Капиталдағы сұранысты анықтау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 22:29, доклад

Краткое описание

Капиталдағы сұранысты анықтау – бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы.
Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т.с.с). Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек.

Содержимое работы - 1 файл

Қаржылар-АУЛЕТ.docx

— 44.95 Кб (Скачать файл)

Қаржылар

Капиталдағы сұранысты анықтау

Капиталдағы сұранысты анықтау – бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы.  
Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т.с.с). Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек. Мұнымен бірге, құрылыс кезеңі мен жаңа кәсіпорынды жіберу кезіндегі қаржылық қиындықтар туралы мәселені естен шығармау қажет.

Ұзақ мерзімді капитал (инвестициялар)

Ұзақ мерзімді капиталдағы сұранысты негізгі  капитал және өндірісалды шығындар деп екі инвестицияға бөлуге болады.  
Негізгі капиталдағы инвестицияның типтік капиталы мыналар:

  • Жер учаскесін алу және оны игеру;
  • алаңдары мен ғимарттар салу немесе игеру;
  • өндірістік және көмекші машиналар, жабдықтар алу;
  • тазаланған ғимараттар салу;
  • жобалы-конструкторлы жұмыстар.

Шығындар

Өндірісалды шығындар құрамына өндіру алдында жұмсалған шығындар кіреді. Олар мыналар:

  • компания жасаумен байланысты шығындар;
  • өндіріске дейін жалданған қызметкерлер мен басқару жұмысына төленетін ақы;
  • арендалық төлемдер;
  • іссапар және байланыс шығындары;
  • кеңесшілерге төленетін ақы;
  • жинақтар мен салықтар;
  • банк қызметіне кеткен төлемдер;
  • түрлі қала қызметтерімен келісім үшін шығындар;
  • байқап көру шикізаты;
  • кәсіпорынға жатпайтын білім үшін төлем;
  • өндірісалды маркетингтік ұстам төлемдері.

Қысқа мерзімді капитал кәсіпорынды құрғаннан кейінгі қаржыландыруға, кеңейт жұмысына жұмсалады.

Айналма капитал  келесі активтерді біріктіреді:

тауарлы-материалдық  қорлар

Айналма капиталдағы  сұраныс көлеміне тауар-материал қоры капиталының бағасы ерекше әсер етеді. Мүмкіндігінше тауарлы-материал қорын  төменгі деңгейге азайтуға тырысу керек.  
Тауарлы-материал қорының көлемін анықтау үшін мынаны есте ұстау керек:

  • өндіріс материалдары (көмекші материалдар мен шикізат көзіне назар аудару қажет. Мысалы:
  • а) егер материал жергілікті, яғни жеткілікті мөлшерде тез жеткізілетін болса, онда шектеулі ғана қор сатау керек; 
  • б) егер материал импортталатын болса, жеткізу процедурасына көп уақыт қажет болса, онда біршама мөлшерде материалдық қор сақтау қажет);
  • артық бөлшектер (атық қор мөлшері жергілікті қойылымдар, импорт процедурасы, сол аймақтағы техникалық қызмет пен кәсіпорын қызметіне байланысты);
  • аяқталмаған кәсіпорын (аяқталмаған өндірісті жабудағы капитал сұранысын бағалауда әр кезеңде өткізілген түрлі метериалдық ресурстарды пайдалану барысында қол жеткен өңдеу дәрежесі мен технологиялық процеске жан-жақты талдау жасау қажет);
  • дайын өнім (дайын өнім қоры кәсіпорынның сауда практикасы мен өнім сапасы сияқты факторларға байланысты).  

Алу есебі (дебиторлық қарыз)

  • Алу есебі – сату қызметі есебінде сатып алушыға берілген коммерциялық несиелер, яғни сатып алушы тауарға оын алған кезде емес, кейінірек төлейді. Бұл баптың өлшемі сол фирманың берген несие сату саясатымен анықталады. Несиеге сату көлемінің валдық көлемге қатынасы әр фирмада түрліше болады, бәсекелестік жағдайда.

Төлем есептері үшін кассалық және банктік төлемдер

Персонал  еңбегінің ақысы мен айлық  негізде пайызын төлеу кезінде  төлемдердің түсімін көтеру кезінде  пайыз бойынша төлемді толық  жаппағанда  болатын кейбір резервтердің қажеттігі туындайды. Осыған байланысты, кейбір кассалық және банктік төлем бағаларын қарастыру маңызды. Мұны осындай жағдайдағы еңбек ақы мен еңбек резервіндегі шығындардың айналым капиталын қосу арқылы жасауға болады (шикізат пен материалды қоспағандағы жіберілген шығынның 5 пайызын құрауы мүмкін).  
Төлем есептері (кредиторлық қарыз) 
Төлем есептері несие талаптары бойынша, яғни шикізат, метериалдар мен басқа қызметтер белгілі мерзімге беріліп уақыты келгенде төленеді. Мұндай төлемдер мерзімін ұзарту арқылы айналым капиталы бағасын қысқарта алады.

Маусымдық кәсіпорынның айналым капиталы басқаша негізге  есептелу керек – күнтізбелік  жылды жұмыс және демалыс кезеңдеріне бөлу арқылы. Маусымдық кәсіпорындары айналым капиталын жұмыс кезеңдерінде құйып, жұмыс емес кезеңінде азайту керек.

Айналым капиталының  сұранысын есептеу үшін 2 әдісті қолдануға болады:

1) Кумулятивті  әдіс 
Бұл әдіс жалпы кезеңді күндік капиталды байланыстыра отырып, күнделікті орташа төлемге көбейту арқылы жүзеге асырылады. Айналым капиталының бағалық есебі 1 мысалда көрсетілген.  
1 мысал. 
Кәсіпорындарда өнідірс материалыдраныңы міндетті қорларын сақтау мерзімі 25 күнді құрайды. Материалдарды жеткізу қызметі бойынша жеткізушілер төлем уақытын 10 күнге ұзарту мүмкіндігіне ие болады. Өнідірістік процесс 20күнге созылады, яғни – бұл дайын өнім өндіруге қажетті уақыт. 5 күн ішінде дайын өнім тұтынушылар қажетіне жетеді. Өнім кірісін жоғарылату үшін кәсіпорын тауар алушысына коммерциялық несие түрінде 15 күнге тауар ұсынады. Шығынның негізгі бабы бойынша орташа күндік төлемі мынадай: материалдар алу(50 мың теңге), персонал еңбегіне төлем (150 мың тг), үстеме шығындар (80 мың тг.). Мұның ішінде персонал төлемі өнідірістік процессті бастағанынан басталады.  
Сұрақ:осы кәсіпорынның айналым капиталындағы сұранымы қандай? 
Есеп: 
Ең алдымен материалдарды алғаннан бастап тауар алушылардан ақша келгенге дейінгі кезеңдегі күндер санын көбейту жолымен «капитал байланысының» кезеңін анықтайды (тауарлар мен қызметтер):

   
  кезең
Өндірістік материалдар 25 күн
Аяқталмаған өндіріс 20 күн
Дайын өнім 5 күн
Алу есептері 15 күн
Барлығы 65 күн

Жеткізілген тауарлардың төлемінің уақытын  ұзартуын есептеген күннен бастап, «капитал байланысы» кезеңі 55 күнді  құрайды (65күн – 10 күн). 
Материалдарға орташа күнделікті төлемі, персонал еңбегінің ақысы мен үстеме шығындар төлемін көбейтек күнделікті орташа төлемнің жалпы бағасы шығады: 
50 + 150 + 80 = 280 мың  тг 
Жоғарыда аталған есептерді өткізген соң міндетті айналым капиталы бағасы шығады, ол – 15400 мың теңгені құрайды (55күн 280 мың тг).

2) Таңдаулы  әдіс

Бұл әдіс кумулятивті әдістен анғырақ. Мұнда еңбек ақы төлемдері, материалды алу мен үстеме шығындарды төлеуге қатысты қаржылық құралдардың «байланысының» түрліше жалғасымын негізге алады. Айналым капиталы бағасының есебі таңдайлы әдіспен 2-мысалда көрсетілген.

2-мысал. Келтірілген мысалдан айналым капиталының қажеттілігін анықтаймыз:

Айналым капиталының  қажетігі мына бағалардан құралады:

  • Материалдар сатып алу = (25-10+20+5+15) * 50 мың тг = 2.750 мың тг;
  • Персонал еңбегінің ақысы = (20+5+15) * 150мың тг = 6.000 мың тг;
  • Үстеме шығындар = (25+20+5+15) * 80 мың тг = 5.200 мың тг.

Айналым капиталының  тауар айналымына 13950 мың тг. кетеді.  
Осы мысалдаың нәтижесі бойынша таңдаулы әдістің айналым капиталындағы қажетілігі кумулятивті әдістегіден аз болды (1,450 мың тг).

Ұзақ және қысқа мерзімді капитал қажеттігі  анықтлған соң қаржыландырудың  мүмкін нұсқаларын қарап көру керек. Ол үшін қаржыландырудың мүмкін қателіктерін негізге алу қажет.

Қаржыландырудың мүмкін қателіктері

  • Жеке капиталдың өте аз бағамы;
  • Банкке өз уақытында бармағандық;
  • Инвестицияны қаржыландыру кезінде қысқа мерзімді несиені пайдалану;
  • Жеткізушілердің ерекше тәуелділігі;
  • Қаржыландырудың мемлекеттік көздерін қолданбау;
  • Капитал қажеттілігін жеткізіліксіз жоспарлау;
  • «проблемасыз және «арзан» несиелерді ойланбай алу.

Ақша  қаражаты

Ақша қаражатындағы  қажеттілік көлемі келесі жағдайларға байланысты:

  • дебиторлық есеп қалай құрылып, жүргізіледі;
  • несие пайыздары қалай жүзеге асырылады;
  • несие берушілермен өзара қарым-қатынас қалай құрылған.

Қарыз қаражаты  
Қарыз қаражатының негізгі көзіне мыналар жатады:

  • Банк көмектері
  • әртүрлі қор несиелері
  • облигациялар мен басқа да құнды қағаздарды сатудағы қаражат
  • кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар.

Тәжірибе  бойынша қарыз қаражаты көздері  көпшілікте банк көмектері мен түрлі  қорлар беретін несие болатыны байқалған.

Инвестициялық несие  
Несиенің мұндай түрі кәсіпорынның негізгі капиталын қаржыландыру үшін қолданылады. (ғимараттар, жабдықтар, автокөліктер және т.б).

Лизинг

Лизинг –  бұл заңмен бекітілген басты құралдарды пайдалану үшін олардың алынуын жылдамдатуға жағдай жасайтын қаржы құралы. Лизингке кез келген кәсіпкерлікке қажетті жабдықты алуға болады және қаржыландырудың белгіленген жағдайында сатып алуға болады. Жасалған жағдайларына қарай отырып, лизинг заты мен өнім берушіні сіз өзіңіз таңдайсыз.

  • Аванс төлемі сияқты алынған заттың жарты төлемін төлеу қажеттігі. Лизинг алушы есебінен жабдық міндетті түрде сақтандырылады.
  • Лизинг келісім-шарты мезгілі жеткенде алынған жабдық жоғары өтемпаздыққа ие болады.

Факторинг 
Несие беруден басқа екінші дәрежелі банктер басқа да қаржылық қызметтер атқарады. Оның ең қызықты түрі факторинг.  
Факторинг – бұл қарыз өтетуге, тауарды қайта сату мен басқа да соған бойынша төленетін төлемдерді алу үшін қолданылады. Бұл жерде қысқа мерзімді талап туралы сөз болады.  
Басқаша айтқанда, факторинг дегеніміз, факторингтік компания кәсіпорыннан өз есебіне сатып алушыдан түскен ақшадан белгілі мөлшерде төлем алатын делдалдық қызметтің бір түрі. Ол клиенттің айналым капиталын несиелейді және өзіне оның несиелік пен валюталық қаупін алады.

Несиені жабудың  жолдары

Тең үлеспен  жабу. Егер сіз осындай несие алатын болсаңыз алған несиені жабу сандарына байланысты бөле отырып, несие жабу бағаңыз анықталады. Проценттер несиенің қалған сомасына есептеледі.  
Мерзім соңында жабу  Мұның басты ерекшелігі несиенің барлық өтемін мерзім соңында жабу болып табылады.

Аннуитетті  несие. Бұл несиенің ерекшелігі несие өтемдері жабу мерзімінде өзгеріссіз қалады (пайыздар+негізгі қарызды өтеу).

Бюджет  тапшылығын қаржыландырудың  жолдары.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары. 
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- қарыз алу бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қаматамасыз ету.Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. 
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары: 
1. ақша белгілерін шығару.Бұл жол теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларыболатын инфляцияға жеткізеді. Өз екзкгінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғаланылуы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді. 
2. мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б қатысады. 
3. шетелдік қарыздар.Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді. 
4. ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады. 
Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. 
Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді және бюджет тапшылығының шамасына сай келеді. 
Бюджет профицітін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицітін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау. Оның көлемі қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді. 
Бюджет профицітін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет профицітінің шмасына сай келеді. 
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге , бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға , халықарлық ынтымақтастыққа , сондай – ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге , мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады . 
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңкюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Информация о работе Капиталдағы сұранысты анықтау