Нотариаттың даму тарихы мен құқықтық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 12:35, реферат

Краткое описание

Қазіргі таңда әлемдегі нотариат институты, бірқатар және әр түрлі функцияларды атқаруда, содықтан да оның әр түрлі түсінігі бар. Жалпы «нотариат» сөзі алғаш латын тіліндегі «notarial» - нотариаттық, «notarise» - жазушы, хатшы деген мағынаны білдірген.

Нотариаттың пайда болуы азаматтық айналымның дамуына, келісім –шарт жасау және сатып алу құқын заңмен бекітуде оның субъектілеріне ықпал ету қажеттілігіне байланысты болды.

Содержимое работы - 1 файл

НОТАРИАТТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.doc

— 63.50 Кб (Скачать файл)

     Сонымен бірге заң жобасы аксиологиялық, әдістемелік негізде сапалы болуы  қажет. Нотариат  теологиясының, нотариатттық сенімнің көзқарасынан рух, этикалық негіз, идеология, концепция және заң жобасының құқықтық сызбасы жақсы түсіндіріледі [5,17].

     Заң жобасының жалпы бөлімінде алдымен  нотариат миссиясы бекітілуі қажет. Азаматтық құқықтық  қатынастардағы нотариустың діни рухы, нотариат туралы заңның әрбір баптарында көрінуі керек. Әрине, діни көзқарасты білдіретін, тек молдаларға ғана түсінікті құран сөздерін, кәсіби тілге аудару мүмкін еместігі айдан айқын. Дегенмен, «Шешілмейтін түйін жоқ» дегендей, заң жобасында мүліктік және мүліктікке байланысты мүліктік емес қатынастар саласында әлеуметтік-экономикалық, құқықтық шиеленістерді болдырмау, қоғамда құқықтық тәртіпті орнатуда Алланың еркін білдіретіндігі туралы ереже қалыптастыру қажет. Бұл жағдайда жария түрдегі құқықтық қорғау, құқықтық қолдану институт ретіндегі нотариат мәртебесін заңды бекіту қажет. Яғни нотариаттың ескерту, әділсоттық, әрине сот билігі функциясын орындау мағынасына тыс, ерекше процессуалдық нысанда жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті тұлғаның білікті құқықтық көмек көрсету функциясын нақты қалыптастыру керек. Нәтижесінде нотариат әрекетінің осындай анық көрсетілген қызметі адамдардың еркін тиімді құқықтық қолдану және соттағы даулы істерде құқықтарды қорғауға мүмкіндік береді. Нотариаттық палатаға жария құқықтық мәртебе заң жүзінде берілу қажет. Бұл жағдайда нотариаттық палатаның негізгі міндеттерінің бірі ретінде бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық институттармен, мемлекеттік органдармен, әсіресе, әділет органдарымен сот органдарымен, сондай-ақ, басқа да құқыққорғау органдарымен байланыс қалыптастыру орынды болмақ. Осы мақсатта нотариаттық палата өкілдері құқыққорғау органдарының алқалық кеңес немесе  пленумдарының жұмысына қатысса тиімді болар еді. Нотариаттың сот жүйесімен байланысы, нотариаттық қауымдастықтың сот органдарының отырыстарында, пленумдарының жұмысына қатысуынан көрініс табар еді. Мұндай тәжірибе нотариус мемлекеттік те мемлекеттік емес те іс-шараларда еркін қатысатын Еуропа, Латын Америка мемлекеттерінде, мысалға, Франция, Мексика, Аргентина Президенттері дәстүрлі түрде нотариустардың конгресіне қатысады.

       Нотариатты жетілдіру нотариус  қызметін сапалы жетілдірусіз  мүмін емес. Нотариаттың теологиялық  түсінігінде нотариус юрисдикциясының  саласын кеңейтіп, нотариус тұлғасына жоғары талап қою қажет. Сонымен бірге нотариус қызметі мен нотариаттық палата жұмысына мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың тиімділігін күшейту қажет.

     Нотариаттық процесс және құқықтық сараптама  жүргізудегі  нотариус мәртебесін құқыққорғау органдарына сәйкес бекітіп, азаматтық құқықтық қатынастың тараптарының құқықтарын нотариалды қорғауға қажет мәліметті жедел алуға қол жетімділігін, мемлекеттік және жергілікті билік органдарының нотариус сұранымына жедел жауап беруін күшейту қажет.

