ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:48, реферат

Краткое описание

ЖИТС – бұл иммунитет жетіспеушілігінен (тапшылығынан) пайда болатын синдром. ЖИТС індетін тудыратын вирусты 1983 жылы француз ғалымы Люк Монтанье тапты. Осы елеулі еңбегі үшін ол 2008 жылы медицина саласына арналған Нобель сыйлығына ие болды.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
б) ЖИТС-тен сақтану жолдары
в) ЖИТС-тің қоғамда таралуы
г) Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру
ІІІ.Қорытынды бөлім

Содержимое работы - 1 файл

реферат спид.doc

— 107.50 Кб (Скачать файл)

АҚТҚ тек оны жұқтырып алу қаупі ерекше төнетін топ: нашақорлар, гомосексуалдар мен жезөкшелер үшін ғана қатерлі деді. Эпидемияның басында АҚТҚ  жұқтырғандардың шынымен 97% –ын нашақорлар құрады, бірақ бұл қатерлі аурудың таралуының алғашқы толқыны ғана болатын. Көп кешікпей АҚТҚ халықтың басқа топтарына да жетіп үлгерді. ЖҚТБ бұл күндері көбіне жыныстық қатынас арқылы тарайды — бұл эпидемияның екінші толқыны деп аталады. Ол біріншісіне қарағанда анағұрлым қатерлі, өйткені төсек қатынасынан ауру жұқтырып алдым-ау деп сезіктеніп АҚТҚ-ға анализ тапсыруға баратындарды табу қиын немесе некен саяқ. Ауру жұқтырғаны жайлы адамдардың көпшілігі тіпті білмейді де. Олар басқаларға ауру жұқтырып, өздерінің қауіпті өмір сүру қалпын одан әрі жалғастыра береді. Адам АҚТҚ жұқтырған болса да денсаулығы кінаратсыз болып, өзіне төніп келе жатқан қауіптен еш хабарсыз болып бірнеше жыл бойы өмір сүре бере алады.

2005 жылдың қантар айында Ресейде АҚТҚ-ны жұқтырғандар ресми түрде 305 мыңнан аса тіркелді. Ал бұл не бары ресми ғана көрсеткіш. Бұлар тек АҚТҚ-ға қанын тексергенде оған оң нәтиже бергендері ғана. Ал қаншама адам тексерілмей жүр? Дәрігерлер мұндай тексерісті наркодиспансерлерде емделгісі келетін нашақорларды, әскер қатарына шақырылғандарды дәрігерлік комиссиядан өткізгенде, жүкті әйелдерді бақылаған кезде ғана жүргізеді. Ал бұлар қоғамның шағын бөлігін ғана құрайды. Дәрігерлердің көбі АҚТҚ жұқтырғандардың шынайы саны ресми тіркелгендерден әлденеше рет көбірек деп ескертеді.  Бүгінде Ресейде  900 мың адам АҚТҚ  жұқтырған болуы мүмкін. ЖҚТБ-мен күрестің Бүкілресейлік федералдық орталығын басқаратын Вадим Покровский жуырдағы он жыл ішінде миллион ресейлік осы аурудан көз жұмуы мүмкін, Ресейдегі АҚТҚ /ЖҚТБ эпидемиясы тұрғындарының  30% осы ауруды жұқтырған «африкандық дәрежеге» жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Қандай қорқынышты сандар! Болашақта осы адамдардан қаншама адам жыныстық қатынас арқылы ауру жұқтырмақ? Ресейде 5 жылдан кейін АҚТҚ  жұқтырған қаншама бала дүниеге келмек?  Осындай мәселелер бізді алаңдатып, табанды іс-әрекеттерге итермелеуге тиіс.

Ресейдегі АСЕТ ұйымы (Aids Care, Education, Training — ЖҚТБ: күтім, ағарту ісі, дайындау) Угандада, Танзанияда, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Болгарияда, Үндістанда, Таиландта, Австралияда және АҚШ-та жұмыс істейтін халықаралық АСЕТ ұйымының партнері. АСЕТ ұйымы UNICEF және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді.

