Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 20:10, дипломная работа
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50
Мазмұны
КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар.....................
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі......................
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
КІРІСПЕ
Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.
Шарт – көп уақыттан бері келе жатқан құқық нысаны. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі. Шарттың осындай ұзақ кезеңге созылуы, шарттың қоғамдық қатынастың әр түрлі сипатты қамтитын ыңғайлы кұқық нысаны болып табылатындығымен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық мазмұнының өзгеруіне қарамастан шарт құрылымы өзгеріссіз қалып отыр.
Уақыттың өтуіне сәйкес шартқа қатысушылардың құрамы өсе түсті. Жеке тұлғалармен қатар бұл рөлге ұжымдық сипаттағы үйымдар, яғни заңды тұлғалар да шартқа қатысушылар болып табылды.
Кез-келген азаматтық құқық субъектісінің коммерциялық жоспарын жарыққа шығару, ол жеке кәсіпкер немесе өнеркәсіп болмасын, мәмілелер мен шарттар жасаудан тысқары қала алмайды .
Сонымен қатар, заңды, сауатты жасалған сақтау шарты – бұл субъектілердің алдарындағы мақсаттары мен тапсырмаларының сәтті орындалуының және олардың құқықтары мен мүдделерінің жақсы, сапалы қорғалуының кепілі.
Ал, алдын-ала болжаусыз жасалған шарттың нәтижесінде азаматтық айналымға қатысушылар арасында даулар туады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: шарты орындау кезінде туатын даулар, шарт талаптарын бұзғандығы үшін айыппұл өндіру т.б.
Бұл дипломдық жұмыстағы көзделген басты мақсат сақтау шарты туралы жалпы ережелерге қатысты сұрақтардың жауаптарын жарыққа шығарып, осы мәселеле жөнінде тың көзқарас, тұжырымдама беру.
Дипломдық жұмыс екі тараудан тұрады.
Бірінші тарауда – сақтау шартының жалпы жағдайлары, соның ішінде: сақтау шартының түсінігі, пайда болып, дамуы, шарттың мазмұны, елеулі жағдайлары, шарт жасасу тәртібі, сақтау шартының жарамдылығын қамтамасыз ететін жағдайлар, шартты өзгерту және бұзу тәртібі сипатталады. Жұмыстың екінші тарауында- сақтау шартының жекелеген түрлерінің құқықтық реттелуі сипатталады. Соның ішінде, кәсіпкерлік саласында жаңадан қолданысқа түскен тауар қоймасында сақтау, даулы заттарды сақтау шарттарына жекелей тоқталып, аталған шарт түрлеріне мысалдар келтіріледі.
Сақтау шартын құрастырудың негізгі заңнамалық қайнар көздері Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және басқа да жекелеген заң актілері болып табылады.
Азаматтық Кодекстің Ерекше бөлімінде сақтау шартын құқықтық реттеуге арналған нормалар бар. Сақтау шарты жөнінде толық және дұрыс мағлұмат беретін материалдарды дипломдық жұмыс барысында ашып, анықтап, саралап, тұжырымдап көрсете келе, оны жасаудағы маңыздылықты, ұқыптылықты, тәртіпті сақтау жөнінде мәлімдемелер сипатталады.
Сонымен қатар сақтау шартының пайда болып, даму сатысындағы жетістіктер, қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған ерекшеліктер, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер туралы ақпараттар жүйесі дипломдық жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.
Субьектілердің санасында шарт жөнінде дәйекті, сапалы, дұрыс ұғымды қалыптастыру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық саласында даму жолдарына дұрыс бағыт сілтеу, нарықтық экономика кезеңінде тараптар арасында кездесіп жататын әр түрлі келеңсіздіктерді болдырмауға, даулардың пайда болуын тежеуге ат салысу – дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсаттардың бірі болып отыр.
Кез-келген білімді адамның, әсіресе мемлекеттік тілде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық кұқығы туралы, соның ішінде- шарттық құқық жөнінде де дұрыс бағыт-бағдары болуы тиіс.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпак тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар кұқықтық, егемендік қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар. Сондықтан бұл жұмыс Қазақ азаматтарына сақтау шарттарының негізгі мәселелерін түсінуге өзіндік көмегін тигізсе, жұмысты жазудағы негізгі мақсат орындалды деп есептеуге болады.
3
1 ШАРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
Шарт дегеніміз екі немесе одан көп субъектілердің азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу , өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. «Шарт» термині азаматтық заңнамада әр түрлі мәнде қолданылады. Өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты; сол зандық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат. Шарттар екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан , әдетте міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құкығы (несие беруші), екіншіснде - сол құқыққа икемделген міндет (борышқор) болады.
Кейбір мүліктік емес жеке құқықтық қатынастар жасалуының негізі шарт болып табылса, онда кұқық саласындағы айтарлықтай дамудың тағы бір к-рінісі орын алар еді (Мысалы, авторлық құқық саласында). Азаматтық-құқықтық шарттардың көпшілігі өздеріне тән жалпы қасиеттермен қатар , оларды өзара бір-бірінен ажырататын белгілерге де ие. Көптеген және әр түрлі шарттарды дұрыс жасау, қолдану үшін олар жекеленген түрлерге бөлінген. Шарттарды жекелеген түрлерге бөлудің маңызы теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де зор болып отыр. Шарттарды жекелеген түрлерге бөлу азаматтық қатынастың субъектілерінің өз іс-әрекетінің неғүрлым елеулі жағдайларын дұрыс ескеріп, тәжірибе жүзінде өз қажеттілігін толық қанағаттандыратын шарт жасауына себебін көптеп тигізеді.
