Капиталдағы сұранысты анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 22:29, доклад

Краткое описание

Капиталдағы сұранысты анықтау – бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы.
Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т.с.с). Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек.

Содержимое работы - 1 файл

Қаржылар-АУЛЕТ.docx

— 44.95 Кб (Скачать файл)
 

 

Қаржыландыру  көзін(көздерін) анықтағаннан кейін, біз сізге ықтимал инвесторлар және/немесе кредиторлар үшін құжаттар пакетін дайындауға көмектесеміз. Осы жұмыс шеңберінде KPMG мамандары сізге:  

  • инвестициялық жобаның тиімділігін талдауға;
  • жобаның маркетингтік, қаржылық және ұйымдастырушылық жоспарларын әзірлеуге;
  • жобаның негізгі тәуекелдерін анықтауға және оларды барынша азайту жолдарын әзірлеуге;
  • бизнес-жоспар, техникалық-экономикалық негіздеме, инвестициялық меморандум, жарнамалық материалдар, эмиссия проспекті секілді басқа да керекті құжаттарды дайындауға ;
  • банктер мен инвесторлар үшін міндеттемелерді қамтамасыз ету схемаларын әзірлеуге көмектеседі.
 

 

Бұл кезең  аяқталғаннан кейін, біз инвесторлар  мен кредиторларды іздестіруге  және оларды конкурстық негізде жобаға қатысуға тартуға, сонымен қатар, керек  болса, заемдық қаржыландыру, секьюритизация, жылжымайтын мүлік қорларын құру, т.б. секілді қаржыландырудың одан да күрделі формаларын ұйымдастыруға  көмектесеміз.  

Біздің артықшылықтарымыз  

KPMG жұмыс  тобының құрамына кіретін банктік  мамандар өздерімен бірге оның  жұмысына көптеген қаржылық өнімдер  бойынша жұмыс тәжірибесін, қаржылық  нарықтардың спецификасы туралы  жинақталған білімдерді, сондай-ақ  бірқатар несие беруші ұйымдармен ынтымақтастық тәжірибесін әкеледі. KPMG қаржылық кеңес беруші ретінде көмегіне жүгінудің мынадай артықшылықтары бар:  

Тәуелсіздік пен объективтілік  

Біз қаржыландырудың  бір ғана формасына «байланып» қалған жоқпыз, сондықтан клиенттің талаптары мен стратегиясын есепке алатын, қаржыландырудың ықтимал көздері мен варианттарының кең аясы бойынша барынша объективті консультациялық қызметтерді ұсынуға дайынбыз.  

Жұмыс тобы  

KPMG мамандары  қаржыландыруды тартумен байланысты  жобаларды іске асыруда тәжірибелері өте бай. Кейбір мамандар ТМД жетекші банктерінде, шетелдік банктерде, инвестициялық қорларда жұмыс істеген және олардың талаптарын жақсы біледі. Жұмысымыздың мақсаты тек қана заемдық қаржыландыруды тарту немесе акцияларды шығару арқылы қаржыландыру ғана емес, сондай-ақ қызмет көруші үшін қаржыландыру шарттарын оңтайландыру, сөйтіп ең ақыры, бизнесінің құнын жоғарылату. Осы мақсатта біз алдын ала дайындыққа және таңдап алынған инвесторлар категориясы үшін бизнестің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, капитализациялауды арттыру бойынша сәйкес шараларды әзірлеуге және (немесе) борыштардың құнын азайтуға көп көңіл бөлеміз, бұл барынша жоғары нәтижелерге жетуге септігін тигізеді.  

Мамандардың халықаралық торы мен KPMG байланыстары  

Біз қажет  болған жағдайда KPMG шетелдік офистеріндегі  одақтық қаржылар бөлімшелерінен маманданған топтар қызметкерлерін жұмысқа тартып отырамыз. Олар қаржыландыруды тарту бойынша күрделі халықаралық мәмілелерді жүргізуде бай тәжірибеге ие, әрі көптеген ықтимал инвесторлар мен банкирлермен қарым-қатынастары нығайтылған.

   
  Қаржыландыруды  тарту бойынша KPMG қызметтері:  
  • банктік нарықтағы және капитал нарықтарындағы одақтық берешек бойынша кеңес беру қызметтері, соның ішінде жаңа борыштық міндеттемелерді шығару мен қайта қаржыландыру, IPO шеңберіндегі қаржыландыру, капитал нарықтарындағы эмиссия мен құнды қағаздарды жабық түрде орналастыру;
  • үлестік қаржыландыруды тарту, соның ішінде қаржылық (тікелей жеке инвестициялар, арнайы бағытталған фондтар немесе венчурлы фондтар) және стратегиялық инвесторларды тарту
  • заемдық қаржыландыру немесе сатып алу бойынша мәмілелерді қаржыландыру, соның ішінде бірігу мен қарамағына алу, сырттан қаржыландыруды тарта отырып бизнесті сатып алу мәмілелері, қайта капитализациялау, нарықтан кетуді және инвестицияларды алуды қаржыландыру, покеттік және альтернативті қаржыландыру бойынша берешек;
  • тармақталған қаржыландыру, соның ішінде активтер кепілділігімен қаржыландыру, лизинг және секьюритизация (бүкіл компания бойынша мәмілелерге де, жеке активтерге де қатысты) ;
  • жылжымайтын мүлікті пайдалана отырып қаржылық ресурстарды тарту, жылжымайтын мүлікпен мәмілелер шеңберіндегі қаржыландыру, жылжымайтын мүлік саласындағы заемдық қаржыландыру, жылжымайтын мүлік бойынша операцияларды қаржыландыру, жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу мен дамыту үшін қаржы ресурстарын пайдалану, соның ішінде жобалық қаржыландыру, жылжымайтын мүлік саласындағы бірігу мен қарамағына алу мәмілелері, сату және кері жалға беру, операциялық компания және жылжымайтын мүлікті басқару жөніндегі компания арасындағы мәмілелерді тармақтау (OpCo/PropCo) және қаржыландыру варианттарын талдау;
  • инвестициялық құжаттаманы дайындау, соның ішінде бизнес-жоспарлау мен қаржылық модельдер.

Информация о работе Капиталдағы сұранысты анықтау