ANPO АСЕТ автономды коммерциялық емес ағартушылық ұйымы мектептерде, балалар клубтарында, балалар лагерьлерінде, реабилитация орталықтарында және қауымдарда АҚТҚ инфекциясының алдын алумен айналысады. Біздің мақсатымыз балалар мен жасөспірімдердің құндылықтары мен ойлау қабілеттеріне әсер етіп, солайша олардың болашағы мен еліміздің болашағына ықпал жасау. АСЕТ ұйымының сенуші лекторлары мектепте оқитындарға ЖҚТБ пен есірткінің алдын алу лекцияларын оқиды. Бұл лекциялар Киелі кітап құндылықтарына негізделген және жасөспірімдерді өнегелі әрі салауатты өмір салтына шақырады. Мектеп басшысының және мұғалімдердің келісімімен оқылатын лекциялар әдетте екі 40 минуттық сабақтан тұрады. Лекция барысында қызықты материалдарды, фотосуреттерді және түрлі түсті плакаттарды көрсетуге болады. Лекцияның материалдарын қазіргі замандағы сенбеуші жасөспірімдерге жеңіл әрі түсінікті болатындай етіп сенуші дәрігерлер мен психологтар дайындаған.

ЖҚТБ-ның алдын алу туралы осы лекциялар Иркутскідегі ЖҚТБ-орталығының дәрігерлерімен келісілген. Ресейдегі ең алғашқы лекторларды дайындау семинары Иркутскіде өткізілді. Онда жергілікті сенуші лекторлар Иркутск облысының әр түрлі мектептерінде өздерінің алдын алу жұмыстарын бастаған. Бұл лекциялар мектеп басшыларының, мұғалімдердің сонымен қатар оқушылардың да ойларынан шығып, жақсы пікірге ие болған. Бұндай семинар Ресейдің өзге де облыстарында, Украинада, Қазақстанда … өткізілді.

Семинарға қатысушылардың қағазға басып шығарылған лекциялармен бірге аурудың алдын алу туралы нұсқауды, мектептерде қолдануға болатын түрлі түсті слайдтардың жинағын, лекцияда келтірілген мысалдар қамтылған бейнетаспаны және керекті әдебиеттерді алуына мүмкіндігі бар. Бұл материалдардың бір жинағы 400 рубль (2000 тенге) тұрады. Оны пошта арқылы тапсырыспен АСЕТ ұйымынан алуға болады. Материалдардың бір жинағын бірнеше лектор пайдалана алады.

Қазақстанда және оның айналасындағы көршілес елдерде ЖҚТБ індеті даму үстінде. Оның бұл аймақтағы ең көп таралуы Ресей федерациясында тіркелген. Мұнда шамамен 900 000 адамның АҚТҚ-ны жұқтырғандығы айтылады. Ең көп зақымданған аймақтар тізімінде Қазақстанмен шектескен Самара, Орынбор облыстары бар. Сондай-ақ, Қазақстанмен шектесіп жатқан Шыңжан провинциясы Қытайдағы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың саны бойынша төртінші орында.

АҚТҚ-ның Орталық Азия, Кавказ республикаларында пайда болуы өте төмен күйінде (0,3%-дан төмен) қалып отыр. Ал індеттің жалпы таралуы тіркелгендер санына қарағанда барлық жерде де өсу, көбею үстінде. Мысалы, Өзбекстанда осы қауіпті індет соңғы жылдарда ғана, яки, жаңадан таралуда. Барлық мәлімденген АҚТҚ деректерінің  91%-ы 2001-2003 ж.ж. аралығында анықталған. 22 кестеде көрсетілгендей, 2500-ден астам адамның ауру жұқтырғаны мәлімденді.

Қазір індет Өзбекстанда   кең жайылу үстінде. Бұған коммерциялық секс үлкен роль атқаруда.

АҚТҚ жұқтырғандар арасындағы әйелдердің ара қатынасы  жыл сайын ұлғайып келеді. Ол 2001 жылғы 12%-дан 2003 жылы 18%-ға көтерілді. Елдің барлық аймағынан дерлік ауру жұқтырғандар тіркелген. Эпидемия, әсіресе, ел астанасы Ташкент (48%) пен оның айналасындағы елді мекендерде (20%) шоғырланған.