     Компьютерлендірудің жедел дамуы экономикалық және қаржылық қатынасты құқықтық қорғауды проблемасын шығаруда. ХХІ ғасырда нотариат өз функциясын тиімді жүргізуі, оның нотариат туралы заңда, сондай-ақ байланыс және ақпарат саласын ретттейтін басқа да заңдарда кез-келген, яғни, мемлекет және әскери құпиядан басқа мәліметтерді жедел ала алуға құқығын ресми бекітуге байланысты. Ең алдымен ол мына мәліметтерге қатысты: жылжымайтын мүлік және соларға қатысты шарттарды мемлекеттік тіркеу бойынша бірыңғай мемлекеттік реестрге, жер кадастрына, техникалық инвентаризация органдарына, заңды тұлғаларды тіркеу бірыңғай мемлекеттік реестрге, экономикалық қызметтің басқа да субъектілерін мемлекеттік тіркеу реестріне, сот шешімдеріне, мүлікті ұстау, азаматтарды әрекет қабілеттігін шектеу немесе қабілетсіз деп тану, ІІМ жүйесіне, төлқұжат базасына еркін мүмкіндікке иелену [6,2].

     Нотариатты  жаһандандырудың екінші маңызды  шарты «электронды қол» қызметін заңмен бекіту, сондай-ақ, компьютерлік ақпаратты құқықтық тілге аудару үшін компьютерлік технологияны жетілдіру қажет. Заң жобасының ерекше бөлімінде нотариус миссиясын жүргізу нысаны мен әдісі бекітілуі қажет. Яғни нотариаттық іс жүргізу кодексін құрастыру қажет. Ерекше бөлімді дайындау барысында әсіресе екі аспектіге назар аудару қажет, біріншіден, нотариус өз миссиясын орындау барысында нотариаттық актілердің дәлелдемелік күшінің ерекшелігін қамтамасыз етуде процедураның шынайы жасалуын қадағалау қажет, екіншіден, нотариустар өз мәртебесін қолдану арқылы жеке және заңды тұлғалардың, қоғамның мемлекеттің мүддесіне зиян келтірмеуінің құқықтық кепілін қалыптастыру.   

     Жаңа  заңнаманы қабылдау қазіргі таңда  өзекті мәселе болып отыр. Өйткені, нотариаттық қызмет посткеңестік дәуірде  қалған шыңырауынан басын көтере алмай, риелтор және тағы басқа қызметтер сияқты құқыққорғау қызметінің көлеңкесінде қала  беруі кәміл.

     Сонымен, нотариат және нотариус миссиясының  қасиетті жазбадағы теологиялық  түсінігі нотариат қызметі этикалық кодекссіз әрекет етуі мүмкін емес. Нотариаттың жаңа ғасыры нотариустардың нотариат және нотариус миссиясының этикалық иделдары жоғары дамыған кезде ғана туады.

     Қазіргі таңда мемлекет Фемиданың осы  қызмет санатындағы қызметкерлердің  әлеуметтік жағдайын, мәртебесін, кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында, нотариат саласына қатысты заңнамаларды жетілдіруді өзіне міндет етіп отыр. Судьялар шартты қолданылуын қамтамасыз етсе, нотариустар шарттың дұрыс жасалуын қамтамасыз етеді. Сол себепті құқықтық доктринада нотариустарды «құқықтық әлемді қалыптастырушы соттар» деп атайды.

     2003 жылы 5 мамырда «Нотариат туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң қабылданды. Заң нотариаттық қызмет кәсіпкерлік қызмет емес және мақсаты пайда табу емес деп бекітті. Сонымен нотариат – жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғаудағы жария-құқықтық институт ретінде анықталады. Нотариатқа деген бұл қатынас әлемдік тәжрибеге сай дұрыс көзқарас, себебі, көптеген дамыған мемлекеттерде нотариат жүйесі қоғам үшін сот органдарымен бір қатарда азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға арналған құқықтық инстанция ретінде танылады.        
 
 
 

     Қолданылған әдебиеттер тізімі  

  1. Алеев Р. Истоки нотариата. // www. jandex. ru
  2. Полтавская Н.,  Кузнецов В. Нотариат. Курс лекций, -М:. 1999. - 345 с.
  3. Репин С.В. Настольная книга нотариуса. –М: Юридическая литература, 1994. - 410 с.
  4. Хышиктиев О. Нотариальная деятельность: перспективы развития. // Хозяйство и право. - 2001. - №12. -С.11-17.
  5. Ерофеенко Т. Психологические аспекты нотариальной деятельности // Нотариальный вестник. -1998. - №10. - С. 15-19
  6. Смағұлқызы Т. Қазақстан Республикасындағы нотариустар санының   жетіспеушілігі // Заң газеті. -2008. - № 48.-Б.2-3

Информация о работе Нотариаттың даму тарихы мен құқықтық аспектілері