Азаматтық -құқықтық шарттар мына түрлерге бөлінеді:
1. Нақты және консенсуалдық шарттар.
2. Ақылы және ақысыз шарттар.
3. Қарапайым және күрделі шарттар.
4. Бір типті және аралас шарттар.
5. Негізгі және алдын ала шарттар.
6. Еркін және міндетті шарттар.
7. Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары.
8. Өз қатысушыларының пайдасына жасалған шарттар және
үшінші тұлғалардың пайдасына жасалған шарттар.
9. Ауызша және жазбаша шарттар.
Шарттарды топтастыру әртүрлі негізде жүргізіледі. Міндеттемелер туралы мәселені қарастырғанда жүргізілген топтастыруда, атап айтқанда , тауарды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету сияқты шарттарға да қолданылуы мүмкін.
Нақты және консенсуалды шарттар. Егер, заң актілеріне сәйкес шарт жасалу үшін мүліктің берілуі қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалынған болып саналады .
393-баптың 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы сөз болады. Шарттардың көпшілігі консенсуалдық, болып табылады, яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Мысалы,сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады. Бірақ, кейбір шарттар (мысалы сыйға тарту, сақтау, заем, жүк тасымалдау) шарт нысанасы берілген кезден бастап қана жасалады деп саналады. Мұндай шарт нақты деп аталады, ол заң актілерінде бекімін табуға тиіс.
Шарттың консенсуалдық немесе нақты сипаты, әдетте, шарттың анықтамасының өзінде көрсетіледі. Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушының міндеті былайша қалыптасады: сатушы затты беруге міндеттенді, ал сатып алушы ақша төлеуге міндеттенеді. Болашақта міндеттеме осылай орындалуы тиіс.
Нақты шарттарда тараптардың міндеттері басқаша анықталады. Мысалы, сақтау шарты бойынша сақтаушы зат иесінің өзіне тапсырған
затын сақтауға міндетті, тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті апаратын жерге жеткізуге міндетті яғни, шарт бойынша міндеттеме екінші тарап затты бергеннен кейін ғана туындайды. Бұл жерде орындау кезі мен шарт жасасу кезін шатастырмау керек. Консенсуалдық шарттарда олар, әдетте, сәйкес келмейді, бірақ тараптар сатып алу-сату шарты бойынша зат беру кезін шарт жасасу кезімен сәйкестендіруге келісе алады. Бірақ, бұдан сатып алу-сату шарты нақты шарт бола алмайды.
Ақылы және ақысыз шарттар. Шарт бойынша тараптар өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе біріне бірі нәрсе беруі керек болса, бұл шарт ақылы шарт болып табылады. Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт ақысыз шарт болып табылады.
Ақылы және ақысыз шарттар арасындағы айырмашылық-шарт бойынша өз міндеттерін орындағаны үшін біріне бірінің бір нәрсені ұсыну -ұсынбауында.
Шарттьң көпшілігі ақылы. Азаматтық Кодексте бекімін тапқан ақысыз шарттардың ішінен сыйға тарту шартын атауға болады.
Кейбір шарттар заң бойынша ақылы да , ақысыз да болуы мүмкін (тапсыру,сақтау,заем). Сондықтан да, Азаматтық Кодекстің 284-бабында қандай да бір күдік туса, шарт ақылы деп танылады, егер ол заңнамадан , шарттың мазмұнынан немесе мәнінен туындайтын болса.
Азаматтық айналымда ақысыз шарттардың бар болуы елімізде қалыптасып келе жатқан қатынастардың мәніне қайшы келмейді. Мысалы, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық қорлардың қызметі, демеушілік жасау, еркімен қайыр садақа беру және осыларға ұқсас қызмет, әлеуметтік маңыз алуда , ақысыз сыйға тарту шарты көбінесе олардың құқықтық формасына айналуда.
Қарапайым және күрделі шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөліну сипатына қарай ажыратылады. Қарапайым шартта бір тарапта тек құқық, екіншісінде тек міндет туындайды (мысалы,сыйға тарту шарты). Күрделі шартта тараптардың әрқайсысында құқықтар да, міндеттерде болады,олар міндеттемелер де көтереді (сатып алу-сату шарты бойынша сатушы берген заты үшін сатып алушының ақша төлеуін талап етуге құқылы және өзі сол затты сатып алушыға беруге міндетті, ал сатып алушы заттың өзіне берілуін талап етуге құқылы және сол зат үшін ақша төлеуге міндетті).
Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік , жалдау,рента және т.б.) белгілі бір түрдегі (тауарды беру;жұмыс орындау,қызмет көрсету)міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес, шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады.
Негізгі және алдын ала шарттар. Мүлікті беруге, жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттер тікелей негізгі шарттан туындайды. Алдын ала шарт дегеніміз — сол шартта көзделген ережелерді сақтап, тараптардың келешекте негізгі шарт жасауға міндет алған шарты.
Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы шартты, банктың тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті көзделген шартты, келешекте пәтер сатып алу шартын (тұрғын үй контрактын ) алуға болады.
Алдын ала шартқа жекешелендіру туралы Жарлықта көзделген сауда нәтижелері туралы хаттаманы да жатқызуға болады. Жекешелендіру туралы Жарлықта «сауда ұнатқан адам мен сатушы аукцион немесе тендер жүргізген күні сауданын, нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды» делінген.
Алдын ала шарт пен негізгі шарттың ұқсастығы- олардың екеуінін формалары бірдей болуында. Егер белгілі бір нысандағы шарттарды жасағанда заңнамада олардың нотариалдық формасы белгіленсе (мысалы, рента шарты), онда алдын ала шарт та нотариалдық формада жасалуы тиіс.