Қырғызстанда Қазақстанмен салыстырғанда індет айтарлықтай төмен және ол негізінен есірткіні тамырға шаншу арқылы тарауда. Көп тараған жері Ош пен Чу облыстары және Бішкек қаласы. Ересек тұрғындардың ең кем дегенде 2%-ы есірткіні тамырға (шаншумен) егіп қолданады деп ресми болжанған елде АҚТҚ-ның жылдам және кең жайылуына зор мүмкіндік бар.

Кавказ аймағында жүргізілген жаңа зерттеулер бұл індеттің Азербайжанда шұғыл дамып жатқанын көрсетті. Баку қаласындағы көшеде есірткіні тамырға шаншитындардың әрбір төртіншісі АҚТҚ-ны жұқтырғандар. Бұл көресткіш көшеде тәнін сататындар арасында 11%-ды, ал олардың бұл кәсіппен кафе-мейрамханаларда, саунада айналысатын әріптестері арасында 6% құрайды. (WHO Regional Office for Europe, 2004, ДДСҰ — дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы).

Қазақстан республикасында эпидемия шетелдік студенттердің арасында 1987 жылдан басталды. Ауруды жұқтырудың тіркілген саны ең күрт көбейген кезі 2001 жыл (1175 адам) болды. 1987-2004 ж.ж аралығында Қазақ Республикасы тұрғындарының арасында АҚТҚ-ны жұқтырудың динамикасын көрсететін кесте.

Эпидемия (індет) басталғаннан бері 01.01.05-ж. мәлімет бойынша АҚТҚ-ны жұқтырғандардың ресми түрде тіркелгендерінің саны 4696, алайда  ғалымдардың болжамы бойынша іс жүзінде шамамен 13000 адам АҚТҚ/ЖҚТБ-мен ауырады.

Республикамыздағы АҚТҚ-ны жұқтырғандардың 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіші 38,3-ті құрайды.

Басқа да ТМД елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасындағы АҚТҚ-ның ең басты берілу жолы — есірткіні тамырға шаншу. Ауруды жұқтырудың тамырға шаншу арқылы берілуі 77,5 % құрайды. (Мәлімет бойынша елде 200 000 есірткі қолданушы адам  бар)

Алайда аурудың жыныстық жолмен берілуінің де ұлғайып келе жатқаны байқалады. Оның арасалмағы 2004 жылы 29,3% құрады. Аурудың жыныстық жолмен берілуінің ұлғаюы үдеп келеді:

2001 ж — 5%

2002 ж — 16,7%

2003 ж — 21,6%

2004 ж — 29,3%

Қазақстанның барлық аймақтарында да індет бар. АҚТҚ-ны жұқтыру көрсеткіштері Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында жоғары. Осы жағдайға байланысты Алматы қаласы алдыңғы орында. 2004 жылғы көрсеткіш — 199, ол 2003 ж. көрсеткіштен (187) 1,1 есе артқан. (таблица).

Қазақстан Республикасындағы АҚТҚ/ЖҚТБ індеті  өзінің шоғырланған дәрежесінде (бұл оның үш: бастапқы, шоғырланған және жалпы жайылған дәрежесінің екіншісі). Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Шымкент қалаларында қоғамның шетке шыққан топтары арасында АҚТҚ-ның тарауы 5%-дан тұрақты жоғары, ал жүкті әйелдер арасында әлі де 1%- дан төмен.

Халықтың жас шамасына қарай бөлінген топтарына көз салсақ, ауруға ең көп шалдыққан (ауруды ең көп жұқтырған)) топ — 15-29 жас аралығындағы жастар, олар барлық ауру жұқтырғандардың 64%-ын құрайды.

АҚТҚ-ны жұқтырудың жас мөлшеріне қарай арасалмағы (01.01.05ж мәлімет бойынша)

АҚТҚ және ЖҚТБ туралы бірқатар мәліметтер!

Әлемде  Дүние жүзі бойынша 20 млн. адам ЖҚТБ ауруынан көз жұмды.

