Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен дамуын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Декабря 2012 в 10:56, реферат

Краткое описание

Бүгінде шағын және орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн, ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi. Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс.

Содержание работы

Кіріспе................................................................................................................3
1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы
мен дамуын талдау ...............................................................................4
2. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары ..................................6
3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары және тетiктерi .......9
4. Қорытынды.............................................................................................16

Содержимое работы - 1 файл

Документ Ерлан.doc

— 101.50 Кб (Скачать файл)

 

                                                           Жоспар

      Кіріспе................................................................................................................3

  1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы 
    мен дамуын талдау  ...............................................................................4
  2. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары ..................................6   
  3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары және тетiктерi .......9
  4. Қорытынды.............................................................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                    Кiрiспе               

      Қазақстан Республикасында шағын  және орта кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жеделдетiлген шаралардың 2005-2012 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Д.К.Ахметовтың жетекшiлiгімен өткен кеңестiң 2005 жылғы 19 ақпандағы N 007-222 хаттамасының 11-тармағына сәйкес әзiрлендi. Осы уақытқа дейiн Қазақстанда шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау белгiлi бiр қысқа мерзiмдi тиiмдiлiк берген салық жеңiлдiктерiн беруге және мемлекеттiк қаржы есебiнен жеңiлдiкпен қаржыландыруға назар аударылды, бiрақ жүйесiз жүргізiлдi. Бұл, шағын кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалары мен мiндеттерi ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған мемлекеттiң экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарының жалпы жүйесiмен өзара байланыссыз оның өз проблемалары тұрғысында қаралуымен түсiндiрiледi. 
      Негiзгi мақсаты елдiң бәсекеге қабiлеттiлігін арттыру болып табылатын 2015 жылға дейiнгi индустриялық-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы мен iске асырылуын ескере отырып, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын қайта қарау және мемлекет пен жеке сектордың өзара iс-әрекетiнiң жаңа идеологиясын жолға қою қажет. 
      Бүгінде шағын және орта кәсiпкерлiк инновациялық экономикада өз орнын жедел iздеу үшiн өзiнiң икемдiлiгiн, ұтқырлығын, рыноктiк объективтiлігін пайдалануы қажет жағдай пiсiп жетiлдi. Мемлекет, өз кезегiнде кәсiпкерлiк ортаның бастамаларын iске асыру үшiн қолайлы жағдай жасауы және өз көмегiн шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекеге қабiлеттiлiгi тұрғысынан едәуiр әлеуетi бар кәсiпорындарға және елдiң ғылыми-технологиялық әлеуетiн арттыруға бағыттауы тиiс. 
      Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың жедел шараларын қабылдауда. Осы бағдарлама кластерлiк-желілік ұстаным негiзінде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың жаңа мемлекеттік саясатына және мемлекет пен бизнестiң өзара қатынасының жаңа идеологиясына көшудiң өтпелi кезеңi ретiнде қаралады.

 

 

 

 

  1. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен дамуын талдау

      Елдегi әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың тұрақтылығы шағын  және орта кәсiпкерлiктiң дамуына  оң ықпал еттi.                          

