Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен дамуын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2012 в 10:56, реферат

Краткое описание

Бүгінде шағын және орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн, ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi. Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3
1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы
мен дамуын талдау ...............................................................................4
2. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары ..................................6
3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары және тетiктерi .......9
4. Қорытынды.............................................................................................16

Содержимое работы - 1 файл

Документ Ерлан.doc

— 101.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

                                                               Қорытынды

Ауыл шаруашылығы  саласындағы кәсіпкерлікті тиімді дамыту, нарықтық механизмді игеру, нарықтағы  баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік реттеу заңдылықтарын  меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады. Сол себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге бағытталған қосымша шаралардың іске асырылған жағдайында пайда болады. Мұндай шаралар нарықтық қатынастың артықшылықтарымен қатар кемшіліктерді де жоюға бағытталған ұсыныстар болып отыр. Сондықтан да зерттеу жұмысымыздың негізгі тұжырымдары келесідей:

1. Шағын бизнес нарықтың құрамдас бөлігі бола отырып, қоғамның экономикалық, саяси және әлеуметтік қызметтерін қамтамасыз ету нәтижесінде кәсіпкерлік белсенділіктің аясын кеңейту арқылы меншіктің әртүрлі формаларын сипаттаушы тәуелділіктен бас тартпайтын және стратегиялық шешімдерді өзі қабылдайтын кәсіпорындар.

2. Нарықтық экономикасы  дамыған елдердің  тәжірибесі  ұлттық экономиканың маңызды  міндетін жеке  кәсіпкерлікпен  айналысатын шағын бизнес  субъектілер атқаратындығын куәландырады: ұсыныс пен сұраныс тепе-теңдігі арқылы нарықтық қатынастарға жаңадан өндіру механизмін ерекше қамтамасыз етіп, жалпы ұлттық өнімнің жартысынан артығын өндіреді, 70%-ға дейін жаңа жұмыс орындарын ашады, адам ресурстарының белсенділігін және инновациялық потенциалды арттыруға маңызды әсерін тигізеді.

3. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық даму механизмін және кәсіпкерлік құрылымдарын іске қосудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсаты бір жағынан, тұтастай экономиканы көтеру үшін республика мен аймақтарда кәсіпкерлер тарапынан ынталылық, жаңалық енгізу, және екінші жағынан, жекелей кәсіпкерліктің аясында белсенділік жағдайларын арттыруға бейімделуі тиіс.

4. Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша әрекетті қолдау және шағын кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты қысқартуды қамтамасыз етудегі басымдықтардың бірі. Ұсақ шаруашылық бірліктерін ұйымдастыру қазіргі жағдайда тұралап бара жатқан ауылдарды біртіндеп жандандыруда алғышарттар болып табылады. Осындай ауылдық жерлерде шағын кәсіпорындарды құру және  олардың жергілікті халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуі, жергілікті шикізат пен материалдарға бағытталуы сол ауылдардың экономикалық және әлеуметтік жағынан қайта жаңғыруына ықпалын тигізген болар еді.

5. Техникалық-экономикалық негіздеме ретінде - Жаңа жабдықтар мен қазіргі технологияны пайдалана отырып, «Алтын Қамба» ЖШС базасында, Қызылорда қаласында көкөністі сақтау және сату бойынша көкөніс сақтау қоймасы бар Сауда-Логистикалық Орталығын салу мүмкіндігін қарастырады.

6. Қазақстан Республикасының «Бизнес жол картасы 2020» Бағдарламасын іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:

- жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;

- кәсіпкерлік  секторды сауықтыру;

- экспортқа  бағдарланған өндірістерді қолдау.

7. Кадрлар даярлау,  жастар саясаты мен әлеуметтік  жұмыс орындарын ұйымдастыру  2011 жылдан бастап бес бағыт  бойынша жүргізілді.

8. Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

 




Информация о работе Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен дамуын талдау