2004 жылы дүние жүзі бойынша өлгендердің 5%-ын ЖҚТБ туындатқан.

2004 жылы ЖҚТБ-дан 3млн., 2004 жыл 5млн. адам ауру жұқтырған. 

Дүние жүзі бойынша 39млн. адам АҚТҚ-ны жұқтырған.

ЖИТС — көп жағдайда өлімге соқтыратын аса қатерлі вирустық дерт. Қазақстанда осы қауіпті ауруға қарсы күрес жүргізу мақсатымен мамандандырылған жаңа қызмет жүйесі құрылды. Оның құрамына республикалық, облыстық, қалалық ЖИТС-ке қарсы күресу және аурудың алдын алу орталықтары, диагностикалық лабораториялар мен анонимдік кабинеттер кіреді. Осындай қызмет жүйесінің күнделікті жұмысын Республикалық ЖИТС-тен сақтандыру комитеті басқарады. Бұл комитеттің ең басты мақсаты — ЖИТС вирусын жұқтырған адамды табу, оны тексеру және емдеуді жоспарлы түрде ұйымдастыру. Жоғарыда аталған ЖИТС орталықтары ұйымдастырушы, тәсілдеуші және емдеуші мекемелер ретінде жұмыс атқарады. Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар.

Олардың жұмыс бағыттары мынадай:

1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жұққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;

2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасында 5 жылдың ішінде (1987—1991) 4 млн 870 мың адам арнайы тексеруден өтті. Екіқабат әйелдерді тексеру және өз атын жарияламай тексерілу жұмыстары кең түрде жүргізілуде. Әрбір облыс орталығыңда осындай тексеру жүргізетін арнайы кабинет жабдықталған және одан 6ұл індет туралы жан-жақты ақыл-кеңес алуға болады.

«ЖИТС (СПИД) ауруының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының заңында (1994) ЖИТС ауруымен күресу күрделі, кешенді мәселе деп танылған. Оны шешуге Денсаулық министрлігімен қатар басқа да министрліктер (Қаржы, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі, Сыртқы істер т. б.) қатысады, олардың жұмысын ҚР Министрлер Кабинеті жанынан құрылған Үйлестіру кеңесі басқарады.

Қазақстан Республикасында тұратын не ұзақ мерзімге жұмыс атқаруға келген әрбір шет ел азаматы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығын сақтау туралы» заңына сәйкес ЖИТС вирусының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін медициналық куәлендіруден (тексерістен) өтуі тиіс.

ЖИТС-пен ауырған не вирусын тасымалдаушы шет ел азаматтары Республика аумағынан шығарылып жіберіледі, ал еліміздің азаматтары емделуге, кешендік тексерістерден өтуге міндетті. Оларды қызметтен, жұмыстан, бизнестен, заңға қайшы келмейтін іс-әрекеттің қай түрінен болмасын шеттетуге болмайды. Тек медицина, фармацевтика, тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлері (мысалы, шаштаразшы т. б.) жұмысын ауыстыруы қажет. Олар үшін ЖИТС-пен ауыру, вирус тасымалдаушы болу — кәсіби ауру болып табылады, сондықтан біраз жеңілдіктер жасау жайы қарастырылған. Мәселен, бір мерзімдік ақша төлеу тәрізді. Оның үстіне ЖИТС-пен сырқаттанушылармен, вирус тасымалдаушылармен тікелей жұмыс істейтін медицина және ғылыми қызметкерлер жұмыстының зияндылығы үшін қосымша, ақылы 24 күндік демалыс және негізгі жалақысының 60%-на дейін үстем ақы алуға құқылы.