      Бүгiнгi күнде кәсiпкерлер қос бухгалтерлiк жүргiзе отырып, астыртын өндiрiспен және жалған мәмiлелермен айналысып не басқа да көлеңкелі операцияларға қатысып өз қызметтерiн салықтардан жасыруға тырысады.                                                                    Бүгiнде Қазақстандағы экономикалық өзгерiстер құқық саласындағы қайта құрылымдауды басып озуда. Мұндай жағдай шағын және орта кәсiпкерлiк саласында да қалыптасқан. 
      Мысалы, қолданыстағы құқық жүйесiнде "де юре" әрекет етуiн жалғастырып жатыр, кейiн қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерге қайшы келетiн, қайшылықтар туғызатын не құқықтық мәнiн жоғалтып, ескiрген кiшi заңи кесiмдер бар. 
      Жоғарыда аталғандар, уәкiлеттi органдар тарапынан өздерiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және басқа да мемлекеттiк органдардың олардың бастамасы бойынша қабылданған кесiмдерiне тұрақты мониторинг жүргiзбегендiктен. 
      Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдi қабылдау қажеттiгiн негіздеу кезiнде орындылығын жан-жақты талдау және шағын және орта кәсiпкерлiктiң жекелеген проблемаларын мемлекеттiк реттеудiң одан әрі тиiмдiлігі жүзеге асырылмайды. 
      Бұдан басқа, қазiргi уақытта нормативтiк құқықтық кесiмдер әрекетiнiң одан әрi нәтижелiлiгiн қадағалап отыру тетiгi мүлдем дерлiк жоқ, мұндай нәтижелiлiктiң көрсеткiштерi мен өлшемдерi айқындалмаған. 
      Әкiмшiлiк кедергiлер жеткiлiктi кездесетiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тыныс тiршiлiгiн үш кезеңге бөлуге болады: 
     - тiркеу және қайта тiркеу; 
     - әрекет етуi және дамуы; 
      - тарату. 
      Жоғарыда аталған әрбiр кезеңде шағын және орта кәсiпкерлiктiң икемдiлiгiне, белсендiлiгiне және ұтқырлығына әсер ететiн көптеген проблемалар кездеседi, нәтижесiнде олардың дамуын тежейдi.                                                                                                                                                    Көптеген елдерде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілері қызметiн қолдау үшiн "бip терезе" қағидаты бойынша тiркеу мен қайта тiркеуге жағдай жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тiркеу процесі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар "бip терезе" қағидаты бойынша 10 күн iшiнде тiркеледi. Бүгінде Қазақстанда бизнес - қоғамдастық құптаған осындай жүйе енгiзiлдi. 
      Әрекет етуi мен даму кезеңiнде. 
      Кәсiпкерлердiң қызметiнде көпшiлiк жағдайларда негізiнен әкiмшілiк бұзушылықтар орасан көп бақылау-қадағалау функцияларға ие мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердiң нәтижесiнде анықталады. 
      Мұнда: 
      - тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормалар әртүрлi нормативтік құқықтық кесiмдерде және бұл мәселе бойынша бiрыңғай заңнамалық кесiм жоқ; 
      - заңнамалық кесiмдерде (Салық, Әкiмшiлiк кодекстерде, кейбiр мемлекеттiк органдардың мәртебесiн айқындайтын заңдарда және т.б) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін тексеруге ерекше ұстанымдар көзделмеген және сондықтан да мемлекеттік органдардың кәсiпкерлерге қатынасы олардың қызметiнiң ауқымына қарамастан бiрдей; 
     - тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерi бойынша рәсiмдердiң нақты бiрыңғай сипаты мен бiрыңғай глоссарилерi жоқ. Әртүрлi мемлекеттiк органдар тексерулердiң түрлi сыныптамасын (рейдтiк, кешендi, қарама-қарсы, жоспарлы, жоспардан тыс, хронометражды, ағымдағы және т.б) қолданады; 
      - бақылау-қадағалау органдары жұмысының тиiмдiлігін бағалаудың қазiргі практикасы анықталған бұзушылықтар мен салынған айыппұлдардың санына байланысты; 
      - кәсiпкерлiк субъектiлердiң қызметiнде төтенше жағдай туындағанда (ғимараттың құлауы, жаппай улану, кiсi өлiмi және т.б) аталған объектiге тексеру жүргізген лауазымды тұлғаның жауапкершілігі бiр мезетте қаралмайды. 
      Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодекстiң жекелеген ережелерi шағын және орта кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуына кедергi келтiредi. 
      Атап айтқанда, салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн айыппұлдарды қоспағанда, әкiмшiлiк айыппұлдардың еселенген мөлшерi шағын кәсiпкерлiк үшiн де және iрi бизнес үшiн де бiрдей белгіленген. 
      Лауазымды тұлғаның барынша аз және барынша көп мөлшерде (5-тен 2000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн) белгіленген айыппұлдың сомасын өз қалауы бойынша таңдау мүмкіндігі әрбір құқық бұзушыға қатысты жемқорлықтың туындауына әкеліп соғады. 
      Сонымен қатар, айыппұлдардың жоғары ставкасы кәсiпкерлердiң өзiн заңға сәйкес айыппұл төлеу не "аз" пара берiп құтылуды таңдауға итермелейдi. 
      Лицензиялауға, акредаттауға, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстардың, тауарлар мен қызмет түрлерiнiң қазiргi кең көлемдi тiзбесi iскерлiк белсендiлiктiң, кәсiпкерлiк бастаманың өсуiне кедергі келтiредi. Бұдан басқа, лицензияны беру ретiнде, және одан әрi лицензиялық қызметтi негiздейтiн қосымша рұқсат беру жүйесi бар. Бұл iс жүзiнде елде кәсiпкерлiктiң және әсiресе шағын және орта кәсiпкерлiктiң қызмет етуi мен дамуын тежейдi. 

 

 

2. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдары                                                             Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс. Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы. 
      Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары елдiң кредит беру жүйесiнiң 3-шi деңгейi болып табылады және банк секторы мүдделілігінiң бiрқатар объективті факторларын қамтымаған кәсiпкерлердiң қаржы қызметтерiне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсiпкерлер үшiн өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебiнен кредит берудi жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттiк қатынастар жүйесi деңгейiн мемлекет тарапынан аз реттелушi болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушiлердiң нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдердi ескере отырып, аталған операциялардың қызметi басқа кредиттiк мекемелердiң қызметiмен салыстырғанда шығын көлемi көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары өз қызметiнде микро кредиттер берумен қатар өз тәуекелдерiн төмендету үшiн әлеуеттi қарыз алушыларды шағын бизнестi жүргiзу жөнiнде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық мiндеттердi шешумен қатар микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсендi бөлiгінiң өз-өзiн жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмiр сүру деңгейiн арттыру мен кредиттiк мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту мiндеттерiнiң бiрi ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелi сектордан шығару болып табылады.                                                                   Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдарының проблемалары - осы уақытқа дейiн микрокредит беру жүйесiнiң дамуын тежейтін негiзгi факторлар микрокредит беру жүйесiнiң дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуеттi инвесторлар үшiн микрокредиттiк ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру үшiн аталған саланы мемлекет тарапынан кешендi қолдаудың болмауы. 
      Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл: 
      - одан әрi орналастыру үшiн қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы; 
      - микрокредиттiк ұйымдарының қаражатының жеткiлiксiздiгi; 
      - микрокредиттiк ерекшелiкпен таныс бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi; 
      - микрокредиттiк жүйеге қатысушылар үшiн әдiстемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы; 
      - техникалық және ресурстық базаның болмауы; 
      - микроқаржы саласының жағдайын, үрдiстерi мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшiлiк ететiн бiрыңғай органның және оларды бағалау әдiсiнiң болмауы; 
      - дамыған мониторинг жүйесiнiң, iшкi бақылаудың болмауы; 
      - қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктiк емес ұйымдардың микрокредиттеу ұйымдарымен әлсiз өзара іс-әрекеті; 
      - микрокредиттiк ұйымдардың мемлекеттiк басқару органдармен және мемлекеттiк даму институттарымен ынтымақтастығының пысықталмаған кестесi. 
      Қоғамдық ұйымдар мен салалық бiрлестiктер азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде әлеуметтiк проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсiпкерлiк ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылады. 
      Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлi жас. Қазiргi ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың iшiнде тiркелген және кәсiпкерлiктi дамыту жобаларын iске асыруда жеткiлiктi тәжiрибе жинақтаған жоқ, мемлекеттiк органдар үшін де, және нысаналы аудитория үшiн де байсалды әрiптестiк имидж құрған жоқ. 
      Сондықтан үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бiр-бiрiмен байланыссыз әрекет етедi, олардың қызметi бiр бiрiне қайшы келедi. Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың едәуiр бөлiгi шетелдiк және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшiн бәсекелеседi, осыған байланысты олар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiнiң нақты проблемалары мен қажеттiлiктерiне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзiрлейдi және iске асырады. 
      Қазiргi уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін алғанда мемлекет мүддесiнiң жүйесiне жалғауға қабiлеттi барабар үкiметтiк емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, YEҰ-ның қызметi қалың бұқарада нақты жобаға бекiтусiз және мiндеттердiң нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелердi шешуге тiреледi, жергілiктi атқарушы органдар үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әрiптес ретiнде қарамайды және шешiм қабылдаудың нақты процесiне тартпайды.                                                Шағын және орта кәсiпкерлiк құрылудың бiрiншi кезеңiнде бiрқатар проблемалармен түйiседi, олар: шағын және орта кәсiпкердi тiркеу куәлiгiн қалай алу, қандай салық режимiн таңдау, қаржыландыру мәселесi бойынша қайда бару керек. Сондықтан осы кезеңде негiзгi рөл консалтингтiк компанияларға берiлетiн болады. 
      Консалтингтiк компаниялар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетедi: 
      - құқықтық қамтамасыз ету: 
      - аудит және бухгалтерия; 
      - маркетингтiк зерттеулер; 
      - бизнес-жоспарлау; 
      - салық заңнамасы; 
      - кедендiк рәсiмдер. 
      Консалтингтiк компаниялардың қызметтерi қымбат және әрбiр шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң оларды пайдалануға мүмкiндігі жоқ. Консалтингтiк қызметтер рыногi тiптi iрi қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңiрлерде мүлдем дерлік жоқ. 
      Халықаралық институттар. Бүгiнгі күнде қазақстандық шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ресурстық, әдiстiк және ақпараттық қолдау көрсететiн Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам акредиттелген шетелдiк халықаралық ұйымдар әрекет етуде. 
      Қазақстанда халықаралық ұйымдар мен шетелдiк қорлардың өкiлдiктерi іске асыратын жобалар мен бағдарламалардың көп түрлігінен хабардар және талдайтын және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен қолдаудың шетелдiк институттары арасындағы тиiмдi керi байланысты қолдайтын бiрыңғай орган жоқ. 
      Көптеген шетелдiк ұйымдар үшiн олардың жұмыстарының басты нәтижесi тапсырыс берушіге бөлiнген қаражатты "игеру" нәтижелерi туралы сындарлы есеп болып табылатыны практикаға айналды (бұл ретте тапсырыс берушiден басқа ешкiмге жұмыстардың нәтижелерi ұсынылмайды, орындалатын жұмыстар туралы тек органдар, яғни қандайда бiр жоба оған қатысты iске асырылса ғана ақпарат алады). Қазақстанда түрлі шетелдiк және халықаралық институттар бастамашы болған қайталанатын жобаларды халықаралық ұйымдар жиi iске асырады. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң субъектілері мен қолдаудың инфрақұрылымдары арасындағы негiзгі проблема - бұл қатысушылар арасында өзара iс-әрекеттi бастайтын және ұйымдастыратын бiрыңғай үйлестірушi орган немесе институттың болмауы. Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi. 
     Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары: 
      - жаңа технологияларға қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге; 
      - рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету; 
      - кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған. 
      Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия

 

 

   3. Бағдарламаны iске асырудың негiзгі бағыттары және тетiктерi                                                                                                                                      Соңғы он жылдық iшiнде қалыптасқан кәсiпкерлiк салада болған өзгерiстер кәсiпкерлiк мәселелерiн реттейтiн қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң және бар қарама-қайшыларды жою, экономика дамуының қазiргi замандағы жағдайының талаптарына сәйкестендiру және шағын және орта кәсiпкерлiк саласындағы барынша ашық заңнаманы құру тұрғысына тексерiс жүргiзу қажеттiгiн бiрiншi кезекке қояды. 
      Сондай-ақ құқық аясынан ескi және тиiмсiз құқық нормаларын алып тастау мақсатында заңға тәуелдi кесiмдердiң үнемi мониторингін өткiзу жөнiндегi барлық мемлекеттiк органдардың және "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ-тың, оның iшiнде ведомстволық сипаттағы мiндетiн заң деңгейiнде бекiту орынды. 
      Бұл заңдардағы, басқа да нормативтік құқықтық кесiмдердегi немесе құқықпен реттелетiн қоғамдық қатынастардағы өзгерiстерге мемлекеттік органдардың тиiстi әсер етуiнiң қосымша тетiгi болады. 
      Бұдан басқа: 
      - "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңға және Үкiмет Регламентiне құзыреттерiнiң аясына кiретiн қолданыстағы заңға тәуелдi кесiмдердiң үнемi мониторингiн өткiзуге барлық мемлекеттiк органдарды мiндеттейтiн түзетулер енгізу; 
      - Өткiзiлетiн мониторингтің нәтижелерi бойынша жоғарыда тұрған инстанцияларға мемлекеттiк органдардың кезеңдi (жарты жылда бiр рет) есептілігін енгiзу; 
      - Әрбiр нормативтiк құқықтық кесiмдi, оның iшiнде заңдарды заң актiлерiне сәйкестендiрудi немесе қолданыстарын тоқтату бойынша шаралар қолдануды уақтылы өткiзуге мiндетті болатын нақты уәкiлеттi мемлекеттiк органға бекiту қажет. 
      Көрсетiлген мониторингтi жүргiзудiң егжей-тегжейлi тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындауы қажет. 
      Бұл шаралар пайдаланылатын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң заңдылығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы заңнама жүйесiнде қазiргі уақытта қалыптасқан жағдайды болдырмауға мүмкiндiк бередi. 
      Кәсiпкерлiк қызметiн артықшылықты және тиiмсiз мемлекеттiк реттеудi жою мақсатында шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу кезiнде регламенттелетiн қоғамдық қатынастар шеңберiнде нормативтiк құқықтық кесiмнің тұрақты әсер етуiн егжей-тегжейлi жоспарлауды жүргiзу қажет. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi заңға тәуелдi кесiмдердi қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты олардың жариялануы болып табылатынын белгілеу қажет. 
      Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тексерiсiн өткiзу мәселелерi жөнiнде: 
      - Бақылау-қадағалау органдары кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жөнiндегi қызметiн тек заңнамалық кесiмдермен айқындалған тәртiппен және шартпен жүзеге асырулары қажет. Оларда тексерiс жүргiзу мәселелерiн регламенттейтiн кiшi заңи кесiмдердi шығаруға мемлекеттiк органдардың құзыретi алып тасталуы қажет. Яғни, тексерiстер жүргiзу тәртiбi кiшi заңи кесiмдермен - Үкiметтiң, министрлердiң, әкiмдердiң және т.б. нормативтiк құқықтық шешiмдерiмен айқындалмауы қажет; 
      - Тексерiстер жүргiзу мәселелерiн реттейтiн құқықтық нормаларды бақылау-қадағалау органдарының мәртебесiн айқындайтын заңнамалық кесiмдерiнде көздеу қажет; 
      - Бақылау-қадағалау органдарының мәртебесiн айқындайтын заңнамалық кесiмдерде дамуының әлеуметтiк мәнiн ескере, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруге ерекше тәсiлдер көздеу керек; 
      - Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн әкiмшiлiк алып қоюлардың репрессивтi сипатын алып тастау.      Заңнаманы жетiлдiру мақсатында бақылау-қадағалау функцияларын регламенттейтiн барлық нормалар нақты көрсетілетін "Кәсіпкерлiк туралы" және кәсiпкерлiк қызметті лицензиялау жөнiндегi нақты нормаларды белгiлейтiн "Лицензиялау туралы", сондай-ақ шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi үшін әкiмшiлiк алып қоюлардың репрессивті сипатын алып тастау мақсатында "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобалары әзiрленеді. Экономиканы және әкiмшiлiк кедергiлердi төрешiлдiктен арылту жөнiндегi негізгі күш салулар шағын және орта кәсiпкерлік субъектiлерi үшiн барынша көп қолайлы режимдi, барынша аз реттеуiш аясын құруға бағытталатын болады. 
      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" заң жобасында кәсіпкерлiк қызметтi реттеу, оны мемлекеттiк қолдаудың негiзгi қағидаттары, кәсiпкерлiк проблемалары жөнiнде консультативтiк-кеңесшi мәселелерi, кәсiпкерлiк субъектiлерiн тiркеу және жою тетiктерi, оның iшiнде шағын және орта, кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік әкiмшілендiру мәселелерi жөнiндегi мемлекеттік органдардың, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезiнде жауапты мемлекеттік органдардың құзыреттерi және билiктiң бизнес - қоғамдастықпен өзара iс-әрекет нақты көрсетілетiн болады. 
      Сондай-ақ тексерудi өткiзу мәселелерiн регламенттейтiн әр заңнамалық кесiмiнде қандай-да бiр бақылаушы-қадағалаушы орган орындайтын мiндеттер ерекшелiгiн ескере оларды тағайындау үшiн негiздемелердiң толық тiзбесi көзделетiн болады, өйткенi осындай нақты тiзбенiң жоқ болуы көптеген бақылаушы-қадағалаушы органдарға қолданыстағы заңды формальды түрде бұзбай өз тексерiстерiн көп рет белгiлеу мүмкiндiгiн бередi. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi оларды азайту мақсатында әкiмшілiк кедергiлерге талдау және оларға мониторинг жүргізу құралдарын жақсартатын болады. 
      Әкiмшiлiк айыппұлдар мөлшерлерiнiң өрiстерi қысқартылатын болады. Айыппұлдар мөлшерлерi бизнес ауқымына байланысты белгiленетiн, бiрiншi рет жасалған құқық бұзушылық үшiн айыппұл мөлшерi азайтылады.     

     Мемлекеттiң бюрократиялық жүйесiнiң негiзiн рұқсат беру жүйесi құрайды. Сондықтан кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн мемлекеттiк реттеудiң рұқсат беру жүйесiн нақты регламенттеу үшiн: 
      - мемлекеттiк монополия саласында "мемлекеттiк монополия" терминiн нақты айқындайтын мемлекеттік монополия саласын регламенттейтiн бiрыңғай заң актiсi әзiрленетiн болады. 
      - лицензиялау саласында тiкелей қолданылатын "Лицензиялау туралы" жаңа Заң әзiрленетiн болады, оның шеңберiнде лицензияланатын қызмет түрлерiнiң толық тiзілiмi ұсынылады; 
      - лицензиялау түрлерiн заңға тәуелдi деңгейде кеңейтуге тыйым салынады; 
      - лицензиялық тәртiптiң қажеттi қол жетiмдiгін, ашықтығын қамтамасыз ететiн лицензиялау саласындағы мемлекеттiк функцияларды нақты регламенттеу жүргізiлдi; 
      - олардың үнемдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiлiктiлiк талаптар жеңiлдетiлдi. 
      Сертификаттау саласында қауiпсiздiктерiнiң көрсеткiштерi тұрғысына ғана өнiмнiң, жұмыстардың (процестердiң) және қызметтердiң жекелеген атаулары сертификатталатын болады және Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымының ережесi бойынша халықаралық заңнама негізiнде сертификаттау процесi жүзеге асырылатын болады. 
      Стандарттау саласында - стандарттауды халықаралық құқық пен халықаралық сапа стандарттарының нормаларына сәйкестендiру жүзеге асырылды. 
      Аккредиттеу рәсiмi тек ерiктi сипатта болады және оны мемлекеттiк емес, коммерциялық емес қоғамдық бiрлестiктер жүзеге асырады, ал оның бөлiгі лицензиялау санатына берiледi. 
      Мемлекеттiк сатып алу саласында әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау үшiн сондай-ақ мемлекеттiк мұқтаждар үшін тауарларды жеткiзуге шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiн барынша тарту жұмысы жалғастырылатын болады. 
      Кәсiпкерлiк қызметіне еркiндiк құқығының кепiлдiгiн iске асыру мемлекеттен ғана емес, кәсiпкерлердiң өздерiне және олардың қоғамдық бiрлестіктерiне де байланысты. Әрбiр iскер қазақстандық осы ортаға кiрiгiп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиiс. Кәсiпкерлердiң көлеңкелi бизнеске кетулерiнiң негізгі себептерiнiң бiрi заңды бизнестi жүргізудiң жоғары шығындары болып табылады. Осыған байланысты әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау, мүлiктi заңдандыруды өткiзу, кредит ресурстарына жеткiлiктi қол жетiмдiгі бойынша жағдайлар құру, шағын орта бизнестi қолдау инфрақұрылымының толық дамуына жету жөнiндегі iс-шаралар және шағын және орта кәсiпкерлiктегі менеджменттің сана сезiмдiгін жоғарлату жөнiндегі iс-шаралар кешенiн өткiзу қажет. 
      Осы бағдарламада әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау, кредит ресурстарына жеткiлiктi қол жетiмдiк бойынша жағдайлар құру, шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдау инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ шағын және орта кәсiпкерлiктегi менеджменттiң сана сезiмдiгiн жоғарлату саласында шағын және орта кәсiпкерліктiң дамуын қолдаудың жедел шаралары көзделген. Шағын бизнес кәсіпорындарының сауданың ұйымдастырылған нысандарына көшуiн ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу және 
тауарлардың iшкi рыногын дамыту мақсатында құрылым және "қапшықтау" саудасының каналдары бойынша жүзеге асырылатын сыртқы сауда операциялар мөлшерiн бағалау жөнiндегi зерттеулер ұсынылады. 
      Көрсетiлген шаралар барлық бақылаушы өзара iс-әрекетiнiң нақты схемасын қалыптастыруға, Қапшықтау саудасы рыногiн нақты зерттеу жүргiзуге, оның көлемiн және мемлекеттiң төлеу теңгерiмiне әсерiн бағалауға мүмкiндiк бередi. 
      Көлеңкелi сектор мөлшерiн және қолма-қол айналым мен көлiктегi, құрылыстағы және саудадағы формальсыз еңбекпен қамтылу көлемiн қысқарту мақсатында орта мерзiмдi перспективада: 
      - кооперацияларды ынталандыру - қайта құрылымдау, бiрiктiру және одақтарға, бюро және т.б. iрiлендiру,; 
      - формальсыз экономикадан ресмиге еңбек ресурстарының ағымы үшiн жағдайлар туғызу; 
      - қолма-қол төлеу нысанынан бiртiндеп электронды, автоматталғанға көшу қажет. 
      Төлем карталарын пайдалану арқылы төлемдер қабылдауға мiндеттi сауда (қызмет көрсететiн) ұйымдардың санатын белгiлей отырып тауарлар мен қызметтер үшiн қолма-қол жасалмайтын есептесулер нысанын кеңейту көзделедi. 
      Атап айтқанда мейрамхана, бар, мейманхана, жол жүру құжаттарын сату кассалар және т.б. қызметiн көрсететiн ұйымдар үшiн карточка терминалдарын мiндеттi пайдалану көзделедi. 
      Сауда саласындағы көлеңкелi экономиканың құрамында маңызды үлестi фальсифицирленген және контрафактiлiк өнiмдi өндiрудiң қалыпша дамыған жүйесi бар елдерден күдiкті сапалы тауарларды әкелудi және сатуды, сондай-ақ отандық өндiрушiлердiң ұқсас өнiмiн, төмен сапалы өнiмдi және халық денсаулығына қауiп әкелетiн санитария талаптарына қарсы жағдайларда iске асыруды енгiзетiн "қапшықтау", дала; базар саудасы; кiшкентай сауда нүктелерi құрайды. 
      Азық-түлiк, сондай-ақ әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнен тыс формальсыз еңбекпен қамтылу қауiпсiздiгiн жоғарлату мақсатында сауданың ұйымдастырылмаған түрлерiнiң сауданың өте өркениетті нысандарына бiртiндеп көшу жөнiндегi жағдайлар мен ынталар құру қажет. Рыноктарда сауда нүктелерінің әлеуметтiк танымдылығын арттыру, сауданың әлемдiк нормаларын және ережесiн, рыноктық сауданы сауда орталықтарына айналдыра оларға өркениеттi нысан бере қызмет көрсету стандарттарын енгiзу қажет. 
      Өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн жоғарлату, объектілердi тұрғызуға құрылыс материалдарын шығыстау нормаларын сақтау жөнiндегі құрылыс ұйымдарына талаптарды күшейту үшiн өңiрлер үшiн белгіленген нормативтік үлестiк көрсеткiштерге сай келетін негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бар үлгiлi жобалар бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерiн салуға мемлекет тапсырысын орындау жүйесiне көшудi жүзеге асыру қажет. 
      Құрылыстағы формальсыз еңбекпен қамтуды (ең төменгі жалақымен маусымдық және бiлiктiлiгi төмен жұмысқа көршілес елдерден тiркеусiз адамдарды тартуды) қысқарту жөніндегі шара ретiнде жұмыс күшін импорттауға жалпы республика және оның өңiрлерi бойынша экономикада болып жатқан өзгерiстерге жедел жауап беруге мүмкiндiк беретін ерекшелiкке, ауқымдыққа бағытталған квота берудiң жеңiл жүйесiн енгізу ұсынылып отыр. 
      Қолма-қол есептесуге жолаушы билеттерiн сатудан автоматтандырылғанға бiртiндеп көшудi жүзеге асыру қажет. 
      Қазақстан Республикасы аумағы бойынша автомобильдi тасымалдауларды бiрыңғай кешендi бақылауды жүзеге асыру және тиiмділiгін арттыру мақсатында көлiк бекеттерiнiң оңтайлы санын айқындай отырып автотасымалдауларды бақылаудың қолданыстағы жүйесiн жетiлдiру ұсынылып отыр. 
      Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкiмшiлiк кодекстерiне заңсыз табыс алу мақсатында лауазымды тұлғаларға пара беретiн тұлғаларды жауапқа тарту бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгізіледi. Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттiк кәсiпорындар мен мегахолдингтердiң, ең алдымен iрi мемлекеттiк компаниялар мен монополиялардың өздерiне үйлеспейтiн мiндеттерiн шағын және орта бизнеске беру жөнiндегі жұмысты тындыру мәселесi қойылды, бұл Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жалпыұлттық iс-шаралар жоспарын, мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметтерi түрлерiн түгендеудi өткiзуден тұратын Жолдауды iске асыру жөнiндегi бөлiгі болып табылады. 
      Бұл жұмысты өткiзу кезiнде шаруашылық субъектілерінiң қарым-рыноктық қатынастарына мемлекет қатысуын азайту негiзгi қағидат болады және мынадай ұстанымдарға негізделетiн болады: 
      - мемлекеттiк кәсiпорындардың iс жүзiндегі санын анықтау; 
      - мемлекеттік кәсiпорынның құрылтай құжаттарының iс-жүзiндегі тағайындауларына сәйкес келуiн тексеру; 
      - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындарды құру заңдылығын айқындау; 
      - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық-экономикалық қызметiнiң экономикалық орындылығын және тиiмдiлiгін айқындау; 
      - мемлекеттік кәсiпорындарды бәсекелестiк аясына беру мүмкiндiгi жөнiнде негізделген ұсыныстар дайындау; 
      - мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметтерi түрлерiне талдау жасау үшiн әдiстемелiк ұсынымдарды әрi қарай әзірлеу. 
      Жоғарыда баяндалған қағидаттарға сүйене Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк кәсiпорындарды алдын ала талдауды жүргізiлдi, ол ағымдағы жылда-ақ 4892 кәсiпорындардың  iшiнен рыноктық ортаға 1186 немесе 2414-ын беру мүмкiн екендiгiн көрсетедi. 
      Мемлекетке үйлеспейтiн функцияларды рыноктық салаға, бiрiншi кезекте шағын және орта кәсiпкерлiкке беру мақсатында мынадай жұмыстар өткiзiледi: 
      - мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiң қатысуы бар акционерлiк қоғамдардың қызметтерi түрлерiн талдауды жүзеге асыру үшiн әдiстемелік ұсынымдарды әзірлеу; 
      - тек мемлекеттік органдар, мекемелер және кәсiпорындар атқаратын мемлекеттік функцияларды рыноктық ортаға үйлеспейтiн мемлекеттiк функцияларды берудi қоса нақты белгілеу; 
      - мемлекеттiк кәсіпорындардың және табиғи монополистердiң, ұлттық компаниялардың құрылтайшы құжаттарын, табиғи монополиялардың субъектiлерiн және оларға еншiлес, тәуелдi және бiрлесiп бақыланатын ұйымдарды үйлеспейтiн функцияларын табу тұрығысынан оларды шағын және орта кәсiпкерлiктiң бәсекелес ортасына беру үшiн қызметтерi түрлерiне түгендеу жүргізу; 
      - кейбiр акционерлiк қоғамдар мен жауапкершілiгi шектеулi серiктестіктердегі мемлекеттің қатысу орындылығына талдау жүргiзу; 
      - кейбiр акционерлiк қоғамдар мен жауапкершілiгi шектеулі серiктестiктерге қатысу орындылығына талдау жүргiзу; 
      - компанияның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жеткiлiктi деңгейде ашықтығын құру; 
      - бiрқатар стратегиялық маңызды мемлекеттiк компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттiк холдинг компаниясына берудi жүзеге асыру; 
      - бәсекелестiк рыногына беруге жататын мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекеме болып қайта құрылатын мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiн айқындау; 
      - мемлекеттік мекеме болып қайта құрылатын мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiн айқындау; 
      - мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiне уәкілеттi мемлекеттiк органдар тарапынан айқындау.                                                                                                                                                2015 жылға дейiнгі индустриалдық-инновациялық стратегияны тиiмдi iске асыру және оған шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерінің барынша көбірек қатысуы мақсатында инновациялық жобаларды iске асырудың алғы шарттары құрылады, оның негiзi отандық және шетелдiк ғылым әлеуетiн пайдалану негiзiнде бәсекеге қабiлеттi соңғы өнім құруды қамтамасыз ететiн ашық үлгiдегі жаңа инновациялық жүйе болады. 
      Жаңа инновациялық жүйе ғылыми әлеуеттi дамытады, көпдеңгейлi инновациялық инфрақұрылымды қалыптастырады, берiлетiн гранттар түрлерiн кеңейту және венчурлiк қорларды құру бөлігінде қаржы инфрақұрылымдарының элементтерiн және тетiктерiн дамытады. 
      Осы бастамаларды ұтымды iске асыру үшiн Ұлттық инновациялық Қордың өсу әлеуетi жоғары жобаларды iске асыруға шағын және орта кәсiпкерлiктi тарту жөнiндегi рөлi жандандырылады. Бұл іс-шаралар шетелдiк венчурлiк қорларды тартумен венчурлiк инвестициялау арқылы iске асырылады, бұл озықты шетелдiк тәжiрибенi алуды қамтамасыз етуi керек. 
      Технологиялық бизнес инкубаторларды - технологиялық инновацияларды құратын және iске асыратын және оларға консалтингтiк, заңгерлік, лизингтік және өзге де қызметтер көрсететiн арнаулы пысықталған жеке және заңды тұлғаларды өз алаңдарында белгiлi бiр мерзімге орналастыратын құрылымдарды құру. 
      Коммерциялық тиiм жағынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулiк және тәжiрибелi конструкторлық әзiрлемелердiң гранттарын беру жүйесi қайта қаралады. 
      Мынадай гранттардың нысандары қайта қаралады: 
      - шағын гранттар - ғылыми зерттеулік және тәжiрибелi конструкторлық әзiрлемелердi өткiзу үшiн 7,2 млн. теңгеден (55 мың АҚШ доллары) кем емес сомаға тартылатын; 
      - жоба алдындағы гранттар - құжаттардың толық пакетiн дайындау үшін (ТЭН, бизнес жоспар және т.б.) 650 мың теңгеден кем емес (5 мың АҚШ доллары); 
      - үлкен гранттар - зерттеулердi аяқтау және пайдалы моделге немесе ойлап шығаруға жеткiзу үшiн 33 млн. теңгеден кем емес (250 мың АҚШ доллары); 
      - патенттеу үшін гранттар - шетелдегі патенттi рәсімдеу үшiн 13,2 млн. теңгеден кем емес (100 мың АҚШ доллары) сомаға. 
      2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесiн қалыптастыру және дамыту жөнiндегi Бағдарлама шеңберiнде ұлттық технологиялық парктердi, ақпараттық аймақтарды, ядролық технологиялар мен биотехнологиялар аймақтарын, жаңа материалдар паркін, мұнай-химиялық технопарктi құру көзделедi.

Информация о работе Шағын және орта кәсiпкерлiктiң қазiргi жағдайы мен дамуын талдау