Минералдардың агрегаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 22:36, контрольная работа

Краткое описание

Галит- тас тұзы, ас тұзы – хлоридтер класының минералы. Хим. формуласы NaCl. Кубтық сингонияда кристалданып, түйіршік масса, қабыршақ, талшық пішінді агрегаттар түзеді. Галит мөлдір, түссіз ақ, кейде түрлі түсті болады, көбінесе сильвинмен бірге кездеседі. Қатт. 2, менш. салм. 2,1 – 2,2 г/см3, шыныдай жылтыр. Шөгінді жыныстар арасында Галиттің қалың қабаттары кездеседі. Ол климаты ыстық, қуаңшылық аймақтардағы су алаптарында (шығанақ, көл) өздігінен тұнады.

Содержимое работы - 1 файл

СӨЖ.doc

— 56.50 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 
 
 

СӨЖ 
 
 

Тақырыбы: Минералдардың агрегаттары.

Дайындаған:Сауранбаева  А.Қ. 609-география

Тексерген:Бисеев А.О. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2011 жыл

Минералдық агрегаттар. Жеке кристалдар табиғатта сирек кездеседі. Минералдар бірігіп әртүрлі агрегаттар түзеді: 

1. Түйіршік агрегаттар - минералдардың ұсақ түйіршіктерінің біріне-бірі қосылып, бірігіп өсуі;

Галит- тас тұзы, ас тұзы – хлоридтер класының минералы. Хим. формуласы NaCl. Кубтық сингонияда кристалданып, түйіршік масса, қабыршақ, талшық пішінді агрегаттар түзеді. Галит мөлдір, түссіз ақ, кейде түрлі түсті болады, көбінесе сильвинмен бірге кездеседі. Қатт. 2, менш. салм. 2,1 – 2,2 г/см3, шыныдай жылтыр. Шөгінді жыныстар арасында Галиттің қалың қабаттары кездеседі. Ол климаты ыстық, қуаңшылық аймақтардағы су алаптарында (шығанақ, көл) өздігінен тұнады. Қазақстанда Галиттің ірі кендері Каспий, Арал теңіздері маңында бар. Галит тамақ өнеркәсібінде, қара металлургияда күкірт қоспаларын жою үшін, инертті газдарды (гелий, неон, аргон, т.б.) тазартқыш ретінде, электртехникада натрий құрамды сымдар жасауда пайдаланылады.

Агрегаттары. Өз бетімен көлдерде тұнған тұздар көбінесе кристалды түйіршіктерден құралған қабыршақ кесектер түрінде болады. Олар кейде тығыз, кейде кеуекті  келеді. Кристалдардың тіркеліп өскен  әдемі қоспақ , друза түрлері кездеседі. Тұзды сорлардың бетінде, су тез буланғанда, тұз кристалдарының тамаша қауашақ қабыршағы пайда болады да, олар ерітінді бетінде жүзіп жүреді («кайықшалар» деп аталатын себебі осы). «Қайықша» төңкерілген пирамида пішіндес болады. Ол аздан соң суға (ерітіндіге) батып, толық кристалл түріне айналады. Галиттің түсі мөлдір, түссіз немесе ақ түсті. Сызығы ақ , дәмі татымды, тұз сияқты ащы. Электр тогын ңашар өткізеді, бірақ жылуды өте жақсы өткізеді. Жылтырлығы шыныдай мөлдір. Жаратылысы көбінесе экзогендік; галит суы құрғаған көл мен шығанақтардан пайда болады. Сонымен қатар галит кейде вулкандардың атқылауынан үшпалы зат ретінде көтеріліп, жарықтарға кіріп құралады. Галит тамақ өндірісінде, химиялық ендірістерде — тұз қышқылың жасауда, натрий алуға, былғары илеу ісінде т. б. қолданылады. Кендері біздің елімізде Эльтодда, Басқ ұншақта, Қырымда, Қазақстанда, Уралда (Соликамск), Украинада кездеседі. Шет елдердегі кендері Величкада (Польша), Пенджабта (Үндістан), Кадзаста (АҚ Ш ) , Табрис (Ирад), Стассфурт (Германия) т. б. бар.

ГАЛЕНИТ, қорғасын жылтыры – сульфид класындағы минерал. Хим. формуласы PbS. Кубтық сингонияда кристалданып, тұтас масса, түйіршік агрегаттар түрінде кездеседі.[1] Түсі қорғасындай сұр, металдай жылтыр; қатт. 2 – 3, менш. салм. 7,4 – 7,6 г/см3, морт сынғыш, электр тогын өткізеді, түрлі фотоэлектрлік әсер береді, диамагниттік, детекторлық қасиеттері бар. Гидротермальдық және кейбір шөгінді кен орындарында кездеседі. Г. – қорғасынның негізгі кентасы. Одан қорғасынмен қоса күміс, селен, висмут және мырыш өндіріледі. Г-тің концентратынан ақ сыр, бояу алынады. Қазақстанда Г. Кенді Алтай мен Сарыарқадағы қорғасын кен орындарында кездеседі.

Бұғыты вольфрам кені , Алматы облысы. Еңбекшіқазақ ауданында, Іле Алатауының шығыс шетіндегі Үлкен Бұғыты тауында орналасқан. 1941 жылы ашылған, барлау жұмыстары 1942 – 74 жылдарында жүргізілді. Геологиялық құрылымы негізінен ұсақ түйіршікті құмтас, тақтатас, әктастардан және интрузивті ақшыл қызғылт граниттерден тұрады. Кен денелері орналасқан сыйыстырушы тау жыныстары диорит және диабаз порфириттерінің дайкаларымен (сығылмаларымен) тілімденген. Ордовик жыныстарынан тұратын синклинальдың грейзенделген бөлігінде кварц-желілі шеелит кенді штокверк бар. Тереңдеген сайын грейзенделген тау жыныстарының мөлшері азаяды. Кенді желілердің қалыңдығы 10 – 50 см, ұзындығы 200 – 300 м-ге жетеді. Кеннің басты минералдары шеелит, молибденит, халькопирит, пирит, турмалин, вольфрамит, сфалерит; бейкенді минералдардан мусковит, калий шпаты, турмалин, кальцит, апатит, топаз, т.б. бар. Шеелит кварц желілерінде жекеленген кристалдар (0,2 – 40 мм) мен түйіршік агрегаттар түрінде кездеседі. Жер бетінде кенқайраңдар түзілген.

Бұғыты  вольфрам кені , Алматы облысы. Еңбекшіқазақ ауданында, Іле Алатауының шығыс шетіндегі Үлкен Бұғыты тауында орналасқан. 1941 жылы ашылған, барлау жұмыстары 1942 – 74 жылдарында жүргізілді. Геологиялық құрылымы негізінен ұсақ түйіршікті құмтас, тақтатас, әктастардан және интрузивті ақшыл қызғылт граниттерден тұрады. Кен денелері орналасқан сыйыстырушы тау жыныстары диорит және диабаз порфириттерінің дайкаларымен (сығылмаларымен) тілімденген. Ордовик жыныстарынан тұратын синклинальдың грейзенделген бөлігінде кварц-желілі шеелит кенді штокверк бар. Тереңдеген сайын грейзенделген тау жыныстарының мөлшері азаяды. Кенді желілердің қалыңдығы 10 – 50 см, ұзындығы 200 – 300 м-ге жетеді. Кеннің басты минералдары шеелит, молибденит, халькопирит, пирит, турмалин, вольфрамит, сфалерит; бейкенді минералдардан мусковит, калий шпаты, турмалин, кальцит, апатит, топаз, т.б. бар. Шеелит кварц желілерінде жекеленген кристалдар (0,2 – 40 мм) мен түйіршік агрегаттар түрінде кездеседі. Жер бетінде кенқайраңдар түзілген. 

2. Друзалар - азды-көпті  жетілген кристалдардың ортақ  табанға бір шетімен қадалып,  қатар өсіп жетілуімен сипатталады. Кварц кристалдары жиі друза құрайды; Друзалар- Бір бетке щётка сияқтанып қатар өскен кристалдардың тобын друзалар деп атайды. Бұған кварц кристалдарының көп кездесетін друзалары мысал бола алады.

Замартас  – минерал, силикаттар класына жататын берилдің жасыл мөлдір түрі. Химиялық формуласы Bе3Al2[Si6O18]. Гексогендік сингонияда кристалданып, ұзынша призма, баған пішінді болып түзіледі. Әдетте, жеке кристалл түрінде кездеседі, сирек друзалар түзеді. Ең ірі кристалл 1974 жылы Бразилияда табылған, оның салмағы 28,2 кг. Құрамында аздаған хром қоспасы (Cr2O3) болуына байланысты түсі қою жасыл, шыныдай жылтыр. Қаттылығы 7,5 – 8,0, меншіктік салмағы 2,6 – 2,9 г/см3. Замартас кристалдарының ірілігі 0,5×3,0 см-ден 35×45 см-ге дейін, салмағы 5 – 30 каратқа дейін жетеді. [1] Қышқыл интрузивті жыныстардың арасындағы пегматиттік желілерде немесе пневматикалық процестермен өзгерген гранит-грейзендерде түзіледі. Соңғы кезде жасанды түрлері синтез арқылы алынады. Замартастар зергерлік бұйымдарға ендірме жасауға пайдаланылады. Қазақстанда Замартас Оңтүстік Қу және Делбегетей кендерінде (Қарағанды облысы) кездеседі.

Кварц, шынытас – табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Оксидтер класына жатады, химиялық формуласы SіO2. Кварцтың 12 полиморфтық түрі анықталған. Оның ішінде негізгілері – α=K (тригональдық сингонияда, төменгі температуралы), β=K (гексагональдық сингонияда, жоғары температуралы), β2 – тридимит (гексагональдық), b – кристобалит (кубтық). Кварц әр түрлі жыныстарда ксеноморфты агрегаттар, ұсақ түйірлі масса, жеке, қосарланған кристалдар, друзалар түрінде кездеседі. Табиғатта салмағы 40 т-дай Кварц кристалдары табылған. Кварцтың қаттылығы 7, меншікті салмағы 2,6 г/см3, балқу температурасы 1710°С, шыныдай жылтыр, ультракүлгін сәулені жақсы өткізеді, пьезоэлектрлі қасиеті бар. Түсіне байланысты Кварц әр түрлі аталады: оның таза, мөлдір, ашық түсті ақаусыз кристалы асыл тас қатарына жатады. Олар: тау хрусталі (мөлдір), аметист (күлгін көк), раухтопаз (көкшіл, мөлдір), морион (қара), аквамарин (сарғылт, күрең, қызыл), цитрин (алтындай сары), празем (мөлдір жасыл), тағы басқа. Кварц дала шпаттары, слюдалар сияқты минералдармен бірге магматекті қышқыл жыныстардың, гидротермальдық желілердің, пегматиттердің, метаморфтық жыныстардың басты жыныс құраушы минералы ретінде кең тараған. Кварцтың әсем түстілері зергерлік бұйымдар жасауға, түссіз, мөлдір таза кристалдары оптикалық аспаптар, ал кейбіреулері (агат) дәлдігі жоғары механизмдердің бөлшектерін (призма, ось, тірек, т.б.) жасау үшін, пьезооптикалық ақаусыз ірі кристалдар радиотехникада пайдаланылады. Кварцтан қышқылға, отқа және химиялық әсерлерге шыдамды берік ыдыс, кварц лампасы, абразиялық материалдар даярланады. Шыны керамика өндірісінде, металлургияда Кварцты флюс ретінде пайдаланады.

Хроматтар, химияда — хром қышқылының (H2CrO4) тұздары. Оларға калий хроматы (K2CrO4), натрий хроматы (Na2CrO4), т.б. жатады. Сондай-ақ хроматтарға изополихром қышқылының тұздары изополи-хроматтар. да кіреді. Хроматтар сары не қызғылт сары түсті заттар. Оларға қышқылмен әсер еткенде қос хром қышқылының тұздары — бихроматтар (натрий бихроматы Na2Cr2O7, т.б.) түзіледі. Бихроматтар ерітіндісі қышқылдық реакция, хроматтар ерітіндісі сілтілік реакцияны көрсетеді. Лабораториялық практикада қолданылатын манызды хроматтарға K2CrO4, K2Cr2O7, техникада Na2CrO4, Na2Cr2O7×2H2O хроматтарын жатқызуға болады. Хром қоспасымен лабораторияда шыныдан жасалған ыдыстарды тазартады. Геологияда — хром қышқылы тұздарынан түзілетін минералдар тобы. Бұлардан басқа құрамында PO4, CO3, BO3 иондары бар 9 минерал да хроматтарға жатады. Хроматтардың ең көп тараған түрі — корокоит (грек. krokos — “шафран”, қызғылт сары). Қызғылт қорғасын кентасы деп те аталады. Химиялық құрамы: Pb[CrO4], моноклиндік сингонияда кристалданады, түсі ашық қызғылт, қатт. Моос шкаласы бойынша 2,5 — 3, тығыздығы 6,1 грамм/куб сантиметр. Табиғатта бастапқы кентас минералдары арасында және сыйыстырушы тау жыныстарының жарықтарында призма тәрізді кристалдар және друзалар түрінде кездеседі. Крокоит тотығу белдемдерінде қорғасын кентастарының ыдырауы нәтижесінде пайда болады.

Гипс (грекше gypsos — бор, ок)

минерал — өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін кальций сульфаты;

негізінен гипс минералынан тұратын тұнба (шөгінді) таужыныс;

ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданады.

Гипстің жеке кристалдары  қалақша, баған, призма пішінді, ал минерал  агрегаттары ұсақ түйіршік (алебастр) немесе талшық (селенит) масса түрінде кездеседі. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5, меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 410С. Құрғап келе жатқан тұзды көл мен теңіздерде шөгеді, басқа сульфаттармен бірге мұнай және күкірт кендерінде түзіледі, шөгінділер арасында ангидриттің гидратталуынан тұз кендерінің бұзылу-тозу қабаттарында суға ерімейтін үгінді түрінде шоғырланады. Гипс құрылыста, хирургияда, металлургияда, қағаз, бояу, цемент өнеркәсібінде, мүсін өнерінде, оптикада және ауыл шаруашылығында (тыңайтқыш) қолданылады. Гипстің ірі кен орындары Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы (Үлкен Бұғыты, Кіші Бұғыты) облыстарында бар.

Кристалдық сырт бейнесі көбінесе таблетка формалас жұқа келеді, кейде призма түрінде болады. Гипстің «қарлығаш құйрық» деген қоспақтары жиі кездеседі. Гипстің жеке кристалы мен қоспағы . Агрегаттары қуыстар ішінде топталып өскен друзалар құрайды. Сонымен қатар оныц майда кристалды тыгыз түрлері болады (алебастр). Тастың жарықтарында шаншылып салаланып өскен талшық ты гипстер де болады. Талшықты гипс көбінесе жібекше құлпырған әдемі келеді.

Жаратылысы. Гипс әр түрлі табиғат жағдайында:тұзды көлдердіц шөгінділерінде;ангидриттід гидратация қ ұбылысында жыныстардағы судың әсерінен;тұз және сульфид кендерінің үстіңгі үгілу зонасында қалдық минерал ретінде пайда болады;гипс гидратермалық желілерде сирек кездеседі;ол вулканды аймақтарда, әсіресе бу мен газдар атқылаған ыстық арасан көздер (фумаролалар) маңында кездеседі.

Гипс ете бағалы қ ұрылыс материалы болып табылады. Ол түрлі керкемдік, скульптуралық  ендірісте қолдапылады.

Кендері. Гипс біздің елімізде Батыс Уралда, Башқ ұрт, Татар

АССР-інде, Архангельск, Вологодск облыстарында, Солтүстік  Кавказда (Дагестан), Түрікменстанда, Тәжікстанда, Өзбекстанда, Қазақстанда кездеседі. Гипс кені шет елдердің көбісінде бар. 

3. қоспақтар  - белгілі бір заңдылықпен бірігіп,  қосыла өскен, кемінде екі кристалдан  құралған агрегаттар; Қоспақтар- Бір тектес екі кристалл бір-бірімен айнаға түскен сурет тәрізденіп немесе 180°-қа төңкеріліп, айқасып өссе, оны қоспақ дейді. Қоспақтардың түрлері көп және олар кристалда жиі кездеседі. Сондықтан оны кристалдарды бір-бірінен айыру белгісі ретінде қолданады.

Бұлардан басқа  кейде екі түрлі затта коспақталып кездеседі. Мысалы, слюданың бетінде иодты калий (KJ) кристалдарының текшелері өседі. Кейде бір заттың бір формадан екінші формаға айналуында да қоспақтар пайда болады. Мысалы,

кварц -575 градустан жоғары температурада гексагондық сингонияға, онан төменірек температурада тригондық сингонияға айналады. Гексагондық кристалдын, құрылысы бұзылғанда тригондық кристалдардын, кептеғен майда қоспақтары пайда болады. Бурнонит – күрделі сульфидтерге жататын минерал. Химиялық формулаcы CuPbSbS3. Сингониясы ромбылық, кристалдары таяқша, имек қоспақтар түрінде болады, көбіне ұсақ түйірлі масса құрайды.

Бурнониттің -түсі сұр, қара; дағы сұр; күңгірт; металл жылтырлы, қатты. Моос шкаласы бойынша 3,0 – 3,5; тығыздығы 5800 – 5900 кг/м3. Гидротермальдық мыс және полиметалл кендерінде өңсіз кентастар және сульфидтермен бірге кездеседі. Бурнониттен қорғасын мен мыс алынады. 

4. Дөңгелек формалы  агрегаттар - секреция, конкреция, оолиттер.

Секрециялар - тау жыныстардың дөңгелек формалы қуыстарын толтыра өскен минералдық заттардан құралады. Олар қуыстарды перифериялық шегінен ортасына қарай біртіндеп барып толтырады. Секрециялық форманың орталығы бос қуыс күйінде қалуы мүмкін (жеода). Секрецияның ұсаќ түрлерін (10 мм-ге дейін) миндалиндер, ал ірі формаларын жеода деп атайды.

Информация о работе Минералдардың агрегаттары