Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2012 в 12:35, реферат
Қазіргі таңда әлемдегі нотариат институты, бірқатар және әр түрлі функцияларды атқаруда, содықтан да оның әр түрлі түсінігі бар. Жалпы «нотариат» сөзі алғаш латын тіліндегі «notarial» - нотариаттық, «notarise» - жазушы, хатшы деген мағынаны білдірген.
Нотариаттың пайда болуы азаматтық айналымның дамуына, келісім –шарт жасау және сатып алу құқын заңмен бекітуде оның субъектілеріне ықпал ету қажеттілігіне байланысты болды.
НОТАРИАТТЫҢ
ДАМУ ТАРИХЫ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
Байскаков
Рахат, 3 курс студенті
Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
Бизнес
және құқық академиясы
Қазіргі таңда әлемдегі нотариат институты, бірқатар және әр түрлі функцияларды атқаруда, содықтан да оның әр түрлі түсінігі бар. Жалпы «нотариат» сөзі алғаш латын тіліндегі «notarial» - нотариаттық, «notarise» - жазушы, хатшы деген мағынаны білдірген.
Нотариаттың
пайда болуы азаматтық
Нотариат түсінігінің қашан, қалай пайда болғаны ешбір жанға белсізі екені сөзсіз. Осы түсініктің мәнін ашуда орыс заңгері, нотариат жүйесінің негізін қалаушылардың бірі А.И. Тихенко, осы тақырыпқа бірнеше еңбектер арнаған.
Оның еңбектерінде нотариаттың теологиялық түсінігі, нотариус қызметінің негізін анықтайтындығын көрсетеді. Ол өз еңбектерінде Құран екі негізде зерттеген. Біріншіден, барлық қасиетті жазбалар (Құран, Библия, книги Нового завета) Жаратушысы күшті Алланың әр кезде, әр тілде, әр түрлі халықтарға жіберген шындығы. Екіншіден, Құраннан басқа қасиетті жазбалармен толық таныс еместігінен, әрине, ол басқа қасиетті жазбалардың қасиетін бағаламау тұрғысынан емес, керісінше, нотариат предназначениясын және нотариус миссиясының барлық қасиетті жазбалардан қалғандығын көрсетеді. [1].
Дегенменде, қасиетті жазбаларды автор толық түсіндіре алмаған, оның кем дегенде екі түсініг бар. Біріншіден, оны жете түсінетін өзінің білімінің жоқтығынан, Құранды талдау, түсіндіру жауаптылығы өз өмірін осыған арнаған адамадарға, яғни молда, муфтилерге тиесілі. Екіншіден, қасиетті жазбаларды оқу барысында оқып отырған адамға ғана түсінкіт айтып жеткізу мүмкін емес, аутентикалық, ішкі сезімдерге етене әсер ететін сезім пайда болады. Яғни оқу арқылы Алла мен оқып отырған адамның арасында ерекше бір байланыс туындайтыны сөзсіз. Автор өзінің сезінген сезімін құқықтық сараптауға жақын тұлғларға дұрыс түсіндіру үшін аяттарды толық мәтінде көрсеткен:
(2)
Достар мен туыстар қарыз
Писарь бұл жағдайда нотариус қызметін атқарады. Сондықтан ол өзінің Алланың бақылаумен әрекет жасап отырғанын түсінуі қажет және екі тарапқа да адалдықпен қарауы қажет.
Өзінің жаза алатын білімін Алланың берген қасиеті деп танып, оны Алланың қызметіне қолдану қажет. (Йусуф Али).
(10)Куәлардың айғақ бермеуі немесе фактіні бұрмалау шындықты дасырумен тең. (Дарйабади).
Күнә
жүректе жасалады. Куәлардың айғағын
жасыру, жүректен шыққан қасақана күнәға
жатады. Бірақ, оған қарамастан ол Алладан
жасырып қала алмайды. (Кутб).
11)Сенімнің
бірінші және ең маңыздысы
аспан мен жердің иесі бір
Алланың барлығын тану, – және
адамдар үшін,Оның еркіне бас
иуден басқа балама жоқ (
Құранды алғаш оқығанда оның ешқандай құқықтық маңызы жоқ сияқты көрінері сөзсіз. Бірақ сол сөздердің мағынасын жан тәніңмен түсіне қайта бір қарасаң басқа қыры ашылары да сөзсіз. Құранды Алланың Жабірейіл періштесі арқылы Мұхамед атты адамға, бір елшісіне жібергені баршамызға аян. «Аят» сөзі араб тілінен аударғанда – білім, ғажайып деген мағынаны береді. Яғни, Аят Алланың білімі, біз үшін ғажайып. Қасиетті білім Оның елшілеріне, барлық халықтарға, барлық кезеңге қарамастан әрқайсымызға түсінікті жетуі үшін берілген.
Нотариаттық сенімнің постулаттары:
Эзотериялық. «Эзотерия» мистикалық, адам түсінігіне жат құбылыстарды білдіреді. Бұл құбылыс жасырын шындықтың рухани мағынасын, барлық тірі пенденің Алламен байланысын көрсетеді. Нотариус миссиясы, нотариаттың арнасы, оның теологиялық, мистикалық эзотерпиялық түсінігі, Қасиетті Жазбаларға сәйкес нотариаттың негізгі постулаты анықталады. Нотариат – Алла бекіткен адамдарға, мемлекетке және қоғамға қажетті институт. Бұл түсінікте нотариус – таңдамалы кәсіп. Ал нотариус қызметінің шынайы мағынасы – бейбітшілік орнату миссия.
Нотариалдық сенімнің постулатын қалыптастырса, нотариус, нотариаттық іс-әрекет жасауда, «құпиялылық» актісін жасайды. Яғни «құпиялылықтың» мистикалық мағынасы, нотариус адамдардың жеке мүддесі мен еркі сияқты материалдық емес субстанцияларды жазбаша құқықтық мәтінге айналдырып және оны заңға сәйкес жария құқықтық әрекетке айналдырады.Нәтижесінде нотариалдық «құпиялылық» адамдардың еркі мен мүддесі, нотариалдық нысанға айналып, материализацияланып қан қоймай, адамдар, қоғам мен мемлекет үшін жаңа сапаға иеленеді: шындыққа сәйкес, заңға сәйкес, даусыз қорғалатын мүддеге айналады.
Нотариаттық
іс-әрекеттің арқасында
Қасиетті Жазбада нотариаттың шынайы арнасы ашылған және бейбітшілікті орнатуда нотариус адамдарды, қоғамды, мемлекетті бір уақытта құқықтық тәртіпке итеруде белсенді ролі атқарады. Нотариус – құқықтық әлемнің жаршысы. Ол әділдік пен гармонияны қамтамасыз етеді. Сонымен нотариат және нотаиус миссиясының теологиялық түсінігі Қасиетті Жазбада көрсетілгендей, бізге ерекше білім, мақсатты логикалық теорияны ашады [2,145].
Тарихи. Нотариат және нотариус миссиясының теологиялық түсінігі Қасиетті Жазбадағы шынайылықты көрсетеді, классикалық терминмен айтқанда, нотариат тарихының өткені бардай, болашағыда бола беретінін айқындайды. Нотариат болған, бар, бола береді. Яғни нотариат Алланың өз бекіткен институті ретінде, оған керек уақытқа дейін бола бермек. Эзотерпиялық білімде нотриаттың қалыптасуы мен дамуының тарихи фактілер анықталған. Осыған қарап, нотариатты жоғалтуға бет бұрған қандай да болмасын іс-әрекеттердің барлығы, мысалға, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарда нотариатты жоғалтуға жасаған әрекеті толықтай жеңіліс тапты. Бұдан оның тарихи постулаты шығады. Сонымен нотариат және нотаиус миссиясының теологиялық түсінігі өзара түсіністікке негізделген нотариаттық қаумдастықпен диалог қана тарихи жинақы, қоғамға тиімді болмақ.
Идеологиялық. Идеологиялық міндеттің маңыздысы сол, әрбір адамға, әрбір азаматтық қоғамның институтына, әрбір мемлекеттік органға және лауазымды тұлғаға нотариат және нотариус миссиясының шынайы діни мағынасын жеткізу.
Сонымен нотариат және нотариус миссиясының теологиялық түсінігі Қасиетті Жазбадағы әрбір адамға, әрбір азаматтық қоғамның институтына, әрбір мемлекеттік органға және лауазымды тұлғаға нотариат және нотариус миссиясының шынайы діни мағынасын жеткізудегі ағартушылық жұмысы, шын мәнінде Алла бекіткен институтты сақтауда зұлымдықпен күресуді білдіреді.
Саяси. Нотариат және нотариус миссиясының теологиялық түсінігі Қасиетті Жазбадағы нотариус миисиясын шынайы орындау үшін мемлекет пен қоғамда бірқатар жағдай жасау керек. Мемлекет жүйесі сондай, оған кез-келген құқықтық саяси институттың дамуы үшін тиімді жағдай жасамаса, ешқандай, яғни нотариат та өздігінен қалыптаса алмайды. Нотариаттың идеологиялық, саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайда қалыпты қызмет жасауы үшін посттоталитарлық қоғамда нотариаттық қауымдастықтың саяси қызметінің ұзақ мерзімді бағдарламасы болуы қажет [3,378].
Жаңа саяси міндеттерді шешу үшін, қалыптасқан саясаттың парадигмасы өзгеруі керек. Жаңа саясаттың мағынасы келесідей қалыптасуы қажет. Саяси қызметте күштілерден сұраудан бас тартып, тең дәрежелі диалог және мемлекетпен, қоғамдық институттармен әріптестік қатынас моделін қалыптастыру қажет. Нотарит саясатын жоғалту, мемелекет билігінің негізін жоғалтумен пара парлығын түсіндіру қажет.
Жаңа саясат әрбір нотариус, нотариалдық палата, нотариаттық қауымдастық әрекетінің жаңа бағдарламасын көрсетеді. Саяси бағдарламаның тезистік көрінісі мынадай:
Нотариаттың
жаңа саяси имиджі және саяси жұмыстың
жаңа стилі саяси сахнадағы
Құқықтық. Нотариат және нотариус миссиясының теологиялық түсінігі Қасиетті Жазбадағы шынайылықты көрсетуде, классикалық терминмен айтқанда төмендегі фактілерді дәлелдеу қажет. Құқық философиясы және құқықтық теория институттарының көзқарасында нотариат мемлекеттің қызмет ету тәжірибесінде табиғи құқық концепциясында маңызды орын алады. Теологиялық көзқараста нотариат түсінігін табиғи құқыққа ғана тән екендігін көрсетеді. Табиғи құқықтың өзі Алладан берілгендігін атап кету қажет. Ресейдің атақты академигі, құқық теоретигі, философ В.С. Нерсесянца: «Табиғи құқық – бұл адамзатқа Құдіретті Күштің әсерінен берілген, олардың өмір сүру талаптарын, нақты мақсатын көрсететін, мемлекет пен құқықтың құқықтық сипаттамасын беретін құқықтық ойдың қайнар көзі» деп анықтама берген [4,15].
Европалық христиан дәстүрінде табиғи құқық негізі адамдар әрекетінің нәтижесі емес, ол адамдардың Құдіретті Күштің еркін тану нәтижесі деп көрсетілген.
Орыс нотариатының дамуын зерттеу барысында, ресей құқығының философиясы ХІХ ғасырдағы діни көзқарастың дамуы шағында, Саровский Серафим дәуірінде қалыптасқан. Митрополит Илларион деген орыс халқының құқық философиясын, ұлттық танымын қалыптастыруда ерекше орын алған «Слово о законе и благодати» еңбегінде, «Танымның бастауы заңдық формализм емес, Құдайдан алған түсінік болу керек» - деген.
Бірақ, бұл түсінікті мағынасын ғылыми танымдық жүйеге жеткізу үшін, Құдай мен адамның арасындағы байланысты, күнделікті өмірдегі адамның ролін, еркіндік табиғатын талдайтын философиялық талдау талап етілді. Құқық және адамгершілік сұрақтарын талдау барысында орыс философиясы мен құқықтық сана ұлттық құқық, тіпті ұлттық көн көрістің проблемаларын шеше алды. Орыс ғалымдарының адамгершілік тақырыбындағы зерттеулері атаулары өз айтып тұрған мынандай, В.С. Соловьев “Нравственность и право”, П.И. Новгородцев “О своеобразных элементах русской философии права”, П.Е. Казанский “Право и нравственность как явление всемирной культуры”, Е.В. Спекторский “Христианство и правовая культура”, А.С. Ященко “Добро, право, нравственность”, Б.П. Вышеславцев “Мораль и закон”, И.А. Ильин “О правосознании” еңбектерде көрінеді.
Нотариат
миссиясының Құранда
Доктринаның, діннің, құқықтың өзара байланысы ислам мылайша түсіндіреді: Құран мен сунна діни жазба ретінде шариғаттың мазмұнын құрайды, ол өз кезегінде мұсылман құқығының қайнар көзі болып табылатын доктрина негізін қалыптастырады. Мұсылмандардың құқықтық танымын және исламдық құқық философиясының діни сипаты мұсылмандық құқықтың легитимдігін көрсетеді. Көптеген «исламды» ресми дін ретінде танитын мұсылман мемлекеттерінің Конституциясында Құран мен сунналардан алынған идея, қағидаларды заңнаманың қайнар көзі ретінде көрсетеді 9. Аталған көзқарастар келесі танымды қалыптастырады. Нотариат – Құдай бекіткен адами құндылықты негізге алған құқықтық жүйенің маңызды институты. Тәжірибеде діни, философиялық, теориялық негізге сүйенген нотариат туралы жаңа заңнама қалыптастыру қажет. Кей авторлар қазіргі нотариат туралы заңнамаға оңтайлы өзгерістер енгізе отырып қана қол жеткізуге болатындығын алға тартуда.
Информация о работе Нотариаттың даму тарихы мен құқықтық аспектілері