ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 19:48, реферат

Краткое описание

ЖИТС – бұл иммунитет жетіспеушілігінен (тапшылығынан) пайда болатын синдром. ЖИТС індетін тудыратын вирусты 1983 жылы француз ғалымы Люк Монтанье тапты. Осы елеулі еңбегі үшін ол 2008 жылы медицина саласына арналған Нобель сыйлығына ие болды.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары
б) ЖИТС-тен сақтану жолдары
в) ЖИТС-тің қоғамда таралуы
г) Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру
ІІІ.Қорытынды бөлім

Содержимое работы - 1 файл

реферат спид.doc

— 107.50 Кб (Скачать файл)


Жоспары:

 

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

а) ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

б) ЖИТС-тен сақтану жолдары

в) ЖИТС-тің қоғамда таралуы

г) Қазақстанда ЖИТС-пен күресу жұмыстарын ұйымдастыру

ІІІ.Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖИТС – бұл иммунитет жетіспеушілігінен (тапшылығынан) пайда болатын синдром. ЖИТС індетін тудыратын вирусты 1983 жылы француз ғалымы Люк Монтанье тапты. Осы елеулі еңбегі үшін ол 2008 жылы медицина саласына арналған Нобель сыйлығына ие болды. Ал 1984 жылы американдық ғалым Роберт Галло вирустың барлық қасиеттерін жан-жақты тексеріп, көпшілікке жария етті. ЖИТС індетінің қоздырғышы – ВИЧ / АҚТҚВ адамның иммунды тапшылық вирусы – адам ағзасына еніп, адамның ауруға қарсы күресу қабілетін қамтамасыз ететін Т- лимфоциттерді зақымдайды. Мұндай жағдайда адам ағзасы вирусқа қарсы тұра алмайды. Вирус жоғары температураға ( 560 –қа дейін қыздырса, қайнатқанда тез өледі ), 70%-ды спиртке, 3%-ды хлороминге төзімсіз. Вирустың ақуызды қабаты болады, сондықтан құрғап, қатып қалған қанның немесе сілекейдің тамшысында бірнеше күндер көлемінде сақталынады, ал қолайлы жағдайда бірнеше апталар бойы сақталуы мүмкін. Сондай-ақ соңғы кездері бұл вирустың қатерлі ісік ауруын туғызуға қабілетті екендігі де анықталды.

ЖИТС індетінің алғашқы белгілері аурудың қоздырғышы адам ағзасына енгеннен соң 5-10 жылдан кейін бір-ақ байқалады. Бұл жылдар ішінде ол адамның ауруы бірнеше ондаған, жүздеген адамға жұғуы ықтимал. АИТВ/ ЖИТС кеселін ауру адаммен жыныстық қатынас жасаған кезде, тазаланбаған инемен егу кезінде, науқас адамға қан құйған сәтте жұқтыру мүмкіндіктері басым болады.

ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада және Гаитиде  тіркелген. Әсіресе, қалалы жерлерде тұратын адамдардың арасынан ЖИТС-ке шалдығушылар көптеп кездеседі. ЖИТС-тің негізгі жұғу тәсілдеріне орынсыз (ұқыпсыз) жыныстық қатынасты, нақорлардың арасында шприцке қатысты жеке бас гигиегасының сақталмауын, жезөкшелікке салыну мен гомосексуалистік әрекеттерді жатқызуға болады.

АИТВ - адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, ХХ ғасырдың 80-жылдарының басынан бастап танымал. АИТВ ағзаға түскен кезде біздің аурудан және жұқпадан қорғайтын иммундық жүйені бұзады.

Уақыт өте келе АИТВ-мен жұқпаланған адам жиі ауыратын болады. ЖИТС диагнозы (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі) жұқпаланғаннан кейін әдетте бірнеше жыл өткесін қойылады.

ЖИТС-ның этиологиясының нәтижесінде адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1983 жылы ашылды. ЖИТС туралы ең алғашқы ғылыми ресми баяндама ретінде, гомосексуалист-ер адамдарда кездескен белгілі емес пневмоцистік пневмония және саркома Капоши туралы 1981 жылы шыққан екі мақала болып табылады. 1982 жылдың шілде айында алғаш рет жаңа ауыруға ЖИТС термині қолданды. Осы жылдың қыркүйек айында гомосексуалистер мен нашақорлар, А гемофилиясымен ауыратын адамдарда бірнеше қатар оппортунистік жұқпалар диагностикасы негізінде ЖИТС ресми түрде ауыру деген мағынада қолданады. 1981 жылдан 1984 жылға дейін ЖИТС-ның таралыуының дамуы жыныстық қатынас арқылы және нашақорлықтың қауыпты екендігі туралы бірнеше жұмыс шықты. Оған қатар ЖИТС-ның індеттік табиғаты бар екендігінің гипотезасы бойынша жұмыс жүргізілді.

Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышын 1983 жылы бір-бірінен бөлек екі лаборатория анықтады:

-Люк Монтанье басшылығының қол астында Францияда Пастер Институтында

- Роберт Галло басшылығының қол астында АҚШ ұлттық рак институтынд

1983 жылдың 20 мамыр айында Science журналы зертеулер нәтижесінде науқастардың ағзасында жаңа ретровирус кездескені туралы жазады. Бұл мақалаларда жаңа ашылған қоздырғыш HTLV топ қоздырғыштарына жататындығы мәлімдігін жазады. Зерттеушілер жаңа табылған қоздырғыш ЖИТС –ны тудыру мүмкіндігін ұсынды. 1984 жылды мамыр айының 4- күні зертеушілердің хабарлауы бойынша, ЖИТС-мен ауыратын 72 адамның 26-ның лимфоциттерінен, пре-ЖИТС жағдайымен ауыратындар арасында 21 ден 18 науқастарда сол кезде HTLV-III атты қоздырғыш анықталған. Зертеушілер 115 дені сау бақылау топтағы гетеросексуалдардың арасынан қоздырғышты таппады. Оның себебі Т4лимфоциттардың санының аздығына байланысты, деді олар. Қоздырғыштың алғашқы атауы АИТВ атауына өзгертілді.

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.

Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр.

Инфекция көзі. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін.

Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

— жыныстық қатынас;

— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);

—анасынан нәрестеге жүғу арқылы.

Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомо-сексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады. АҚШ-та ЖИТС-пен науқастанғандардың 70%-ына ауру осындай жолмен жұққан. Жұқтыру каупі активті және пассивті гомосексуалистерде бірдей дәрежеде болады. Қатерлі топқа жезөкшелер де жатады. Партнерлердің жиі ауысуы да ЖИТС жұқтыру мүмкіндігін күшейтеді. ЖИТС-пен науқастанушылық бел алған елдерден келген азаматтармен жыныстық қатынаста болу әсіресе қауіпті. Жыныстық инфекциясы бар немесе бұрын ауырғандармен кездесу, етеккір кезінде жыныстық қатынаста болу, садистік әдеті бар партнермен жақындасу ЖИТС жұқтыру каупін күшейте түседі.

ЖИТС-тің вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өңдеуден өткізбейді. Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады.

Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖИТС-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. ЖИТС жұғу мүмкіндігі бар қатерлі топқа гемофилиямен ауырғандар да жатады. Өйткені қан ұюы өте нашар болғандықтан, қан кетуін тоқтату үшін оларға жиі-жиі қан құйып отырады. АҚШ-та, Еуропада гемофилиямен ауырғандардың 40—63%-на АИВ қан құю арқылы жұққаны анықталған. Бірақ 1985 жылдан бері жоғары дамыған елдерде, 1987 жылдан бастап ТМД елдерінде донор қанына қатаң бақылау жүргізіле бастады. Мұндай тәртіп ЖИТС, В гепатит және басқа жұқпалы аурулардынң таралуына жол бермейді. Соған қарамастан Қазақстанда АИВ-тың 20%-ы емдеу-профилактикалық мекемелерде жұқтырылғаны тіркелген (ДДҰ мәліметі бойынша мұндай көрсеткіш 0,5%-ға тең). Экономикасы нашар дамыған елдерде ЖИТС-тің қан арқылы жұғу қаупі әлі де сақталып отыр.

ЖИТС вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жүққан әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.

ЖИТС-ке байланысты мәселелер баспасөз беттерінде тұрақты түрде көтеріліп отырғанына қарамастан, 6ұл проблемаға зор көңіл бөлу қажет.

АИВ инфекциясымен күресуде ДДҰ «Әдепсіздік нәтижесіңде өзіңді өлімге апарма!» деген ұранға сүйенеді.

Егерде сілекейден, көз жасы сұйығынан вирус табылса, оның жұғу мүмкіндігі қандай деген сауалға келсек, мұндай жолмен жұғу бүгінгі күнге дейін еш жерде кездескен емес.

Вирус қанмен жұғатын болғандықтан емделу қауіпті емес пе? Бұл сұраққа да теріс жауап беруге болады. Өйткені осы уақытқа дейін мұндай жолмен ЖИТС жұғу оқиғасы болған емес.

АИВ-тің шаңмен, ауалы-тамшылы, фекальды-оральды (ауыз қуысы арқылы) жолмен жұқпайтыны толық анықталған. Яғни адамдар сүйіскенде, сөйлескенде, түшкіргенде, жөтелгенде, қол алысқанда, ортақ дәретхананы, ваннаны, душты, бассейнді пайдаланғанда, сондай-ақ тағамдар мен ыдыстар арқылы ЖИТС вирусы жұқпайды. Сырт киімдерді алмастырып кигенде, тіпті бір төсекте жатып ұйықтаған кезде де ЖИТС вирусының жұғу қаупі жоқ.

Қан сорғыш және басқа жәндіктер (маса, бит, кене, бүрге, шыбын, тарақан, қандала т. б.) арқылы жұғу жолдары да анықталмаған.

Мысық, кой, жылқы, маймылдарда қоздырғышы АИВ-ке ұқсас иммундық тапшылық болатынына қарамастан, үй және жабайы жануарлардан ЖИТС жұғу жайлары кездеспеген.

ЖИТС жұғудан қалай сақтанады?

Әртүрлі инфекциялардан сақтанудың ең тиімді тәсілі — вакцина егу. Алайда вакцина дайындау бағытында тыңғылықты зерттеулер жүргізіліп жатса да, ондай профилактикалық препарат алу әзірше қолдан келмей отыр.

ЖИТС-пен науқастанудан сақтанудың маңызды шаралары мыналар:

— әлеуметтік, халықаралық, мемлекеттік шаралар;

— жеке басты қорғауға бағытталған шаралар.

Профилактиканың басты міндеті — ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б.

Тұрғындар арасында ЖИТС жөнінде санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізудің ерекше маңызы бар. Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс.

Англияда осы бағытта жүргізілетін жұмыстарға мемлекет жылына 20 млн фунт стерлинг қаржы жұмсайды.

Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес.

Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:

— салауатты, әдепті өмір сүру;

— кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтің (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөкшелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);

— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;

— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;

— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);

— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);

— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;

— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.

Кез-келген азамат АИВ-инфекциясының жұққан-жұқпағандығын анықтау үшін Алматыда, Астанада, еліміздің басқа да ірі қалалары мен облыс орталықтарында ашылған лабораторияларға барып тексерілуіне болады.

Соңғы бірнеше жыл ішінде ЖҚТБ-мен ауыратындар саны бұрынғы ТМД елдерінде, соның ішінде Ресейде, бұған дейін болып көрмеген жылдамдықпен көбею үстінде. 1988 жылы наурыз айында дәрігерлердің айтуынша жылы Иркутск  облысы бойынша 20-ға жуық АҚТҚ-ны жұқтырғандардың ресми тіркелген. Іштей бұл тым аз көрсеткіш, сондықтан қатты мазалануға негіз жоқ. Бір жылдан кейін 1999 жылдың наурыз айында қалалық ауруханалардың біріне бас сүйегі – ми жарақатымен бір жас жігіт түсіп, тексеріс барысында одан АҚТҚ   табылды. Шамамен сол кезде басқа ауруханадан осыған ұқсас жағдайда АҚТҚ-ны жұқтырған басқа бір ауру тіркелді. Ол да басына зақым алған жігіт оқитын училищеден болып шықты. Дәрігерлер нашақорларды анықтау үшін дереу сол оқу орнына аттанып, оқушыларды АҚТҚ-ға тексерістен өткізді. Суық хабар Иркутскіге лезде жайылды: тексеріс қорытындысы училищеде оқитын студенттердің көпшілігінде АҚТҚ-ға оң нәтиже берді! Бұл жігіттер есірткіні қан тамырына еккен, АҚТҚ-ны ортақ шприц пен инеден бір-біріне жұқтырған. Дәрігерлер нашақорларды жүйелі түрде тексере бастады, сонда жаңадан тіркелген вирус жұқтырғандар саны геометриялық прогрессиямен көбейе бастады. Осылайша жыл соңына дейін Иркутск қаласынан 2600-ден астам, облыс көлемінде 1200-ге жуық вирус жұқтырғандар анықталды. Қазір Иркутск облысында 17 000-нан астам АҚТҚ  жұқтырғандар бар. Осыған ұқсас жағдайлар Ресейдің басқа қалаларынан да байқалады, бүкіл ел көлемінде ЖҚТБ эпидемиясы басталды. Ресейдегі АҚТҚ жұктырғандар санының өсу темпі Африканың вируспен ең көп залалданған облыстарындағы тарау жылдамдығын басып озды.

Информация о работе ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары