Минералдардың агрегаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 22:36, контрольная работа

Краткое описание

Галит- тас тұзы, ас тұзы – хлоридтер класының минералы. Хим. формуласы NaCl. Кубтық сингонияда кристалданып, түйіршік масса, қабыршақ, талшық пішінді агрегаттар түзеді. Галит мөлдір, түссіз ақ, кейде түрлі түсті болады, көбінесе сильвинмен бірге кездеседі. Қатт. 2, менш. салм. 2,1 – 2,2 г/см3, шыныдай жылтыр. Шөгінді жыныстар арасында Галиттің қалың қабаттары кездеседі. Ол климаты ыстық, қуаңшылық аймақтардағы су алаптарында (шығанақ, көл) өздігінен тұнады.

Содержимое работы - 1 файл

СӨЖ.doc

— 56.50 Кб (Скачать файл)

Конкрециялар - белгілі бір кристализациялық орталықтан оның шетіне қарай өсіп минералдық заттармен толып, дөңгелек формалы болып құралады.

Оолиттер - дөңгелек формалы концентрациялық құрылысы айқын байқалатын ұсақ мөлшерлі шариктер түрінде кездеседі.Олар минералдық заттардың сулы ортадан біртіндеп бөлінуі кезінде құралады.

Оолиттер тарының  дәні, балықтың уылдырығы тәрізді  не одан да ұсағырақ келген конкрециялар;  

5. Сауыстанған  агрегаттар - үлкенді-кішілі үңгірлер, қуыстарда су ерітінділерінен, олардың өте баяу жылдамдықпен булануы кезінде біртіндеп кристалдануы нәтижесінде құралады. Одар әр түрлі формада (бүйрек тәрізді, мұзға айналған су тамшысындай) кездеседі. Жоғарыдан төмен қарай бағытталған минералдық түзілімдерді сталактит, ал төменнен жоғары қарай өскен төмпешіктерді сталагмит деп атайды; 

6. Дендриттер  минералдық заттардың жұқа жарықшақтарда  кристалдануынан пайда болады. Сыртќы  формасы өсімдік тәрізді болып  келеді (грекше “дендрон” –аѓаш); 7. Топырақ тәрізді минералдық заттар. Сазды тау жыныстарына, темірдің сулы тотықтарына тән келеді.  

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ Энциклопедиясы  1-том
  2. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Аныктамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
  3. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
  4. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69
  5. “Қазақ Энциклопедиясы”  2-том

Информация о работе Минералдардың агрегаттары