ЖИТС вирусын тасымалдаушылар қан (басқа да органдар мен тканьдер) беретін донор бола алмайды. Әдейі және біле тұра басқа азаматтарға ЖИТС вирусын жұқтырушы, клиникалық, лабораториялық тексерілуден қашқақтаушы, өз жұмысын салақ атқару нәтижесінде ЖИТС вирусымен сау адамдардың зарарлануына себепкер болушы, нақты кісінің ЖИТС-пен ауыратындығын не оның вирусын тасымалдаушы екендігін рұқсатсыз жариялаушы азаматтар мен мамандар заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Аурудың алдын алу шараларымен өмірді сақтап қалу, науқастарға және өлім аузында жатқан адамдарға жанашырлықпен көмек көрсету және жергілікті қоғамды дамыту үнемі қатар жүреді. Жұрт науқастарға күтім көрсетуде өз үлесін қосатындарға көбіне ең көп сенім артып, олардың ықпалы зор болады. Адамдар осылай аурудың ауыр азабын көріп, өз мінез-құлқын өзгертіп, өлім аузындағы науқастарға және олардың соңынан қалған жетімдерге қол ұшын беруге ниеттенеді. Алайда тамаққа тарығып, бір күндік нан үшін тәнін сатып, тәуекелге бел бууға бейімделген әйел заттың мінез-құлқының өзгеруі қиынға соғады. Жоқшылық, сауатсыздық пен ЖҚТБ бір-бірімен тығыз байланыста болады. Әдетте адамдар неғұрлым кедей болса, ауру соғұрлым тез тарайды.

Сіздің қауымыңыз не ұйымыңыздың жетекшілері ЖҚТБ мәселесімен бетпе-бет келуге дайын ба? Кез келген өсіп келе жатқан қауымнан бұрынғы өмір сүру салтының салдарынан АҚТҚ-ны жұқтырған кейбір адамдардың табылуы мүмкін.

ЖҚТБ-ға шалдыққандар айналасындағы адамдардың оны қабылдайтын-қабылдамайтындығы жайлы өте сезімтал болып келеді. Қатерлі ісік (рак) ауруымен ауыратындар секілді ЖҚТБ-мен ауыратындар да лезде ашу-ызадан ауруын мойындамауға, қайғыруға, торығуға, үміттенуге, болашаққа деген сенімге, күдікке, моюға, қарсыласуға, түңілуге, белсенді емделуге немесе тіпті өлуді қалауға да ауытқиды.

Адамның қазіргі өз жағдайы жайлы көзқарасына ерекше ықыласпен қараңыз. Оған болашақтың бұлыңғырлығына мойымауды, сіздің оған деген қамқорлығыңыз бен достығыңыздың мызғымайтынын және Құдайдың сенімі мен сүйіспеншілігі еш күмәнсіз екендігін түсіндіруіңіз аса маңызды. Ауру адамның өткен өмірінен қалған жан жарасы мен өзінің еш нәрсеге жарамсызбын деген сезімдері болуы мүмкін. Абайсыз басқаларға ауру жұқтырдым-ау, немесе басқалар дүние салса да өзім әлі күнге дейін тірі жүрмін деп өзін кінәлі сезіне алады. Бұрынғы өмір сүру салтынан айыпты сезінуі де мүмкін. Оңашаланып бөлектену мен жалғыздық сезімдері өте күшті бола алады. Өлім аузында жатудан қорқу кей жағдайда өлімнің өзінен қорқудан да күштірек болады екен.

Науқас адам сөзбен жұбатуға немесе оны мұқият тыңдауға дайын болудан гөрі жай ғана көмекке көбірек мұқтаж. Адамды жуындырып, киімін ауыстырып, не оған тамақ әзірлеп беру — алты сағат бойы ыңғайлы креслода отыруға қарағанда, сіздің оның өзіне және балаларына деген қамқорлығыңыздың сенімдірек дәлелі. Көпшілік ЖҚТБ-мен ауыратын науқасқа ақыл-кеңес беруге құмар, бірақ оған іс жүзінде қолғабыс беруге кім дайын?

Адамдар осы дүниемен қош айтысқаннан кейін, соңында еңіреп балалары қалады. Он миллион бала жетім қалған. Оларға кім қамқорлық жасайды? Кім келесі ұрпақтың өмірін сақтап қалуы үшін   жас ата-аналарға ЖҚТБ-ның қаупі туралы күнделікті ескерту жасайды? Осының барлығы туралы біздің кітабымыз ашық мәлімет береді.

Информация о работе ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары