Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 23:02, дипломная работа

Краткое описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.

Содержание работы

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3

I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі
1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5
1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11
1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19


II Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25
2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32


III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары
3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43


ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54

Содержимое работы - 1 файл

айка норма.doc

— 432.00 Кб (Скачать файл)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3

 

I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің  теориялық негізі

1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы......................................................................................................................5

1.2 Жергілікті бюджет – муниципалды құрылымдар қаржыларының негізгі ресурсы ретінде......................................................................................................11

1.3 Жергілікті бюджеттер және олардың муниципалдық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні ....................................................19

 

 

II  Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау

2.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарының құрылымы мен қалыптасуының негізгі элементтері....................................................................25

2.2 Өскемен қаласының қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көздері талдау......................................................................................................................32

 

 

III Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын жетілдіру жолдары

3.1 Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын басқарудағы бюджетаралық теңестіру механизмін жетілдіру ...............................................43

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................... 52

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................................54

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қаржы қоғамда нақты  өмір сүретін, объективті сипаты мен  айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік  қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы  ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып кқрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.

Нарықтық қатынастардың  құрылымында да, мемлекет тарапынан  оларды реттеу механизмінде де қаржы  зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет  етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Еліміздің өз егемендігін  алғаннан бері нарықтық қатынастар күннен-күнге  дамып келеді. Бірақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзін-өзі басқаруы мүмкін емес. Оған белгілі бір дәрежеде мемлекет өзінің саясаттары арқылы әсер етіп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттің ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттік) саясат жатады.

Жергілікті қаржы - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құррылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Бұл курстық жұмыста  жергілкті қаржының басты буындарының бірі – жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады, ал басқа буындары – жергілікті шаруашылық жүргізуші субектілердің қаржылары, сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функциялық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде тиісті тарауларда қаралған.

Бірінші тарауда жергілікті қаржының мәні, маңызы, құрылымы ерекшелігі қарастырылған. Екінші тарауда жалпы жергілікті бюджетті талдау туралы. Ал үшінші тарауда жергілікті қаржының міселелері және оны шешу жолдары қарастырылған.

Жергілікті  бюджет –  бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда  қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні олардың мынадай  бөлігінде көрінеді:

    • билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын қалыптастыру;
    • бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер  билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық  дербестігін  нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарды оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік  міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бөлу тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктердің бюджетін біріңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады. Жергілікті атқарушы органдар тиісті қаржы жылына тиісті жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарап, бекітеді.

Жергілікті атқарушы органдар тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктер бюджеттерінің атқарылуын, бюджеттік қаражаттарының тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің  теориялық негізі

 

1.1 Муниципалдық құрылым қаржы ресурстарының мәні мен маңызы

 

Жергілікті өзін - өзі  басқаруға тұрғын халық тікелей  сайлау жолымен, сондай – ақ халық  топтары жинақы тұратын аумақты  қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

Сонымен қоса Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген өкілеттігі олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі.

Нарықтың байланыстардын даму шал шандығымен аймақтарды ірілендіру процесі құқықтық, қаржылық және әлеуметтік – экономикалық шарттары жергілікті өзін - өзі басқару органдары тиімді жұмыс істеуін талап етеді.

ТМД – елдерінің, жергілікті өзін - өзі басқару заңының үлгісіне сәйкес. “Муниципалдық құрылым” – бұл қалалық және ауылдық халық, бір аумақпен біріктірілген, сол арада муниципалды өзін - өзі басқару жүзеге асатын. Жергілікті  және меншікті болу, жергілікті бюджет және сайланбалы жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ескере муниципалдық құрылымың шекарасын, тарихи  жағдайда және басқа да жақтарын қарастыра, Мемлекеттік  билік органдары белгілейді.

Муниципалдық менеджмент басқарудың жаңа системасы болып қана қоймай, ол нарықтың экономиканы түсініп соған толық жетудегі мақсатқа сәйкес келетін шешім болып табылады. Яғни республикада басқарудың командылық - әкімшілік  системасының көріністері қалдықтар әлі де жергілікті демократиялық басқаруды тенейді.

Әрине басқарудың жаңа системасын бола тура муниципалдық менеджменте  Қазақстан Респуликасында  керекті  құқықтық актілердің өзіне болмауына  және экономикалық дағдарысын салдарынан үлкенқиындық көруде. Бұл системанын тиімділігі, дүние жүзінің көптеген қалаларда нарықтың экономикалық қалыптасуымен дәлелденген және мақсатқа лайықтылықпен.

Басқа да жаңа экономикалық пәндер – сияқты муниципалдық менджментте  өзінің жаңа терминалогиясын, жаңа түсінігін  енгізеді,          және де болашақ Мемлекеттік және муниципалдық басқарушы маман осы жаңалықтарда білуге тиіс.

Сонымен  «муниципалдық», «жергілікті» сияқты терминдер сол аумақтағы өндірістерде, зауыттарда және басқа да салаларда       қолданылады.

«Муниципалдық меншік» түсінігі – бұл муниципиялдық аумақтың меншігін білдіреді. Муниципалдық меншікпен жергілікті өзін - өзі басқару органдары басшылық етеді. Жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасын атқарушы орган  біріңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізіледі қамтамасыз етеді.

Жергілікті     атқарушы     органдарын       қарауына    мыналар  жатады:

 

  1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламарын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;
  2. коммуналдық меншікті басқару;
  3. жергілікті атқарушы органдарын басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдарын жұмысын ұйымдарға байланысты өзге де мәселерді шешу.
  4. жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
  5. жергілікті атқарушы органдарын құзыреті ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі заңмен бегіленеді.

 

Жергілікті өкілетті органдар – маслихаттар тиісті әкімшілік –аумақтың, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларда белгіленеді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Маслихаттарда  жалпыға бірдей, тән төте сайлауын құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы  4 – жыл мерзіміне халық сайлайды.

Маслихатын    қарауына    мыналар жатады:

 

  1. аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламарын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту;
  2. өздерін қарауына жатқызылған жергілікті әкімшілік – аумақтық құрылыс мәселерін шешу;
  3. Заңмен маслихат құзыретіне жатқызылған  жергілікті атқарушы органдар есептерін қарау қажет[1].

    Жергілікті қаржы - ақша нысаныныдағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қажы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекетің қаржы жүйесіндеггі маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді.

     Нарықтық қатынастардың қалыптауы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономиалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәір дербестікке ие бола бастады.

     Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызметкөрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресустары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиесінше жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға – жергілкті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.

     Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға ұқсас.

     Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, слндай-ақ мемлекеттің әкімшілік–аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

           Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиімті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерінің белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.

 «Қаржы ресурстары» мен «капитал» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.

Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған категорияларды талқылаудың бірыңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы орайда біз қаржы ресурстарының анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап көреміз. Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз.

«Қаржы ресурстары» категориясына  бір мәнді және негізделген талқылама  жасау дегеніміз – оның қаржы  қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың рөлін, қызметтерін анықтауды білдіреді.

Информация о работе Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын пайдалануда бюджеттіліктің теориялық негізі