленбеген жағдайларда сақтаушы затты сақтауға қабылдау мiндетiнен босатылады. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне қарай сақтауды жүзеге асыратын сақтаушының, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, техникалық мүмкіндік бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады .

Иесiздендiрiп сақтау кезiнде сақтауға алынған заттар басқа жүк берушiлердiң сол тектес және сапасы сондай заттарымен араласып кетуi мүмкiн. Жүк берушiге заттар сол тектес және сапасы сондай тең немесе тараптардың келiсiлген мөлшерiнде қайтарылады. Заттарды иесiздендiрiп сақтау кезiнде, егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленсе, заттар осы тектес және сапасы сондай заттардан оқшау ұсталуға тиіс.Сақтаушының нөмiрлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған белгiлер беруi арқылы заттарды қысқа мерзiмге сақтауға сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың және т.б. киiм iлгiштерiне өткiзулердi қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушiге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледi. Тұрмыстық қызмет көрсету түрiндегi сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы мүмкiн.  Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол берiледi. Заттарды төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және басқалар) кезiнде сақтауға өткiзу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткiзiлген заттардың құнына қарамастан куәгерлiк айғақтар бойынша дәлелденуi мүмкiн. Егер зат талап етiлмелi сақтауға немесе мерзiмi көрсетiлмей өткiзiлген болса, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегi сақталу мерзiмi өткен соң жүк берушiнiң заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы, бiрақ жүк берушiге затты қабылдап алуға жететiндей қисынды мерзiм беруге мiндеттi. Жүк берушi шарт бойынша сақтаудың өзге мерзiмi көзделгенде де кез келген уақытта сақтаушыдан затты талап етуге құқылы. Алайда бұл жағдайда жүк берушi, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтаушыға мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын, тоқтатылуынан туған залалдарды өтеуге мiндеттi. Сақтау шарты бойынша сақтаушыға берiлетiн сыйақы мөлшерi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда сыйақының мөлшерi таксалар, ставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкiн.  Тараптардың келiсуiмен немесе заң актiлерiмен сақтаудың тегiн түрi шарттастырылуы мүмкiн. Тегiн сақтау кезiнде жүк берушi сақтаушыға заттарды сақтау үшiн қажеттi, нақты жұмсалған шығындарды өтеуге мiндеттi. Егер заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмеген болса, сақтаушыға сақтағаны үшiн сыйақы сақтау аяқталған соң, ал егер кезең бойынша төлеу көзделген болса - әрбiр кезеңнiң аяқталуы бойынша төленуге тиiс. Егер сақтау, шартта белгiленген сақтау мерзiмiнен бұрын тоқтаса, сақтаушыға сыйақының соған мөлшерлес бөлiгi төленуi тиiс.  Егер шартта көзделген мерзiм өткеннен кейін сақтауда тұрған затты жүк беруші қайтарып алмаған болса, ол сақтаушыға затты бұдан әрi сақтағаны үшiн сол бұрынғы мөлшерде сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтау бойынша шығындар сыйақының сомасына енгiзiледi. Төтенше шығындар сыйақының сомасына немесе шартта көзделген шығындардың құрамына кірмейдi деп ұйғарылады.Сақтаушы өзiне берiлген заттардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн шартта көзделген, сондай-ақ басқа да қажеттi барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Егер сақтау тегiн жүзеге асырылатын болса, сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға мiндеттi.  Зат оның табиғи бұзылуы немесе табиғи кемуi ескерiле отырып сақтауға қабылданған күйiнде қайтарылуға тиiс. Шартта көзделген, сондай-ақ, егер затты пайдалану оның сақталуын қамтамасыз етуi үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, сақтаушының затты пайдалануға құқығы жоқ. Сақтаушы затты қайтарумен қатар, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, оны сақтау уақытында алынған нәтижелер мен кiрiстердi де беруге құқылы.

Сақтау шартын жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол ережелерді акцептант қабылдамайтын болса сақтау шарты жасалмаған болып табылады, барлық процедура қайтадан басталады. Сондықтан ережеге қандай да бір өзгеріс енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның кұкығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігін түсінгенше жалғаса береді. Егер сақтау шартында оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде жасалған болып табылады.

Сақтау шартын жасасқан жерді анқытаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталғандығын белгілейді. Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен онын, тұрғылықты жері деп танылады.Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы орналасқан жері оның тұрған жері болып табылады.

Жалпы ереже бойынша сақтау шартын жасасу кезінде туындаған пікір қайшылықтарын тараптардың өздері шешеді, оларды соттың қарауына бермейді. Егер ол қайшылықтарды тараптардың өздері шеше алмаса шарт жасалмаған болып саналады, тараптар арасындағы қатынас тоқтайды. Азаматтық Кодекстің 400-бабына сәйкес шартқа дейінгі дауларды сотта қарауға болатын тек екі жағдай бар: сақтау шартын жасасудан бас тартушы тарап үшін шарт жасасу міндетті болғанда; пікір қайшылығын сот (мемлекеттік немесе төрелік) қарауына беру жөнінде тараптардың келісімі болса. Мұндай келісім пророгациялық немесе төрелік деп аталады. Пікір қайшылығы сотта қаралғанда, сақтау шарттының тараптар келісе алмаған ережелерін сот анықтайды, ол шешімге тараптар бағынуға тиіс.Сақтау шарты алдындағы даулар бойынша сот шешімдері мәжбүрлеп орындату жөнінде ешқандай әрекеттерді керек етпейді, онда тек құқық құрушы маңыз бар.

 

2.1 Сақтау шартының елеулі жағдайлары

Сақтау шартында көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе, сақтау шарты жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл - шарттың елеулі ережесі. Азаматтық Кодекстің 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша ортақ келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. 393-бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпылай олардың нышандарын атап өтеді.

Ережелердің елеулі болып табылатын мына топтарын бөліп айтуға болады, олар:

1. Сақтау шартының нысаны . Шарт нысаны анъқталмайынша сақтауы шарт жасалған болып саналмайды;

Егер тараптар белгілі бір нысанда сақтау шартын жасауға уағдаласса, заң бойынша сақтау шартының осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, сақтау шарты оған уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі. Сақтау шартын жасасу жөніндегі жазбаша ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 396-бабының 3-тармағында көзделген   тәртіп   бойынша   қабылданса,    сақтау шартының   жазбаша   нысаны сақталған болып табылады. Сақтаушының нөмiрлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған белгiлер беруi арқылы заттарды қысқа мерзiмге сақтауға сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердiң, кәсiпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың және т.б. киiм iлгiштерiне өткiзулердi қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушiге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледi. Тұрмыстық қызмет көрсету түрiндегi сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы мүмкiн. Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол берiледi.  Заттарды төтенше жағдайлар (өрт, су тасқыны және басқалар) кезiнде сақтауға өткiзу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткiзiлген заттардың құнына қарамастан куәгерлiк айғақтар бойынша дәлелденуi мүмкiн.

2 . Сақтау шартынъң бағасы;

Сақтау шартының орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемлекттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады. Сақтау шарты жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі[7].

Ақылы сақтау шартында баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есептеледі.

3.Сақтау шартының мерзімі;

Егер зандарда немесе сақтау шартында шарттың қолданылу мерзімі көзделсе осы мерзімнің аяқталуы, сақтау шарты бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады.

Қолданылу мерзімі көрсетілмеген сақтау шарты тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы аяқталып біткен кезге дейін қолданылады. Егер зат талап етiлмелi сақтауға немесе мерзiмi көрсетiлмей өткiзiлген болса, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегi сақталу мерзiмi өткен соң жүк берушiнiң заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы, бiрақ жүк берушiге затты қабылдап алуға жететiндей қисынды мерзiм беруге мiндеттi. Жүк берушi шарт бойынша сақтаудың өзге мерзiмi көзделгенде де кез келген уақытта сақтаушыдан затты талап етуге құқылы. Алайда бұл жағдайда жүк берушi, егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтаушыға мiндеттеменiң мерзiмiнен бұрын, тоқтатылуынан туған залалдарды өтеуге мiндеттi.

4. Сақтау шарты тараптарынъң құқықтары мен міндеттері;

Екі жақты міндеттеуші сақтау шартында шартқа қатысушы тараптардың біреуіне тиесілі құқықтар екіншісінің міндеттері болып табылады. Шарт бойынша өзiне затты сақтауға қабылдау мiндеттемесiн алған сақтаушының бұл заттың өзiне сақтауға берiлуiн талап етуге құқығы жоқ. Алайда шартта көзделген мерзiмде затты сақтауға бермеген жүк берушi, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сақталмай қалуға байланысты келтiрiлген залалдар үшiн сақтаушының алдында жауапты болады. Егер жүк берушi сақтаушының қызметiнен бас тартқандығы туралы қисынды мерзiмде мәлiмдеген болса, ол затты сақтауға бермегенi үшiн жауапкершiлiктен босатылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, шартта келiсiлген мерзiмде зат сақталуға өткізілмеген, ал бұл мерзiм шарт жасалған күннен бастап отыз тәулiк өткенге дейiн белгiленбеген жағдайларда сақтаушы затты сақтауға қабылдау мiндетiнен босатылады. Өзiнiң кәсiпкерлiк қызметiне қарай сақтауды жүзеге асыратын сақтаушының, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, техникалық мүмкіндік бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады .

Елеуліден басқа шартардың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшеліктері сонда, бұл ереженің болған-болмағандығы сақтау шартының зандық күйіне әсер етпейді[8].

 

2.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар

Заңдық факт деп саналатын сақтау шартының мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы құрайды. Сақтау шартының ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.

Сақтау шартының ережелерін анықтаудың жалпы қағидасы шарт еркіндігінен туындайды.

Азаматтық Кодекстің 382 - бабының   1-тармағында императивтік және диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.

Тиісті    ереженің    мазмұны         заңда    тікелей    міндеттелген    болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар олнормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан, оны олар заңда көрсетілген қалпында орындауға міндетті.

Егер сақтау шарты ережелерінде диспозитивтік норма көзделген болса, тараптар оны қолданбауға немесе оларды өзгеше белгілеуге құқылы.

Мысалы, Азаматтық Кодекстің 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан, тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.

Егер тараптар сақтау шартында осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады[9].

Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол сақтау шартының еркіндігіне сүйене отырып, тараптардың оның барлық ерекшеліктерін өздері анықтай алатындығымен байланысты. Тараптар сақтау шартына кез-келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Қандай да бір ережені сақтау шартының тараптарының өздері де, диспозитивтік нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа алынады.

Дегенмен, мүндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашан да дау туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.

Сақтау шартының жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Сақтау шартының жарамды болу жағдайларына жататындар: мазмұны заң талаптарына сәйкестігі, мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі, еркі мен ерік білдіруінің сәйкестігі, нысанын сақтау. Сақтау шарты шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс; яғни кез келген құқықтық нормативтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге бағытталған сақтау шарты жарамсыз болып табылады.

Сақтау шарты ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан сақтау шартын жасауға қабілетті деп саналады.

Сақтау шартының жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі керек. Олардың арасындағы сәйкессіздік шартты жарамсыз етіп көрсетеді. Шарт оның нысанын сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған шартты нотариалдық куәландыру мен тіркеуді айтуға болады. Сонымен, шарттың жарамдылығын қамтамасыз ету үшін оның еріктілігіне, субъектісіне, объектісіие нысанына қойылатын талаптар сақталуы тиіс.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. Азаматтық Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылданған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Сақтау шартының еркіндігі туралы норма азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережеге негізделген. Сақтау шартының еркіндігі Азаматтық Кодексте бекімін тапқан кәсіпкерлік кызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігі құқығымен үйлестікте болады[10].

Информация о работе Сақтау шарты